Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Орта Азия және Қазақстан .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
667 Кб
Скачать
☆

Глоссарий

Аннексия – бір мемлекеттің басқа мемлекеттің иелігіндегі аумағын заңсыз түрде (күшпен) қосып алуы.Әкімшілік-аймақтық бөлу /құрылым/ – мемлекет аймағын белгілі бір бөлшектерге бөлу. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік-аймақтық бөлу туралы» Заңына сәйкес ҚР әкімшілік-аймақтық құрылым жүйесіне мынадай әкімшілік-аймақтық өлшемдер кіреді: аул, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс. Олар арқылы жергілікті мемлекеттік органдар жүйесі құрылады және жұмыс жасайды. Ә.а.б. көбінесе мемлекеттің табиғи, тарихи, ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін көрсетеді.

Геосаясат – халықаралық қатынастар практикасы мен теориясындағы географиялық, геостратегиялық, әлеуметтік-саяси, әскери, демографиялық, экономикалық және басқа да факторлардың өзара байланысы туралы түсінік.

Делимитация – шекараны белгілеу. Келіссөздер жүргізу жолымен мемлекеттер арасындағы шекара сызығының ортақ бағытын анықтау.

Демаркация –мемлекеттік шекараны арнайы шекаралық бағандармен белгілей отырып жүргізу.

Демилитаризация – қарусыздандыру. Белгілі бір аумақтың халықаралық-құқықтық режимі, оны бейбіт кезде әскери мақсаттар үшін қолдануға жол бермейді.

Дипломатия – мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу құралы, әскери емес тәжірибелік іс-шаралардың жиынтығы.

Консенсус – халықаралық ұйымдарда, конференция-ларда және кеңесулерде шешімді тұтас қабылдауға кез келген қатысушы тарапынан формальды қарсылық болмаған жағдайда және дауыс беру тәртібін өткізбей шешім қабылдаудың әдісі, орындалу түрі.

Компромисс – таласқа қатысушы жақтардың бір-бірінің талаптарын қабыл алып, келісімге келуі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы –«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 1-ші бабына сәйкес мемлекеттің шебін айқындайтын сызық /құрлықта, суларда, ауада/.

Мемлекеттік шекара сызығы – халықаралық шекара туралы немесе мемлекеттік заң негізінде жүргізілген географиялық картада және құрлықтағы сызықтар /мыс., ашық теңізбен қиылысатын аймақтық сулар/. М.ш.с. мемлекеттің құрлықтағы, су бетіндегі, ауа кеңістігіндегі және жер қойнауына тарайтын егемендігі. Көршілес мемлекеттер арасында М.ш.с. әдетте арнайы шекара белгілерімен белгіленеді және хаттамасипаттамалардың карталарында тіркеледі. Өзгертулер екі жақтың келісімі арқылы жүргізіледі.

Меморандум –дипломатиялық құжаттың бір түрі. М-ның ерекше белгісі – қандай да болмасын мәселені дәлелге негіздеу немесе занды түрде толық мазмұндау.

Миграция – халықтың немесе белгілі бір топтың бір мемлекет аумағынан басқа бір мемлекет аумағына ауысуы (келуі).

Редемаркация – бұрынғы демаркацияланған шекараны қайта тексеру, белгілерді жаңарту немесе қажет болған жағдайда қосымша бағандар орнату.

Жауабы; Орта Азия

Бақылау сұрақтары