Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ETM-_LAB_rab.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.09 Mб
Скачать

Приборлар және техникалық құралдар

Қоректендіру модулі, «Жиынтық өрісі», « Функционалды генератор» модулдері, екі « Мультиметр» модулі, USB - осциллограф , «Фото­диод», «R = 1000 Ом» кіші блоктар,жалғайтын сымдар.

Жұмысты орындау реті

1Зертханалық жұмысты орындауға жеткілікті теориялық материалды оқып білу. Бақылау сұрақтарына жауап беріп зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алады , немесе тест тапсырып рұқсат алады .

осциллографқа

«Шығыс»

осциллографқа

Сурет 20. Фотодиодтың сипаттамасын алу үшін керек сұлба.

2 Фотодиодтың сипаттамасын оқып білу үшін 20 суреттегі сұлбаны жинаймыз.

3 Сұлбаны «Жиынтық өрісі» модулінде жинайды. Жарықдиод VD және фотодиод BL ретінде «Фото­диод» кіші блогын қолданады.

4 РА – мультиметрі тұрақты ток 20мА дейінгі өлшеу режимінде жұмыс істейді.

5 Кедергі R1 ретінде «Жиынтық өрісі» модуліндегі айнымалы кедергіні қолданады, ал R2 ретінде «R = 1000 Ом» кіші блокты қолданады.

6Қоректендіру модулінің кернеу реттегішінің тұтқасын тірекке тірелгенше сағат тіліне қарсы бұрап, жарықдиодтағы қоректендіру кернеуін ең төменгі мәнге орнатады.

7Үшбұрышты импульс сигналының көзі ретінде «Функционалды генератор» модулін қолданады.

8 Қоректендіру модулінің автоматымен стендті қоректендіреді.

9 Мультиметрді қосады.

10 «Функционалды генератор» модулін «қоректендіру» тұтқасы арқылы қосады .

11 Сигналдың ұшбұрышты формасының ең жоғары амплитудасын ( амплитуданы жоғарлататын батырманы 10сек ұстап тұрып) және жиілікті 100 Гц етіп орнатады.

12 Компьютірде «DiSco» бағдарламасын қосу. А және В арналарының бейнесін оларға сәйкес батырмаларын басу арқылы қосу.

13 «XY» режиміне өту. Жайылуды (развертка) 100 мкс орнату.

14 Арналарды күшейтуді 2В/э орнату.

15 Вольтамперлік сипаттама жинағын алуға қажет:

-қоректендіру модулінің кернеу реттегішімен жарықдиод тізбегінде ток күшін 1-3 мА қадаммен ең жоғары мәніне дейін көбейту («Жинақ өрісі» модулінің айнымалы R1кедергісін қолданып ток күшінің дәл мәнін орнату үшін);

- «Тастау»(«Сброс») батырмасын басып USB-осциллографты тоқтатады;

-«Файл» мәзірінде «Сохранить как растровый рисунок» деген пункті таңдап белгілі бір есім қойып сақтау (файыл атауының мазмұны ВАС-нан алынған жарықдиод тізбегіндегі ток мәніне сәйкес болғаны дұрыс болады);

-зертханалық жұмыстың есебіне гистерезис тұзағының осциллограммаларын қосып қою қажет.

16 Қоректендіру модулінің автоматымен стенді қорек көзінен ажырату.

17.Фотоэқк анықтау үшін сұлбаны жинау ( сурет 21). PV -Мультиметр тұрақты кернеу дейінгі режимде жұмыс істейді. Мультиметр РА тұрақты ток 20мА дейінгі режимде жұмыс істейді. «Жиынтық өрісі» модулінің айнымалы кедергісін кедергі R1 ретінде қолдану.

18 Қоректендіру модулінің кернеу реттегішінің тұтқасын сағат тіліне қарсы тірекке тірелгенше бұрап жарықдиодтың қорек кернеуін ең төменгі мәнге орнату.

Сурет 21. Фотоэдс анықтау үшін керек сұлба.

19Қоректендіру модулінің кернеу реттегішімен жарықдиодтың тізбегінде ток күшін мүмкіндігінше ең жоғарғы мәнге 1-3мА қадаммен жеткізу (Ток күшінің мәнін дәлдікпен орнату үшін «Жиынтық өрісі»(«Наборное поле») модулінің айнымалы кедергісін R1 қолданады), жарықдиоды арқылы өтетік ток iVD мәнін (РА мультиметрдің көрсеткіші) және фотодиодтағы кернеуді(PV вольтметрдің көрсеткіші) 9 кестеге жазып алу.

20 Қоректендіру модулінің автоматы арқылы стендті қорек көзінен ажырату.

21Бастапқы қолжазбаны өндеп және оқытушы нәтижелерді тексеріп болған соң сұлбаны ажыратып, кешендіі толық жинағымен түзу күйде оқытушыға немесе лаборантқа тапсыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]