- •Мазмұны
- •І Мәліметтер базасына теориялық негіздеу
- •1.1 Мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік
- •1.2Мәліметтер базасын жіктеу
- •1.3Мәліметтер базасы обьектілері.
- •Іі Мәліметтер базасын құру алгоритмі
- •2.1Мәліметтер базасын құру туралы жалпы түсінік
- •2.2 Кестелерді байланыстыру
- •2.3 Пішіндерді дайындау
- •2.4. Сұрауларды ұйымдастыру
- •2.5 Есеп беру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................................................................3
І Мәліметтер базасы жүйесіне теориялық негіздеу
Мәліметтер базасы туралы жалпы түсінік...........................................................................4
Мәліметтер базасын жіктеу...................................................................................................5
Мәліметтер базасы объектілері........................ ....................................................................6
ІІ Мәліметтер базасын құру алгоритмі
Мәліметтер базасын құру туралы жалпы түсінік ..............................................................13
2.2Кестелерді байланыстыру.............................................................................................15
2.3Пішіндерді дайындау.....................................................................................................18
2.4Сұрауларды ұйымдастыру................................................................................................20
2.5 Есеп беру.......................................................................................................................21
Қорытынды...................................................................................................................................22
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................................................23
Кіріспе
Мен, Бекмұратов Бауыржан «Автоматтандырылған ақпараттық жүйе» пәнінен курстық жұмыс дайындадым. Курстық жұмыстың тақырыбы «Кәсіпорынға арналған қойма есебінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі». Осы тақырып бойынша MS Access 2013 бағдарламасында жалпы мәліметтер қорын құрдым.
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы – автоматтандыру, яғни мәліметтер базасын құру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
ХХ ғасырдың соңғы үш он жылдығы білім көлемінің және қоғамда айналымдағы ақпарат ағындарының қуаты мен динамикасы соншалықты, оларды адам баласы қазіргі информатика құралдары мен жаңа жоғары тиімді ақпараттық технологияларды пайдаланған жағдайда ғана меңгере алады.
Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлі, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу мен медициналық диагноз қою т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен алуды электронды-есептеуіш мәшинелерсіз (ЭЕМ-сіз) ұйымдастыру мүмкін емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін ЭЕМ-ді тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында ЭЕМ-мен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін де қажет.
Мәліметтер базасы деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады. Мәліметтер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. Мәліметтер базасы ақпараттарды сақтауды және мәліметтерге ыңғайлы тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды.
Курстық жұмысымның тақырыбы – «Кәсіпорын қоймасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес «Кітаптар әлемі» кітапханасындағы оқулықтар туралы толық, нақты мәліметтер жинастыру. Сонымен қатар мәліметтер қорын пайдаланып, MS Ассess ортасында жұмыс жасай білу.
Жалпы, МББЖ-жаңа құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені,оны құрамын толықтыру,құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік.
База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнелейтін мәліметтерді іріктеу,оларды реттеу,сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
