- •1 Тәжірибенің мақсаты және міндеті
- •2 Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және жетекшілік ету.
- •2 Бөлім тәжірибенің көлемі мен ұзақтығы
- •Жеке тақырыптар бойынша тәжірибенің шамамен алынған ұзақтығы:
- •3 Бөлім тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •4 Бөлім өндірістік тәжірибе қорытындысын ресімдеу
- •1 Тәжірибе қорытындысын ресімдеу
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «есеп және аудит» кафедрасы
- •6М050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистранттардың өндірістік тәжірибе өту туралы есебі
- •Астана, 2010 ж.
- •Магистрантпен тәжірибені өту сапасы және есеп беру мен күнделіктің мазмұны бойынша кәсіпорын тәжірибе жетекшісі қорытындысының жобалық мазмұны.
- •6М050800 «есеп және аудит» бағытындағы магистранттарға арналған өндірістік тәжірибені өтудің әдістемелік нұсқауы
4 Бөлім өндірістік тәжірибе қорытындысын ресімдеу
ТӘРТІБІ
1 Тәжірибе қорытындысын ресімдеу
Өндірістік тәжірибе өту барысында магистрант келесі құжаттарды дайындайды:
өндірістік тәжірибе күнделігі;
өндірістік тәжірибе өту туралы есеп;
кәсіпорыннан тәжірибеге жетекшілік етушімен дайындалатын магистранттың іскерлік мінездемесі. Мінездемеде өндірістік тәжірибе туралы есепке қысқаша пікір жазылуы тиіс.
Есеп өндірістік тәжірибені өту барысында бағдарлама бойынша жұмыстарды зерделеу мен орындауға байланысты құрылады. Ол әзірленген жеке жұмыс жоспарына сәйкес жасалуы керек. Есепте магистрант игерілген мамандану пәндері бойынша білімін, олардың басқа пәндермен байланысын, ғылыми зерттеулерді өзі бетінше жүргізе білуін, сондай-ақ алынған нәтижені талдап, жалпылай білуін көрсетуі керек.
Есепке магистрант мыналарды қоса тіркеуі қажет:
- өндірістік тәжірибе күнделігі;
- магистранттың өндірістік және қоғамдық жұмысы жайлы мінездемесі.
Мінездеме мен күнделік мөрмен және кәсіпорын басшысының қолымен бекітілуі қажет.
Күнделік пен мінездемені қоса тәжірибе бойынша есепті магистрант кафедраға есепті қорғау үшін ұсынады.
Өндірістік тәжірибе уақытындағы магистранттың жұмысын бағалауда мыналар назарға алынады:
кәсіпорындағы (ұйым, мекеме) тәжірибе;
өндірістік тәжірибе уақытындағы магистранттың қызметі
(бағдарламаны орындаудың толықтығының дәрежесі, кәсіби дағдыны игеруі);
есепті ресімдеудің мазмұны мен сапасы, күнделіктегі жазбаның толықтығы;
баяндама сапасы мен магистранттың есепті қорғау кезінде қойылған сұрақтарға берген жауаптары.
Бұдан басқа есепте есептілікті, талдау мен аудитті ұйымдастыру мәселелері бойынша сынды пікірлер келтіріліп, жағымды жақтары мен анықталған кемшіліктер, белгіленген ережелерден ауытқу мен бұзушылықтар жағдайларына көңіл аударылу керек. Есепке қаржылық есептілік компоненттері, журнал-ордерлер, ведомостер, талдама кестелер қоса тіркеледі. Қосымшалар нөмірленеді және оларға мәтін бойынша сілтемелер жасалады. Есеп мәтінінің көлемі 25-30 баспа мәтінді парақ.
Кафедра өндірістік тәжірибе бойынша есепті рецензиялауға тапсырады. Оң рецензия жағдайында есеп қорғауға шығарылады.
Өндірістік тәжірибе есептерін қорғауды қабылдау үшін кафедра меңгерушісі келесі құрамдағы комиссияны құрайды: тәжірибе өткізілетін курсты жүргізуші оқытушы, университеттен және мүмкін болса кәсіпорыннан тәжірибеге жетекшілік етушілер.
Әрбір магистрант тәжірибе бойынша есепті комиссия отырысында қорғайды. Тәжірибе материалдары негізінде, сонымен қатар, қорғау нәтижесі бойынша комиссия магистранттың көзінше өндірістік тәжірибеге төртбалды жүйе бойынша баға береді. Комиссия мүшелері есептің титулды парағында мынадай жазба жасайды: «Өндірістік тәжірибе бойынша есеп «___» бағасымен қорғалды», күнін және қолдарын қояды.
Тәжірибе бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы жағымсыз пікір алған немесе есепті қорғау нәтижесінде қанағаттандырарлықсыз баға алған магистрант университеттен шығарылады.
Қосымша 1
