Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәріс 2а.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
526.81 Кб
Скачать

3.2.2. Цилиндрлік тісті берілістердің геометриясы және кинематикасы

Тісті берілістердің геометриясы мен кинематикасына қатысты барлық терминдер және анықтамалар стандартталған.

Негізгі параметрлері.

Тісті жұптың кіші доңғалағы – шестерня, ал үлкені – доңғалақ деп аталады. Шестерня параметрлеріне 1 индексін, ал доңғалақ параметрлеріне 2 индексін қосып жазады. Одан басқа түрлі жазықтықтар мен шеңберлерге қатысты қосымша әріпті индекстер қойылады: w – бастапқы жазықтығына немесе шеңберіне тиісті; b – негізгі жазықтығына немесе шеңберіне тиісті; a – тіс төбесі жазықтығына немесе шеңберіне тиісті; f – тіс ойығы жазықтығына немесе шеңберіне тиісті. Бөлу жазықтығына немесе шеңберіне қатысты параметрлерге қосымша индекстер қойылмайды.

11-суретте сыртқы іліністегі тісті берілістердің негізгі геометриялық өлшемдері келтірілген. Төменде солардың анықтамалары және шарты белгілері келтірілген.

z1 және z2 – шестерня мен доңғалақтың тістер саны.

Шеңберлік қадамp = pt – тісті доңғалақтың бөлу шеңбері бойынша көрші екі тістің аттас қабырғаларының иіні (доға) арасындағы қашықтық (бастапқы тісті рейканың қадамына тең).

Өсаралық арақашықтықaw өсаралық түзу бойынша тісті доңғалақтар өстері арасындағы арақашықтық.

Профильдік ілінісу бұрышыα – рейка профилінің бұрышы. Бұл бұрыш аспаптық рейканың ілініс бұрышына тең және МЕСТ 13755-81 бойынша α =200.

Ілінісу бұрышыαwN1N2 ілінісу сызығы мен ілінісу полюсінен өтетін өсаралық сызығына перпендикуляр түзу арасындағы бұрыш. Түзетіл-меген тісті доңғалақтар үшін αw = α = 20.

Шеңберлік тістер модуліm – бөлу шеңберінің p шеңберлік қадамының π санына қатынасыm = p/π (тіс өлшемдерінің негізгі сипаттамасы немесе параметрі). Модульдің стандартталған (МЕСТ 9563-80) мәндері 3- кестеде келтірілген.

3-кесте

Тісті дөңгелек тістері модульдерінің

стандарт мәндері (МЕСТ9563-80)

Қатар

Модульдер , мм

1

1; 1,25; 1,5; 2; 2,5; 3; 4; 5; 6; 8; 10; 12; 16; 20; 25; 32; 40; 50; 60; 80;100

2

1,125; 1,375; 1,75; 2,25; 2,75; 3,5; 4,5; 5,5; 7; 9; 11; 14; 18; 22; 28; 36; 45; 55; 70; 90

Бөлгіш шеңбер диаметріd – бұл шеңбер бойымен тісті кесу кезінде аспаптың домалайтын шеңбердің диаметрі. Бөлгіш шеңбер цилиндрлік тісті доңғалақтардың тістерінің өлшемдерін анықтау үшін базалы болады. d = mz.

Шестерня мен доңғалақтың бастапқы шеңберлер диаметрлері dw1 және dw2 айналу үдерісінде тісті доңғалақтар жұптары домалайтын шеңбер диаметрі. Нөлдік (түзетілмеген, нормаль) тісті доңғалақтарда бастапқы шеңбер диаметрі бөлгіш шеңбер диаметріне тең болады (d = dw).

Негізгі шеңбер диаметріdb– беріліс тісінің эвольвентасы сызылған шеңбер.

Тіс дөңесі шеңберінің диаметріdа– тістер дөңестерінен өтетін шеңбер диаметрі.

Тіс ойығы шеңберінің диаметріdf– тістер ойықтарынан өтетін шеңбер диаметрі.

Ілінісу полюсі P – берілістің тісті доңғалақтарының бастапқы беттерінің жанасатын нүктесі немесе нүктелері.

Ілінісу сызығыN1N2 – тісті берілістің қозғалмайтын буынына қатысты тістің қозғалысында тістердің жалпы түйіспе нүктелері траекториясы.

Ілінісу сызығының актив ұзындығыgαN1N2 ілінісу сызығымен тіс дөңес шеңберлерінің қиылысқан нүктелері B1 және B2 арасындағы арақашықтық.

Тіс биіктігіh – тістің дөңес шеңбер диаметрі мен ойығы шеңбер диаметрі арасындағы арақашықтық. Бөлгіш диаметрі тіс биіктігін екіге бөледі.

Тіс қалпақшасы биіктігіha– тістің дөңес шеңбер диаметрі da мен бөлгіш шеңбер диаметрі d арасында орналасқан тіс бөлігі (ha = m).

Тіс аяғының биіктігіhf– тістің бөлгіш шеңбер диаметрі d мен ойығы шеңбер диаметрі df арасында орналасқан тіс бөлігі (hf = 1.25m).

11-сурет. Сырттай тісті іліністің геометриясы

МЕСТ 13755-81 бойынша бастапқы контурда мына параметрлер болады:α = 20°– профильдік бұрыш;hi* = 2ha*m – бастапқы контурдың батуы (кіруі) (мұндаha* = 1-тіс қалпақшасы биіктігінің коэффициенті); c – радиал саңылау ((c = c*m, мұндаc* = 0,25– радиал саңылау коэф-фициенті).

Сырттай және іштей іліністі түзутісті және қиғаштісті цилиндрлік тісті берілістің геометриясын есептеуге қажетті формулалар құрама кестеде келтірілген (3.4-кесте). Ескертеміз: түзутісті берілістерге қатысты барлық формулалардаβ = 0 қою қажет, сонымен қатар нормаль модульдің mn орнына m модульді алу керек.

4-кесте

Цилиндрлі тісті берілістің геометриясын есептеуге құрама формулалар

Параметр атауы

Белгіленуі және есептеу формулалары

Бастапқы берілігендер

Тістер саны

шестерня

z1

доңғалақ

z2

Нормаль модуль

mn

Тістің көлбеулік бұрышы

β

Бастапқы контур параметрлері

Профильдік бұрыш

Тіс қалпақшасы биіктігінің коэффициенті

ha*

Радиал саңылау коэффициенті

c*

Аспаптың жылжытукоэффиценті

шестерня

x1

доңғалақ

x2

Тәж ені

шестерня

b1

доңғалақ

b2 = bw

Есептеудегі геометриялық байланыстар

Беріліс қатынасы немесе саны

u = z2 / z1

Бөлгіш өсаралық арақашықтық

Жылжыту коэффициентерінің қосындысы

xΣ = x2 ± x1

Профильдік бұрыш

tanαt =tan α / cos β

Ілінісу бұрышы

invαtw =

Өсаралық арақашықтық

aw =

Бөлгіш диаметр

шестерня

d1 =

доңғалақ

d2 =

Бастапқы диаметр

шестерня

dw1 =

доңғалақ

dw1 =

Қабылданған жылжыту коэффициенті

y =

Теңдеуші жылжыту коэффиценті

δy = x2 ± x1y

Тіс төбесінің диаметрі

шестерня

da1 = d1 + 2mn(ha* + x1 – δy)

доңғалақ

da2 = d2 + 2mn(ha* + x2 – δy)

Тіс ойығы диаметрі

шестерня

df1 = d1 + 2mn(ha* + c*x1)

доңғалақ

df2 = d2 + 2mn(ha* + c*x2)

Тіс биіктігі

шестерня

h1 = 0,5(da1df1)

доңғалақ

h2 = 0,5(da2df2)

Ескерту: оң (+) таңба сыртқы ілінісуде, ал сол (–) таңба ішкі ілінісуде алынады.

4-кесте

Цилиндрлі тісті берілістің геометриясын есептеуге құрама формулалар

Параметр атауы

Белгіленуі және есептеу формулалары

Бастапқы берілігендер

Тістер саны

шестерня

z1

доңғалақ

z2

Нормаль модуль

mn

Тістің көлбеулік бұрышы

β

Бастапқы контур параметрлері

Профильдік бұрыш

Тіс қалпақшасы биіктігінің коэффициенті

ha*

Радиал саңылау коэффициенті

c*

Аспаптың жылжытукоэффиценті

шестерня

x1

доңғалақ

x2

Тәж ені

шестерня

b1

доңғалақ

b2 = bw

Есептеудегі геометриялық байланыстар

Беріліс қатынасы немесе саны

u = z2 / z1

Бөлгіш өсаралық арақашықтық

Жылжыту коэффициентерінің қосындысы

xΣ = x2 ± x1

Профильдік бұрыш

tanαt =tan α / cos β

Ілінісу бұрышы

invαtw =

Өсаралық арақашықтық

aw =

Бөлгіш диаметр

шестерня

d1 =

доңғалақ

d2 =

Бастапқы диаметр

шестерня

dw1 =

доңғалақ

dw1 =

Қабылданған жылжыту коэффициенті

y =

Теңдеуші жылжыту коэффиценті

δy = x2 ± x1y

Тіс төбесінің диаметрі

шестерня

da1 = d1 + 2mn(ha* + x1 – δy)

доңғалақ

da2 = d2 + 2mn(ha* + x2 – δy)

Тіс ойығы диаметрі

шестерня

df1 = d1 + 2mn(ha* + c*x1)

доңғалақ

df2 = d2 + 2mn(ha* + c*x2)

Тіс биіктігі

шестерня

h1 = 0,5(da1df1)

доңғалақ

h2 = 0,5(da2df2)

Ескерту: оң (+) таңба сыртқы ілінісуде, ал сол (–) таңба ішкі ілінісуде алынады.