- •1. Психологияның ғылым ретінде анықтамасы
- •Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы
- •Қазіргі психологияның міндеттері
- •§2. Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары
- •§3. Кеңестік психология гылымының қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда психология ғылымның қалыптасуы мен дамуы.
- •Психология ғылымының зерттеу әдістері
- •Психика даму кезеңі Жоспары:
- •1. Ми құрылымы мен қызметі
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •Әрекетке психологиялық талдау. Жоспары:
- •3. Еңбек сипаты
- •Сана және өзіндік сана Жоспары:
- •Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы (интеллект)
- •Түйсіну процесі Жоспары:
- •Түйсіктердің түрлері
- •Көру түйсіктері
- •Есту түйсіктері
- •Иіс түйсіктері
- •Дәм түйсінулері.
- •Тері түйсіктері
- •Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері
- •Статикалық түйсіктер
- •Органикалық түйсіктер
- •Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
- •Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі
- •Сезгіштің өзгеруі
- •Адаптация
- •Түйсінулердің өзара әрекет етуі
- •Түйсіктерді дамыту және қалыптастыру
- •Қ абылдау Жоспары:
- •Қабылдаудың қасиеттері
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •Қабылдау формалары
- •Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •Зейіннің физиологиялық негіздері
- •Зейіннің түрлері және оларға сипаттама
- •Жоспары:
- •Ес туралы негізгі теориялар
- •Естің түрлері
- •Ес үрдістері және оның түрлері
- •Естің дара ерекшеліктері
- •Есті дамыту және тәрбиелеу
- •Жоспары:
- •Ойлау мен сөйлеу Жоспар
- •1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Сезім және эмоцияның физиологиялық негіздері.
- •Эмоция туралы психологиялық теориялар
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жоспары:
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •Жоспары:
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Темперамент
- •1. Темперамент жөнінде түсінік
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •4. Мінез түрлері мен типтері
- •5. Мінездік бітіс асқынуы
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жеке тұлға Жоспары:
- •1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
- •2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
- •3. Жеке тұлғаның бағыттылығы
- •4. Жеке тұлғаның қалыптасуы
- •5. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
- •Әрекет пен қарым-қатынастағы тұлға. Жоспары:
- •Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі
- •3. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі
Зейіннің физиологиялық негіздері
Зейіннің физиологиялық негіздеріне бас ми қыртысында болатын негізгі жүйке үрдістері - тежелу мен қозудың өзара әрекетінің тетігі жатады. Зейін үрдісінде адамды қоршаған ортада көптеген басқа заттардың ішінен белгілі бір затты, нысанды ерекше бөліп, соған санасын бағыттайды, ал басқа заттар қабылдаудың жалпы фоны болып табылады. Физиологиялық тұрғыдан бұл белгілі бір жүйке орталықтары қозғанда, басқа орталықтары тежеледі де И.П. Павловтың негіздеген жүйке үрдістерінің индукциясы заңы бойынша бас ми алабының белгілі бір бөлігінде қозу үрдісі пайда болса, бас мидің басқа бөліктерінде тежелу үрдісін шақырады.
Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығы барлық басқаларына үстемдік етеді, оны доминанта деп атайды (немесе қозудың оптималді орталығы), ал мидың қалған бөліктері индукция заңы бойынша тежеледі.
И.П.Павловтың қозудың оптималді орталығы туралы ілімі зейіннің физиологиялық негізі болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін анықтау үшін академик А.А.Ухтомскийдің ұсынған доминанта қағидасының міні зор. Бұл принцип бойынша, мида әр уақытта да қозудың үстемдік ететін орталығы болады. Ол өзіне миға бара жатқан барлық қозуларды шақырады және осының арқасында оларға үстемдік етеді. Осындай орталықтың пайда болу негізі тітіркендіргіштің күші ғана емес, сонымен қатар бүкіл жүйке жүйесінің толық жағдайына байланысты.
Сонымен, доминанта деп бір уақытта адам санасына ісер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен біреуінің басқаларға үстемдік етуін айтады. Академик А.А.Ухтомский зерттеулері бойынша жүйке жүйесіне әсер еткен көптеген тітіргендіргіштердің ішінен біреуінің жеңіп шығып, күшті ісер етуі. Бас ми алабында қозудың бірнеше орталығы пайда болады. Бұл жағдайда қозудың әрбір орталығы барлық бас мидың алабында жайылу (иррадиация) жағдайында болады. Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында қайшылық, күрес туындайды. Осы күрестің нәтижесінде осы орталықтардың біреуі жеңіп, үстемдік етеді, академик Ухтомский оны доминанта деп атаған еді.
Доминанта бар кезінде қозудың басқа орталықтары (әлсіз тітіркеңдіргіштер - "субдоминанталар") көп жағдайда жоғалып кетпейді. Олар доминантамен бірігіп кетеді, оны күшейтеді немесе доминантаға қарсы күреседі. Осы күрестің нәтижесінде субдоминанталар өздері доминанта болуы мүмкін, ал бұрынғы доминанта субдоминантаға айналады. Доминанта қозудың үстемдік орталығы ретінде біздің зейініміздің белгілі бір затқа бағытталуы мен жинақталуының физиологиялық негізі болып табылады.
Зейін көп жағдайда организмнің ерекше бейімделуі өзгерістеріне байланысты аңғарылады. Мәселен, заттар мен құбылыстарды көру қабылдауы арқылы зейін қоюда біздің көзіміз затқа немесе құбылысқа ерекше бағытталады, көзді алмай қарайды. Дыбысты қабылдауда да зейін салып тыңдаймыз, біз мойнымызды бұрып, ұйып тыңдаймыз. Егер де зейін шығармашылық қиялмен байланысты болса, адам көзі алысқа бағытталған болады. Ой үстінде зейін салудың ерекшеліктері бар. Зейіннің күшеюіне байланысты тыныс алу да сиректейді немесе ұзара бастайды. Зейін қою кезінде бұлшық ет жүйесінде де өзгерістер іске асады. Барлық артық қозғалыстар азаяды. Бұлшық ет жүйесі ерекше жағдайда болады.
