Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология негіздері ЖМ-307, 312 маманд кешен (...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

2. Ерік теориялары

Т±лѓа қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс болмаған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис - жын-шайтан қуу үрдісінен аңдауға болады. Бұл үрдісте адам шылғи да енжар (пассив) бастама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын “ұя” ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген.

Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі - сол за-манда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылданған. Мұн-дай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыралуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дү-ниемен тілдесетін - бақсы-балгер (шаман), от пен металды бағындырған - темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы - қанішер ж.т.б.

Ерік түсінігінің жаңа "Қайта тіктелу" (возврождение) заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, "тіпті қателер жіберуге де бейім" дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек (род) ортасынан бөлінумен адам жеке адамдық (кісілік) кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.

Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу (абсолютизация) нәтижесінде экзистенциализм немесе "тіршілік философиясы" пайда болды. Экзистенциализм (М.Хай-дегтер, К.Ясперс, Ж.П.Сартр, А.Камю ж.б.) ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі - қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік-мәдени ортадан бөлек, дерексізденген (абстрактный) адам. "Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған" бұл адамның өмірі мағынасыз "қым-қиғаш оқиғалар" жиынтығы да, адамның өзі – "пайдасыз құмарлық". Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып-тәртіп (норма) ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П.Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, рет­тестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талапта­рының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен (спонтанный) туындайтын, себепсіз, "әлеуметтенуге" қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мадақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмайды.

И.П.Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшеңдік – "еркіндік инстинкті (рефлексі)" деп қарастырады. "Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық пен қауіп-қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды И.П.Павлов, - жануар алдынан шық-қан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді". Ал адам үшін мұндай кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұны да болуы мүмкін. Бұл тұрғыдан ерікіндік инстинкті болған ерік, жеке адамның психологиялық болмысының барша деңгейлерінде көрі-неді, бір қажеттіктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады.

З.Фрейд пен Э.Фроммның психоаналитикалық зерттеулерінің нәтижесінде "ерік адам қылықтарына дем беруші ерекше қуат (энергия)" деген түсінік ғылымға енді. Бұл ғалымдардың болжамынша, адам қылықтарының көзі - психикалық формаға келтірілген жанды ағзаның қандай да биологиялық қуаты. Ал бұл қуат, З.Фрейдше, санадан тыс, ақылдан алшақ "либидо" (махаббат) - жыныстық құмарлықтың психосексуалды энергиясы. Мұндай тұжырым-даумен З.Фрейд адам қылығын осы тіршілік жалғастырушы, яғни "либидоның" "мәдениеттестірілген" алғашқы көрінісі (эрос) деп, ал кейін бұл қылық адамның арғы дү­ниеге (өлімге) ұмтылысының белгісі (танатос) екенін тү­сіндіріп бақты.

Психоанализ бағыты өкілдерінің (З.Фрейд және шәкірттері) қай-қайсысы да қорытынды пікірлерін - адам әрекеттерінің көзі - қажеттіктердің мән-ді, бірақ тұтастай емес, бір тарапын ғана асыра дәріптеуге бағыттаған. Пікір қарсылығын тудыратын тек бұл әсіре ғана емес, адамның өз "тіршілігін сақтау" мен "тұтастығын қолдауды" қамтамасыз ететін ықпалдарды түсіндіруі де ғылымдық көзқарасқа сай келмейді. Адам өзі-нің биологиялық болмысы, яғни тіршілігіне қарсы қатерге де баруы тұрмыстан белгілі: соғыстағы ерлік, қауіп-қатерде батылдық ж.т.б., бірақ фрейдшілер бұл жағдайды ескермейді.

Еріктік әрекет себептері адамның сыртқы ортамен белсенді қарым-қатынасқа келуінен туындайды. Адам табиғатынан қоршаған орта жағдайлары болмай, өз өмірін қолдай да, жалғастыра да алмайды. Ерік бостандығы - табиғат пен қоғамның жалпыланған заңдылықтарын теріс-теу емес, керісінше, адамның оларды жете танып, өз әрекетін соларға сай реттестіре білуі.