- •1. Психологияның ғылым ретінде анықтамасы
- •Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы
- •Қазіргі психологияның міндеттері
- •§2. Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары
- •§3. Кеңестік психология гылымының қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда психология ғылымның қалыптасуы мен дамуы.
- •Психология ғылымының зерттеу әдістері
- •Психика даму кезеңі Жоспары:
- •1. Ми құрылымы мен қызметі
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •Әрекетке психологиялық талдау. Жоспары:
- •3. Еңбек сипаты
- •Сана және өзіндік сана Жоспары:
- •Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы (интеллект)
- •Түйсіну процесі Жоспары:
- •Түйсіктердің түрлері
- •Көру түйсіктері
- •Есту түйсіктері
- •Иіс түйсіктері
- •Дәм түйсінулері.
- •Тері түйсіктері
- •Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері
- •Статикалық түйсіктер
- •Органикалық түйсіктер
- •Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
- •Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі
- •Сезгіштің өзгеруі
- •Адаптация
- •Түйсінулердің өзара әрекет етуі
- •Түйсіктерді дамыту және қалыптастыру
- •Қ абылдау Жоспары:
- •Қабылдаудың қасиеттері
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •Қабылдау формалары
- •Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •Зейіннің физиологиялық негіздері
- •Зейіннің түрлері және оларға сипаттама
- •Жоспары:
- •Ес туралы негізгі теориялар
- •Естің түрлері
- •Ес үрдістері және оның түрлері
- •Естің дара ерекшеліктері
- •Есті дамыту және тәрбиелеу
- •Жоспары:
- •Ойлау мен сөйлеу Жоспар
- •1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Сезім және эмоцияның физиологиялық негіздері.
- •Эмоция туралы психологиялық теориялар
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жоспары:
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •Жоспары:
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Темперамент
- •1. Темперамент жөнінде түсінік
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •4. Мінез түрлері мен типтері
- •5. Мінездік бітіс асқынуы
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жеке тұлға Жоспары:
- •1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
- •2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
- •3. Жеке тұлғаның бағыттылығы
- •4. Жеке тұлғаның қалыптасуы
- •5. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
- •Әрекет пен қарым-қатынастағы тұлға. Жоспары:
- •Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі
- •3. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі
Эмоция туралы психологиялық теориялар
Эмоциялық құбылыстардың табиғатын түсіндіру ерте кезден бастап, әруақытта да ойшылдар мен ғалымдарды қызықтырған еді. Ертеде философияда, мысалы, эмоциялық үрдістер мен құбылыстарды танымның ерекше түрі ретінде қарастырды.
Ағзаның өмірінде эмоцияның мәні мен маңызын түсіндіретін алғашқы кең тараған тсориялардың бірі — Ч. Дарвин ұсынған теория болды.
Әртүрлі тірі жәндіктердің анатомиялық-физиологиялық ұйымының жалпылығымен сыртқы байқалатын олардың эмоциялық көңіл-күйлерінің арасында белгілі байланыстың бар екендігін ол көрсетіп берді.
Шындығында, бір-біріне ешқандай жақындамайтын әртүрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген мәдениеттер мен халықтарға қатысты адамдардың эмоциялық - экспрессивті мінез-құлқын талдап қарағанда, ең алдымен мимикасында, дауысында, бет пішінде, қолының қозғалысында олардың эмоциялық-экспрессивтік жағдайларының бір ыңғайлылығы көзге бірден байқалады.
Дарвиннің ұсынған эмоциялардың тұжырымдамасы оның көрсетілген ерекшеліктеріне байланысты «эволюциялык» деп аталды.
Бұл тұжырымдама бойынша, сыртқы эмоциялық экспрессия көп жағдайда туа біткен болып табылады және ағзаның өмірінде бейімдеушілік, биологиялық қызметті орындайды.
Адамдарда эмоцияның басты әлеуметтік-психологиялық қызметі эмоцияның арқасында біз бір-бірімізді сөйлеуді пайдаланбай түсінісуге, бір-біріміздің жағдайымыз туралы қарым-қатынас жасауға мүмкіншлігіміз бар.
Жоғары сатыдағы жануарлар мен адам бет пішінінің көрінісі бойынша бір-бірінің эмоциялық жағдайын қабылдауға және бағалауға қабілетті.
Бірак, эмоциялық — экспрессивтік көріністер барлығы бірдей туа біткен болып табылмайды. Олардың кейбіреулері оқыту мен тәрбиенің нәтижесінде өмірге келгеннен кейін қалыптасады.
Бір уақытта Америка психологі У.Джемс және дат ғалымы К.Ланге ұсынған эмоциялардың шығуын және оның органикалық үрдістермен байланысын түсіндірген теория психологияда кең өріс алды. Ғылым тарихына ол екі ғалымның атымен Джемс-Ланге теориясы деп енген еді. Бұл теория бойынша, эмоциялық жағдайдың пайда болуының алғашқы себептері ағзада іске асатын физиологиялық сипаттағы өзгерістер болып табылады. Сыртқы немесе ішкі стимулдардың әсерімен пайда болып, олар содан кейін кері жүйке байланыстарының жүйесі арқылы адам миында бейнеленеді және белгілі эмоциялық тондағы түйсіктерді туғызады. Алдымен, Джемс - Ланге теориясы бойынша, стимулдардың ықпалына жауап ретінде сәйкесті органикалық өзгерістер болуға тиісті және содан кейін олардың субъективті бейнеленген салдары ретінде эмоция пайда болады.
У. Джемс пен К. Лангеден байқалған айырмашылық үлкен емес. У.Джемс айтуынша, денедегі өзгерістерді қоздыратын факторлар стимулдарды қабылдаудан кейін жүріп отырады, ал эмоция біздің түйсіктеріміз ретінде өтіп кеткен органикалық өзгерістер болып табылады.
К.Лангенің айтуынша, сенсорлық стимулдар қан тамырларының рецепторларында пайда болады, бұл тамырлар Экспрессия - латын сөзі — қазақшалағанда біліну, көріну мағынасыңда колданылады. Ең алдымен сыртқы әсерге жауап береді, ал эмоциялар онда болып жатқан өзгерістерді бейнелеу ретінде содан кейін пайда болады.
Джемс — Лангенің эмоциялардың пайда болу теориясы қолдау табумен қатар әртүрлі қарсылықтарға кездесті. Джемс-Лангенің атына елеулі сын-ескертпені У. Кеннон айтты. Ол алғашқылардың бірі болып, төмендегі жағдайларға ерекше көңіл аударды: оның айтуынша, эмоцияларда пайда болатын дене реакциялары өте бір-біріне ұқсас, адамдарда кездесетін эмоциялардың сапалық жан-жақтылығын қанағаттанарлық пен түсіндіру үшін жеткіліксіз болып табылады. Одан басқа, ішкі органикалық құрылымдар, оның ішінде қан тамырлары олардың өзгерістерімен К.Ланге эмоциялық көңіл-күйлердің пайда болуын байланыстырады.
У. Кеннонның Джемс-Ланге теориясына қарсы бағытталған негізгі сын-ескертпесі төмендегідей: адамдарда арнаулы құралдармен жасанды жасалынатын органикалық өзгерістер. У.Джемс-Ланге эмоциялық реакциялардың пайда болуына ерекше мән берді, ал У.Кеннонның айтуынша, іс шын мәнінде әруақытта да эмоциялық көңіл-күйлермен бірге қабаттасып келмейді. Осының нәтижесінде У. Кеннон эмоцияның пайда болуының баламалы теориясын ұсынды.
У.Кеннонның айтуынша, эмоциялық көңіл-күйлер және оған сәйкес органикалық өзгерістер бір уақьггта дүниеге келеді және бірдей қайнар көзден пайда болады.
Осындай қайнар көз — эмоциогендік орталық, У.Кеннонның көзқарасы бойынша, таламус болып табылады, негізгі органикалық үрдістерді және перифериялық, ішкі рецепторлардан бас мидың қыртысына және кері беріп отыратын импульстарды реттеуде негізгі рол атқарады.
У.Кеннонның айтқан қағидаларын одан әрі дамытқан П. Бардо болды. Шындығында, денедегі өзгерістер, онымен байланысты эмоциялық көңіл-күйлер бір уақыт пайда болады. Бас мидың барлық құрылымдарының ішінен эмоциямен байланысы таламустың өзі емес, ал гипоталамус және лимбикалық жүйеніц орталық бөлімі.
Жануарлармен жүргізілген эксперименттерде дәлелдегендей, осы құрылымдарға электр арқылы әсер ету нәтижесінде белгілі дәрежеде эмоциялық жағдайларды, мысалы, қорқыныш және ашу сияқты, басқару мүмкін екендігін көрсетіп берді.
У. Кеннонның тұжырымдамасын жетілдіру нәтижесінде жаңа атқа ие болды, оны Кеннон - Бардоның эмония тарихы деп атады.
Мынаны ескеруіміз керек: адамда эмоциялық үрдістер мен жағдайлардың динамикасында органикалық және дене ықпалына қарағанда когнитивтік факторлардың атқаратын қызметі ерекше. Осыған байланысты соңғы жылдары адамдағы эмоциялардың жаңа тұжырымдамасы ұсынылған болатын, когнитивтік факторлар бірінші орынға қойылады.
Алғашқылардың бірі болып табылатын Л. Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясы. Бұл теорияны американдық психолог Л.Фестингер ұсынған (1957 ж.) және адамның мінез-құлқына когнитивтік элементтер (сенімдер, пікірлер. құндылықтар, ниеттер және т.б.) жүйесін түсіндіретін батыс әлеуметтік психологиясы тұжырымдамаларының бірі. Бұл теория бойынша адамда жағымды эмоциялық көңіл-күй сол уақытта пайда болады, егер оның күткені дәлелденсе, айталық елестетулер өмірге енгізіледі, жоспарлар орындалады, яғни іс-әрекеттің нақтылы нәтижелері белгіленген немесе күтілген болжамға сәйкес келсе, байланысса болғаны. Жағымсыз эмоциялар сол жағдайда пайда болады және күшейе түседі, егер күтілетін және іс-әрекеттің шындық нәтижелерінің арасында сәйкессіздік — диссонанс болса. Субъективтік когнитивтік диссонанс жағдайында адам дискомфорт көңіл-күйде болады (қолайсыздык). Ол қалай болғанда да мүмкін болса, тезірек одан құтылуға ұмтылады. Когнитивтік диссонанс жағдайынан шығудың жолы екі жақты болуы мүмкін күтілетін нәтижені және жоспарды өзгерту, олар шындық алынған нәтижеге сәйкес келуі керек немесе жаңа нәтиже алуға әрекет ету, ол бұрынғы күтілген нәтижелермен байланысты болуы дұрыс.
Қазіргі әлеуметтік психологияда Л.Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясы адамның қылығын және әртүрлі әлеуметтік ахуалдарда оның әрекетін түсіндіру үшін қолданылады.
Эмоциялық үрдістерге ес және адамның машықтануы (мативация) ерекше үлес қосқандығын атап көрсетті. С.Шехтердің ұсынған эмоциялардың тұжырымдамасы когнивтік — физиологиялық деп аталады.
Эмоциялық жағдайдың түрлері.
Сезімдердің жылдамдылығының, күшінің және тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты эмоциялық жағдайдың түрлеріне бөлінеді. Олардың негізділеріне көңіл-күй, аффект, құмарлық, жігерлену, стресс (титыктау) жатады.
Көңіл — күй — бүл эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойына, аптасына, айына және одан көпке созылуы мүмкін. Адамның көңіл-күйі әртүрлі болатындығы белгілі. Мысалы, шалт, қайғылы, жабырқау және т.б., көңіл-күй жақсы және жаман болып келеді.
Адамдардың көңіл-күйі әртүрлі себептерге байланысты болады. Ондай себептерге адамның жеке және қоғамдық өмірінде болатын елеулі оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Белгілі бір жұмысты ойдағыдай сәтті орындау бірнеше күнге, ұзақ мерзімге көтеріңкі, жағымды көңіл-күйді шакырады. Көңіл-күйдің сондай болу себебі адам жүйке жүйесінің жағдайына және жалпы оның денсаулығының жагдайына байланысты.
Адамдарда көңіл-күйі әртүрлі болғанмен, әрбір адамға көңіл-күйдің басым келетін түрі тән. Осы көңіл-күйдің басымдылығына қарай адамдардың кейбіреулерін көңілді, шалт, сергек адамдар деп атаса, басқаларын жабырқау, көңілсіз деп атайды. Осындай жетекшілік ететін көңіл-күй мінез бітісі болып табылады.
Көңіл-күй барлық психикалық үрдістерде және адам іс-әрекетінде ерекше мәнге ие. Көңіл-күй елестетулер мен ойлаудың жылдамдыгына, сонымен қатар оның мазмұны мен бағыттылығына әсер етеді. Көңіл-күй адамның басқа эмоциялық жағдайларына, олардың белсенділігіне, ұмтылыстарына және іс-әрекеттеріне ықпал етеді.
Мысалы, адам шалт көңіл-күйде ерекше белсенді болады, көңілсіз жағдайда, қайғылы жағдайда - белсенділік танытпайды. Көңіл-күй адамның қоршаған ортаға қатысына әсер етеді. Жағымды көңіл-күй үстемдік еткенде адам уақытша сәтсіздікті және қиындықты жеңіл бастан кешіре біледі.
Адам саналы құбылыс жағымсыз көңіл-күймен күресе алады және күресуге тиісті: салғырттық, көңілінің қошы болмау, орынсыз қызбалы. Адам әр уақытта өз басында және басқаларда сергектік, көңіл көтеріңкілік жағдайды қалыптастыруы үшін өмір сүретін, жеке еңбек ететін ортада көзқарастардың, сенімдердің, қызығулардың мәні орасан зор.
Белгілі "Дала" атты дастанын Ілияс Жансүгіров қандай көтеріңкі көңіл-күймен, мынадай жыр арнаумен бастауы лирик ақынның кең даласына, байтақ Отанына деген сүйспеншілік сезімін білдіреді:
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам.
Тудым, естім, есейдім,
Ен далам — анам, мен балаң
Бұрынғы өткен күнінді
Берейін жырлап елге анам...
Көргеніңді бүгінгі,
Жаз, жаз қалам, тер, қалам
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам, кең далам
Ен далам - анам, мен балаң,
Ендеше қалам бер маған, - деді.
Ал Ілияс кілең шығарма толғағын бастан кешірген, шабыт ләззатына құныққан бейнеде, жыршылдық сезімдері тұтанған күйде көрінетін. Біз алдымен мінберге домбырасымен көтерілген, "кеңесті, кең даласына" барлық ыстық махаббатын, ақындық сезімін, адамдық санасын түгел ұсынған ақынның өзін көреміз.
Мәселен, табиғат райы мен жыл мезгілдері шығармашылықпен шұғылданатын жазушылардың, ақындардың көңіл-күйіне ерекше әсер етеді. Александр Дюманы (әкесі) замандастары ешуақытта да сөнбейтін көңілді, жүзінен ешуақытта да күлкі кетпейтін адам ретінде еске алады, оның оптимизімін, іскерлігін, сергектігін ерекше бағалайды.
Ал орыстың ақыны А.С.Пушкин көңіл-күйі көтеріңкі, шабытпен жұмыс істейтін, жыл мезгілдерінің ішінен күзде ерекше көңіл-күймен, ерекше шабытпен жігерлене еңбектенетін. Ол өзінің көптеген тамаша туындыларын осы мезгілде Болдин күзі кезінде жазған болатын.
Аффект - латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімді жүріп өтетін эмоциялық жагдайды айтамыз. Мысалы, қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б. аффектілерін атауға болады. Аффектілер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен (сөздермен, басқа адамдардың қылығымен, кейбір жағдайлармен болады. Аффектілер коп жағдайда кенеттен болады, бірнеше миыут жүріп өтеді, адамды тез арада билеп кетеді.
Аффект жағдайында адам елестету және ойлау қабілетін басқара алмай қалуы мүмкін. Сонымен қатар күшті эмоциялық қозу тез қозғалыстарда, ретсіз сөйлеуде, жиі қатты дауыс шығару түрінде байқалады.
Адамның іс-әрекеті аффект жағдайында кенеттен сезімнің булығып сыртқа шығуы түрінде іске асады. Кей жағдайда аффектілер тежелу жағдайы түрінде және адам агзасының әлсіреуі ретінде сипатталады. Мәселен, адам кездейсоқ қуанған жағдайда "не айтарын білмей, аузына сөз түспей, абдырып, сасқалақтап қалады". Әсіресе, осындай жағдай адамның кездейсоқ қуанышында, ашуы үстінде жақсы аңғарылады. Кейбіреулер "ашуланғанда көзім түк көрмеді, не істегенімді білмедім, дейді, бұл дұрыс емес, адам әруақытта да өз қылығын, іс-әрекетін басқарып отыруға тиісті.
Аффектілер еріктің әлсіреген жағдайында пайда болады, өзін-өзі ұстай алмаудың және өзін - өзі басқара алмаудың көрсеткіші болып табылады. Әрбір адам саналы құбылыс ретінде өзінің жеке басында ксздесетін аффектіні алдын ала болдырмауға, оның алғаш кезінде басып отыруға әрекеттенуі керек.
Тіпті аффектінің ең күшті сәттерінде адам өзін-өзі басқара білуі қажет. Ол үшін ерікті күшейтіп, төмендегідей ерік-жігер сапалары өзін-өзі меңгере білуді, табандылықты қажет етеді. Бұл сапалар тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы іске асады. Мысалы, Л.Н.Толстойдың "Соғыс және бейбітшілік" романының басты кейіпкерлерінің бірі Наташа Ростоваға ұрыс даласында Андрей Балконскийді қайтыс болды деп кенеттен хабарлағанда, Наташа Ростова ес-түсін білмей, құлап қалады. Аффекті адамды тез арада билеп кететін көңіл-күй жағдайы. Мысалы, сондай сезімдерге ашу сезімі жатады. Халқымыз: "Ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа — ақыл қос", "Ашу - дұшпан жағына шығып кетпе, ақыл-досынды қолда", "қит етсе қызарақтап, қызыл кеңірдектікке салынған көпке жек көрінішті көрінеді". Сондықтан "Бүгінгі ашуыңды ертеңге қалдыр" дейді халық нақылы.
Аффектілердің жүйке жүйесі ауру адамдарда байқалатын патологияның түрі болады. Бұл жерде аффектілік жағдайдың алдын алу үшін оған сәйкес емдету қажет.
Аффект кезінде адам "ештеңе білмей қалдым, көзім түк көрмеді", - дейді. Бұл мүмкін емес. Әр уақытта да өз қылығына есеп беріп отыруға және қандай эмоциялық жағдайда болса да, өз сезімін басқарып отыруға тиісті.
Құмарлық та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ, көңіл-күйден айырмашылығы, құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға, еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері. Жағымды құмарлықтар адамды үлкен, жасампаздық іс-әрекетке итермелейтін күш болып табылады.
Жастарға арналған өзінің белгілі хатында И.П.Павлов ғылыми-зерттеу жұмысында құмарлықтың ерекше рөл атқаратындығып атап көрсетті: "ғылым адамнан үлкен қиындықты және ұлы құмарлықты талап етеді. Өз жұмысыңыз бен іздсністеріңізге құмар болыңыздар".
Ұлы Абай қазақ арасындағы берекесіздіктің және басқа кемшіліктердің түп тамыры надандығында, оқымағандығында деп түсінеді де, халқының, көңіл-күйін, яғни, сана сезімін жетілдіру үшін қазак жастарын оқуға, білім алуға шақырады. Ол:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ергегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді, ойы орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, -
деп бар үмітін оқуға талапты жастарға жүктейді. Абай жастарды оқығанда әкім болу үшін емес, ғалым болып, дүние тану үшін оқу керек екенін еске салады. Қазақ жастарына "ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз" деп білім жолына құмартуға ақыл-кеңес берді:
Болмасаңда ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл болсеңіз, - дей келіп,
Военный кызмет іздеме,
Оқалы киім киюге...
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге, —
деп, шын қүмарлық үшін, қара бастың пайдасы үшін емес. халыққа қызмет ету, оқу, ғылым керек екендігін, жастарды соган құмартуға үндеді.
Құмарлық сезімі тек ғана адамдарда кездеседі. Құмарлық адамның қандай да болмасын қызығуымен, іс-әрекетімен байланысты. Құмарлық жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
Жағымды құмарлыққа білім алуға, онергс, ғылымға, спортқа т.б. әуестену жатады. Жағымды құмарлықпен қатар жағымсыз құмарлық та кездеседі. Мысалы, нашақорлық, ішімдікке салыну, азарттық ойындарға, жеке бастың баюына құмарлық және т.б.
Стресстік жағдайлар. "Стресс" — ағылшын сөзі, қазақшалағанда — күйзеліс мағынасында қолданылады. Стресс — кез-келген күшті әсерден адамда пайда болатын психологиялық күй. Стресс ұғымын канадалық физиолог Г.Селье 1936 жылы енгізді. Эмоциялық стресстік жағдайлар қиын ахуалдарда пайда болады және орасан зор ішкі күйзелістің нәтижесінде аңғарылады. Бұл көңіл-күйлер қауіп төнген жағдайда, үлкен шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелері, тез және жауапты шешім қабылдау қажет болған жағдайда және т.б. пайда болады.
Осындай ахуалдар адамзат қызметінің әртүрлі түрлерінде: еңбек, оқу, ойын, спорт, адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәжірибесінде, әртүрлі дау-дамай ахуалдарда кездеседі. Стресстік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек ғана психологиялық жагдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да әсер етеді. Стресстік жағдайлар қан тамырлары және ішек-қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.
Жоғары сезімдер
Сезімдер, атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен байланысты. Қажеттіліктердің сипатына байланысты жай және жоғары сезімдер деп бөледі.
Жай сезімдерге белгілі бір физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағатгандырмаумен байланысты сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну сияқты эмоциялық жағдайлармен байланысты сезімдер жатады. Жай сезімдердің ерекше биологиялық мәні зор. Олар бас ми алабына дене жағдайы туралы сигналдарды жеткізіп отырады: денсаулыгы немесе аурулығы, қарапайым қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау туралы. Жоғары сезімдер адамның рухани дүниесін білдіреді және оны жеке тұлға анықтайды.
Жоғары сезімдер рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді (моралдік, интелектуалдік және эстетикалық). Жоғары сезімдердің мазмұны, олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережелерімен және эстетикалық бағалаулармен анықталады.
Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалык және интеллектуаддық болып бөлінеді.
Адамгершілік сезімдер - қоғамдық өмірдің талабына сәйкес көрінетін адамның жоғарғы сезімдерінің бір түрі. Бұлардың мазмүны да, құрылымы да өте күрделі. Мұндай сезімдер тобына жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, елжандылық, ұят, ұлттық мақтаныш, қазақстандық патриотизм т.б. жатады.
Адамгершілік (моралдік) сезімдер дегеніміз дүниедегі құбылыстарды қабылдауда адамдардың көңіл-күйі және бұл құбылыстарды қоғамның қалыптасқан ережелерімен салыстыруды айтады. Бұл сезімдердің байқалуы көрсеткендей, адамдар адамгершілік талаптар мен ережелерді меңгереді. Адамгершілік талаптар қоғамның тарихи дамуының үрдісінде оның дәстүрлеріне, салтына, дініне, идеологиясына және т.б. байланысты қалыптасады және өзгеріп отырады. Мысалы, ар-намысты қорғау, көбінесе қайсар, өжет, табанды, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдарда жиі байқалады. Адамның өмір сүріп отырған қоғамы, оның нақтылы іс-әрскеті моралдік сезімдердің мазмұнына күшті әсер етеді. Егер саналы кісі ұжымдық және қоғамдық ережелерді бұзса, бұған қатты қиналады, ал бұларды ылғи орындап жүрсе, жаны рахаттанып, көңіл-күйі көтеріңкі, шат-шадыман күйде жүреді. Ата-аналар мен мұғалімдердің басты міндеті окушы санасында осындай сезімдерді қалыптастыру болып табылады.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылыгымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моралдік сезімдер адамдардың іс-әрекетінен, қарым-қатынасынан байқалады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осы адамгершілік сезімдерді ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке, имандылыкқа, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші орынға қояды.
Халқымыз: "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер" деп, адамгершілікке тәрбиелеуде ата-ананың үлгі-өнегесіне ерекше мән берген.
Адам өз ортасына қарап өседі. "Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады", "Он рет өсиет айтқанша бір рет өнеге көрсет" дейді халық. Мәселен, өткен замандардың бір ақылгойі Сенека "Уағыз айттып жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге арқылы оңай" деген екен.
Халық психологиясы жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырады.
"Өлімнен ұят күшті", "Ақылды болсаң арыңды сақта, ар-ұят керек әруақытта".
Баланың бойында жақсы адамгершілік сезімдердің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, оскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазына байланысты. Сондықтан да халқымыз: «Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы» деп бекерден-бекер айтпаса керек.
Эстетикалық сезімдер. Қоғамның даму үрдісінде адам моралдік талаптармен ғана емес, сопымен қатар сұлулық ұғымдарын басшылыққа ала отырып, қоршаған дүниенің құбылыстарын қабылдау қабілеттілігіне ис болады. Бұл жағдай эстетикалық сезімдердің пайда болуы үшін негіз болып табылады. Эстетикалық көңіл-күйлер өте коп қырлы және күрделі.
Эстетикалық сезімдер — болмыстагы шындықтың сұлулығын, әдемілігін, әсемдігін қабылдаудан туатын көңіл-күйі. Эстетикалық сезім табиғат көріністерінен, әуезді әуендерден, әсерлі оқиғалардан, онер туындыларынан пайда болады.
Адамның эстетикалық сезімі өз ортаеына, тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Эстетикалық сезімі жетілген адам табиғат сұлулығын қабылдап сүйсінеді. Адамның қоғамға, дүниеге көзқарасы эстетикалық сезімімен астарласып жатады.
Эстетикалық сезімдер деп әдемі заттар мен құбылыстарды қабылдаумен байланысты, ол туралы елестетулсрмен және ойлармен байланысты адамнын коніл-күйінін жагымды сезімдерін айтамыз. Н.Г.Чернышевский эстетикалық сезімдердің адамның көңіл-күйінде алатын орнын бағалай келіп былай деді: "Біз сұлулықты шексіз сүйеміз, біз сүйсінеміз, оған шаттанамыз...".
Эстетикалық сезімдер бізде алдымен коршаған дүниенің құбылыстарымен, табиғатпен және оның өмірімен, адамдармен және оның өмірімен, іс-әрекетімен пайда болады.
Н.Г. Чернышевскийдің анықтамасы бойынша, "Сұлулық дегеніміз - өмір". Бізді қоршаған дүние және өмір онда әртүрлі байқалады. Сондықтан да адамның эстетикалық сезімдері ерекше алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Эстетикалық сезімдер - пассивті бақылап ғана қоймайды, сонымен қатар олар адамның барлық іс-әрекетінің түрлерінде байқалады, олар іс-әрекетті ынталандырып, белсенділігін арттырады. Міне, эстетикалық сезімдердің тиімділігі, мәні осында.
Эстетикалық сезімдердің тамаша қайнар көздеріне - сазды, бейнелеу өнерін, поэзияны және т.б. жатқызуға болады. Өнер шығармаларын жасаудағы адамның шығармашылық қызметі негізінен эстетикалық қажеттіліктер арқылы ынталандырылады. Онер шығармалары адамдардың санасына негізінен эстетикатық сезімдер арқылы әсер етеді. Өнер мен әдебиет шығармаларында шындықты неғұрлым терең, толық және әділет бейнелесе, солғұрлым адамдарда эстетикалық талғамды көп қалыптастырады және бұл шығармалар эстетикалық көңіл-күйдің қайнар көзі және эстетикалық тәрбиенің құралы ретінде бағаланады.
Эстетикалық сезімдерді қалыптастыруда Абай мен Махамбеттің поэзиясының, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің құдіретті күй-өнерінің Ә.Қастеев пен О.Таңсықбаевтың бейнелеу өнері саласында қалдырған тамаша туындыларынан эстетикалық нәр аламыз, жас ұрпақтың эстетикалык қажеттігін қанағаттандыруга және олардың эстетикалық талғамын дамытуға көмектеседі.
Қазақ поэзинсының алыбы, гуманист-ақын Абай адамгершілікті, сұлулықты, шынайы махаббатты жырлады. Ақын өзінің көңіл-күйін, адамға, өмірге деген қарым-қатынасын музыка тілінде шебер бейелейді. Нысанасына дәл тиетін өлең-сөздің небір патшасын тудырған ақын-ән өнерінде де өнердің құдіретті күшін паш етеді:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар.
Әнді сүйсең менше сүй.
Интеллектуалдық сезімдер — адамның ақыл-ой іс-әрекетімен байланысты. Ингелектуалдық сезімдерге таң қалу, әуестену, өзіне-өзі сену, қанағаттану сезімдерін жатқызуға болады. Интеллектуалдық сезімдер танымдық іс-әрекетте пайда болады. Бұл сезімдер әртүрлі теориялық және практикалық мәселелсрді қойғанда, міндеттерді шешкенде, ғылыми жаңалық ашқанда, ойлап тапқанда, қандай да болсын жаңаны меңгергенде және танығанда пайда болады және көңіл-күйді білдіреді.
Теориялық және практикалық міндеттерді шешекенде адам ерекше жағымды сезімде болады. Бұл сезімді бастан кешіргенде адам ерекше қуаныш жағдайында, көңіл-күйі, күш-жігері көтеріңкі болады.
Қанағаттану және қанағаттанбау сезімі адамда өзінің жеке интеллектуалдық үрдісінде пайда болады. Белгілі міндетті ойдағыдай шешуде қанағаттану сезімін тудырады.
Интеллектуалдық сезімдер тек адамның таным іс-әрекетіне байланысты пайда болып қоймайды, ақыл-ой үрдістерін дамыта отырып, сонымен қатар оларды ынталандырады, ақыл-ой қызметін күшейте түседі, ойлаудың жылдамдығына, нәтижелілігіне, білімнің мазмұнына және дәлдігіне әсер етеді. Мысалы, таң қалу және әуестену сезімі адамды әртүрлі мәселелерді шешуге, одан да терең білімді меңгеруге итермелейді. Таң қалу сезімі долелдеуді іздестіруге, өзіміздің ойымызды негіздеуге, пайда болған сұрақтарға дұрыс жауаптарын табуға итермелейді.
Интеллектуалдық сезімдерге сонымен қатар логикалық ойлаудың қанағаттанғандығын жатқызамыз, адамның ойы анықтылығымен, бірізділігімен, негізделуімен ерекшеленеді. Керісінше, ойлаудың логикасы бұзылған жағдайда, атап айтқанда, адам ойында анықтылық, бірізділік, нсгізделу болмағанда, қарама-қайшылықтар кездескенде адамда жағымсыз сезімдер пайда болады.
Мысалы, өте жақсы оқылған лектордың, баяндамашының дәрісі, мәнерлі де тартымды сөйлеген сөзі жағымды сезімді туғызады. Тілдің грамматикалық ережелерін сактамай, стилі жағынан өте ауыр, мазмұны жағынан тартымсыз лектордың сөзі бізде жағымсыз сезімді шақырады.
Сезім мен эмоцияны дамыту және тәрбиелеу.
Біздің психикалық өмірімізде сезімдер ерекше орын алады. Сезімдер — бұл адамның қоршаған объективтік шындыққа және өзіне-өзінің қатынасының көңіл-күйі. Сезімдер адам өмірінің мазмұнын байыта түседі.
Балаларда сезім туған кезінен бастап аңғарыла бастайды. Сәбидің алғашқы жылауы оның эмоциялық өмірі бастауының көрсеткіші болып табылады.
Болашақта сәбидің сезімі мазмұны, күші және тұрақтылығы жағынан дами түседі. Алғашқы кезде балаларда органикалық сезімдер дамиды, кейін тәрбиенің әсерімен адамгершілік, эстетикалық, интелектуалдық сезімдер дамиды. Сонымен қатар бала өмірінің алғашқы күндері бет келбетіне қарап, қанағаттану және қанағаттанбауға қарсы жауабын аңғаруға болады. Баланың алғашқыда қимылдары қанағаттандық сезімді білдіреді. Алғашқы сәбилік кезеңде сезімдер тұрақсыз келеді. Алғашқы балалық шақта түйсіктер және қабылдаулармен байланысты сезімдер аңғарылады.
Екінші жылдың орта кезінде бала өзінің анасына, әкесіне және басқа да жақын адамдарына нәзіктік жылы сезіммен қарай бастайды. Бұл кезенде баланың сезімі өте тұрақсыз болады, кейде егіл де-тегіл болып жылап жатса, қызу күліп отыруы да ықтимал, яғни, бұл кезеңде баланың сезімі тез өзгеріп отырады. Бұл кезеңде эстетикалық сезімдері қалыптаса бастайды: бала үстіне киген әдемі көйлектен, қызықты ойыншықтан қанағаттанғандық сезімге ие болады.
Мектепке дейінгі кезенде интеллектуалдық сезімдері аңғарылады. Мектепке дейінгілердің сезімдері ерекше айқындылығымен, күшімен, әлі де аз тұрақтылығымен ерекшеленеді.
Кіші мектеп жасындағы кезеңде оқыту мен тәрбиенің әсерімен балалардың эмоциялық өмірі бірте-бірте кеңейе түседі. Мектеп шәкірттерінде интеллектуалдық және моралдік сезімдермен қатар, достық және жолдастық сезімі ерекше орын ала бастайды. Патриотизм, борыш сезімдері пайда болып, қалыптаса бастайды.
Жеткіншектік кезеңде эмоциялық көңіл-күйінде (13-14 жаста) үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жеткіншектер дүниетанымдық мәселелермен қызыға бастайды. Бұл кезеңде эмоциялық көңіл-күйдің қайнар көзі болашақ туралы армандау, ерлік, романтика болып табылады; өзін-өзі бағалау сезімі күшті дамыған. Бұл кезеңде оқытудың әсерімен абстракциялық, логикалық және сыни ойлауы біршама даму деңгейіне жетеді.
Бұл кезеңде жеткіншек ағзасында физиологиялық өзгерістерге (жыныстық жетілуі) байланысты мінезінде, эмоциялық қозуында, ерекшеліктер байқалады. Жеткіншектерде басқа кезеңдегі балаларга қарағанда кыңырлықты, мінезіндегі ерекшеліктерді аңғаруға болады. Балалар мен жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйі үлкендер сияқты даралық ерекшеліктері болады. Алғашқы балалық және мектепке дейінгі кезенде сезімдер негізінен темпераментпен байланысты, сонымен қатар мектепке дейінгі кезеңде сезімдср қалыптасып келе жатқан мінез, қызығулардың көрінісі болып табылады.
Балалық шақта бастан кешірген кейбір күшті сезімдер жеке тұлғаның бүкіл өміріне — оның қызығулары мен мінезінде жиі із қалдырып отырады.
В.Г.Короленко өзінің өмірбаяндық естеліктерінде жаңа мұғалімнің алғашқы сабағынан алған әсері оның дамуында елеулі кезең болғандығын атан өткен болатынды.
Сезімдердің дамуында тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің мәні орасан зор. Сезімдерді тәрбиелеу қажетсіз және жағымсыз сезімдерді болдырмау, жою әлеуметтік мәнді және тұрақты жағымды есімдерді дамыту және бекіту болып табылады. Сезімдерді тәрбиелеу әртүрлі жолдармен іске асады.
Тәжірибе және психологиялык зерттеулер көрсеткендей, эмоциялық көңіл-күйге байланысты деректер балалардың есінде берік және ұзақ мерзімгс сақталады. Жаңа берілген білім шәкірттерге берік меңгеріледі, егер де олар оқушының сезімі арқылы қабылданган жағдайда.
Шәкірттердің көңілінің көтеріңкілігі кез-келген тәрбие жұмысының тірек нүктесі болуға тиіс.
Бастауыш сыныптың шәкірттері үшін оқу үрдісіне ойын элементтерін кеңінен енгізу оқу магериалын меңгеруді жеңілдетуге эмоциялық жағдай жасайды, балалардың көңіл-күйін арттырады және сабақтың қызықты өтуіне себепші болады.
Бастауыш мектептің шәкірттері өз сезімдсрін әлі де тежей алмайды. Олардың қандай көңіл-күйде екендігі бст-пішінінен, қимыл-қозғалысынан анық байқалады.
Мектеп шәкірттердің жоғары сезімдерін дамытуға және тәрбиелеуге көмектеседі (адамгершілік, эстетикалық, интеллектуалдық). Жоғары сыныптардың шәкірттерінде өз отанын сүю, достық және жолдастық, ар және ождан, намыс және тағы басқа құнды сезімдері қалыптасады.
Шәкірттердің сезімдерін тәрбиелеудің негізі - өз сезімдерін басқара білуге үйрету, өз сезімдерін ұстай білу, жағымсыз сезімдерге жол бермеу, тежеп отыруы кажет. Тек кана жаттығулар арқылы шәкірттерде борыш сезімі жетіле түседі.
(Қосымша) 1. Сезім жөнінде түсінік
Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама А.Нау-аи "Сезімсіз адам - кесек, махаббатсыз адам – есек" - деген екен.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, де-генмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні - адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырым-нан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Мысалы, дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет-қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В.Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклектикті, яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция - бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағ-дайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер - эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884 ж. жарияланған "Эмоция деген не" атты мақаласынан бас-талды. У.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайым-даған теория бойынша: сезімнің туындау себебі - сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі - эмоциялық күйді танытады. "Біздің қайғыруымыз - жылағанымыздан; қорқуымыз - қалтырауымыздан; қуанғанымыз - күлгенімізден" (У.Джемс).
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұндай түсінік Ч.Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, немесе олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы (рудимент).
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім таби-ғатын адамның ақыл-ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л.Фестингердің сана үйлесімсіздігі (когнитивный диссонанс) теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мәні: адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай, күйзеліс эмоциясына түседі, яғни санадағы "білімдер" үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады. Ал іс-әрекеттің нақты нәтижесі мен көзделген ниет өзара сәйкес келсе, адамда жағымды сезім туады.
