- •1. Психологияның ғылым ретінде анықтамасы
- •Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы
- •Қазіргі психологияның міндеттері
- •§2. Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары
- •§3. Кеңестік психология гылымының қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда психология ғылымның қалыптасуы мен дамуы.
- •Психология ғылымының зерттеу әдістері
- •Психика даму кезеңі Жоспары:
- •1. Ми құрылымы мен қызметі
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •Әрекетке психологиялық талдау. Жоспары:
- •3. Еңбек сипаты
- •Сана және өзіндік сана Жоспары:
- •Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы (интеллект)
- •Түйсіну процесі Жоспары:
- •Түйсіктердің түрлері
- •Көру түйсіктері
- •Есту түйсіктері
- •Иіс түйсіктері
- •Дәм түйсінулері.
- •Тері түйсіктері
- •Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері
- •Статикалық түйсіктер
- •Органикалық түйсіктер
- •Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
- •Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі
- •Сезгіштің өзгеруі
- •Адаптация
- •Түйсінулердің өзара әрекет етуі
- •Түйсіктерді дамыту және қалыптастыру
- •Қ абылдау Жоспары:
- •Қабылдаудың қасиеттері
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •Қабылдау формалары
- •Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •Зейіннің физиологиялық негіздері
- •Зейіннің түрлері және оларға сипаттама
- •Жоспары:
- •Ес туралы негізгі теориялар
- •Естің түрлері
- •Ес үрдістері және оның түрлері
- •Естің дара ерекшеліктері
- •Есті дамыту және тәрбиелеу
- •Жоспары:
- •Ойлау мен сөйлеу Жоспар
- •1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Сезім және эмоцияның физиологиялық негіздері.
- •Эмоция туралы психологиялық теориялар
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жоспары:
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •Жоспары:
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Темперамент
- •1. Темперамент жөнінде түсінік
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •4. Мінез түрлері мен типтері
- •5. Мінездік бітіс асқынуы
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жеке тұлға Жоспары:
- •1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
- •2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
- •3. Жеке тұлғаның бағыттылығы
- •4. Жеке тұлғаның қалыптасуы
- •5. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
- •Әрекет пен қарым-қатынастағы тұлға. Жоспары:
- •Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі
- •3. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі
Жоспары:
Зейін туралы түсінік.
Зейін психикалық феномен ретінде.
Зейіннің негізгі сипаттамалары.
Объект және субъект ерекшеліктеріне қатысты сананың шоғырлануы.
Зейін және сана.
Зейіннің физиологиялық механизмдері мен мен бағдарлаушы рефлекс.
Танымдық процестер аясындағы зейіннің алар орны.
Зейіннің негізгі түрлері. Ырықсыз зейін және оны тудырушы факторлар. Ырықты зейін ерекшеліктері.
Ырықты зейіннің әлеуметтік факторлары. Үйреншікті зейін. Зейін қасиеттерінің ерекшеліктері.
Зейін туралы жалпы түсінік
Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.
Зейін дегеніміз адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз. Зейін — адамды қоршаған көптеген басқалардың ішінен заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету.
Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мәселен, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Сондықтан да зейін кез-келген іс-әрекетті орындаудың шарты болып табылады. Мәселен, қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеу техникалармен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес.
Зейін оқу жұмысының негізгі шарты болып табылады. Оқу материалын берік меңгеру ең алдымен зейінге тікелей байланысты. Орыстың ұлы классик педагогі К.Д.Ушинский зейін туралы былай деп жазды: "Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан-дүниесіне жетіп отырады."
Балалардың үлгермеушілігін алдымен олардын зейінділігінің жеткіліксіздігінен іздеуіміз қажет. Есінің әлсіздігі, оқу материалын меңгерудегі әлсіздігі негізінен зейіннің әлсіздігіне байланысты. Заттар мен құбылыстарға зейін аударғанда адам санасы бір нысанаға шоғырланады және бағытталады. Бұны былай түсінуге болады: адамды қоршаған көптеген заттардың ішінен біреуін бөліп, зейін аударады, ал барлық қалғандарына мән бермейді. Міне, осы қасиетінен зейіннің таңдамалы сипатын аңғарамыз. Басқаша айтқанда, зейін психикалық іс-әрекеттің таңдамалы сипатын білдіреді. Оқушының сабақ үстінде әрекетін байқап қарайық, оқушы мұғалімнің айтқанын зейін салып тындайды, түсінеді және оның түсіндіргенін есінде сақтайды. Оқушы есеп шығарғанда, шығарма жазғанда осы іс-әрекетті қалай зейін қойып орындайтынын аңғару қиын смсс.
Оқу әрекетінің барлық түрлері оқушыдан ерекше зейін салуды қажет етеді, зейінсіз оқу әрекетін меңгеру мүмкін емес.
Оқу әрекетінде шәкірттердің зейінін бақылап қарайтын болсақ, оның бет-пішінінің қалай өзгеретінін, денесінің орналасуын, қандай іс-әрекетті орындауға байланысты көзінің бағьпталуын байқауға болады. Шәкірт белгілі бір нысанаға зейін аударғанда, зейіннің әр уақытта да сыртқы көрінісін аңғарамыз. Мұғалім шәкірттердің оқу үрдісінің бірінші жылынан бастап, оларды зейінді болуға тәрбиелейді. Мұғалім "Бәріңіз де маған қараңыз", "Дұрыс отырыңыздар" деген қаратпа сөздерді жиі қолданады. Таным үрдістерінен (қабылдау, ес, ойлау және т.б.) негізгі ерекшелігі, зейін жеке таным үрдісі бола алмайды, өзінің ерекше мазмұны болмайды. Зейін таным үрдістерінің ішінде аңғарылады және олардан бөліп қарауға болмайды. Зейін психикалық үрлістердің іске асу динамикасын сипаттайды. Мысалы, бір нәрсені қабылдау үшін міндетті зейін саламыз, еске сақтау үшін зейін саламыз.
Зейін өз табиғаты жағынан таным үрдісі бола алмайды, бірақ кез-келген таным үрдісінің іске асу шарттарын сипаттайды.
Зейін төмендегідей қызметтерді атқарады: психологиялық және физиологиялық үрдістердің қажеттерінің белсенділіктерін арттырады және қажетсіздерін тежеп отырады, түскен ақпаратты мақсатты, ұйымдасқан іріктеуге көмектеседі, белгілі бір нысанага белсенділікті ұзақ уақыт шоғырландыруға көмектеседі.
Зейін туралы өте маңызды теориялық тұжырымды Т.Я.Гальперин ұсынған болатын. Оның зейін туралы тұжырымдамасының негізгі қағидалары төмендегідей:
1. Зейін бағдарлы зерттеу іс-әрекетінің сәттерінің бірі болып табылады. Ол қазіргі кезде адам психикасының, бейнесінің, ойының мазмұнына бағытталған психологиялық іс-әрекет болып табылады.
2. Өзінің қызметі жағынан зейін осы мазмұнды бақылау болып табылады. Адамның іс-әрекетінде бағдарлы, орындаушылық және бақылау функциялары кездеседі.
3. Белгілі бір өнім өндіретін басқа іс-әрекеттерден ерекшелігі бақылау іс-әрекеті немесе зейіннің бөлек, жеке нәтижесі болмайды.
4. Зейінде бақылау өлшемдердің, үлгінің көмегімен іске асады, ол іс-әрекеттің нәтижесін салыстыруға және оны анықтауға көмектеседі.
5. Ерікті зейін — жоспарлы зейін, бақылау алдын ала жасалған жоспар бойынша іске асалы.
