- •1. Психологияның ғылым ретінде анықтамасы
- •Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы
- •Қазіргі психологияның міндеттері
- •§2. Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары
- •§3. Кеңестік психология гылымының қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда психология ғылымның қалыптасуы мен дамуы.
- •Психология ғылымының зерттеу әдістері
- •Психика даму кезеңі Жоспары:
- •1. Ми құрылымы мен қызметі
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •Әрекетке психологиялық талдау. Жоспары:
- •3. Еңбек сипаты
- •Сана және өзіндік сана Жоспары:
- •Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы (интеллект)
- •Түйсіну процесі Жоспары:
- •Түйсіктердің түрлері
- •Көру түйсіктері
- •Есту түйсіктері
- •Иіс түйсіктері
- •Дәм түйсінулері.
- •Тері түйсіктері
- •Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері
- •Статикалық түйсіктер
- •Органикалық түйсіктер
- •Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
- •Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі
- •Сезгіштің өзгеруі
- •Адаптация
- •Түйсінулердің өзара әрекет етуі
- •Түйсіктерді дамыту және қалыптастыру
- •Қ абылдау Жоспары:
- •Қабылдаудың қасиеттері
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •Қабылдау формалары
- •Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •Зейіннің физиологиялық негіздері
- •Зейіннің түрлері және оларға сипаттама
- •Жоспары:
- •Ес туралы негізгі теориялар
- •Естің түрлері
- •Ес үрдістері және оның түрлері
- •Естің дара ерекшеліктері
- •Есті дамыту және тәрбиелеу
- •Жоспары:
- •Ойлау мен сөйлеу Жоспар
- •1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Сезім және эмоцияның физиологиялық негіздері.
- •Эмоция туралы психологиялық теориялар
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жоспары:
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •Жоспары:
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Темперамент
- •1. Темперамент жөнінде түсінік
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •4. Мінез түрлері мен типтері
- •5. Мінездік бітіс асқынуы
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жеке тұлға Жоспары:
- •1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
- •2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
- •3. Жеке тұлғаның бағыттылығы
- •4. Жеке тұлғаның қалыптасуы
- •5. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
- •Әрекет пен қарым-қатынастағы тұлға. Жоспары:
- •Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі
- •3. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі
Қайталау және бекіту сұрақтары
Тілдесудің адам өміріндегі маңызы қандай?
Тілдесудің мәні неде?
Тілдесу процесінің қай бағыттарын білесіз?
Тілдесу және жалпы іс-әрекет арақатынастары қандай?
Тілдесу әрекетінің сипаты немен анықталады?
Тілдесу қызметтері қандай және олардың әрқайсысы қандай ерекшеліктермен сипатталады?
Коммуникативті процесс белгілері қандай?
Тілдесудегі ақпарат жүйесін таңбалау дегенді қалай түсінесіз?
Тіл мен сөйлеудің айырмашылығы неде?
10.Сигнификативтік қызмет дегенді қалай түсінесіз?
11.Сөйлесу қызметін атқаруға ықпал жасаушы факторлар қандай?
Сөйлеу түрлері және олардың жеке сипаттары немен ажыралады?
10-дәрісбаян
СЕЗІМ
Жоспары:
Сезім мен эмоция жайлы түсінік.
Сезім және эмоцияның физиологиялық ерекшеліктері.
Эмоция туралы психологиялық теориялары.
Эмоциялық жағдайдың түрлері.
Жоғары сезімдер.
Сезім мен эмоцияны дамыту және тәрбиелеу.
Адам өмірінде сезімдер ерекше рол атқарады. «Сезім» немесе «эмоция» сөзімен адамдардың өмірі мен қызметіне, олардың адамдарға, табиғатқа, өнер шығармаларына, ғылымға, өздері өмір сүріп отырған қоғамға қатынастарына байланысты көңіл-күйін білдіреді. Адамның барлық іс-әрекеті мен қылығында ерекше орын алады: оның ықпалымен адам әрекет етеді, белгілі бір қылықтарды іске асырады.
Адам тек қана қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенді танып қоймайды. Сонымен қатар оларга көңіл-күйін білдіреді. Бір оқиғалар оларды ойландырады, басқаларына селқос қарайды, кейбір заттар мен құбылыстар оларға ұнайды, бір адамды ұнатады, басқаларын жек кереді.
Күнделікті сөйлеу тілімізде «сезім» деген сөз «түйсінудің» мағынасында жиі қолданылады, оларды сезім органдары деп атаймыз, дұрысында, оларды түйсіну органдары деп атауымыз керек.
Мәселен, «Мен иісті сеземін демей», «иісті түйсінемін» деген дұрыс болады. Түйсіну органдарының орнына сезім органдары деген тіркес жиі қолданылады.
Көптеген психология оқулықтарының авторлары, психолог ғалымдар «сезімдер» мен «эмоцияны» бір-біріне синоним ретінде қарастырады, ал шын мәнінде, бұл екі ұғымның мағыналық айырмашылықтары бар. Сезім — бұл өте күрделі, тұрақты қалыптасқан адамның қатынасы, жеке тұлғаның белгісі. Мысалы, борыш сезімі, патриотизм сезімі, жауапкершілік сезімі және т.б, ал эмоция - өте қарапайым көңіл-күйді білдіреді. Сезім эмоциялар арқылы байқалады.
Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер тек адамдарға ғана тән болады. Жануарларда сезім болмайды, оларға эмоцияның қарапайым түрлері тән. Жоғары сатыдағы жануарлар қанағаттану, қанағаттанбау, куану, қайғыру, қорқыныш сияқты эмоцияларды басынан кешіреді.
Эмоциялар кездейсоқ қалыптаспайды. Эмоцияның қайнар көзі - объективтік шындықтың адамдардың қажет-тіліктерімен сәйкестікте болуы.
Сезімдер немесе эмоциялар дегеніміз - адамнын басқа адамдарға, өзіне, қоршаған ортаға қатынасын білдіретін психикалық жағдайы және көңіл-күйі. Адамдар шындық дүниенің заттары мен құбылыстарына әртүрлі қарым-қатынаста болады. Адамның қажеттіліктерін тура және жанама қанағаттандырумен байланысты қарапайым, органикалық ретінде және қоғамдық түрмысқа байланысты қабілеттіліктер оларда жағымды эмоцияларды шақырады (қанағаттану, қуаныш, махаббат). Осындай қажеттіліктерді қанагаттандыруға кедергі келетіндері жағымсыз эмоцияларды (қанағаттанбау, қайғы, жек көру) қалыптастырады.
Оқу әрекетінде сезімдер мен эмоцияларының мәні өте жоғары. Олар адамды іс-әрекетке талпындырады, оқудағы, жұмыстағы, шығармашылықтағы қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Сезім және эмоциялар адамның мінезі-құлқын, белгілі бір өмірлік мақсаттарының қойылуын жиі анықтап отырады.
Сезімдер объективтік, әлеуметтік мәні бойынша жағымды және жағымсыз болып бөлінеді: мұндай жағдайда жеке және әлеуметтік бағалау әруақытта сәйкес келе бермейді, белгілі бір құбылыстар, деректер бізге жағымды корінеді, біз оларды қолдаймыз, басқа құбылыстарды айыптаймыз және жоққа шығарамыз. Осыдан келіп, адамдардың сезімі немесе жагымды, немесе жағымсыз сипатқа ие болады.
Жағымды сезімдерге қанағаттану, қуаныш, бақыт, шаттық, махаббат сезімдері жатады. Жағымсыз сезімдерге қанағаттанбау, қайғы-қасірет, жек көру, қорқыныш сезімдері жатады.
Күшті сезімдермен адамдардың ерлік істері байланысты. Адамдардың сезімдері даралық және жан-жақтылық қасиеттерімен ерекшеленеді: бұл сүйіспеншілік, қуаныш, құрметтеу мен мақтану, қайғы мен қасірет, қорқыныш сезімдері.
Адамның сезімі әруақытта да белгілі қоғамдық мәні бар іс-әрекетке бағытталған. Жай ғана сыйлау немесе жай ғана сүйіспеншілік болуы мүмкін емес. Мәселен, сүйіспеншілік сезімі міндетті түрде белгілі бір іске бағытталады және байқалады: Отанды сүю (елжандылық) еңбекті сүюге, адамды сүюге бағытталады.
Адамның сезімдерінде оны қоршаған дүние бейнеленеді, сонымен қатар онда заттардың өзі бейнеленбейді, оған адамдардың қатынасы бейнелейді. Сондықтан да әрбір адамның сезімінің мазмұны осы заттардың ол үшін кандай мәні барлығына байланысты. Адамды қоршаған дүниедегінің барлығы бірдей оның сезіміне әсер ете бермейді, тек ол үшін мәнді, оның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталғандары әсер етеді.
Сонымен, адамның сезімдерінде оның қоршаған дүниеге қатынасы, оның қажеттіліктері, дүниетанымы мен көзқарасы, моралдік қасиеті бейнеленеді. Біз әрбір адамның сезімінің осы қасиеттеріне қарай оның қандай адам екендігін айтып бере аламыз.
Сезімдерді стеникалық және астеникалык деп екі топқа бөлеміз.
Стеникалык сезім дегеніміз - адамның белсенділігін арттыратын, күші мен қуатын еселейтін, адамды жігерлендіретін, сергектікке бағыттайтын сезім. Стеникалық сезім ("стенос" - грек созі, қазақшалағанда — күш деген мағынаны береді). Мысалы, күшті қуаныш, ашу сезімдері жатады.
Астеникалық сезім дегеніміз адамның белсенділігін қуатын азайтатын, адамды тежеп отыратын сезім.
Астеникалық сезім ("астенос" — грек созі, қазақшалаған-да - әлсіздік мағынасында қолданылады). Мысалы, нәзіктік, қайғы-қасірет, қорқыныш сезімдерін жатқызуға болады.
И.П. Павлов эмоцияны инстинктерге жақындатты. Сезімдерді ол бас ми қыртысының жартышарлары қызметі ретінде қарастырды, адамда әруақытта екінші сигнал жүйесімен байланысты болады.
Сезімдер - бүл қоғамдық өмір жағдайында адам дамуының жемісі. Эмопия дегеніміз, - деп жазды. И.П. Павлов, - инстинктің жұмысы, сезім - қайғы, қасірет және т.б. - бұл оның мәні басқаша, үлкен жартышарлардың қызметінің қиындауымен байланысты, сезімдер жоғары белгілермен байланысты және олардың барлығы II сигнал жүйесіне тәуелді.
Сонымен, эмоциялар — бұл орғаникалық кажеттіліктерді қанағаттандырумен немесе қанағаттандырмаумен байланысты қарапайым көңіл-күйлер.
Сезімдердің эмоциялардан айырмашылығы сезімдер адамзаттың тарихи даму барысында пайда болған қажеттіліктермен байланысты. Сезімдердің пайда болуы адамның қоғамдық тұрмысына қатысты.
Сезімдердің негізіне ең алдымен адамдардың арасындағы қатынастармен байланысты қажеттіліктер жатады. Эмоциялар органикалық қажеттіліктермен байланысты, ол адамдарда да болады. Сезімнің эмоциядан айырмашылыгы тек адамдарга тән болады.
