Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_shpor_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.37 Mб
Скачать

1)Максималды жанама кернеулер және оның анықталуы.

3.1 – сурет Жанама кернеулер ең үлкен мәнге жететін алаңдар

Жанама кернеу мынандай теңдеуден анықталады:

. (3.2)

Кернеулер зерттелетін нүктенің айналасында координатты осьтің бағыты ретінде кернеу тензорының басты бағытын қабылдайық.

Көрсетілген нүкте арқылы өтетін кез келген көлбеген алаңдағы нормальдік қысым, толық пен жанама кернеулер мынандай формулармен анықталады:

(3.3)

(3.4)

(3.5).

Сөйтіп, басты жанама кернеулер сәйкесті басты нормальды кернеулердің жартылай айырмасына тең болады. Ең үлкен жанама кернеу алгебралық ең үлкен және ең кіші басты нормальды кернеулердің жартылай айырмасына тең.

Егер барлық үш басты нормальды кернеу бір біріне тең болса, онда олардың жартылай айырмасы, демек барлық жанама кернеу нөльге айналады, яғни жанама кернеу жоқ болады.

Басты жанама кернеу әсер ететін алаңдағы олардың бағыты, осы алаң нормальді болатын басты координатты алаңға параллельді болады (3.1 – сурет). Сонымен бірге, басты жанама кернеудің бағыты басты осьте АВС шыңы бар дұрыс октаэдрдің қырын құрады (оқулық [4] қараңыз).

(3.8) теңдеулерінен көрініп тұрғандай, үш басты жанама кернеулердің қосындысы нөльге тең болады, яғни (3.9)

Осы шартты әрбір нақтылы есепте басты жанама кернеулер таңбасын белгілеген кезде сақтау керек.

Басты жанама кернеулер әсер ететін алаңдағы нормальды кернеулердің мәнін анықтайық. Ол үшін бағыттаушы косинустар мәнін (3.3) теңдеуіне қойып мынаны аламыз:

(3.10)

яғни басты жанама кернеулер әсер ететін алаңдағы нормальды кернеулер басты нормальды кернеулердің жартылай қосындысын тең болады.

Басты жанама кернеулердің (3.8) формуласынан басты нормальды кернеулерді бірдей мөлшерге үлкейткенде немесе азайтқанда басты жанама кернеулердің мәні өзгермейтіндігі көрініп тұр, яғни кернеу күйіне біркелкі созуды немесе қысуды қосқан кезде жанама кернеулер мөлшері өзгермейді.

2)Суықтай илемдеу.

Суықтай илемдеу үшін бастапқы материал ретінде, қалыңдығы 2,0 – 5,0 мм болатын ыстықтай илемделген болат қолданылады. Осы болаттар ыстықтай илемденетін орнақтан орам болып келеді. Суықтай илемденген болатты өндіру бірнеше негізгі процестен түрады.

Илемдеуге бастапқы материалды дайындауды үздіксіз улау агрегатында орындайды. Осы агрегатта орамды тарқатады, жолақты түзетеді және орамдардың шет жақтарын бір біріне пісіріп қосады. Үздіксіз улау агрегатында өңдеудің негізгі мақсаты, ол ыстықтай илемделген қаңылтырдың бетін отқабыршықтан тазалау. Аунақшалар айналасында жолақты июмен өңдеп және ширықтыру орнағында 3 – 8 % жаншумен илемдеп отқабыршықты сындырады, ал содан кейін күкірт немесе тұз қышқылында химиялық немесе электрхимиялық уландырумен өңдеп осы отқабыршықты кетіреді. Соңғы жылдары бытыралақтыру қондырғысымен отқабыршықты механикалық кетіруді көп қолданатын болды. Агрегат тізбегінде жолақтың түзу емес бүйірлік жиектерін қиатын дискілі қайшылар орнатады. Осыдан кейін жолақты майлайды, одан кейін көлбеу қайшымен жолақтағы пісірілген жікті қиып алып, оны массасы 50 т дейін болатын орамға орайды. Суықтай илемдеген кезде пішінбілікке түсетін металдың қысымы, кішікентай диаметрі бар жұмысшы пішінбілікті, алдынғы және артқы керілуді, ал тағы да майлап-салқындататын сұйық пен технологиялық майды қолданудың арқасында азаяды. Майды қолданып илемдеу пішінбіліктердің иілуін және серпімді деформациясын азайтады. Осы үлкен жаншуды қолдануға мүмкіндік береді. Осымен бірге, илемдегенде майды қолдану энергия мен пішінбіліктің шығынын азайтады, әр түрлі қалыңдықты азайту және металдың пішінбілікке жабысуын жою есебінен қаңылтырдың сапасын жоғарлатады. Сонымен бірге май пішінбілікті салқындатады. Суықтай илемдеген кезде су-май эмульсиясын қолданады. Осы эмульсияның құрамына мыналар кіреді: эмульсол (құрамына 40 % дейін пальмалы май және басқа типті майлайтын-белсенді сыңарлар кіреді); эмульгаторлар (натридің сульфанаты, майлы қышқылдың сабыны); майлау қасиетін жоғарлататын қосымдар.

Суықтай илемделген қаңылтырларды әр түрлі пластмасалармен, лактармен, қалайымен (электролиттік қалайлылау), мырышпен, алюминимен, хроммен қаптауды үздіксіз әсер ететін өнімділігі жоғары арнайы қондырғыларда іске асырады (сурет 2.5). Қаңылтырлар қаптаудың түріне байланысты жоғары жегіделік тұрақтыққа, электроқшаулағыш қасиетке, жақсы сыртқы түрге иемденген. Сондықтан олар өндірісте және күнделікті жағдайда кеңінен қолданылады.

Илемделген қаңылтырды таза өңдеуді және кесуді бойлық және көлднең кесу жабдықтары бар арнайы агрегатта орындайды. Суық орамдарды тарқатады, бүйірлік жиектерін дискілі қайшылармен кеседі, содан кейін жолақты түзетеді және ұшатын қайшымен өлшемді ұзындыққа кеседі. Жолақты майлаудан және ақауға бақылаудан кейін дестелейді және байлайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]