Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психология негіздері ЖМ-307, 312 маманд кешен (...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

Түйсіктердің түрлері

Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердіңк барлық түрі органдарына сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм, терң бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлеріне бқлеміз.

Түйсіктердің органдары қайда орналасқанына және қайдан тітіркендіргішті алуға байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.

Экстерорецепторлар организмнің сыртқы бөліктеріне орналасқан – оған жататындар көру, есту, иіс, дәмғ сипай сезу (тері) органдары жатады. Бұл органдарды кқп жағдайда сыртқа сезімдердің органдары деп атайды. Олардың кқмегімен біздің организмнен тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиетерін бейнелейді. Түйсіктер бұл органдарға сәйкес (көру, естуғ және т,б) экстерорецепторлар деп аталады.

Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл органдардың көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оныңк жекелеген мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер проприорецепторлар деп аталады. Бұл түйсіктер – бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңді (статикалық).

Интерорецепторлар дененің ішкі органдарында ішек-қарында өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың кқмегін ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б ішкі органдарда тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.

Көру түйсіктері

Көру түйсіктеріне түсті және жарықты білдіретін түйсіктер жатады. Біздің түсінетін түстеріміз хроматикалық және ахромаикалық деп екіге бөлінеді.

Хроматикалық түстерге кемпірқосақтың түстері жатады: қызыл, сары, жасыл, көк, қара кқк, күлгін. Бұл түстердің арасында хроматикалық түстердің белгілері кездеседі.

Ахроматикалық түстерге ақ, қара және олардың арасында орналасқан барлық қоңыр түстер жатады.

Көру түйсігінің органы көз болып табылады. Ол негізінен көз алмасынан және одан шығатын көру жүйкесінен тұрады.

Көз алмасы үш түрлі қабаттан тұрады: сыртқы, тамырлы, торлы.

Сыртқы қабаты – белокты,алдыңғы бөлігі ашық шығыңқы аясына өтеді. Сыртқы қабаттан кейін тамырлы қабат орналасқан, оның алдыңғы бөлігі түсті қабат деп аталады. Түсті қабаттың түсуіне қарай біз көзімізді көк, қара,қоңыр және т.б деп атаймыз. Түсті қабаттың ортасында – қарашық орналасады, ол арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Қарашық кеңейіп және тартылып отырады, ол жарықтың күшіне байланысты. Үшінші қабаты – торлы қабат көз алмасының бүкіл бөлігінің доғары жағын алып жатыр.

Қарашық пен түсті қабаттан кейін екі жақты іспектеу келген анық дене - хрусталик орналасқан, онда жарық сәулелері жинақталады, сынады және оның нәтижесінде торда бейнелеу пайда болады. Қастың бұлшық еттерінің арқасында хрусталик бірде ерекше тегіс болады да, бірде іспектеу келеді. Көретін зат қашықтаған сайын хрусталиктүгелге дерлік тегіс болады, ал зат жақындаған сайын хрусталик шар тәріздес түрде болады.

Көз алмасының барлық іші хрусталик пен торлы қабаттың арасы ерекше ашық, сұйық затпен толтырылған, оны әйнек тәріздес дене деп атайды. Түс және жарық түйсіктерін алу үшін тордың атқаратын мәні орасан зор. Торда көру жүйкенің тармақтары орналасқан. Бұл тармақтар ерекше жүйке жасушаларының таяқшалар және шақшалармен аяқталады. Адам көзінің торынтда 130 миллионға тарта таяқша мен 7 миллион шамасында шақша кездеседі.

Шақшалар әлсіз сезімтал келеді, шақшалардың көмегімен тек ғана күндізгі ашық жарықта көре алады. Бірақ олар сәуле торында бірыңғай орналаспаған. Шақшалар сәуле торының ортасында орналасады да шеттеген сайын оның саны азая түседі. Ал таяқшалар сәуле торының шеттерінде болады да ортаасына жақындаған сайын тіптен азаяды. Шақшалардың көмегімен хроматикалық түстерді түйсіну іске асады. Сондықтан да шақшаларды к.ндізгі түстерді кқру құралы деп атайды.

Таяқшалар, керісінше, жарыққа ерекше сезімтал келеді, олардыңк көмегімен біз түнде, қараңғыда және жалпы әлсіз жарықта көре аламыз. Таяқшалар – қараңғыда көру құралы болып есептеледі.

Таяқшалар ахроматикалық түстерді ажыратуға ббейімделген болса, шақшалар неше түрлі хроматикалық түстерді ажыратуға бейімделгендігін аңғару қиын емес. Қараңғы түскенде біз түстерді ажырата алмаймыз. Бұл заңдылық бойынша түстерді ажырата алмайтын адамдардың көздерінде шақшалар әрекет етпейді. Олар тек таяқшалар арқылы көреді. Ондай адамдар ымырт түскенде тауық сияқты ештеңе көрмейді, не қте нашар көреді. Мұны «тауық соқырлығы» дейдә. Мәселен, күндіз ғана көретін тауық, есіртке, жылан, кептер сияқты жануарлардың көзінде таяқшалар болмайды да, т.нде ғана көретін байғыз, үкі, жарқанат, кірпі сияқтылардың көздерінде шақшалар болмайды.

Әрине, басқа түйсінулер сияқты кқру түйсінуінде де кемшіліктер кездеседіү соынмен қатар көздің ауруы және оның кейбір физиологиялық кемшіліктері қалыпты көру үдерісіне ісер етедіү

Мәселен, кейбір адамдар заттардың түстерін ажырата алмайды, көбіне олар қызыл түс пен жаыл түсті кқрмейді. Мәні, көзінде осындай кемшілігі бар адамдарды дальтонистер деп атайдыү Бұл типтегі адамдар қызыл түс пен жасыл түсті сары түс деп қабылдайды.

Сонымен қатар көру түйсігінің кемшіліктеріне кейбір адамдар жақыннан жақсы көреді де, алыстан кқрмейді, ал енді біреулері жақыннан нашар кқреді де, алыстан жақсы кқреді.

Жақыннан көрушілікке де арнаулы көзілдіріктерді пайдалану қажет.

«Түстерге соқырлық» хроматикалық түстерді түйсіне және ажырата алмаудан аңғарылады. Кейбір адамдарда толықтай хроматикалық түстерге соқырлық кездеседі. Барлық түстерді ахроматикалық қоңыр түс ретінде түйсінеді.

Статистикалық мәліметтер бойнша түстерге соқырлық ер адамдардың 4 пайызында және әйелдердің 0,5 пайызында кездеседі. Соқырлық қызыл және жасыл түстерге жиі кездееді. ал күлгін түстерге соқырлық сирек болады.

Түстерге соқырлықтың себебі шақшалар жұмыс істемейді, істесе де жеткіліксіз істейді. Жарыққа түстерге соқырлық, әртүрлі жануарлардың кқру органдарын арнаулы зерттеулер дәлелдегендей, шақшалар мен таяқшалар құралының жеткіліксіз жұмыс стеуіне байланысты.

Алыстағы және жақындағы заттарды көздің торына дұрыс бейнеленду үшін көздің хрусталигі бірде томпайып, бірде жалпайып отыруы керек. Зат жақындаған сайын ол томпая түседі, зат алыстаған сайын ол жалпая түседі.көздің мұндай әрекетін аккомадация (латын сөзі, қазақша «көз үйрету» мағынасында) деп атайды. Екі көз бір көздей болып бірлесіп әрекет етеді, заттың суретін көздің сары дағына түсіру үшін олар кқрінетін заттарға қарай бұрылады, мұны конвергенция (латын сөзі, қазақша «жақындату» мағынасында) дейді.

Бір көзбен кқруді – монокулярлық кқруғ екі көзбен көруді бинокулярлық көру дейді. Бүкіл сырттан келетін ақпараттың 90 % пайызы көру түйсіктері арқылы қабылданды, тек қана 9% -ақ пайызы есту түйсіктері арқылы қабылданатын болса, қалған 1% пайызы басқа түйсіктері арқылы іске асатндығын психологтар дәлелдеген болатын.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, адамның көзі жарты миллионнан астам түстердің реңін ажарта біледі. Біздіңк тілімізде барлығы 300-ге тарта түстердің аттары кездееді. Олардың көмегімен қоршаған дүниеден бояудың барлық байлыңын беру м.мкін емес.

Сезім органдарының оның ішінде көру, есту түйсіктерінің адамның қмірінде атқаратын рөлі зор. Мәселен, көру, есту түйсіктерінен туғаннан айырылған адамдарда өмір барысында ол түйсіктердің қызметін сипа сезу, тактилдік, діріл түйсіктері атқаратындығын көзі көрмейтін, құлағы естімейтін адамдардың өмірінен нақты мысалдар келтіру арқылы көзімізді жеткізуге болады.

Бір кезде есімі әлемге танымал болған дарында дефектолог-ғалым, психолог ғалымдарының кандидаты, ерекше тағдардың иесі, Ольга Скороходова балалық шағында көз бен құлақтан айырылды, бірақ, орта және жоғары білім алды. Бірнеше ғылыми-психологиялық және әдеби еңбектердің авторы, көру және есту органдарынантолық айрылуына қарамастан, бұл еңбектер әлемдікғалымдардың арасында ерекше қызығушылық туғызды. Оның негізгі еңбектеріне: «Мен қалай қоршаған дүниені қабылдаймын және қабылдаймын» (1947) ; «Мен қалай қоршаған ортаны қабылдаймын және елестетемін» (1954-1956) ; «Мен қалай қоршаған ортаны қабылдаймын, елестетемін және түсінемін» (1972).

Ол XVII халықаралық психологтардығ конгресінде (Москва 1966 ж) сөлеген сөзінде былай деген еді.

«Көру және есту органынан айырылған адам қолмен мүсінді ұстап көре алады. Осыдан өзі қанағаттанғандық сезімге бөлінеді. Мен бұрын да қолдыңк көмегімен ерте кездің жиһазын, киімдерін, өткір бұрыштармен аяқталатын терезелерін, фигуралар мен әртүрлі макеттерді сезіп қабылдау туарлы жазған болатынмын. Осының бәрі көзі көрмейтін, құлағы естімейтін адамға эстетикалық тұрғыдан қабылдауға мүмкіндік береді. Біз жердің, шөптердің, гүлдердің хош иісін, теңіздің немесе өзеннің иісін, егер олар жақын болса, түйсінеміз.

Музыканы тыңдау үшін ойнап отырған адамның музыкалық аспабына қолымды қойғанда, пырылдап ұйықтап жатқан мысықтың мойнына саусақтарымды салсам, мен одан ләззат аламын». Сол сияқты ол найзағайдың қалай күшті күркіреген дыбысын, теңізге шомылу кезінде толқындарды вибрация (діріл) арқылы қалай түйсінетіндігін, одан қандай ләззат алатындағы туралы тебіене айтқан болатын.

Сол сияқты Ольга Скороходова түсті ажырату, кеңістіктегі суреттерді, жануарлар туралы түсініктерді қалай елестететіндігі, оның таңғажайып сыры туарлы тебірне жазды.