Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gos_shpor_dayyn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.37 Mб
Скачать
  1. Илемділік пішінөзгеруі кезіңдегі кернеулер және деформациялар арасыңдағы байланыс.

Металды қысым арқылы өңдеудің негізгі түрлеріне илемдеу, престеу, созу, еркін соғу қалыптау жатады.

Илемдеу өндірісінің мәні. Илемдеу деп суық немесе қыздырылған металды айналып тұрған Илемдеу станы біліктерінің арасынан өткізіп, қысыммен өңдеуді айтады.

Біліктер мен дайындаманың өзара орналасуы және біліктердің пішіні мен саны әртүрлі болуы мүмкін. Илемдеудің негізгі үш түрін ажыратады: бойлық, көлденең және көлденең винтті.

Бойлық Илемдеуде (2.1а-сурет) дайындама (2) қарама-қарсы ай-налатын біліктердің (1) арасында деформацияланып, білік өстеріне перпендикуляр жылжиды.

Көлденең Илемдеудеда (2.1б-сурет) өстері параллель біліктер бір бағытта айналып, дайындаманы айналдыра деформациялайды. Дайындама бұл жағдайда білік өстері бойымен жылжиды.

Көлденең-винтті Илемдеуде (2.1в-сурет) бір бағытта айналатын біліктер белгілі бір бұрышпен орналасқан. Оның нәтижесінде біліктер дайындамаға айналмалы және ілгерілемелі қозғалыс береді.

2.1-сурет. Илемдеудің негізгі түрлері. 1 - біліктер; 2 - дайындама; 3 – тузетпе

Илемдеу нәтижесінде металл жұқарып, оның ені мен ұзындығы артады.

Дайындаманың илемделгеннен кейінгі ұзындығының илемделгенге дейінгі ұзындығына қатынасын, бастапқы көлденең қимасы ауданының соңғы ауданына қатынасын созу коэффициенті деп атайды:

Илем сортаменті. Илемделген бұйымның көлденең қимасының пішінін профиль(пішін) деп атайды. Әртүрлі профильдер жиынтығы түржиын деп аталады. Илемдеп алынатын пішіндер сортаменті келесі топтарға бөлінеді: сорттық илем, табақтық (беттік) илем, құбырлар және илемнің арнайы түрлері.

Сорттық илем (2.2-сурет) өзі екі топқа бөлінеді: қарапайым геометриялық пішінді (квадрат, дөңгелек, алтыбұрыш, тікбұрыш) және күрделі пішінді (рельс, коставр, швеллер, бүрыш т.б.)

Беттік илем жұқа (қалыңдығы 4 мм-ге дейін) және қалың болып бөлінеді.

Құбырлар жіксіз және пісірілетін (жікті) болады. илемнің арнайы түрлеріне вагон доңғалақтары, тісті дөңгелектер, шарлар, кезеңдік илемдер және иілген пішіндер жатады.

2.2-сурет. Илем өнімінің негізгі пішіндері

Илемдеудің аспаптары мен жабдыктары. Илемдеу аспаптары ретінде илемделетін пішінге байланысты тегіс беттік (2.3а-сурет) немесе арналары бар (2.3б-сурет) сортты илем жасауға арналған біліктер қолданылады. Арна дегеніміз -біліктің бетінен кесілген илемдеуге қажетті пішіні бар ойыс. Екі жылғадан бір калибр құралады (2.3б-сурет).

Біліктің жұмыс бөліктеріне болып бөшке (1), мойын (2) және треф (3) (2.3а-сурет) жатады. Білік мойындары мойынтіректе айналады, оны қозғап, жылжытып реттеу арқылы біліктердің арасындағы арақашықтықты өзгертуге болады. Илем біліктері станинамен жұмыс клетін құрайды. Ол шпиндельмен, редуктормен, муфталармен және электр қозғалтқышымен стан түзеді. Біліктердің жұмыс клеттерінін саны мен орналасуына қарай стандар екі білікті, төрт білікті (2.3в-сурет) болады, оның екеуі жұмыс, екеуі сүйеніш біліктері; көп білікті (2.3г-сурет) біліктің екеуі - жұмыс, қалғаны -сүйеніш біліктері. Сүйеніш біліктерін пайдалану диаметрі кіші жұмыс біліктерін қолдану арқылы деформация күшін өзгертуге мүмкіншілік береді.

Илем орнақтары бір клетті және көп клетті болады. Қолдануына қарай илем стандары жартылай және дайын өнім алу түріне бөлінеді. Бірінші топқа құйма болатты қысып, үлкен жартылай өнім алатын стандар жатады (блюмингтер - сортты илемге дайындама, слябинг - табақ бет жасауға қажетті дайындама жасау үшін).

Дайын өнім жасайтын илем стандарына сортты илем, беттік болат, құбыр жасайтын және арнайы стандар жатады.

2.3-сурет. Илемдеу аспаптары

Илемнің арнайы түрлерін жасау. Доңғалақ, бандаж және сақина түстес бөлшектерді илемдеу үшін, дайындама ретінде құйма болат немесе дөңгелек илем қолданылады. Оларды жасаудың технологиялық үрдерістеріне соғу мен илемдеу де жатады. Мысалы, престе дайындаманы отырғызып, тесіп алып (-сурет), теміржол доңғалағының тоғанын, сұлбасын, дискісін, күпшегін арнайы доңғалақ илемдейтін станда жасайды.

Арнайы пішіндерді, негізінен, көлденең және көлденең винттік илемдеу стандарында жасайды. Көлденең илемдеу екі және үш білікті стандарда (7.4ә-сурет) жасалады. Червяк, жылжымалы бұранда, червякты фрезалар сияқты бұранда айдынды бөлшектерді көлденең винттік Илемдеуде токарьлық станокта бұранда жасаумен салыстырғанда, оның өндіріс өнімділігі 30-80 есе жоғары болып, 30%-ке дейін металл үнемделеді.

Әртүрлі жеңіл жүқа иілген пішіндерді арнайы пішін иетін стандарда жұқа тілім-болатты бүгу, ию арқылы жасайды.

2.4-сурет. Илемнің арнайы түрлерін жасау нобайлары

Құбыр илемдеу. Илемдеу арқылы алынатын құбырлар жасалуына және колданылуына қарай жапсарсыз және жапсарлы болып бөлінеді.

Жапсарсыз құбырларды илемдеу үшін, дайындама ретінде диаметрі 120-320 мм құйма болатпен созба дайындамалар қолданылады.

Жапсарсыз құбыр жасау үш операциядан тұрады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]