Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_shpor_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.37 Mб
Скачать

1...Материалдарды ыстықтай және суықтай қө кемшіліктері және артықшылықтары.

Металдың құрылымы мен қасиеттеріне қысым арқылы өңдеудің тигізетін әсері. Деформациялаудың температура-жылдамдық жағдайларына байланысты деформация суық және ыстық болып бөлінеді.

Суық деформация нәтижесінде металл түйіршіктерінің пішіні ол тартылатын бағытқа қарай созылады. Суық деформация кезінде металл пішінінің өзгеруі оның механикалық және физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне әкеліп соғады.

Суық иілімділік деформациялау дәрежесі артқан сайын металдың беріктігі артып, иілімділік қасиеті төмендейді. Бұл құбылысты шыңдалу деп атайды.

Суық деформацияның металл құрылымы мен қасиетіне тигізген әсері өзгеріссіз қалады. Оны тек термиялық өңдеу (жасыту) арқылы ғана өзгертуге болады. Жасытудың нәтижесінде қосымша жылу энергиясы әсерінен қатты металдың атомдары фазалық өзгерістерсіз-ақ деформацияланып, созылған түйіршіктердің орнына жаңа түйіршіктер қайта пайда болады.

Деформацияланып созылған түйіршіктердін орнына жаңа кез келген бағытта өлшемдері бірыңғай түйіршіктер пайда болу құбылысын рекристалдану деп атайды. Таза металдар үшін рекристалдану оның абсолютті балқу температурасының 0,4-не тең температурада басталады.

Ыстық деформациялау. Деформациялаудың бұл түрінде деформациялау мен рекристалдану жылдамдықтарының қатынасы дайындаманың барлық көлемінде рекристалдану үрдісінін толық өтуін қамтамасыз ету қажет. Оның нәтижесінде қысыммен өңделген металдың микроқұрылымында шыңдалу іздері болмайды.

Ыстық деформациялаудың қажетті жағдайын қамтамасыз ету үшін, оның деформациялану жылдамдығын арттырумен қатар, дайындаманың қыздыру температурасын (рекристалдану жылдамдығын арттыру үшін) жоғарылату қажет.

Егер деформацияланғаннан соң металл құрылымы бірыңғай рекристалданбаса, ондай деформация толық емес ыстық деформация деп аталады. Толық емес ыстық деформация нәтижесінде металл құрылымы бірыңғай болмайды, механикалық касиеттері мен иілімділік қасиеті нашарлайды.

Ыстық деформация кезінде металдың деформациялануға қарсылығы суық деформациялау мен салыстырғанда, 10... 15 есе төмен болады. Деформациялау күші кемірек болатындықтан, ірі бөлшектер дайындау осы тәсілмен жүргізіледі.

Суық деформациялаумен салыстырғанда, ыстық деформациялау кезінде металдың иілімділік қасиеті жоғары болатындықтан, бұл әдіспен иілімділік қасиеті төмен металдар мен қорытпалар өңделеді. Сонымен бірге ыстық деформациялауда металл беті тотығу нәтижесінде бет қабатының сапасы төмендейді.

Деформациялаудың басы мен аяғынын температурасын әртүрлі металдар үшін арнайы кестелер мен диаграммалар арқылы анықтайды. Аз көміртекті болаттарды қысыммен өңдеу 850....1200°С аралығында, орташа көміртекті болаттарды 820...1150°С, ал жоғары көміртекті болаттарды 800...1050°С аралығында іске асырылады. Айтылған температуралардан жоғары қыздыру аустенит түйіршіктерінің өсуіне әкеліп соғады, ал төмен температураларда металдың иілімділік қасиеті төмен болады.

2...Қаңылтырды қалыптаудың пішінөзгерту операциялары.

Пішінөзгеру операциясы кезіңде жазық немесе іші қуыс дайындамадан керек пішінді материалдың қалыңдығы өзгермей кеңістікті тетік алынады. Бұл операцияларға мыналар жатады: ию, кермелеу, түзету, бедерлі қалыптау, көмкеру, қорамалау, жаншуы және кеңеюі, сонымен қатар материалды жіңішкеруімен кермелеу (созып тарту).

Ию қаңылтырлы қалыптаудың технологиялық операциясы, оның нәтижесіңде жазық дайындамадан қалыптар арқылы иілген кеңістікті тетік алынады.

Ию бірбұрышты, екібұрышты, төртбұрышты және көпбұрышты (сурет 18, а-г) болып келеді Июге сонымен қатар, жазық дайындамада ернеу ию операциялары жатады, мысалы, әртүрлі терезелердің және есік тұзақтарын, қамытша, жабық емес құбыршаларды және т.б. тетіктерді жасау кезде (сурет 18, д,е,ж).

Ию басқа да операцияларымен қатар жүруі мүмкін – кесіп алу, шағуғ тесу. Үлкен радиусты жұқақаңылтырлы материалдан жіңішке және ұзын тетіктерді қалыптау материалды созып июмен іске асырады (сурет 18, з).

Қаңылтырлы қалыптауда кермелеу деп жазық немесе іші қуыс дайындамадан үсті ашық іші қуыс тетікті, кермелеу қалыптар арқылы алынатын үрдісті атаймыз.

Қаңылтырлы қалыптаудың технологиялық ерекшеліктерінен және пішіндерінен іші қуыс тетіктерді бірнеше негізгі топтарға бөлуге болады:

1) айналу дененің пішін тетіктері;

2) қорабты пішін тетіктері;

3) күрделі пішін тетіктері.

Көмкеруалдын-ала тесілген тесікте дайындама бөлігін ұяқалып тесігіне басып енгізу жолымен жазық немесе кеңістікті дайындамадан мойыншек пайда болу операциясын айтады. Көмкеру үрдісі кезіңде ұяқалып тесігіне қарсылық жасайтын деформация ошағы ретіңде дайындама бөлігі болады, ал сол деформация ошағының элементтер ұзындығы тангенциалды бағытта өседі.

Жаншу операциясы іші қуыс цилиндрлі дайындаманың шеткі бөліктердің көлденен өлшемдерін азайту үшін арналған. Жаншу кезіңде дайындаманың деформациялануы бір жұмыс құралымен іске асады – ұяқалыппен.

Кеңейту операциясыіші қуыс цилиндрлі дайындаманың шеткі бөлігінің диаметрі көбеюі үшін қолданылады (құбырлы өңдірісте барлық құбырдың диаметрін көбеюту үшін). Кеңейтуды ұзындығы бойынша диаметрінің көбеюмен дайындамаға сотанның енуімен іске асады. Кеңейтудің екі әдісі бар: бастапқы диаметрінің деформацияланбаған бөлігімен тақтаға сүйену арқылы (мередиалды кернеулер - қысатын) немесе алдын-ала алынған ернемек арқылы ұсталып тұратын, сотанды дайындама көмегімен созу жолымен (мередиалды кернеулер - созылатын). Кеңейтудің екі варианттарыңтарыңда да тангенциалды кернеулер – созылатын болып табылады. Кеңейтудің бірінші әдісін қыспақты дейміз, ал екіншісін – созумен кеңейту дейміз. Қаңылтырлы қалыптауда негізінен қысумен кеңейту қолданылады.;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]