Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_2086.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.89 Кб
Скачать

1.2. Материалдық емес активтердің шығарылуы

1. Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салым:

а) материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 7410 К-т 2730-170,0

б) бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 2740 К-т 2730 -30,0

в) келісім құнына Д-т 2310 К-т 6210-220,0

г) ҚҚС сомасына (айырмашылықтан) Д-т 7210 К-т 4220-10,0

д) жыл соңында барлығы жиынтық кірістің кемуіне Д-т 3520

Жиынтық кірістің артуына Д-т 7410, 7210 К-т 4010

2. Моральдық тозуына және кәсіпорынға пайда әкелу қабілетін жоғалтуына байланысты материалдық емес активтердің есептен шығарылуы:

а) материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 7410 К-т 2730-3000

б) бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 2740 К-т 2730

в) жыл соңында Д-т 3010 К-т 7410 – 30,0

3. Сатуға байланысты материалдық емес активтерді есептен шығару:

а) материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 7410 К-т 2730

б) бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 2740, К-т 2730 – 10,0

в) сатылған активтердің келісім құнына (ҚҚС - сыз) Д-т 2110 К-т 6210- 150,0

г) ҚҚС сомасына Д-т 1210 К-т 3130 – 30,0

д) ҚҚС бюджетке төленген Д-т 633 К-т 1040-30,0

е) сатып алушы шотты төлегенде Д-т 1050, 1040, 1010, 1020 К-т 2110 – 180,0

ж) жыл соңында Д-т 4010 К-т 7410-90,0 зиян шеккенде

Д-т – 6210 К-т 3010-150,0 кіріс – 60,0

4. Өтеусіз беру:

а) баланстық құнға Д-т- 7410 К-т 2730- 80,0

б) материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 2740, 2740 К-т 2730- 160,0

в) ҚҚС сомасына Д-т 7210 К-т 3130-160,0

г) жыл соңында Д-т 3010 К-т 7410, 7210- 960,0 (зиян)

Бөлім іі Материалдық емес активтердің есебі

    1. Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері

38 «Материалдық емес активтер» ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына) және 28 «Материалдық емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізуде ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

а) анықтауға болады;

ә) субъект бақылайды;

б) қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.

Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:

а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;

ә) белгі - өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есепте тіркеледі:

- субъектінің осы активке тікелей байланысты болашақта күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;

- актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;

- материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

    1. Материалдық емес активтерді жіктеу

Ұйымның материалдық емес актив объектілерін қабылдау – тапсыруды құжатпен ресімдеу үшін материалдық емес актив түрінің толық атауы, оның ұйымға берілген ай-күні, жылы (ұйымда жасалған ай-күні, жылы), объектінің сипаттамасы, оның құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мағлұматтар көрсетілуі тиіс.

Материалды емес актив объектілерін қабылдауды ресімдегенде акт материалды емес актив объектісінің әрбір объектісіне бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің бірнеше біртектес объектілерін қабылдауды ресімдейтін жалпы акт жасауға болады. Акт ресімделгеннен кейін материалдық емес актив объектісін немесе оны қолдануды жүйелеп баяндайтын құжаттама немесе осы объектіге қатысты ұйымның сондай және тағы басқа мүліктік құқықтарын растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның бухгалтериясына беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға бекітеді. Басқа ұйымға материалдық емес активтерді бергенде (сатқанда) акт екі дана болып жасалады, тапсыратын ұйым және материалдық емес активтер есебі карточкасында тиісті жазба жасалады.

Ұйым пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив объектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.

Бухгалтерияда әрбір объектіге карточка жүргізіледі. Форма кіріске алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. 8 графада бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін амортизация сомасы көрсетіледі. «Материалдық емес актив объектілерінің қысқаша сипаттамасы» бөлігінде тек қана актив объектінің негізгі көрсеткіштері жазылады, ұйымда бар осы объектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]