
- •5. Аз қуатты асинхронды қозғалтқыштар
- •5.1. Жалпы мағлұматтар
- •5.2. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштар
- •Сурет 5.1. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштың схемасы
- •5.3. Сурет. Іске қосқыш орамасы бар бір фазалы асинхронды қозғалқыш сұлбасы
- •5.4. Сурет. Конденсаторды қозғалтқышты қосу сұлбасы
- •5.3. Асинхронды орындаушы қозғалтқыштар
- •5.5. Сурет. Асинхронды орындаушы қозғалтқыштардың қосылу схемасы
- •5.6. Сурет. Синхронды қозғалтқыштардың әртүрлі мәндегі белсенді кедергілі роторының механикалық сипаттамалары
- •5.7. Сурет. Магниттік емес роторлы қозғалтқыштың сұлбасы
- •5.4. Асинхронды орындаушы қозғалтқыштардың айналу моменті және ауыстыру схемасы
- •5.8.Сурет. Екіфазалы асинхронды орындаушы қозғалтқыштар
- •5.9.Сурет. Тура кернеу бірізділігіне сәйкес келетін ауыстыру схемасы
- •5.10.Сурет. Кері кернеу бірізділігіне сәйкес келетін ауыстыру схемасы
- •5.5. Асинхронды орындаушы қозкалтқыштардың сипаттамалары және оларды басқару
- •5.11. Сурет. Асинхронды орындаушы қозғалтқыштардың реттеуші және механикалық сипаттамалары
- •5.12. Сурет. Асинхронды қозғалтқыштардың айналу моментінің сырғанауға қатынасы
- •5.14. Сурет. Фазалық басқару схемасы және векторлық диаграмма
- •5.6. Үшфазалы асинхронды қозғалтқыштарды бір фазалы желіге қосу
- •5.16. Сурет. Үшфазалық асинхронды қозғалтқыштарды бірфазалы желіге қосу схемасы
- •5.7. Бақылау сұрақтары
А
втоматика
элементтері мен құрылғылары
5. Аз қуатты асинхронды қозғалтқыштар
5.1. Жалпы мағлұматтар
Аз қуатты асинхронды қозғалтқыштар (15-600Вт) автоматты құрылғыларда, электрлі тұрмыстық аспаптарда, желдеткіштер жетектері үшін, сорғыларда және басқа да айналу жиілігін қажет етпейтін жабдықтарда пайдаланылады. Электрлі тұрмыстық құралдарда бір фазалық микроқозғалтқыштар қолданылады, себебі олар бірфазалық айнымалы токпен қоректенеді. Кейбір жағдайларда үшфазалы микроқозғалтқыштар қолданылады. Құрылысына қарай үшфазалы аз қуатты асинхронды қозғалтқыштардың автоматты құрылғыларда қолданылатын жалпы қолданыстағы үшфазалы асинхронды қозғалтқыштардан айырмашылығы жоқ және қысқатұйықталған роторлы болып орындалады.
Олардың үлкен және орташа қуатты асинхронды қозғалтқыштардан салыстырмалы ерекшелігі оларда ротор орамдарының кедергісі жоғары және номинальды режимде жоғары сырғанаумен жұмыс істейді.
Бірфазалы қозғалтқыштар үш фазалы қозғалтқыштардан айырмашылығы статорда бір фазалы орам орнатылғандығы, ол ойықтың (паз) 2/3 бөлігін алады. Аз қуатты асинхронды қозғалтқыштар бір фазалы болып орындалады. Бұл қозғалтқыштардың статорында бір ғана орама болған жағдайда іске қосу моменті болмайды, сол себептен мұндай қозғалтқыштар статорларында қосымша көмекші орамалар немесе іскеқосу арнайы орамдары қолданылады.
Статордағы көмекші орамалары (обмотка) бар бірфазалы асинхронды қозғалтқышдер келесі түрлерге бөлінеді:
Бірфазалы конденсаторлы – көмекші орауыш шынжырына тұрақты бектілген конденсаторлы;
Бірфазалы іскеқосқыш конденсаторлы – іскеқосу уақыты кезінде конденсаторды уақытша көмекші орамаға бекіту;
Бірфазалы реостатты іске қосқыш – іске қосу уақытында көмекші орамаға қосымша активті кедергіні қосу;
Бірфазалы ыдыратушы немесе экрандалған өрісті, орталықтандырылған орамалы анықталған өрісті статормен және өріс бөліктеріндегі қысқатұйықты іскеқосу виткалармен орындалады.
Статордағы көмекші орамасы бар бірфазалы қозғалтқыштарда негізгі және қосымша орамалары статордың ойықтарында бекітілген және статордың өрістік бөлігінің жарты бөлігіне бірыңғай айналдыра немесе 90 электрлік градусқа жылжытылған. Мұндай қозғалтқыштардың роторлары қысқатұйықты немесе полыми түрде (алюминий ерітінділі стакан түрде) орындалады.
Энергетикалық көрсеткіштер шешуші роль атқармайтын аз қуатты жетектерде екіфазалы қозғалтқыштар қолданылады. Бұл екі фазалы қозғалтқыштарда бір орама (қоздыру орамасы) ауыспалы токтың бірфазалы желісіне жалғанады, ал екінші (басқарушы) орамаға басқарылатын кернеу жіберіледі. Бұндай орама тогы калып қалған қоздырушы орама тогынан немесе асып кеткен ток кері қимылдауды (реверсирвование) және қозғалтқыштың айналу жылдамдығын басқаратын ағынды тудырады
Мұндай азқуатты асинхронды қозғалтқыштарды орындаушы деп аталады. Орындаушы қозғалтқыштарды автоматты басқару және бақылау қондырғыларында, есеп-қисап құрылғыларында, бақылаушы жүйелерде және басқа да өндірістік құрылғаларда пайдаланылады.
5.2. Бірфазалы асинхронды қозғалтқыштар
Бірфазалы қозғалтқыштардың жұмыс істеу принципі келесідей. Егер статордың бірфазалы орамасына переменное кернеу жіберсек, (сурет. 5.1), онда бұл орама бойымен переменный ток жүріп өтеді, ол лүпілдеуіш магниттік өрісті тудырады. Бұл лүпілдеуіш магниттік өрісті екі бірдей дөңгелек өріске бөлуге болады, олар n1 синхронды жиілікте қарама-қарсы жақтарда айналады.
ВК