Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология негіздері ЖМ-307, 312 маманд кешен (...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

Естің түрлері

Есті материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту қызметін атқаратын психофизиологиялық үрдіс ретінде анықтауға болады. Кейбір адамдар, мәселен, өте қиын есте қалдырады, бірақ оның орнына жақсы қайта жаңғыртады және есінде қалған материалды есінде ұзақ сақтайды. Бұл адамдардың ұзақ мерзімді есі жақсы дамыған. Кейбір адамдар бар, керісінше, тез есте қалдырады, бірақ оның орнына есте қалдырғанын тез ұмытады. Оларда қысқа мерзімді және жедел ес күшті дамыған болады.

Ес формалары мен түрлерін жіктеу үшін бірнеше негіздемелер баршылық. Бұл жағдайда естің жекелеген түрлері үш негізгі өлшемдерге сәйкес жіктеледі: 1) іс - әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялык, бейнелік және сөздік-логикалық ес деп бөледі; 2) іс-әрекеттің мақсаттарының сипаты бойынша ырықсыз және ырықты ес деп бөледі; 3) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.

Қозғалыс ес — бұл әр түрлі қозғалыстар және олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жыңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық байқалатын адамдар кездеседі. Кейбір адамдар өзінде қозғалыс есінің барлығын байқамайды. Естің бұл түрінің ерекше мәні зор, қозғалыс есі әр түрлі практикалық және еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін негіз болып табылады. Жақсы қозғалыс есінің белгілеріне адамның дене жағынан шыныққандығы, еңбекке шеберлігі, "алтын қолдар" жатады.

Барлық адамдар қозғалыс есін меңгереді. Бірақ оның әрбір адамда байқалуы әр түрлі іске асады. Осы дара айырмашылықтар екі жағдайға байланысты: 1) ағзаның туа біткен дене ерекшеліктеріне байланысты; 2) қозғалыс дағдыларын қалыптастыруда дұрыс үйренудің, жаттығулардың дәрежесіне байланысты. Дара ерекшеліктерінің нәтижесінде (туа біткен және өмірде қалыптасқан) әрбір адам жүруде, жазуда, еңбекте, ойында, спортта және т.б. қозғалыстардың өзіндік қарқынын, стилін меңгереді.

Қозғалыс есі генетикалық тұрғыдан (өзінің пайда болу жағынан) естің басқа түрлерінен бұрын келеді. Балада қозғалыс есінің алғашқы байқалуы өмірінің алғашқы айына жатады. Алғашқыда балалар қарапайым қозғалыстардың тар шеңберін меңгереді. Содан кейін, қозғалыстарды есте қалдыру және қайта жаңғырту жағымды түрде кеңейе түседі, өте күрделі қозғалыстарды қамтиды.

Эмоциялық ес - бұл бастан кешкен сезімдердің есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ал белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады.

Эмоциялық ес адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Ол бұрын бастан кешкен сезімдерге байланысты адамға өз мінез-құлқын реттеп отыруға мүмкіншілік береді. Бастан кешкен және есте сақталған сезімдер қозғаушы күш ретінде белгілі бір әрекетті орындауға итермелейді. Қайта жаңғыртылған сезімдер алғашқы сезімдерден күші жағынан және сипатына, мазмұнына қарай айырмашылығы болуы мүмкін. Өмірлік деректерді мысал ретінде келтіруге болады. Мәселен, өте күшті және терең қайғы, күшті қуаныш біздің есімізде уақыт өте әлсіздене түседі.

Бұрын бастан кешкен сезімді қайта жаңғырту белгілі бір жағдайда мүмкін. Осындай жағдайлар қайталап қабылдау немесе өткенмен байланысты оқиғаны еске алу.

Бейнелік ес - бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипай сезу, иіс, дәм болып бөлінеді. Көру және есту естері дұрыс дамыған адамдардың бәрінде анық аңғарылады, ал сипай сезу, иіс және дәм естері кәсіби қызметтің әр алуан түрлерімен байланысты (мәселен, тамақ өнеркәсібінің дегустаторларды немесе көру, есту орғандарынан айырылған адамдарда байқалады).

Бейнелік естің жоғары дамуы көркем өнер мамандықтарының адамдарында жиі кездеседі: суретшілерде, музыканттарда, жазушыларда.

Кейбір адамдар өте анық байқалатын бейнелік есті меңгереді. Мұндай есті эйдетикалық ес деп атайды. (эйдос — грек сөзі, қазақшалағанда бейне деген мағынаны білдіреді).

Сөздік логикалық ес — ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді сондықтан да ес тек қана логикалық делінбей, сөздік-логикалық деп аталады.

Сөздік-логикалық есте негізгі орынды екінші сигнал жүйесі атқарады. Естің осы түрі ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары оқушыларына тән болып табылады. Сөздік-логикалық есті меңгерген адам оқиғалардың мәнін, қандай да болсын дәлелдеудің логикасын, оқыған мәтіннің мәнін және т.б. тез және дәл есте қалдырады. Бұл мәнді ол өзінің сөзімен бере алады.

Сөздік-логикалық ес басқа түрлеріне қарағанда жетекші ес болып табылады, оның дамуына естің барлық басқа түрлерінің дамуы байланысты.

Іс-әрекеттің мақсатына қарай есті ырықсыз және ырықты деп бөледі. Ырықсыз ес дегеніміз автоматты түрде, адам тарапынан ешқандай күш салмай, алдына арнайы мнемикалық міндет қоймай материалды есте қалдыру және қайта жаңғыртуды айтады.

Екінші жағдайда осындай мақсат міндетті түрде қатынасады, иә ырықты есте қалдыру немесе қайта жаңғырту үрдісі адамнан ерік-жігерді қажет етеді.

Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.

Қысқа мерзімді ес — материалды есте сақтау белгілі аз кезеңге шектеулі ес. Қысқа мерзімді ес ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.

Ұзақ мерзімді ес салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне есептеледі.

Жедел ес дегеніміз қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталған мерзім бойында материалды есте сақтауға есептелген.

Адамның өмірі мен іс-әрекетінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді естің маңызы әр түрлі. Қысқа мерзімді ес іс-әрекеттің жекелеген түрлері мен әрекеттеріне қызмет етеді. Қысқа мерзімді естің ұқсас көріністері стенографистің, оператордың, тез іске асатын іс-әрекеттің басқа түрлері өкілдерінің жұмысында байқалады.