Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология негіздері ЖМ-307, 312 маманд кешен (...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

3. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі

Бірін бірі түсінісуде адамдар көбіне шектен тыс өзімшіл, субъективті, асығыс қорытынды жасауға бейімшіл келеді. Адамның өзімшілдігі оның төңірегіндегілерге баға берудегі өз қабілетін асыра дәріптеуінен келіп шығады. Өзінің кейбір істерге байланысты ой-өрісі мен ептіліктерінің мүлтіксіз жұмыс атқаруға жарайтынын пайдаланып, адам сипаттауда да сол қабілетім жеткілікті дегендей жаңсақ ойдың арбауында қалып қояды да, нәтижеде назарға алған адамы жөнінде қате пікірге тап келеді. Ал онысын өзі сезбейді де, мойындамайды. Мұның түпкі себебі - заттар мен жан дүниелі адамдарға болған қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін білмеуден.

Субъектив қателіктің мәні: нақты кезеңдегі өзінің психологиялық кейпіне назар салмастан, адам нақты көріп тұрғаны мен естігеніне сеніп қалады, ал көз бен құ-лақ қабылдауы әрқашан адамның жеке көңіл-күйінің жағ-дайына тәуелді. Қандай да адамды қабылдауымыз біздің өзіміздің сол мезеттегі жан толғанысымыз, көңіл шарпуымыз бен қажетсінуімізге байланысты келеді. Осы тұрғыдан адам бағалауда өз сезімің мен пікір пайымдауына да толығымен сене беруіне болмайды.

Ситуативтік қателік мәні: басқаны бағалай және қабылдай отырып, тұлға өз қабылдау процесінің қандай жағдайда өтіп жатқанын ескермеуі және сол жағдайдың оның өзінің әрекет-қылығы мен бақылауындағы адамның болмысына нендей әсер етіп жатқанын байқамауы мүм-кін. Ал адам өзінің бақылау астында екенін сезсе, өзінің әдеттегі, қалыпты қылықтарын бұрмалап көрсетуге тырысады. Бақылаушының өзі де нақты жағдайларға орай өз әрекетінің формасын өзгертеді. Асығыс қорытынды жасауға байланысты қателік мәні: бақыланушы адам жөніндегі пікір мүмкін болған мәліметтердің бәрі жинақталмай, үстірт беріледі. Мұндай қателік болмауы үшін төңірегіндегілерді түсінуге ниет еткен әрбір адам өзін ұстамдылықпен, болжамы нақты де-ректермен айқындалмағанша, бақылауға алынған тұлға жөнінде ой топшылаудан аулақ болғаны жөн.

Қателіктердің және бір тобы жалған қарапайым-дылықтан келіп шығады. Мұндай қателік өзін өзі шын мәнінде кім екенін білмейтін, қоғамдық беделі жоқ, аңғырт адамдарда болады. Бұл типтегі жандар төңірегіндегілердің ішкі жан дүниесі мен әрекет-қылығының мәнін түсінуге қабілеті жетпегенінен, өзін дүниеден хабарсыз, не болса, соған сенгіш кейіпте танытып, кім болса, соның арбауына түсіп кете береді.