Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5-тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
520.19 Кб
Скачать

5.14. Сурет. Фазалық басқару схемасы және векторлық диаграмма

sinβ = l болғанда ротордың айналу жиілігіне тәуелсіз айналатын өріс дөңгелек пішінді болады, ал sinβ = 0 болғанда лүпілдеуші өріс аламыз.

Амплитудалы-фазалық басқаруда (сурет. 5.14, а) БО басқару орамасын кернеу реттегіш арқылы желіге қосады, ол кернеу фазасымен бірдей болып келеді. Токтың фазада ығысуын және ҚО қоздыру орамасының БО басқару орамасына қатынастылығын конденсатор С арқылы жүзеге асады, яғни қоздыру орамасын бірізділікпен қосады.

КТ – кернеу түрлендіргіш, -ды амплитуда бойынша, сонымен бірге фаза бойынша өзгеруін қамтамасыз етеді.

Асинхронды орындаушы қозғалтқыштардың әртүрлі басқарудағы (амплитудалық, фазалық, амплитудалы-фазалық) механикалық қасиеттері өзара жақын болады. Тек түрлерінде ғана және реттеуші қасиеттерінің кішкене өзгешеліктері бар ( I, 2 және 3 қисықтар сурет 5.10,б).

5.15. Сурет. Амплитудалы-фазалық басқару және векторлық диаграмма

5.6. Үшфазалы асинхронды қозғалтқыштарды бір фазалы желіге қосу

Іс жүзінде бірфазалы жүйеде жұмыс істеу үшін үшфазалық асинхронды қозғалтықштар қолданылады. Бұл жағдайда магниттік айналу өрісін тудыру үшін үш фазаның да орамалары пайдаланылады және белсенді кедергі, L индуктивтілік, С сыйымдылық арқылы симетриялық емес үшфазалы ток жүйесі құралады. 5.15 суретте сыйымдылықты пайдалана отырып үшфазалы асинхронды қозғалтқыштарды бір фазалы желіге қосу схемалары көрсетілген.

Жұмысшы және іске қосу сыйымдылықтары бар конденсаторлы қозғалтқыштарды ауыр іске қосылатын жетектерде қолданылады.

Бірфазалы қозғалтқыштарда конденсатордың болуы КПД және қуат коэфициентін жақсартады, олардың шамалары 0,8–0,95 және 0,5–0,7-ге дейін жетеді.

5.15 суретте а) статордың А және С орамалары бірізділікпен жалғанып негізгі ораманы құрайды, ал үшіншісі – Б іскеқосушы (көмекші) қызметін атқарады дәне қозғалтқышты іске қосқанда Сп конденсаторымен бірге өшіріледі (ажыратылады). Бірфазалық режимде қозғалтқыш қуаты үшфазалы режимдегі номиналды қуаттаың 60 % -ын құрайды.

Егер қозғалтқышты іске қосқанда Сп конденсатор сыйымдылықты ажыратып, шынжырдағы Б орамасының тек бір Ср конденсаторды қосулы қалдырсақ, онда үшфазалы режимдегі номиналды қуаты 75-80% -ға тең болатын қозғалтқыш конденсаторлы болып жұмыс істейді.

5.15 суретте в) және г) үшфазалы қозғалтқыштың бірфазалы желі арқылы қоректенуінің басқа да схемалары келтірілген.

5.16. Сурет. Үшфазалық асинхронды қозғалтқыштарды бірфазалы желіге қосу схемасы

5.7. Бақылау сұрақтары

  1. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштардағы айналу моменті мен айналу жиілігінің арасындағы қандай байланыстылық бар?

  2. Не үшін іскеқосу кедергісін қосылады?

  3. Қандай қасиетті механикалық деп атаймыз?

  4. Қандай қасиетті іскеқосу қасиеті деп атаймыз ?

  5. Бірфазалы қозғалтқыштарды орамаларды не үшін пайдаланылады?

  6. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштарды басқарудың қандай тәсілдерін білесіз?

  7. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштардың механикалық қасиеттері ротордың белсенді кедергі мәніне байланысты болады?

  8. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштың басқарылатын орындаушы асинхронды қозғалтқыштан айырмашылығы неде?

  9. Орындаушы асинхронды қозғалтқыштарды фазалық басқаруда нені өзгерту қажет?

  10. Орындаушы асинхронды қозғалтқыштарды амплитудалық басқаруда нені өзгерту қажет?

  11. Орындаушы асинхронды қозғалтқыштарды амплитудалы-фазалық басқаруда нені өзгерту қажет?

137

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]