Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
! МУ по Ондиристик практика магистрантов 1 жыл....doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.62 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университеті

Факультет «Есеп және қаржы»

Кафедра « Есеп және аудит»

6М050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» БАҒЫТЫНДАҒЫ МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІ ӨТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ

Астана 2010 ж

6М050800 «Есеп және аудит» бағытындағы магистранттарға арналған өндірістік тәжірибені өтудің әдістемелік нұсқауы. ҚР ГОСО сәйкес дайындалған.

Құрастырушы:

Пягай А.А., э.ғ.д., профессор

Акимова Б.Ж. э.ғ.к., доцент м.а.

оқытушы Исахова Г.К.

6М050800 «Есеп және аудит» бағытындағы магистранттарға арналған өндірістік тәжірибені өтудің әдістемелік нұсқауы «Есеп және аудит» кафедрасында бекітілді.

Хаттама № 1_ от __28.08.___ 2010 ж.

Кафедра меңгерушісі э.ғ.д..профессор м.а ______________ Алиев М.К.

Қазақ экономика қаржы және халықаралық сауда университетінің оқу әдістемелік кеңесінде қарастырылып мақұлданды.

Хаттама № _1__ от __31.08.__2010_ ж.

Төрайым

Э.ғ.д. профессор _______________ Кучукова Н.К.

БӨЛІМ 1 ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ

1 Тәжірибенің мақсаты және міндеті

«Есеп және аудит» бағытында магистранттарды дайындауда өндірістік тәжірибе оқу үдерісінің міндетті элементі. Тәжірибе мамандандырылған экономикалық пәндерде және шетел тілінде теориялық негізде сабақтардың өтуін қарастырады сонымен қатар мамандық бойынша оқу материалдардын дайындайды. Сабақ көлемі және оқу материалдарына талаптар, бағдарламаны іске асыратын жоғарғы оқу орынымен анықталады.

Өндірістік тәжірибе бағдарламасы жоғарғы кәсіби білімнің мемлекеттік білім стандарты негізінде дайындалған. Өндірістік тәжірибе, осы мамандықты тәжірибелік бөлігін игеруде магистраннтарға арналған өндірістік тәжірибе жалпы кәсіби қызметін атқарады. Бағдарлама мынадай бөлімдерден тұрады: педагокилақ тәжірибенің мақсаты және міндеті, тәжірибені ұймдастыру және мазмұны есептіліктің реті.

Өндірістік тәжірибенің мақсаты: «Контролинг», «Кіші кәсіпорындардың есебі және салық салу», «ҚЕХС», «МСА», «Қаржылық есеппен есептіліктің перспективалық сұрақтары». осы Бағыттамаларын оқып білімдерін игеруде.

Тәжірибенің міндеттері:

1. Кәсіпорынның өндірістік және негізгі функциялары бойынша мәселелерін шешу үшін, ұйымдастыру әдістемелік және нормативтік техникалық құжаттарын оқып талдау.

2. Ұйымның есеп жүйесін жетілдіруде ұсыныстарды әзірлеу.

3. Магистірлік диссертацияны орындауға қажетті материал және құжаттарды жинау.

4. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық іс -әрекетінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, талдау және ішкі аудит сұрақтары бойынша ұсыныстарды және кепілдемелерді әзірлеу.

5. Магистірлік диссертацияға және тәжірибелік есептілікке материалдарды дайындау.

2 Өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және жетекшілік ету.

Жалпы тәжірибелікке жетекшілікті «ҚазЭҚ және ХСУ» «Есеп және аудит» кафедрасы жүргізеді ,ал магистранттың жұмысына жетекшілікті , магистрант жетекшісі және магистірлік бағдарламаның ғылыми жетекшісі ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда магистранттарға кеңес беруге, жоғары кәсіби мамандандырылған мамандар жүйелі түрде ғылыми зерттеу жұмысымен айналысатын, магистрант дайындалып жатқан кәсіптің кәсіпқой мамандары жетекшілік етеді.

Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес ғылыми зерттеулік тәжірибе көлемі 6М050800 «Есеп және аудит» бағыты бойынша ___ кредит құрайды. Әр түрлі меншік нысанындағы ірі және орта бизнестін шаруашылық субъектілері өндірістік тәжірибенін негізгі базасы болып табылады.

Өндірістік тәжірибенің алдында міндетті түрде магистранттардың және жетекшілерінің қатысуы мен бірге жиналыс өткізіледі. Жиналыста оқу жұмыс жоспарымен анықталған тәжірибенің міндеттері, кәсіпорындағы жұмыстың мазмұны және тәжірибені өту уақыты қарастырылады. Университеттен тәжірибе жетекшісі міндетті:

- магистрантпен бірге кәсіпорындағы күнтізбелік жұмыс істеу кестесін дайындау;

- магистрантқа тәжірибе сұрақтары бойынша: күнделікті жүргізу, істелінген жұмыс туралы есеп жайлы кеңес беру.

- кәсіпорындардың лауазымды тұлғалары арқылы магистранттарға қажетті жағдай туғызу;

- Магистранттардың жұмыс сапасын және күнтізбелік кестенің орындалуын қадағалау.

Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі міндетті:

- Білікті жетекшілік жасап және әрбір магистрантты жұмыс орнымен қамтамасыз ету;

- Тәжірибеге жетекшілікті бекітілген бағдарламаға және магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүргізу.

- Тәжірибенің соңында магистранттың жұмысы жайлы жазбаша мінездеме беру.

Магистрант міндетті:

- Тәжірибені өту орнына белгіленген уақытында келу;

- Ұйымның ішкі тәртіптері мен ережелерін және еңбек заңнама талаптарын орындау, кәсіпорын ұжымының қоғамдық өміріне және өндірістік кеңестерге қатысу;

- Жеке кестеге сәкес тәжірибе бағдарламасын ;

- Кафедрадағы тәжірибе жетекшісінен кеңес алу;

- Белгіленген нысанда күнделік жүргізіп, тәжірибені өту жайлы күнделікті жазу жүргізу.

- Ұйымның бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі мен нормативті және нұсқамалық материалдарын оқып үйрену.

Жалпы тәжірибеге жетекшілікті ҚазЭҚжәнеХСУ «Есеп және аудит» кафедрасы жүргізеді, ал магистранттың жұмысын ұйымдастырып тәжірибесіне жетекшілікті магистрант жетекшісі немесе магистрлік бағдарламаның ғылыми жетекшісі жүргізеді.Тәжірибенің алдында тәжірибе жетекшісі магистранттарды жинап, тәжірибенің мақсаты мен міндеті жайлы магистранттарды тәжірибеге бағыттайтын ұйымдастыру жиналысын өткізеді.

Магистранттың тәжірибе жоспарының орындалуын бақылап және жетекшілікті тікелей ғылыми жетекшісі немесе шетел тілінің оқытушысы жүзеге асырады, магистрант тәжірибенің бірінші аптасында өтілетін пәндерден жеке жоспар жасап және оқу пәнін бірлесіп таңдайды.

Тәжірибе жетекшісі тікелей:

• Тәжірибе бағдарламасын орындау бойынша қажеттті ұйымдастыру іс- шараларды жүргізеді;

• Тәжірибе кезеңіне магистранттардың жеке тапсырмаларын беріп, өзіндік жұмысын тағайындайды,қажетті кеңесін беріп көмек көрсетеді;

• Тәжірибені өту кестесін құрастырып және магистранттың жұмысы мен тәжірибені өтуін жүйелі түрде қадағалап тұрады;

• Тәжірибені өту мен есебі жайлы барлық сұрақтары бойынша көмек көрсетеді.

Магистрант тәжірибені өту және ұйымдастырумен байланысты барлық сұрақтар бойынша тусініктеме және ұсыныстарды тәжірибе жетекшісінен алады, тәжірибену өту кестесіне сәйкес жасалып жатқан жұмыс жайлы есебін береді.

Магистрлік дайындыққа оқу үдерісін қамтамасыз ететін, магистранттың жұмыс кестесі кафедраның проффесорлық-оқытушы құрамымен келісілген оқу пәндерінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Магистрант тәжірибе нәтижесінде кәсіби саласында дербес қызмет жасау үшін:

- Мамандандырылған пәндерден алған теориялық білімдерін тереңдетіп, жүйелеп, бекітеді;

- Жұмыстың тәжірибелік дағдыларын игеру, жұмыс әдісі және нысандарымен, ағымдағы құжаттармен танысу, кәсіпорын жұмысының тәжірибесін үйрену, ақпаратты талдау дағдыларын үйрену,ұйымдастыру іс-шараларын жоспарлау, шешім қабылдау нысандары мен жолдарын дербес шешу.