Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология негіздері ЖМ-307, 312 маманд кешен (...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктері

Бұлшық ет, қозғалыс түйсіктерін немесе кинестетикалық түйсінулер. Осы топтағы түйсінулерге қысым (ауырлық) түйсінулеру, қарсы тұру түйсінулері (қатты, жұмсақ) және жекелеген органдардың қозғалысының түйсінулері жатады.

Бұл түйсінулердің органдарына біздіңк барлық бұлшық етеріміз сіңірлеріміз мен буындар жатады. Бұлшық еттерде, сіңірлерде және буындардың үстіңгі жақтарында ерекше сезгіштік жүйкелер тармақтарының ұшары орналасқан, қимыл кезінде осы түйсіктер іске асады.

Бұлшық ет, қозғалыс түйсінулерінің пайда болуының сыртқы және физикалық себебі механикалық қысым немесе біздің бұлшық еттерде, сіңірлерде, байланыстарда және буындардыңк үстіңгі жақтарында үйкелу, қысым пайда болады. Осыныңк бәрін біз қысым, ауырлық, қаттылық, жұмсақтық ретінде түйсінеміз.

Статикалық түйсіктер

Статикалық түйсікер дегеніміз кеңістіктегі біздің денеміздің жағдайы және оның тепе-теңдігін сақтауды айтады. Кеңістіктегі денені түйсінудің және оның тепе-теңдігін сақтаудыңк рецепторы құлақтың ішкі бөігінде орналасқан жарты дөңгелек арналар болып табылады, онда ерекше сұйық зат – эндолимфа болады. Эндолимфада тармақталған сезгіштік жүйке орналасқан, ол кеңістіктегі біздің денеміздің қозғалысы мен жағдайын реттеп отырады. Бұл жүйкенің қозуы эндолимфаның тербелістерінен пайда болады. Дененің тепе-теңдігін сақтауда ерекше рөл атқаратын отолиттер. Бұл ұсақ әктерден тұратын кристалдар (тастар), олар эндолимфада қалқып жүреді.

Ағзаның тепе-теңдігін реттеу негізінен автоматты, рефлекторлар түрде іске асады. Біздің денемізде белгіл бір жағдайда тепе-теңдік бұзылғанда ерекше айқын түйсініледі.

Тепе-теңдік органында қандай да бір ақау болған жағдайда адам белгіл органның (немесе бүкіл дененің) жағдайын қабылдауды тоқтатады немеес жүрген кезде тепе-теңдікті нашар сақтайды.

Органикалық түйсіктер

Органикалық түйсіктерге аштықты, шөлдеуді, тоюды, денсаулықты, ауру жағдайды, сергектікті шаршауды түйсінулер жатады.

Органикалық түйсінулердің үлкен бөлігі сараланбаған, шашыраңқы сипатта болады. Бұл түйсіктердің рецепторлары ішкі органдардыңк қабырғасында орналасқан: өңеште, қарында, ішекте, қан тамырларында, өкпеде және т.б.

Интерорецепторлардың тітіркендіргіштері ішкі органдардағы іске асатын үрдістер болып табылады. Бірақ дені сау және ішкі органдардың дұрыс жұмысы жағдайында біз органикалық түйсінулерді байқаймыщ немесе бұл түйсінулерді денсаулық, сергектік түйсінулер ретінде байқаймыз. Мәселен, шөлдеу, аштық, тою түйсіктері, ішкі органдардағы ауыру түйсіктері, жүрек айну түйсіктері.

Органикалық түйсінулер көп жағдайда эмоционалдық толығумен ерекшеленеді.

Мәселен, ауруды түйсіну немесе аштықты түйсіну ерекше қолайсыз жағдайдағы көңіл-күйде болады, ал денсаулық түйсінуін немесе тою түйсінуін өте жағымды жағдай ретіндегі көңіл-күйді бастан кешіреміз.

Түйсіктердің жалпы заңдылықтары

Түйсіктер тітіркендіргіштердің андайы болмасын сезім органдарына әрекет ету нәтижесінде пайда болады. Бірақ рецепторға тітіркендіргіштердің әрекетіінің басталуы және түйчіктердіңк пайды болуы уақытпен абсолютті түрд сәйкес келмейді, тітіркендіргіштің әрекеті басталғаннан кейін тек қана біршама уақыт өткеннен соң түсіну пайда болады. Бұл уақыт әртүрлі түйсінулерде 0,2-ден 0,1 секундқа дейін өзгеріп отырады. Осындай қысқа мерзімді біз көп жағдайда ескермейміз.

Пайда болған түйсінудің белгілі бір ұзақтығы болады. Ұзақтығы жағынан түйсіктер қысқа және ұзақ мерзімді саналады. Мәселен бір ғана жалт еткен ұгқыннан жарықты түйсіну немесе еденге ұлаған қарындаштыңк дыбысын түйсіну қысқа болады. Күндізгі жаоықты түйсіну, зауыттың айқайлаған дыбысы ұзақ мерзімді түйсінулер болып табылады. Түйсіктердіңк ұзақтығы сыртқы нысандардың сәйкестігі сезім органдарына әрекетін ұзақтығына тәуелді. Тітіркендіргіштердің әрекеті аяқталғанен, ал түйсіну белгілі уақытқа дейін әлі де жалғасады. Осындай кешіккен түйсінулерді қалдықтар немесе бірізді бейнерлер деп атайды. Қалдық бейнелерің ұзақтығы 0,05 –тен (ал кейде одан артық) секундтай болады.

Түйсіктердің пайда болу жылдамдығы мен ұзақтығы осындай заңдылықтармен түсіндіріледі.