- •Практикалық (семинарлық) сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Қоғам дамуындағы менеджменттің ролі.
- •Басқару және оның деңгейлері.
- •Басқару құрылымы.
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар (осөж)
- •1 Есеп.
- •Басқару құрылымдары
- •1. Басқару құрылымының түсінігі
- •2. Басқару құрылымының түрлері
- •4. Коммуникациялық желілер және олардың түрлері
- •Ұйымдастыру құрылымынң типтері
- •Ұйымдастыру құрылымдарын жобалау
- •Басқару өкілеттігі
- •1. Өкілеттік және оның түрлері
- •2. Басқару өкілеттілігін бөлу
- •3. Басқарудың ұйымдастыру схемасы
- •4. Басқарудағы бюрократизм
- •5. Басқару жүйесін жетілдіру жолдары
- •Шешiм эталондары
- •Μйым маºсатыны» т¾сiнiгi
- •Μйымда¹ы маºсаттар ж¾йесi.
- •1 Схема. “Маºсат а¹ашы”
- •Маºсаттар бойынша басºару.
- •Басқару функциялары
- •4. Бақылау функциясы
- •Басқару прицниптері
- •Басқару әдістері
- •1. Мәселелер шешім қабылдаудың алдын ала сілтемелері ретінде
- •2. Шешім және оны түрлері
- •3. Шешім қабылдау әдістері
- •Маркетинг және зерттеу объектілері
- •Маркетингті зерттеудің әдістемелік негіздері
- •Маркетингтік зерттеулер процедурасы мен ережелері
- •Маркетингтік ақпарат жүйесі
- •2. Ұйымдастыру құрылымының мазмұны және қолданылуы.
- •1. Басқару және оның деңгейлері.
4. Коммуникациялық желілер және олардың түрлері
Екі адамнан көп жұмыс істейтін ұйымдарда коммуникациялық каналдар желілерге біріктірілген, ол басқару құрылымының элементтерін байланыстырады және басқару құрылымы сияқты көп деңгейлі болады. Олар формальды және формальды емес коммуникацияларды, бір-бірін толықтыратын және қайталайтын каналдарды біріктіреді.
Практикады коммуникациялық желілердің 3 түрін бөлуге болады: ашық, тұйықталған және құрамалы (комбинированный). Ашық желілерде команданың немесе ақпараттың қозғалысы тоқталуы мүмкін, өйткені ол каналдың соңындағы басқару құрылымының элементіне келіп тіреледі. Ол сонымен бірге «делдалға» немесе «бақылаушыға» (коммуникация желісінің аралық буындары) келіп тоқтауы мүмкін, олар қандай да бір себептермен ақпараттың қозғалысына кедергі жасайды (тоқтатады, түзетеді, бұрмалайды, басқа жаққа бағыттайды). Тұйықталған желілерде тупик немесе бақылаушылар жоқ. Құрамалы желілерде алдыңғы екеуі де бар, бұл көбінесе ірі көп деңгейлі ұйымдарда болады.
Әрбір коммуникация желілерінің жетістіктерін және кемшіліктерін толық қарастырайық.
Ашық коммуникациялық желінің ең қарапайым түрі – «жылан» деп аталатын сызықтық, желі. Басқару құрылымының А және Б элементтері тупикте болады, ал В элементі делдалдың ролін ғана атқармайды, сонымен бірге бақылаушы болуы да мүмкін. Мұндай желі бір деңгейдің қызметкерлерін байланыстырады және көбінесе формальды емес сипатта болады немесе күрделі желінің элементі болып табылады.
А В Б
Схема 1. «Жылан» типті желі
Көбіне формальды иерархиялы құрылымдарға тән екі және одан да көп деңгейлерден тұратын желілерде орталық буын болады, олар вертикальды коммуникациялық каналдардың бастапқы буыны ретінде болады.
Егер иерархияның төменгі деңгейіне тиісті буындар саны бақылау диапазонының шегінен шықпайтын болса, онда «жұлдыз» деп аталатын коммуникациялық желі тиімді болып табылады. Ол ақпаратты оперативті алуға және оны орталық буында (А) жинақтап қысқа мерзімде орындаушыларға жіберуге мүмкіндік береді. А буынына басқаруда тәртіпті сақтау жеңілірек, себебі коммуникацияларда делдалдар және формальды емес каналдар жоқ.
В Б
А
Г
Схема 2. «Жұлдыз» типті желі
Бірақ ірі басқару құрылымдары үшін мұндай коммуникациялық желілер тиімді емес. А орталық буыны өз алдына шешімді қабылдап орындаушыларға жеткізуге шамасы келмейді. Оның көмекшісі Б (делдал) пайда болады, ол команданы нақтылайды және В, Г, Д орындаушылар арасында бөледі. Орта басқару деңгейінің өкілі бола тұра, ол үлкен билікке ие болады, яғни ақпаратты бақылайды. Мұндай желі «шпор» деп аталады.
А
Б
В Г Д
Схема 3. «Шпор» типті желі
Сондықтан ірі көп профильді функционалдық құрылымдар үшін басқа коммуника-циялық желілер қолданылады, мысалы «тент» (схема 4) және оның модификациялары. «Палатка» және «үй» деп аталатын модификациялардың маңызы мынада, оларда верти-кальды каналдармен қатар горизонтальды коммуникациялық каналдар болады, олардың көмегімен көптеген екінші дәрежелі мәселелерді шешуге болады, бұл жетекшіліктің оларға көңіл аудармауына және тек ең бастысына көңіл қоюына мүмкіндік береді.
«Палаткада» екінші тұлғалар арасында тек бір горизонтальды коммуникациялық деңгей болады, ал «үйде» басқару құрылымының барлық деңгейінде мұндай каналдардың болуы жіберіледі.
А
Б В
Г Д
Схема 4. «Тент» типті желі
А А
Б В Б В
Г Д Г Д
Схема 5. «Палатка» типті желі Схема 6. «Үй» типті желі
Коммуникациялық каналдарды пайдаланудың еркіндігі бірқатар мақсатты бағытталған деформацияларды тудыратыны практика жүзінде дәлелденді, олардың көмегміен басқару құрылымының жеке субъектілері коммуникация желісінен алдымен шығып қалуы, сонан кейін алынып тасталуы мүмкін.
Мысалы, алдын ала келісудің негізіде Д субъекті А үшін ақпаратты Б және Г арқылы жіберуі мүмкін (В жанай өтіп). Бірқатар уақыттан кейін В-ның керек еместігі дәлелденеді де, оны басқару құрылымынан шығарып тастайды.
Толығымен ашық коммуникациялық құрылымдар бюрократиялық ұйымдарға тән, онда бір буын екіншісіне бағынады және формальды байланыстар басымырақ. Дегенмен мұндай ұйымдарда икемді құрылымдар да болуы мүмкін – кеңес беруші және мәжілістік (комитеттер, комиссиялар, арнайы шығармашылық топтар), олар негізінен ішкі байланыстың және өзін-өзі басқарудың формальды емес және жартылай формальды байланыстарына негізделген. Коммуникация бұл жерде тұйық желілер арқылы жүргізіледі, онда делдалдар бақылаушылардың емес, құрылым элементтері арасындағы өзара байланысты жеңілдететін байланысшылардың ролін атқарады.
Тұйықталған желінің негізі «шеңбер» типті желі болып табылады (схема 7). Ірі ұйымдарда ол қосымша коммуникациялық каналдары бар күрделі болуы мүмкін. «Шеңбер» моральды-психологиялық климаты бар құрылымдарға тән. Ол адамдарды біріктіруге көмектеседі, ақпаратты және идеяларды айырбастауды жеңілдетеді, шығармашылық процестерге дем береді.
А Б А Б
В Г В Г
Схема 7. «Шеңбер» типті желі
Шығармашылыққа әрине, команда беруге болмайды. Үйлестіру болмаған жағдайда оның дамуы тиімді болмайды. Мұндай үйлестіру «дөңгелек» типті желінің көмегімен қамтамасыз етіледі, онда коммуникация процесін жеңілдететін және тездететін орталық субъект бар. Бірақ бұл нұсқау беретін администратор емес, қалғандарын өз артына ерте білетін жалпы танылған басшы (лидер).
А Б
Д
В Г
Схема 8. «Дөңгелек» типті желі.
Ірі ұйымдарда шығармашылық топтар бір-бірімен байланысты болуы мүмкін, онда коммуникациялық құрылым «ұялы» түрде болады (схема 9). Бұл желі ашық типті «жылан» және тұйықталған «дөңгелек» немесе «шеңбер» типті желілерді құрайды. Коммуникация процестердің бұл жерде өз тупиктері бар және байланысшылар бақылаушыларға айналуы мүмкін. Бұл тупиктерді «байланыстырушы буын» принципін қолданып айналып өтуге болады.
Б Г Ж И
А Е Л
В Д З К
Схема 9. «Ұялы» типті желі
