Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ETM-_LAB_rab.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.09 Mб
Скачать

Аспаптар және техникалық құралдар

Зертханалық қондырғылар жиынтығына келесі модульдер кіреді: «Функционалды генератор», «Жиынтық өрісі», қоректендіру модулі, «Кедергі 1кОм» кіші блок , екі активті диэлектрлік үлгісі бар «Пьезорезонатор» кіші блогы, жалғайтын сымдар.

Жұмысты орындау реті

1Зертханалық жұмысты орындауға жеткілікті теориялық мәліметті оқып білу. Бақылау сұрақтарына жауап беріп зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алады , немесе рұқсатты тест тапсырып алу. алынған материалдардың тәжірибеден күтілетін диэлектрлік шығын бұрышының тангенсі және қатысты диэлектрлік өтімділік мәндерін анықтама бойынша іздеп таңдайды

2 Қатты диэлектриктердің диэлектрлік шығын бұрышының тангенсін және диэлектрлік өтімділікті өлшеуге арналған зертханалық кешен сұлбасын жинау.( 26сурет)

.

Сурет 26. Қатты диэлектриктердің диэлектрлік шығын бұрышының тангенсін және диэлектрлік өтімділікті өлшеу үшін керек зертханалық кешен сұлбасы.

3Қоректендіру модулінің автоматымен стендті қорек көзіне қосу.

4 Мультиметрді және «Функционалды генератор» модулін қосу.

5 «Функционалды генератор» модулінің келесі жұмыс режимін қосу.

- Сигнал түрі - «~»;

  • Сигнал жиілігі - 1900 Гц;

  • Сигнал амплитудасы – ең жоғарғы.

6 Сұлбадағы PV1прибордың орнына мультиметр-1 орнатады, ол кернеуді U1 өлшеу үшін қолданылады, PV2 прибордың орнына мультиметр-2 орнатады , ол кернеулер U2 және U3 өлшеу үшін қолданылады .

7Кернеу U1 өлшеу үшін кілтті SA1 жоғары орынға(1) орнатады ( сур.26), ал кернеу U3 өлшеу үшін кілтті SA1 төменгі орынға (2)орнатады. ( сур.26) .

8Конденсатор кіші блок моделінің алдынғы жағында көрсетілген номиналды мәнге сәйкес резистор R0 таңдайды.

9. Өлшеуді екі кезеңде жүргізеді:

1кезең: - 2Вдейінгі айнымалы кернеуді өлшеу режиміне мультиметрлерді орнату.

- Орта орынға реттегіш R орнату ;

- функционалды генератор және қоректендіру модулінің автоматын қосып сұлбаға кернеу беру;

-Кіріс сигналының амплитудасын 1В ≤ U1< 2В аралықта орнатады (ол үшін «Функционалды генератор» модулінің амплитуданы жоғарлататын батырмасын басып бір шама ұстап тұрады) , мұндайда прибордың U2 көрсеткіштері 1≤ U2 <2 аралықта болады ( дәлірек нәтиже алу мақсатында U1, U2 және U3 приборларының көрсеткіштері 4 дәрежелі мәнде болу керек) . Яғни приборлардың көрсеткіштері 1 U1,U2,U3< 2 аралықта болуы қажет, (мысалы 1,245; 1,000; 1,670 және т.б. )

- Кілттің SA1 көмегімен 1 және 2 орындар арасында мультиметрді-2 қайта қосып, приборлардың көрсеткіштерін алады.

Өлшеу нәтижелерін 12 кестеге жазады.

2 кезең: - жиілікті -1950 Гц дейін жоғарлатады ; Бұл кезде прибордың U2 көрсеткіштері жоғарлайды;

-«Функционалды генератор» модулінің амплитуданы жоғарлату батырмасының көмегімен ( дөрекі реттеу) және «Жиынтық өрісі» модулінің айнымалы кедергісінің R көмегімен ( дәлдік реттеу) прибор U2 көрсеткішінің мәнін,осы аспаптың алдынғы өлшеудегі көрсеткішіне тең етіп , орнатады. (1этап );

- Кілттің SA1 көмегімен 1 және 2 орындар арасында мультиметрді-2 қайта қосып, приборлардың көрсеткіштерін алады.

10 Өлшеу нәтижелерін 12 кестеге жазады.

11 Бастапқы қолжазбаны өндеп және нәтижелерді оқытушы тексеріп болған соң сұлбаны ажыратып, кешенді толық жиынтығымен түзу күйде оқытушыға немесе лаборантқа тапсыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]