Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ММФПказ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591.93 Кб
Скачать

Басқару құрылымдары

1. Басқару құрылымының түсінігі

Ұйымның және оның бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін оның жұмысын үне-мі үйлестіріп отыру керек, бұл басқару жүйесінің-формалардың жиынтығының міндетіне кіреді, оның көмегімен практика жүзінде басқару процесі жүзеге асырылады. Мұндай фор-маларға басқару қызметінің субъектілерін, олардың арасындағы байланыстарды, мақсат-тарды, функцияларын, әдістерін, басқарудың техникалық тәсілдерін жатқызуға болады.

Басқару жүйесінің оны түзетін бір-бірімен байланысқан элементтердің реттелген жиынтығы болып табылатын құрылымы бар. Басқару жүйесі сияқты оның құрылымы да көп қырлы, бірақ онда базалық элементті – басқару субъектілерін (органдарын) және олардың арасындағы байланысты, яғни басқару және коммуникациялық құрылымдарды бөлуге болады.

Еңбекті бөлуді тереңдету және соған негізделген мамандандыру, ұйым шеңберінде орындалатын қызмет түрлерінің өсуіне әкеледі, сонымен бірге бөлімшелердің саны да өседі.

Бөлімшелерде жүргізілетін өндірістік дәне технологиялық процестерді басқару олардың өзінде жүргізіледі, бірақ ұйымның жұмысы табысты болуы үшін бөлімшелердің жұмысын үйлестіріп отыру керек, ол үшін арнайы басқару бөлімшелері және қызметтері құрылады. Сонымен басқару құрылымы екі элементтен тұрады: тікелей өндірістік процестерді басқару органдары және жалпы басқару органдары, яғни ұйымның қызметіне толығымен және оның басқару буындарында.

Еңбекті бөлу тереңірек болған сайын және ұйымдағы қызмет түрлері көп болған сайын оның басқару құрылымы да күрделі болады. Бұл бір жағынан өндірістік және технологиялық өзара байланыстардың көп болуымен, ал екінші жағынан жұмысын үйлестіріп отыруды қажет ететін бөлімшелер санының өсуімен байланысты.

Басқару теориясында және практикасында бақылау диапазоны, яғни тиімді басқаруға болатын объектілердің белгілі бір саны маңызды орын алады. Диапазонның орташа шамасы 7-10-ға тең. Басқарудың жоғарғы сатыларында ол 4-5-ке, ал төменгі қарапайым жұмысты орындау сатыларында 20-30, кейде одан да көп болады. Мысалы, Д.Вудворттың есебі бойынша ол 48-ге тең.

Практикада бақылау диапазонының шамасы негізінен қызмет сипатына байланысты болады – ол күрделі болған сайын бақылау диапазоны қатаңырақ және керісінше; сонымен бірге жетекші білімінің деңгейіне, уақытының болуына; қарамағындағы қызметкерлердің қабілеттеріне және біліктілігіне, олардың өз жұмыстарына деген қызығушылықтарына байлаысты болады. Қызметкерлер саны өзгермеген жағдайда бақылау диапазонын ұйымдағы бөлімшелер саны, оларды басқару деңгейі және басқару құрылымының күрделілігі анықтайды.

Тіпті екі объектінің жұмысын координациялау үшін де жоғары басқару органы керек, бұл басқару құрылымын екі деңгейлік етеді. Егер координацияланатын объектілер саны ондаған болса, онда орташа бақылау диапазоны жоғарылап кетеді, сондықтан оларды екі топқа біріктіреді. Әрбір топта өз алдына жеке басқару органы болады, онан басқа оларды басқаратын рангы жоғары жалпы жетекшілікті жасайтын басқару органы болады. Сонымен басқару құрылымы үш деңгейлік болады және ұйымдағы бөлімшелер саны өскен сайын оларда көбейе береді.

Бұл мәселені басқару жүйесінің өзін бұзбай механикалық жолмен шешу мүмкін емес. Бұл процесс элементтердің құұы мен жауапкершілігін кеңейту, олардың арасында тек әкімшілік қана емес, сонымен бірге экономикалық қатынастарды да дамыта отырып жүргізілуі керек.

Басқару органдары нақты бөлімшелерге немесе олардың топтарына жататын болғандықтан, олардың құрылымының «көлденең кесіндісі» ұйымның жалпы құрылымымен сәйкес келеді. Басқаша сөзбен айтқанда, функционалды, дивизиональды, бағдарламалық-құқықтық, жобалық, матрикалық және т.б. басқару құрылымдарын бөлген дұрыс. Жалпы құрылымнан соңғыларының айырмашылығы, оларда вертикальды (тігінен) өлшеу бар және пирамида түзеді, оның әрбір «этажында» өздеріне тән басқару функциялары орындалады.

Басқарудың нақты бір жағына бірнеше факторлар тобы әсер етеді, бұл ең алдымен ұйымның масштабы және құрылымы. Біріншісі, басқару құрылымынң «жоғары» немесе «жайпақ» (плоский) болатынын анықтайды, ал екіншісі оның типін көрсетеді – функциональды, дивизиональды және т.б.

Басқару құрылымы байланысты болатын факторлардың келесі тобы – технологиялық. Өндірістік процестерді автоматтандыру жағдайында, яғни аппараттық форма басым болғанда адамның үнемі қатысуы қажет болмайды, мұндай басқару құрылымдары өндірістік персоналдар саны көп болатын және күрделі операцияларды қолмен орындайтын формаларға қарағанда қарапайым болып келеді.

Басқару құрылымына экономикалық факторлар да маңызды әсер етеді.

Басқару құрылымы адам факторының – персоналдардың әлеуметтік құрылымы мен адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың әсерінсіз болуы мүмкін емес.

Бірқатар жағдайларда басқару құрылымына табиғи факторлар – географиялық және табиғи-климаттық – әсер етуі мүмкін. Мысалы, бөлімшелердің әр жерде орналасуы, олар-дың орталық жетекшіліктен алшақ орналасуы, жұмыс жағдайының қиын болуы және т.б.

Басқару құрылымы ұйымдағы алатын орны және қызмет сипатымен анықталады.

Басқарудың тиімді құрылымдарына келесілер тән:

  • өзара тәуелділік, жеке буындардың өзара әсері, яғни бірінің екіншісіне тигізетін әсері оларда сәйкес өзгерістерді тудырады;

  • динамикалығы және икемділігі, тез өзгеру, жаңа сыртқы және ішкі жағдайларға бейім-делу қабілеттері, ол үшін басқару құрылымы минимальды дәрежеде инертті болуы керек;

  • тұрақтылығы, яғни ішкі және сыртқы факторлардың ашу тудыратын әсері кезінде тепе-теңдікті сақтау қабілеті.