- •1. Психологияның ғылым ретінде анықтамасы
- •Психологияның салалары және басқа ғылымдармен байланысы
- •Қазіргі психологияның міндеттері
- •§2. Қазіргі шет ел психологиясының негізгі бағыттары
- •§3. Кеңестік психология гылымының қалыптасуы мен дамуы
- •Қазақстанда психология ғылымның қалыптасуы мен дамуы.
- •Психология ғылымының зерттеу әдістері
- •Психика даму кезеңі Жоспары:
- •1. Ми құрылымы мен қызметі
- •2. Мидың ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау қызметі
- •4. Ми қызметінің физиологиялық негіздері
- •Әрекетке психологиялық талдау. Жоспары:
- •3. Еңбек сипаты
- •Сана және өзіндік сана Жоспары:
- •Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқы (интеллект)
- •Түйсіну процесі Жоспары:
- •Түйсіктердің түрлері
- •Көру түйсіктері
- •Есту түйсіктері
- •Иіс түйсіктері
- •Дәм түйсінулері.
- •Тері түйсіктері
- •Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері
- •Статикалық түйсіктер
- •Органикалық түйсіктер
- •Түйсіктердің жалпы заңдылықтары
- •Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі
- •Сезгіштің өзгеруі
- •Адаптация
- •Түйсінулердің өзара әрекет етуі
- •Түйсіктерді дамыту және қалыптастыру
- •Қ абылдау Жоспары:
- •Қабылдаудың қасиеттері
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •Қабылдау формалары
- •Бақылау және қабылдауға тәрбилеу
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •Зейіннің физиологиялық негіздері
- •Зейіннің түрлері және оларға сипаттама
- •Жоспары:
- •Ес туралы негізгі теориялар
- •Естің түрлері
- •Ес үрдістері және оның түрлері
- •Естің дара ерекшеліктері
- •Есті дамыту және тәрбиелеу
- •Жоспары:
- •Ойлау мен сөйлеу Жоспар
- •1. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Сезім және эмоцияның физиологиялық негіздері.
- •Эмоция туралы психологиялық теориялар
- •2. Сезім ерекшеліктері
- •3. Сезім қызметтері
- •Сезім түрлері
- •5. Жоғары деңгейдегі сезімдер
- •Жоспары:
- •2. Ерік теориялары
- •3. Еріктің физиологиялық негіздері
- •4. Ерік құрылымы
- •5. Ерік сапалары
- •6. Т±лғаның ерік тәрбиесі
- •Жоспары:
- •2. Нышан және қабілет
- •3. Қабілет және тұлға даралығы
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Темперамент
- •1. Темперамент жөнінде түсінік
- •2. Темперамент туралы теориялар
- •3. Темперамент түрлері
- •4. Темперамент және іс-әрекет
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жоспары:
- •2. Мінез жөніндегі білімдер
- •3. Мінез бітістері
- •4. Мінез түрлері мен типтері
- •5. Мінездік бітіс асқынуы
- •6. Мінездің ұлттық ерекшеліктері
- •7. Мінез және адамның жас сатылары
- •Қайталау және бекіту сұрақтары
- •Жеке тұлға Жоспары:
- •1. Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
- •2. Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
- •3. Жеке тұлғаның бағыттылығы
- •4. Жеке тұлғаның қалыптасуы
- •5. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
- •Әрекет пен қарым-қатынастағы тұлға. Жоспары:
- •Адамдардың бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі
- •3. Таным мен түсінісудегі қателіктер себебі
Түйсіну табалдырығы және сезгіштігі
Түйсінулердің әртүрлі дәрежедегі күші болуы мүмкін, олар әлсіз және күшті болады. Мәселен, бөлмедегі бір ғана жанған сіріңкеден жарықты түйсіну әлсіз, ал жарық күні күн сәулесін түйсіну күшті болады.
Түйсінудің күші ең алдымен тітіркендіргіштіңк күшіне байланысты: тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым оған сәйкес түйсіну күшті болады.
Күнделікті бақылаулар мен арнаулы зерттеулер көрсеткендей, кез-келген тітіркендіргіште түйсінк бола бермейді. Тітіркендіргіш әлсіз әсер етуі мүмкін, онда ешқанрдай түйсіну болмайды. Мәселен, стакан суда ерітелген 1 г қант тәттілік түйсінуін білдірмейді. 0,1 кв,см қолға салынған қағаздың бөлшегі қысым түйсінуін шақырмайды. Оның себебі: әлсіз тітіркендіргіштерден пайда болған жүйке қозуы бас м қыртысына жетпейді. Біріншіден сәл ғана түйсінуді шақыру үшін тітірікендіргіш белгілі бір күшке жетуі керек. Күші жағынан өте әлсіз тітіркендіргіш сәл ғана белгілі түйсіну шақырады немесе түйсінудің төменгі немесе абсолюттік табалдырығы деп аталады.
Егер бұл тітіркендіргіштің күшін сәл ғана азайтса, түйсіну жоқ болып кетеді. өте әлсіз тітіркендіргіштер (түйсіну шақырмайтын) түйсіктердің табалдырығыннан төмен жатқан тітіркендіргіштер деп аталады.
Түйсікті шақыратын тітіркендіргіш өзгеріп отыруы мүмкін: ол көбейді немесе азаяды.
Тітіркендіргіштің өзгеруіне байланысты (өсуі немес азаюя) түйсінудің күші де өзгерді.
Егер де бөлмеде бір шам жанып тұрса, онрда біз жарықтың белгілі күшін түйсінеміз. Егер де тағы да осындай шам жағатын болсақ, онда жарықты түйсіну күшейеді. Егер қолдағы бір килограмм салмаққа тағы да килограмм қосатын болсақ, онда қысымды түйсіну күшейе түседі.
Түйсінудің күші тек тітіркендіргіш белгілі өскенде немес кемігенде өзгеруі мүмкін. Мысалы, егер стакан сцға 6 г қантты ерітетін болсақ, біз белгілі мөлшерде тәттілікті түйсінеміз. Егер осы тсаканды еріген 6 г қантқа тағы да 1 г. қосатын болсақ, онда тәттілік түйсігі өзгермейді. Тәттілікті түйсіну белгілі дәрежеде көбею үшін 6 г қантқа тағы да 2 г. яғни, қанттың барлық санының үштен бірін қосу керек.
Тітіркендіргіштің күшінің сәл ғана өзгеруі нәтижесінде түйсінудің сәл ғана байқалатын өзгеріс шақыруын айырма табалдырығы деп атайды. Айырма табалдырығы тек тітіркендіргіштің күшінің өзгеруіне байланысты емес, сонымен қатар тітіркенрдіргіштің басқа қасиеттерініңк өзгеруіне де байланысты. Мысалы, есту түйсіктері саласында айырма табалдырығы дыбыстың жоғарылауына тәуелді, көру түйсіктері саласында – түстердің (белгілерінің) айырмашылығына, ол тактилдік түйсінулер саласында сипай сезу нүктелеріінің қашықтығына байланысты.
Түйсінудің табалдырығының жоағры болуы сенсорлық сезгіштіктің дәрежесін айқындайды. Неғұрлым түйсінудің табалдырығы жоғары болса, соғұрлым сезгіштік төмен (әлсіз) болады және керісінше, неғұрлым түйсінудің табалдырығы төмен болса, соғұрлым сезгіштік күшті болады. Түйсіну табалдырығына сәйкес сезгіштік абсолюттік және айырма сезгіштігі болып бөлінеді.
Түйсінудің өзгеруі тітіркендіргіштің өзгеруіне тәуелділігі туралы мәселе алғаш рет эксперимент түрінрде зерттеген ХІХ ғасырдың екніші жартысында Германияда физиолог Вебер мен физик Фекнер еді.
Көптеген эксперименттіңк негізінде Вебер түйсінуді сәл ғана байқалатын биіктікке өсіру үшін тітіркендіргіштің күшін биіктікке өзгерту қажет екендігін дәлелдеді.
Фехнер Вебердің зерттеуін одан әрі жалғастырды.
Тітіркендіргіш пен түйсінудің өзара өзгеруінің арақатынасы туралы өзінің зерттеулерінің қорытындыларын Фехнер мынадай формуламен көретті. Түйсіктер арифметикалық прогрессиямен өзгереді (өседі немесе азаяды), соған сәйкес тітіркендіргіштің өзгерістері геометриялық прогрессиямен іске асады.
Осындай формуламен берілген тітіркендіргіштер мен түйсіктердіңк өзгерстерінің арасындағы арақатынасты Вебер-Фехнердің психофизикалық заңы деп атады.
Фехнер түйсіну өзгерістерінің және тітіркендіргіштіңк логарифмы арасында тікелей пропорционалдық тәуелділіктің болатындығын дәлелдеді. Сондықтан да Фехнердің психофизиологиялық заңы былай деп беріледі: түйсіну тітіркендіргіш логарифмына пропорционал.
