Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД ММФПказ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591.93 Кб
Скачать

3. Басқарудың ұйымдастыру схемасы

Дәріхана ұйымдарында басқару өкілеттілігін бөлу екі ыңғай негізінде жүргізілуі мүмкін: 1 – бір басшылық; 2 – көптеген бағыныштылар немесе өкілеттіліктің жұтылуы.

Басқару өкілеттілігінің маңызды түрлері нұсқаушы – сызықтық және функционалдық.

Сызықтық схемасы ірі емес дәріханалық ұйымдарда кеңінен қолданылады. Бұл схема ірі көп деңгейлі дәріхана ұйымдарын басқару кезінде құрамдас элемент ретінде қолданылуы мүмкін:

Ж етекші

Орындаушы Орындаушы

Басқарудың қарапайым схемасы

Қарапайым схеманы көлденеңінен және тігінен дамыту жолымен қалыптасатын күрделі сызықтық схема, осы күйінде мөлшері бойынша өте үлкен емес көп деңгейлі ұйымдарда қолданылады. Осы схема бойынша дәріхана, дәріханалық қойма, дәрілік заттарды көтерме сатумен айналысатын делдал фирма басқарылады:

Ж етекші

Жетекші Жетекші

Орындаушы Орындаушы Орындаушы Орындаушы

Басқарудың күрделі сызықтық схемасы

Мұндай басқару схемаларының мүмкіндігі шектеулі, сондықтан ірі ұйымдарда қолдану мүмкін емес.

Басқарудағы бұл шектеулерді функционалдық өкілеттілікті бөлуді көрсететін басқарудың функционалдық схемасын қолдану арқылы болдырмауға тырысты.

Функционалдық схемада бірінші жетекшінің жалпы шешімдерін ұйымның бас функционалдық мамандары нақтылайды – қор бөлімінің меңгерушісі, бас бухгалтер, фармацевт-аналитик.

Дегенмен практикада басқарудың функционалдық схемасы қабілетсіз екенін көрсетті.

Функционалдық схеманың кемшіліктері басқарудың модификацияланған сызықтық схемасын құруға әкелді, оны сызықтық-штабтық деп атады. Мұндай схеманың маңызы мынада, сызықтық жетекшіге көмек ретінде мамандар тобы – штаб құрылады. Штабтың міндетіне ақпаратты алу және талдау, шешім жобаларын жасау, жетекшілікке күнделікті кеңес беру, бақылауды жасауға көмектесу кіреді.

Бұл процесс кезінде штаб мамандары жоғарыда айтылған өкілеттілікті жүзеге асырады.

Ж етекші

штаб

Жетекші Жетекші

штаб штаб

Орындаушы Орындаушы Орындаушы Орындаушы

Фармацевтикалық фирманы басқарудың сызықтық-штабтық схемасы

Басқарудың мұндай схемасы жетекшіні мәселелерге терең талдау жасаудан және шешімдердің көптеген жобаларын дайындау бойынша жұмыстан босатады. Бұл жұмыстарды мамандар білікті және оперативті орындайды. Сонымен, штаб басқарудың сызықтық схемасының мүмкіндіктерін біршама кеңейтеді. Бірақ оның басты кемшілігі де сақталады, яғни маңыздылығы қандай болғанына қарамастан шешімді тек бірінші тұлға қабылдайды.

4. Басқарудағы бюрократизм

Басқару сферасындағы жұмысшыларды мамандандырудың табиғи процесі штаб қызметкерлерінің санының өсуіне әкеледі, бұл өз кезегінде бюрократизмге, яғни істі жүргізудің формальды принциптерінің үстемдік етуіне алып келеді.

Мұндай ұйымдардың әртүрлі деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікте анық айырмашылықтар байқалмайды және шартты түрде берілген, сондықтан жоғарыдағы жетекшілер кез келген этапта өзінің қрамағындағылардың жұмысына еш кедергісіз араласа алады, ал қарамағындағылар олардың айтқанын сөзсіз орындауға мәжбүр болады.

Басқарудағы бюрократизация пайда болады, яғни аппараттың жұмыс істеуі қызметкерлердің жеке сапалық көрсеткіштерімен емес, олардың алатын жағдайларының ерекшеліктерімен сипатталады, ол келесілерден тұрады:

  1. Қызметкерлер жетекшіге және оның қызметіне тәуелді болатын жалдамалы жұмысшылар.

  2. Жалпы нәтижеге аппарат қызметкерлерінің қосқан үлесі объективті өлшенбейді және бағаланбайды, бұл қызметтің тұлғасыз сипатымен негізделеді, ол әрбір қызметкердің жеке үлесін көрсетпейді және көп жағдайда жетекшінің жеке симпатиясы мен антипатиясына байланысты болады.

Өздерінің жағдайларын тұрақтандыру және өздерінің қажетті қызметкер екенін көрсету үшін басқару аппаратындағы қызметкерлер өздеріне ұйым мақсаты үшін ешқандай құндылығы жоқ қызметтің қосымша түрлерін ойлап табады. Жетекшілік мұндай жағдайларда ұйымның нақты өмірінде не болып жатқанынан бейхабар, яғни бөлектеніп қалады және болып жатқан нақты жағдайдан хабарсыз болғандықтан дұрыс стратегияны жасауға мүмкіндігі болмайды.

Бюрократияны жоюға болмайды, өйткені басқару қызметінсіз мүмкін емес, тек үстемдік етудің кейбір негативті көріністерін бәсеңсіту немесе жою арқылы ұстау керек. Ол үшін ұйымды басқару әдістері мен жүйелеріне өзгерістер енгізеді, ең алдымен прогрессивті бағытталған жоғары жетекшіліктің қолына барлық өкілеттілікті орталықтандыру жолымен жүргізуге болады.