Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ММФПказ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591.93 Кб
Скачать

1. Мәселелер шешім қабылдаудың алдын ала сілтемелері ретінде

Ұйым және оның мүшелерінің алдында тұрған мақсатқа қол жеткізумен тікелей немесе жанама байланысты қандай да бір іс-әрекеттерді жасау немесе одан бас тарту қажеттігі туралы ойластырылған қорытындыны басқару шешімі деп түсінуге болады. Шешім қабылдау қажеттігі ұйым қызметімен байланысты мәселелердің болуымен, яғни не бар және не болу керектігінің арасындағы үзілісті сипаттайтын күрделі теориялық сұрақтар мен практикалық ситуациялардың болуымен негізделеді.

Мысалы ондай үзіліс ұйымға қатысты оның мүшелері, іскерлік әріптестері, толығымен қоғам тарапынан болатын үміттері мен олардың осы үміттерді қанағаттандыра алу қабілетері арасында болуы мүмкін.

Мәселенің барлық уақытта да белгілі бір мазмұны (не?) болады; нақты орынмен (қайда?); пайда болу және шешілу уақытымен, қайталану дәрежесімен (қашан?); сандық параметрлермен (қанша?); оған қатысты адамдармен (кім?) байланысты болады. Бұл адамдар мәселелердің пайда болуына себепті, инициаторлар немесе оны шешуге қатысушылар, оның сақталуына мүдделілер болуы мүмкін.

Мәселелердің шығу себептері, оларды шешу жолдары, кей жағдайда екеуі де түсініксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда шешімді іздеу арнайы зерттеулерді талап етеді, оның негі-зінде мәселенің құрылымын және оның жеке элементтерінің ішкі өзара байланыстарын түсінуге болады.

Мұндай өзара байланыстардың бірі себеп-салдарлық тәуелділік, бұл жағдайда бір элементтегі өзгеріс келесі элементте сәйкесінше өзгеріс тудырады. Бұл тәуелділік қатаң және қатаң емес болуы да мүмкін. Ол бір жақты және тікелей байланысқа кері байланыс қосылса екі жақты да болуы мүмкін: салдар тек себептен шығып қоймайды, өз кезегінде оларға әсерін тигізеді. Элементтер арасындағы байланыс сызықтық ғана емес, сонымен бірге өзара байланысқан ауыспалылардың пропорционалды емес өзгерістерін көрсететін сызықтық емес те болуы мүмкін.

Мәселені тиімді шешу үшін адамдардың іс-әрекеттері және олардың мүмкін болатын нәтижелері арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті жақсы білу керек, бұл тәуелділіктерді жоқ жерден іздемеу керек, байқалғандарын дұрыс анықтау керек және бір басқару мәселеерінің шешімі келесілерін тудыратынын түсіну керек.

Ауыспалылар арасындағы тәуелділік барлық уақытта анық болмағандықтан, оны анықтау үшін себеп-салдарлық талдау жүргізу қажет. Ол іс-әрекеттердің тілек етілмеген және жоспардан ерекшеленетін нәтижелерінің болуына негізделеді. Талдау мәселенің пайда болуына әкелген себептерді анықтауға және бекітуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда келесі факторлар мәселенің пайда болуына әкеледі:

  • біріншіден, ұйым қызметі негізделетін дұрыс емес принциптер. Мысалы, рентабельділік деңгейінің төмен болуы, нәтижесінде алынған табыстың салықты төлеуге де жетпеуі мүмкін;

  • екіншіден, ұйым, бөлімше, ұжым немесе жеке қызметкер қызметін бағалау критерилері-нің қате болуы. Критеридің жоғары болуы жоқ жерден мәселені тауып береді, керісінше критеридің төмен болуы нақты мүмкіндікті (мәнді) төмендетіп көрсетеді;

  • үшіншіден, алға қойған мақсатқа жету процесінде бұзушылықтардың болуы, ол кездей-соқ болуы да мүмкін немесе әдейілеп ұйымға немесе жеке адамға зиян келтіру мақсаты-мен жасалған қателіктер болуы мүмкін.

Егер мысалы, мәселе бастапқыдан бар болса және ұйым жұмыс істеген бірінші күнінен бастап алған нәтижелері жоспарлағаннан өзгеше болса, онда қызмет стандарттарының негізділігін және нақты сыртқы шарттардың күтіліп отырған шарттарға сәйкестігін зерттеуден бастау керек. Егер екі жағы да дұрыс болса, онда себепті іздеуді тереңдету керек немесе ұйымнан тыс іздеу керек.

Егер мәселе кейінірек (кешірек) анықталған болса және оның себептері туралы бірден болжам айтуға болатын болса, онда талдаудың міндетіне оның шынайылығын тексеру, мәселе және оның салдарларының арасында нақты жағдайда байқауға болатын байланыстың болуын дәлелдеу кіреді. Егер жүргізілген түзетулердің нәтижесінде ештеңе де өзгермейтін болса, онда қалыпты себеп-салдарлық байланысты бұзатын факторларды іздеу жүргізіледі. Оған мысалы, құзырлылығы жеткіліксіз адамдардың жағдайды өздігінше түзетуге тырысуы жатады.

Себеп-салдарлық талдауды жүргізу кезінде тәжірибені ескеру керек, ол үшін осы мәселеге қатысы бар адамдар мәселені талқылайды. Талқылауға қатысатын адамдар неғұрлым көп болған жағдайда барлық пікірлерді ескере отырып ортақ тұжырымға келеді.

Себеп-салдарлық талдаудың алдын-ала сілтемесі және нәтижесі пайда болған мәселелерді жіктеу болып табылады, оны бірқатар белгілері бойынша жүргізуге болады.

  1. Ұйым үшін маңыздылығы. Мысалы, инвестицияға қаржының жетіспеуі немесе өндірістік аппараттың құрылымының ескіруі ұйымның күнделікті жағдайына ғана емес, болашақтағы алатын орнына да әсерін тигізеді. Дегенмен, маңғыздылығы өте жоғары емес мәселелерден, мысалы қызметкерлердің сыйақысын өз уақытында төлеуге ақшаның болмауы, ештеңе де болмайды.

  2. Мәселенің масштабы, ол осы мәселе қандай да бір дәрежеде қатысты болатын ұйым мүшелерінің санымен сипатталады.

  3. Қауіп-қатер дәрежесіне байланысты, ол ұйым үшін тілек етілмеген жағдайлардың болуымен өлшенеді және де ұйым тұрақтылығына әсекрін тигізетін жаңа мәселелердің пайда болуына әкеледі. Қауіп-қвтермен бірге жүретін мәселелер тездетіп шешілуі керек.

  4. Мәселелерді құрылымына және қалыптасу дәрежесіне байланысты бөлуге болады. Кейбір мәселелерді элементтерге бөлуге болады, олардың арасындағы өзара байланыстар арқылы сандық көрсеткіштерде беру оңай және оларды әрі қарай математикалық модельдеу немесе формальды әдістердің көмегімен шешуге болады. Келесі мәселелерді элементтерге бөлу мүмкін емес, сандық көресткіштерде берілмейді және тек негізгі бөлігін ғана сипаттауға болады. Ал үшінші мәселелер тек сапалық сипаттауға ғана келеді.

  5. Мәселелер сонымен бірге шешілу мүмкіндіктеріне қарай жіктеледі. Кейбір мәселелерді мүлде шешу мүмкін емес, ондайлар көп болмайды. Екіншілері қазіргі уақытта шешілуі мүмкін емес, оның себептері әртүрлі болуы мүмкін, мысалы қаржының жетіспеуі, ал үшіншілері оңай шешіледі және кез келген уақытта жүзеге асырылады.

Дегенмен, ең маңыздысы мәселелерді шешу емес, тілек етілмеген жағдайлардың болу мүмкіндігін төмендететін әртүрлі алдын алу шараларын жүргізе отырып оны болдырмау.