Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MAZM_1200_NY_mik.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.43 Mб
Скачать

2.3 Кен орнының геотехнологиялық сипаттамасы

Кен орнының технологиялых сипаты жер асты шаймалау әдісіне сәйкес зерттелген. Кен орны кендерінен салмағы 30 дан 130 кг дейін технологиялық сынама алынып өңделген. Өңдеу жұмыстары «Краснохолмск» ЦАЛ және ВНИИХТ лабораторияларында тотықтырғыштар қолданылып күкірт қышқылының 5-15 г/л құрамды ерітінділерімен ерітінділеудің сүзгілену режимінде жүргізілген. Уранды алу күкірт қышқылының таукен массасына меншікті шығыны 90 кг/т және Ж:Т қатынасы 1,1 – 14,1 жағдайында 70-99 %-ті құрады.

Мынкұдық кен орнының уранын шаймалау бағытында жүргізілген лабораториялық және өнеркәсіптік-тәжірибелік жұмыстар уранды жер астында күкірт қышқылымен ерітіндіге айналдырып алу әдісінің жоғары технологиялық екендігін және уранмен қатар ерітінділерден рений, скандий, иттрит және ванадий сияқты жер бетінде сирек кездесетін металлдарды да алуға болатындығын дәлелдеді.

Өнімді деңгейжиектердің кенді қатпарлары орта және майда түйіршікті құм түрінде кездеседі. Құмдардың су-физикалық қасиеттері мына шектерде өзгеріп отырады: сазды және алеврит топтары 10-14 %, кеуектігі 34,0-46,2 %, табиғи ылғалдылығы 20,9-25 %, тығыздығы 2,6-2,62 г/см .

Тау жыныстарының түйіршіктік және заттық құрамының біркелкілігіне байланысты кеннің көлемдік салмағы кен орны бойынша 1,6 т/м болып қабылданған.

Кен орнының геотехнологиялых ерекшеліктерін екжей-текжейлі зерттеулер төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

Кеннің негізгі қоры өткізгіштігі өте жоғары (1-12 м/тәулік) құмды және қиыршық тас-құмды қыртыстарда шоғырланған және де кенді құмдардың кенсіз құмдарға қарағанда өткізгіштігі жоғарылау;

Жыныс түзегіш минералдар құрамының инертті, қиын еритіндігіне және кен минералдануының тез ерігіштігіне қарамастан кенге тән қасиет - оның карбонаттығының (СО 2%-тен аз)төмендігінде;

Кен орналасқан сулы деңгейжиектер әдетте ауданы мен қалыңдығы жағынан қалпына келген сутіректермен шектелген және жер асты суларының деңгейінен төмен жатыр;

Лабораториялық, тәжірибелік, өнеркәсіптік және пайдалану жұмыстары көрсеткендей, күкірт қышқылымен ерітінділеу үрдісі негізгі геотехнологиялық көрсеткіштердің (уранның жерден алыну дәрежесі, Ж:Т қатынасы, реагенттердің меншікті шығыны ) жоғары мәндерінде өтеді. Ерітінділеу үдірісі деңгейжиектегі су ортасының температурасының жоғарылығымен (35 С және жоғары) ынталандырылады.

1.4 Мыңқұдық кен орнының урандық кенденуі

Мыңқұдық кенорны ЗПО жақын ендіктегі бөлігінің кенді жүйе жебіне ұштасқан, жоспар бойынша кен қабаттарының қарапайым морфологиясымен сипатталады, олардың контурында жуылуға шыдамды. Негізгі кенбақылау факторы уран кенденуін ЗПО-ның регионалдық шекарасына ұштастыру болып табылады.

Мыңқұдық ауданында жоғарғы борлы шөгінділер кесіндісінде ірі екі түрлі бірнеше қабатты қатпарлар аймағы түрінде болады, біреуі (төменгі) Мыңқұдыққа және інқұдыққа, ал екіншісі (жоғарғы) Жалпақ жазықтығына ұштасқан.

Кендену барлық жерде, Ақдала бөлімшесін қоспағанда төменгі аймаққа байланысты, кесіндіде кулисо түрінде болып келеді. ЗПО-ның бір шұғыл "кертпеші" Мыңқұдық жазықтығындағы кесіндіде, әрі төменгі деңгейжиекте жоғарғы өткізгіштіктің арасында өздігінен, 0,8-1 км алдыға шығып тұрған ЗПО - "тілі", ролла түріндегі рудалы қабаттарды бақылайды. Әрі тотығу соңғының ортаңғыға енуінде.

Жобада кенді қатпардың конфигурациясының сызықтық-сатылы сипаты конседиментациалы блокты-пликативті құрамына арасындағы байланысты соңында кенбақылау контурының шекарасын ЗПО анықтайды.

Жобада кенді қабаттар азиректелген ұзағырақ сызықтармен, ЗПО-ның толық бірігу шекарасына байланысты, тотығу "тілдерінің" інқұдық және мыңқұдық жазықтығында ұштасуына негізделген.

Кенді қатпарлар көлденең кесіндіде, ереже бойынша, бірнеше морфологиялық элементтерден: негізгі роллды ЗПО кенбарлаушы шекарасымен сыналып тураланған және сателитті денеден тұрады (1.1 сурет).

Кенорнында барлығы 30 кен шоғыры анықталған, оның 16-сы Мыңқұдық жазықтығында шоғырланған.

Аталған кен шоғырының ұзындығы 15-20 км (магистрал бойынша) ені 50-ден 100-500 м дейін өзгереді. Қалыңдығы 2-10 м, қанаттарында 20-25 метрге жетеді. І-ІІІ -ұзартылған қапты бөлікті жәй роллдар; IV - "роллға айналған" күрделі дене типі; V - линза түрдегі және клин түріндегі дене; VI - рудалы линзалар, тотықпаған шөгінділерге ұштасқан; VII - күрделі роллдар; VIII- "қап" формалы тотықсызданбаған сұрғылттүсті құмдардың тотықсызданған қатпар ішіндегі "доғал" тұйықталуы.

Кен шоғырының төменде жату тереңдігі Інқұдық жазықтығының кенденуі үшін (Орталық және Құмды бөлімдерінде) 175 тен 240 метрге дейін жетеді, Мыңқұдық жазықтығында (шығыстан батысқа ұлғая отырып) 205-430 метрге жетеді.

Уранның U 0,015-0,02 ден 0,1-0,15%, кескен қатарларда 0,3-0,4%, ал жеке сынама бойынша - 1%. Кенорнының кенді жиектерінде ураннан басқа тотығу -тотықсыздану, сілтілі-қышқылдық барьерлерде мына бірнеше элементтер қатарының жоғары концентрациясы анықталған: Se, Ke, Mo, Co, Ni, Zn, Pb, Ag, Ge, S, P, Ba, Li, Be, Nb, W, Y, Yb, V, Mn, Fe, Ca.

Мыңқұдық кенорны кеннің минералды құрамы бойынша настуранды коффинит: настуран - орташа есеп бойынша - 58%, коффинит - 42%, ал кесінді бойынша соңғының ролі жоғары қарай көбейеді (ұлғаяды) Мыңқұдық кен қабатында настуран (настуран - 76%) жоғарыда, Жалпақта коффинит (коффинит - 65%).

  1. Тау кен бөлімі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]