- •1 Геология бөлімі
- •Мыңқұдық уран кен орыны туралы мәліметтер
- •9 Ұңғымаларды жер бетіне орналастыру
- •1 Геология бөлімі
- •Мыңқұдық уран кен орыны туралы мәліметтер
- •1.2 Мыңқұдық уран кен орнының геологиясы
- •2.3 Кен орнының геотехнологиялық сипаттамасы
- •1.4 Мыңқұдық кен орнының урандық кенденуі
- •Уран кен орнын ашу
- •Бұрғылау
- •Мыңқұдық уран кен орнының бұрғылау технологиясы
- •Бұрғылау жұмысы біткен соң цементтеу
- •Геодезия бөлімі
- •Геодезиялық жұмыстар
- •3.1.1. Триянгуляция
- •3.1.2. Полигонометрия.
- •3.1.3. Нивелирлік түсіріс.
- •Маркшейдерлік жұмыстар
- •2.1.1 Кеніштегі маркшейдерлік қызметтің негізгі міндеттері
- •2.1.2 Тахеометриялық түсірудің атқаратын міндеті және қолданылатын аспаптар
Геодезия бөлімі
Геодезиялық жұмыстар
Геодезиялық түсірістердің қай түрі болсын, олар алдын – ала жер бетінде бекітілген және өте жоғары дәлдікпен пландық координаталары (Х, У) және биіктік координатасы (Н) анықталған нүктелерге сүйенеді. Мұндай пунктерді тірек пункттері дейді. Өндірісте маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу үшін жер бетінде және өнеркәсіп алаңының территориясында сәйкес нүктелерді білуіміз керек. Олар триангуляциялық, полигонометриялық, нивелирлік тормен қамтамасыздандырылған. Триангуляция торларын жобалауда мыналарды білу керек:
1) ауданның геодезиялық сараптамасын;
2) пландағы жобаланған тордың сұлбасын құрастыру;
3) триангуляция тор элементтерінің дәл есебін;
4) жұмыстың жалпы көлемін қалпына келтіру.
Полигонометриялық торды жобалауда:
1) жүрістерді жүргізудің нәтижелі нұсқасын;
2) бақылау өнеркәсібін;
3) орталық торды бекітуді;
4) қорытындыларды өңдеуді қамтамасыз ету керек.
Жобаланған жүрістер келесі жағдайларда:
1) жүріс сызықтары жолменен көшенің бойында орналасады;
2) жүрістерді жоғары разрядты нүктелерге байланыстыру керек;
3) полигонометриялық жүрістер тең қабырғалы болу керек.
"Мыңқұдық" кенішінің территориялық аймағында 1-класстық триангуляциясында тор жүргізіледі. Ол кейінгі 1 - 2 класстық триангуляциялық тордың салынуының негізі болады. Кейіннен геодезиялық торларларды біріктіріп пайдалану мақсатында және теңестіру үшін қосымша 2-классты триангуляциялық тор жасалынады. 2-классты тор 1 - классты нүктелерге тіректелінген үшбұрыштың тегіс торы болып саналады. Тірек торын нивелирлеу 1 класс бойынша туындалған, ал полигонометрия нивелирлендіру нүктесі бойынша 2-класс болады
3.1.1. Триянгуляция
4 класс триануляциясын дамыту үшін 3 класс триангуляциясы пункті, қорытынды пункт болып табылады,
1 пункт – А пункті, 2 пункт – В пункті
4 класс триангулциямының жобаланған пунктері: 1 – ші разрядті триангуляциясы үшін қорытынды мәлімет беретін қызмет атқарады.
4 класс триангуляция желісі пунктері санында және I разрядты полигометрия пунктер санында жобаланады. IV класс триангуляция өздігінен ұшбұрыштар тізбесін құрайды.
Триангуляция торының бұрышындағы инструменттер, өлшеу әдістері мен орташа квадраттық қателер. Жақтар ұзындығын светодальномермен өлшеу.
3–4 класс триангуляция торындағы бұрыштар Leica TC407 электронды тахеометрімен өлшенеді. Горизонталь бағытындағы бұрыштарды бақылау айналдыру әдісімен жүргізіледі. Әдістер саны жер класына және қолданылатын инструментке байланысты болады (2-кесте).
3.1-кесте. Аспап
Аспап түрі Leica TC407 |
Триаянгуляция класы |
|
3 |
4 |
|
Әдістер саны |
||
9 |
6 |
|
Бұрыш өлшеудің орташа квадраттық қатесі III класс үшін + 1,5”, ал 4 класс үшін + 2”, Ұшбұрыштарда шекті қате + 8”,
Келтіру элементтерін анықтаудың әдісі мен мезгілі.
Келтіру элементтерін – центрировка мен редукцияны инструменттердің тұру пунктінде анықтаушы екі рет анықтайды: бірінші рет – пунктта бақылау басталар алдында, екінші рет – бақылау біткеннен кейін.
Жақтардың өлшемдері:
4класс
триангуляциясы фигураларың жақтық
ұзындығы 3 – 5 км. Жақтың өлшемдері: ең
үлкен шамадағы ұзындық 4121метр, ең аз
шамадағы ұзындық 2600 метр, жақтардың
орташа ұзындығы:
– 3423 метр.
