- •1 Тәжірибенің мақсаты және міндеті
- •2 Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және жетекшілік ету.
- •2 Бөлім тәжірибенің көлемі мен ұзақтығы
- •Жеке тақырыптар бойынша тәжірибенің шамамен алынған ұзақтығы:
- •3 Бөлім тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •4 Бөлім өндірістік тәжірибе қорытындысын ресімдеу
- •1 Тәжірибе қорытындысын ресімдеу
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «есеп және аудит» кафедрасы
- •6М050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистранттардың өндірістік тәжірибе өту туралы есебі
- •Астана, 2010 ж.
- •Магистрантпен тәжірибені өту сапасы және есеп беру мен күнделіктің мазмұны бойынша кәсіпорын тәжірибе жетекшісі қорытындысының жобалық мазмұны.
- •6М050800 «есеп және аудит» бағытындағы магистранттарға арналған өндірістік тәжірибені өтудің әдістемелік нұсқауы
2 Бөлім тәжірибенің көлемі мен ұзақтығы
Магистранттар үшін диплом алдындағы тәжірибе көлемі - 8 апта немесе 40 жұмыс күні. Тәжірибенің басталу және аяқталу күні университет ректорының бұйрығымен белгіленеді.
Жеке тақырыптар бойынша тәжірибенің шамамен алынған ұзақтығы:
№ |
Тақырып атауы |
Жұмыс күндерінің, апта саны |
1 |
2 |
3 |
1. |
Кәсіпорын қызметінің ерекшеліктерімен танысу |
2 |
2. |
Контроллинг |
6 |
3. |
ҚЕХС-ды ендіру |
8 |
4. |
Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық қызметі |
6 |
5. |
Экологиялық есеп |
6 |
6. |
Инвестициялық жобаны жүзеге асырудағы тәуекелдікті басқару |
6 |
7. |
Пайдаға салынатын салық есебі мен аудиті |
6 |
Барлығы: |
40 |
|
3 Бөлім тәжірибе бағдарламасының мазмұны
Контроллинг
Оперативті контроллинг. Стратегиялық контроллинг. Компаниядағы БЕЖ компонентін ұйымдастыру (ендіру) бойынша инвестициялық жобаның инициациясы. Компаниядағы қаржы-есептік қызметтің атқарылуы мен ұйымдастырылуының жедел диагностикасы. Корпоративішілік семинарды дайындау және өткізу. Инвестициялық жобаның инициациясы үшін қажетті жобалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту. Компаниядағы есептілікті және басқарушылық есеп жүйесінің компонентін ұйымдастыру (ендіру). Компанияның қаржы департаментінің ұйымдық құрылымын қалыптастыру. Бизнесті жедел бақылау мақсатымен басқарушылық қаржылық есептілік жүйесін әзірлеу және ендіру. Зауыт өндіретін өнімнің базалық ассортиментінің әр түрі бойынша жоспарлы және нақты өзіндік құнды есептеудің автоматтандырылған моделі мен құру алгоритмін әзірлеу. Бюджеттендіру жүйесін әзірлеу және ендіру. Бизнесті жедел басқару мақсатымен басқарушылық қаржылық есептілік жүйесін әзірлеу және ендіру. Қызметкерлер жұмысының мотивация жүйесін әзірлеу және ендіру. Операциялық талдау жүйесін (CVP әдісі) әзірлеу және ендіру. Корпоративішілік «ойын шарттарын», яғни, есептік және бюджеттік саясаттың, басқарушылық есеп саласындағы қаржылық есептіліктің құрылу әдістемелері мен процедураларын, принциптерін өндіру мен сипаттау. БЕЖ компонент пилотты ендірулерін пайдалану. Әзірленген және ендірілген БЕЖ компонент жұмысының бақылауы мен мониторингі.
ҚЕХС-ды ендіру
ҚЕХС-ке көшу. ҚЕХС бойынша дайындалған ақпаратты пайдалану. Қаржылық есептілікті ҚЕХС-ке сәйкес құру; Есеп саясатын ҚЕХС-ке сәйкес әзірлеу; Қаржылық есептілікті ҚЕХС-ке сәйкес шоғырландыру мен дайындау; Бухгалтерлік есепке байланысты процесстерді талдау; Жедел жабылу процесін ендіру; Бухгалтерлік есептің аутсорингі.
Кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық қызметі
Инновациялық ресурстардың маңызы мен сипаттамасы. Инновациялық ресурстар - кәсіпорын қызметінің, ал ұйымдық құрылымдар - инновациялық менеджменттің тиімділігінің негізі. Инновациялық ресурстардың сапасы мен игерумен құруды басқару. Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы. Кәсіпорынның инновациялық қызметін талдау мен инновациялық процесстердің сипаттамасы. Инновациялық өзгерістердің кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына ықпалы. Инновациялық ресурстарды басқару органдары. Инновациялық ресурстарды тиімді қолдану бойынша шараны әзірлеу және оларды экономикалық негіздеу.
Экологиялық есеп
Экологиялық аудит – табиғатты пайдалануды басқарудың экономикалық құралы. Экологиялық аудиттің жалпы моделі. Экологиялық басқару мен менеджмент жүйелері аудитінің жалпы принциптері. Экологиялық аудиторлық қызметті басқарудың алгоритмі. Экологиялық аудит нәтижелерін қолдану бағыттары. Экологиялық аудит жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігінің кешенді бағалау әдістемесі. ҚР-ғы кәсіпорындар қызметінің экологиялық аспектілеріне қойылатын негізгі мемлекеттік талаптар.
Инвестициялық жобаны жүзеге асырудағы тәуекелдікті басқару
Инвестициялық тәуекелдік туралы ұғым. Тәуекелдік түрлері. Жобаны іске асырудағы тәуекелдікті талдау әдістері. Әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері, олардың қолданылу аясы. Тәуекелдікті төмендету әдістері. Тәуекелдікті жоба қатысушылары арасында бөлу. Тәуекелдікті сақтандыру. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудағы күтпеген шығындарды өтеу үшін қажет құралдарды резервте сақтау. Инвестициялық жобаны қаржыландыру жоспарындағы тәуекелдік есебі.
Пайдаға салынатын салық есебі мен аудиті
Пайдаға салынатын салық түсінігі мен маңызы. Ұйымдастырушылық есеп. Пайдаға салынатын салық бойынша есеп айырысу есебі. Жалпы ережелер. Тұрақты, уақытты айырмашылықтар және тұрақты салықтық міндеттемелер есебі. Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер, оларды анықтау мен бухгалтерлік есепте көрсету. Пайдаға салынатын салық есебі. Бюджетке төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасын есептеу қажеттігімен шартталған есептік мәселелер. Қаржылық қызметтің жағымсыз нәтижесі (залал) жағдайында кейінге қалдырылған салықтар көрсеткіштерін қалыптастыру. «Жеңілдетілген» нұсқада көрсеткіштерді есептеу әдістемесі. Кәсіпорынның ұйымдық сипаттамасы мен есебі. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Ұйымның есеп саясатының өзгеруі. Уақытты айырмашылықтардың ең маңызды топтары. Пайдаға салынатын салық бойынша есептілік. Есептілікте пайдаға салынатын салық бойынша шығындар туралы ақпаратты ашып көрсету. Бухгалтерлік баланс. Пайда мен залал туралы есеп. Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер.
