- •1. Психологияның ғылым ретінде анықтамасы
- •Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы
- •Қазіргі психологияның міндеттері
- •§2. Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары
- •§3. Кеңестік психология гылымының қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда психология ғылымның қалыптасуы мен дамуы.
- •Психология ғылымының зерттеу әдістері
- •Психика даму кезеңі Жоспары:
- •1. Ми құрылымы мен қызметі
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •Әрекетке психологиялық талдау. Жоспары:
- •3. Еңбек сипаты
- •Сана және өзіндік сана Жоспары:
- •Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы (интеллект)
- •Түйсіну процесі Жоспары:
- •Түйсіктердің түрлері
- •Көру түйсіктері
- •Есту түйсіктері
- •Иіс түйсіктері
- •Дәм түйсінулері.
- •Тері түйсіктері
- •Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері
- •Статикалық түйсіктер
- •Органикалық түйсіктер
- •Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
- •Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі
- •Сезгіштің өзгеруі
- •Адаптация
- •Түйсінулердің өзара әрекет етуі
- •Түйсіктерді дамыту және қалыптастыру
- •Қ абылдау Жоспары:
- •Қабылдаудың қасиеттері
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •Қабылдау формалары
- •Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •Зейіннің физиологиялық негіздері
- •Зейіннің түрлері және оларға сипаттама
- •Жоспары:
- •Ес туралы негізгі теориялар
- •Естің түрлері
- •Ес үрдістері және оның түрлері
- •Естің дара ерекшеліктері
- •Есті дамыту және тәрбиелеу
- •Жоспары:
- •Ойлау мен сөйлеу Жоспар
- •1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Сезім және эмоцияның физиологиялық негіздері.
- •Эмоция туралы психологиялық теориялар
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жоспары:
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •Жоспары:
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Темперамент
- •1. Темперамент жөнінде түсінік
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •4. Мінез түрлері мен типтері
- •5. Мінездік бітіс асқынуы
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жеке тұлға Жоспары:
- •1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
- •2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
- •3. Жеке тұлғаның бағыттылығы
- •4. Жеке тұлғаның қалыптасуы
- •5. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
- •Әрекет пен қарым-қатынастағы тұлға. Жоспары:
- •Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі
- •3. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі
3. Жеке тұлғаның бағыттылығы
Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.
Белсенділік — жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады.
Адам қажеттілігі әртүрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын үйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сипаты туралы айтып отырмыз.
Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдармен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және үнқағаз оқу, радио, теледидар тындау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады.
Адам қажеттілігі — адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.
Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып табылады. Тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта әрекет етуге итермелейді.
Қажеттілік — бұл өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік — жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі қажеттілік жалпы түрде байқалады.
Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз.
Түрткілер — қажеттіліктің нақты көрінуі.
Түрткілер (мотивтер) — бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егер де қажеттілік адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің нақты көрінуі болып табылады.
Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның түрткілерін дұрыс түсіну қажет. Түрткілер бір-бірінен онда іске асатын қажеттіліктердің түріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің түрткілері, оқу әрекетің түрткілері) байланысты ерекшеленеді.
Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетеді.
Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу — бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, адамды терең білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді.
Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады.
Мазмұны жағынан қызығулар бағытталған нысанына қарай анықталады (техникаға, химияға, спортқа, өнерге, суретке, шахматқа т.б. қызығу). Мазмұны жағынан әртүрлі қызығулар қоғамдық мәніне қарай: біреулері, егер де қоғамдық және жеке мүдделер дұрыс ұштасқанда жағымды бағаланады, басқалары жағымсыз бағаланады (өздерінің ұсақ сезімдік қажеттіліктерін қанағаттаңдыруға байланысты).
Жан-жаңты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады.
Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысанын терең пайымдамайды.
Тұрақты қызығулар (олар ұзақ сақталады, адамның өмірі мен іс-әрекетінде мәнді рөл атқарады, жеке тұлғаның салыстырмалы түрде бекітілген ерекшеліктері болып табылады) және тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде кысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады, тез сөніп қалады.
Адам тұрақсыз қызығулармен жеңіл әуестенеді және тез суып қалады.
Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденістер көздерін қанағатандыруға итермелейтін қызығуды айтады. Бейжай қызығулар — осындай іс-әрекеттің түрлеріне итермелейтін қызығуларды айтады.
Сонымен қатар тура және жанама қызығулар болады. Тура қызығулар білімнің немесе іс-әрекеттің белгілі бір саласында мазмұнымен пайда болады.
Жанама қызығулар — нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ басқа нысанмен, адам қызығуымен (мәселен, мектеп оқушысы үшін математикаға қызығуы, оның сүйіп айналысатын авиамоделдеу ісімен) байланысты. Жеке тұлғаның қылығы моралдік түрткілермен, борыш сезімімен, қоғамдық тапсырмалармен реттеледі және анықталады. Адам қылығының моралдік түрткілері идеалдарда байқалады.
Моралдік немесе адамгершілік идеал — бұл адамның өз іс-әрекеті мен қылығының үлгісі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгі болатын адамдар аз болған жоқ. Қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық қайраткерлер ғылымда академик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға тұрарлық. Жеке тұлғаның қылығының негізгі түрткісі сенімдер болып табылады.
Сенімдер — бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жеке тұлғаның мақсатты қажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түрінде байқалатын қажеттіліктер мазмұны — бұл қоршаған дүние табиғат пен қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бұл білімдер ішкі ұйымдасқан көзқарастар жүйесін құрайды (философиялық, эстетикалық, этикалық, ғылыми-жаратылыстану және т.б.), ол адам-дүниетанымы болып қарастырылады.
Ұмтылу — мінез-құлық түрткілері (мотивтер), онда қажеттілік түрінде аңғарылады, қазіргі жағдайда берілмеген, бірақ жеке тұлғаның арнайы ұйымдасқан іс-әрекетінің нәтижесі түрінде жасалуы мүмкін. Ұмтылу түрінде берілген қажеттілік ерекше ұйымдасқан іс-әрекет арқылы қанағаттандыра алмайды, бұл түрткілер категориясы ұзақ мерзімге жеке тұлғаның белсенділігін қолдауға қабілетті.
Мәселен, бір топ студент қайықпен серуенге шығу туралы жоспар жасап, пайда болған ұмтылу нәтижесінде жоспарды іске асыруда өзінің іс-әрекетінің белсенділігін арттырады, сол жоспарды орындауда студенттер әртүрлі даярлық жұмыстарын жүргізеді. Ұмтылу әртүрлі психологиялық түрде іске асады.
Барлық түрткілер туралы айтқанымызда (қызығу, сендіру, ұмтылу) ең алдымен олар саналы, мақсатты түрде сипатталады. Басқа сөзбен айтқанымызда, адамда ол пайда болғанда, өзіне-өзі есеп береді, іс-әрекетке итермелейді, оның қажеттілігінің мазмұны болып табылады. Сонымен қатар бұл категорияға түрткілердің барлығы кіре бермейді. Адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарының ерекше саласына саналы емес талпынулар жатады. Саналы емес талпынуларды психологияда зерттеу XX ғасырдың 20-30-жылдары қолға алынды.
Ұстаным мәселесі, ұстаным теориясының біздің елімізде негізінен грузин психолоғы Д.Н.Узнадзе және оның әріптестері негізін салған болатын.
Ұстаным дегеніміз қажеттілікті қанағаттандыруға белгілі дәрежеде даярлықты айтады.
Ұстаным — бұл белгілі бір (іс-әрекетке жеке тұлғаның саналы емес талпыну дайындығы, оның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруы мүмкін.
Д.Н.Узнадзе зерттеуі бойынша ұстаным орталық жүйке жүйесінде пайда болады және оның перифериялық бөлімінің қызметінің жемісі болып есептелмейді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының мұғаліміне ұстанымын жатқызуға болады: ұстаным мұғалімнің кез-келген тапсырмасын мүлтіксіз орындау даярлығы түрінде анғарылады. Қоғамдық өмірдің әртүрлі деректері бойынша ұстанымдар (оқиғаларға, адамдарға және т.б.) жағымды болуы да (ауру дәрігердің барлық айтқандарын дәл орындауы, оны емдеген доктордың ұстанымын басшылыққа алуы), жағымсыз болуы да мүмкін.
