Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС избранные вопросы кардиологии(1)(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7 Мб
Скачать
  1. Атрио-вентрикулярлы түйіннің қалыпты жағдайдағы функционалды міндеті://

Импульстер өткізілуінің баяулауы//

+ Импульстер өткізілуінің жылдамдауы//

Импульстер генерациясы//

Барлық аталғандар//

Аталғандардың ешқайсысы емес

***

  1. Импульстер ең төмен жылдамдықпен өтеді://

Синоартриалды аймақта//

+ Түйін аралық жүрекшелік жолдарда//

АВ түйінде//

Гис будасының жалпы бағанасында//

1 және 3 жауап дұрыс

***

  1. Деполяризация векторының бағыты://

+ Деполяризация бағытымен сәйкес//

Деполяризация бағытыны қарсы//

Деполяризация бағытына перпендикулярлы//

Кез-келген вариант болуы мүмкін//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Реполяризация векторының бағыты://

Реполяризация бағытымен сәйкес//

+ Реполяризация бағытыны қарсы//

Реполяризация бағытына перпендикулярлы//

Кез-келген вариант болуы мүмкін//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Қарыншалар миокардының реполяризациясы нормада басталады://

Эндокардта//

Эпикардта//

+ Миокардтың интрамуральды қабатында//

Бір уақытта миокардтың барлық қабаттарында//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Қарыншалар деполяризациясы басталады://

+ Қарынша аралық перденің сол жағынан//

Қарынша аралық перденің оң жағынан//

Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасынан//

Сол қарыншаның артқы қабырғасынан//

Бір уақытта миокардтың барлық бөлімдерінде

***

  1. Синусты тахикардияға тән емес://

RR арасы ырғақ жылдамдауына пропрционалды қысқарған//

TP интервалы қысқарған//

QRS комплексі кеңеюге бейім//

+ Альфа бұрышының мәні жоғарылаған//

QT интервалының қысқаруы

***

  1. Синусты брадикардияда мүмкін://

+ PQ интервалының ұзаруы//

Т тісшесі амплитудасының жоғарылауы//

Р тісшесінің кеңеюі//

QT интервалының ұзаруы//

Барлық жуап дұрыс

***

  1. Синусты брадикардия қатар жүреді://

+ PP және RR интервалының жоғарылауы//

PQ интервалының ұзаруы//

QT интервалының ұзаруы//

Барлық жауап дұрыс//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Синусты аритмия://

Жиі жас адамдарда байқалады//

Синус түйіні қызметінің бұзылысының көрінісі болуы мүмкін//

Көбіне тыныс алу актімен байланысты//

Синоартриальды өткізгіштің бұзылысымен шақырылуы мүмкін//

+ Барлық жауап дұрыс

***

  1. Жылжымалы импульстің нақты көрінісі болып табылады://

+ QRS комплексінің кеңеюі//

PQ интервалының ұзаруы//

Қалыпты импульстен эктопиялыққа дейінгі интервал ұзақтығы қалыпты RR аралығынан көп//

Барлық жауап дұрыс//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Оң жақ жүрекшенің төменгі бөлігінен эктопиялық ырғақтың ең жиі белгісі://

+ QRS комплексінің алдында инвертирленген Р тісшесінің болуы//

Р тісшесінің кеңеюі//

Р амплитудасының жоғарылауы//

РР интервалының жоғарылауы//

Барлық жауап дұрыс

***

  1. АВ-қосылыстан эктопиялық ырғақта ЭКГ-де байқалады://

+ QRS комплексінің алдында ретроградты Р тісшесінің болуы//

Р тісшесінің болмауы//

Тахикардия//

Брадикардия//

Барлық жауап дұрыс

***

  1. Ырғақ жүргізушісінің жүрекшелермен миррациясында ЭКГ-да байқалады://

+ РР аралығының өзгерісі//

Р амплитудасының және полярлығының өзгерісі//

Кейбір QRS комплекстерінде Р тісшесінің болмауы//

Барлық жауап дұрыс//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Жылдамдаған идиовентрикулярлы ырғаққа тән://

QRS комплексінің алдында ретроградты Р тісшесінің болуы//

+ QRS комплексінің кеңеюі//

ЖЖЖ>60 рет мин//

Барлық аталғандар дұрыс//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Қарыншалық тахикардиямен науқастарда АВ-диссоциацияда://

RR интервалы РР интервалынан аз//

Біріккен QRS комплекстерін табуға болады//

+ Кезеңді түрде синусты комплекстер пайда болуы мүмкін//

Барлық аталғандар байқалады//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. АВ-қосылысынан экстрасистолаға тән://

Толық компенсаторлы паузаның болуы//

QRS комплексі кеңеймеген//

+ QRS комплексінің алдында Р тісшесінің болмауы//

Барлық жауап дұрыс//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Қарыншалардың қозу жиілігі 160 рет минутына тахикардияда және кеңейген QRS комплекстері болса болжамдауға болады://

+ Қарыншалық тахикардия пароксизмы//

Жүрекшелер дірілі пароксизмы//

Жүрекшелер жыбыры пароксизмы//

Жиі қарыншалық экстрасистолия//

Жиі суправентрикулярлы экстрасистолия

***

  1. Қарыншалардың қозу жиілігі 160 рет минутына тахикардияда және кеңейген QRS комплекстері болса болжамдауға болады://

+ Суправентрикулярлы тахикардиямен қарыншаішілік өткізгіштік аберрациясымен пароксизмы//

Жүрекшелер дірілі пароксизмы//

Жүрекшелер жыбыры пароксизмы//

Жиі қарыншалық экстрасистолия//

Жиі суправентрикулярлы экстрасистолия

***

  1. Қарыншалардың қозу жиілігі 160 рет минутына тахикардияда және кеңейген QRS комплекстері болса болжамдауға болады://

Жүрекшелер дірілі пароксизмы//

Жүрекшелер жыбыры пароксизмы//

Жиі қарыншалық экстрасистолия//

Жиі суправентрикулярлы экстрасистолия//

+ WPW синдромында антидромды тахикардия пароксизмы

***

  1. Синоартриалды тахикардияны синусты тахикардиядан ажыратуға болады://

Р тісшесі полярлығының өзгерісінен//

PQ интервалының айтарлықтай қысқаруымен//

+ QT интервалының қысқаруымен//

QRS комплексі конфигурациясының өзгерісімен//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Пароксизмалды синоатриалды тахикардия белгісі://

Тахикардияның тез басталып, тез аяқталуы//

QRS комплексінің алдында оң Р тісшесі//

Кей жағдайларда АВ-блокадасының болуы//

+ Айтылғандардың ешқайсысы емес//

Барлық аталғандар

***

  1. Пароксизмальды қарыншалық тахикардия белгісі://

QRS >0,14 сек-тан кеңейген//

QRS комплексімен байланыссыз синусты Р тісшелерінің болуы//

Өткізгіш синусты импульстердің пайда болуы//

Біріккен QRS комплексінің пайда болуы//

+ Барлық аталғандар

***

  1. Синусты тахикардияда болуы мүмкін://

PQ интервалының қысқаруы//

Альфа бұрышы мәнінің жоғарылауы//

+ QT интервалының қысқаруы//

РQ және ST сегменттері формасының өзгерісі//

Барлық жауап дұрыс

***

  1. Қозу толқынынң қайта кіру механизмі бойынша аритмиялардың пайда болуы үшін негізгі шарттар://

Функциональды және анатомиялық ортақ байланысы бар қозу өтуінің екі жолының болуы//

+ Бір жолмен импульс өтуінің блокадасы//

Өткізгіштіктің өтуінің белгілі бір уақытта қалпына келуі немесе оның тек ретроградты бағытта ғана сақталуы//

Барлық аталғандар//

Тек 1 мен 2

***

  1. Науқаста аритмияның болуы көрсетеді://

Жүрек ауруы//

Бұл науқас үшін жағымсыз болжам//

Сау адамдарда да болуы мүмкін//

Барлық аталғандар//

Жүрек ауруы және бұл науқас үшін жағымсыз болжам

***

  1. Жүрек ырғағы бұзылысының екіншілікті клиникалық формасы болып табылады://

Экстрасистолия//

+ Атриовентрикулярлы диссоциация//

Жылдам эктопиялық ырғақтар//

АВ-блокада//

Аталғандардың ешқайсысы емес

***

  1. Экстрасистолия деп атайды://

+ Уақытынан ерте импульстер//

Паузадан кейін пайда болатын импульстер//

10 импульстен көп топ

Дұрыс жауап жоқ//

Барлық аталғандар

***

  1. Жылжымалы жиырылуларға жатады://

Эктопиялық импульстер//

Уақытынан ерте импульстер//

+ Паузадан кейін пайда болатын импульстер//

Барлық аталғандар//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Вольф-Паркинсон-Уайт синдромымен науқастарда жиі дамиды://

Жүрекшклкр фибрилляциясы//

+ Пароксизмальды АВ-тахикардия//

Қарыншалық тахикардия//

АВ-блокада//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Синус түйінінің дисфункциясы белгісі болып табылады://

Айқын синусты брадикардия//

+ Жүрекшелер фибрилляциясы//

Жүрекшклік экстрасистолия//

1-дәрежелі АВ-блокада//

Барлық аталғандар

***

  1. ЭКГ-да QRS комплексінің кеңеюі байқалады://

Қарыншаларда импульстердің эктопиялық түзілуі//

Қарыншаішілік өткізгіштің бұзылуы//

+ Қарыншалардың алдын-ала қозуы синдромында//

Барлық аталған жағдайда//

2 мен 3 дұрыс

***

  1. Кеңейген QRS комплекстерімен тахикардия://

Барлық уақытта қарыншалық болып табылады//

+ Қарыншалық өткізгіштіктің бұзылысында қарыншаүстілік болуы мүмкін//

2 мен 3 дұрыс//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Кеңейген QRS комплекстерімен жиі ырғақта қарыншалық тахикардияның белгілері болып табылады://

Біріккен немесе өткізілген қарыншалық комплекстердің болуы//

АВ-диссоциацияның болуы//

+ Ретроградты Р тісшесінің болуы//

Р тісшесінің болмауы//

1 мен 2 дұрыс

***

  1. Қарынша үстілік тахибайланысты тахикардияда қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылысында QRS комплексі көбінесе://

+ Гис будасының оң жақ аяқшасының блокадасы түріне ие//

Гис будасының сол жақ аяқшасының блокадасы түріне ие//

0,14 сек-тан аса кеңейген//

0,14 сек-тан кем кеңейген//

1 мен 4 дұрыс

***

  1. Физикалық жүктемеден кейін немесе новокаинамид енгізгеннен кейін кеңейген қарыншалық комплекстердің қалпына келуі мына науқастарда байқалады://

+ Қарыншалардың алдын-ала қозуымен//

Ірі ошақты тыртықты өзгерістермен//

Гис будасының тармақтарының блокадасымен//

Барлық аталған жағдайларда//

Ешқайсысында емес

***

  1. Хинидин, новокаинамид, дизопирамид қабылдау фонында «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуының қауіп факторы://

+ QT интервалының бастапқы ұзаруы//

Гипокалиемия//

Брадикардия//

Барлық аталғандар//

Ешқайсысы емес

***

  1. Жүрек гликозидтерімен уланудың соңы болуы мүкін://

АВ-блокада 2-дәрежесімен жүрекшелік тахикардия//

АВ-қосылыстан пароксизмальды емес тахикардия//

Екі бағытты қарыншалық тахикардия//

Барлық аталғандар//

+ Ешқайсысы емес

***

  1. Антиаритмиялық препараттар болғанда аритмогенді әсердің пайда болу мүмкіндігі жоғары мына науқастарда://

Экстрасистолиямен//

+ Қарынша үстілік аритмиямен//

Ауыр қарыншалық аритмиямен//

Миокардтың айқын зақымдалуымен//

3 пен 4 жұрыс

***

  1. Пароксизмальды тахикардияны басу үшін электрокардиостимуляцияны қолдану ең тиімді://

Жүрекшелер фибрилляциясында//

Пароксизмальды қарынша үсті тахикардиясында//

+ Пароксизмальды қарыншалық тахикардиясында//

Барлық аталған тахиаритмияларда//

Ешқайсысында емес

***

  1. Жүрекшелік экстрасистолияға тән://

+ Кеңейген QRS комплексінің болуы//

Толық емес компенсаторлы паузаның болуы//

Толық компенсаторлы паузаның болуы//

РР интервалының жоғарылауы//

QRS комплексінің алдында Р тісшесінің болмауы

***

  1. АВ-түйінінен экстрасистолияға тән://

Толық емес компенсаторлы паузаның болуы//

Әдетте кеңеймеген QRS комплексі//

+ QRS комплексінің алдында Р тісшесінің болмауы//

Барлық аталғандар//

Ешқайсысы емес

***

  1. Сол жақ қарыншадан экстрасистолияда://

Экстрасистоланың QRS комплексінің формасы V1-6 тіркемелерінде Гис будасының оң жақ аяқшасының блокадасын еске түсіреді//

Экстрасистоланың QRS комплексінің формасы V1-6 тіркемелерінде Гис будасының сол жақ аяқшасының блокадасын еске түсіреді//

Дұрыс жауап жоқ//

+ QRS комплексінің кез-келген формасы болуы мүмкін//

Әдеттегі QRS комплексінен айырмашылығы жоқ

***

  1. Оң жақ қарыншадан экстрасистолияда://

+ Экстрасистоланың QRS комплексінің формасы V1-6 тіркемелерінде Гис будасының оң жақ аяқшасының блокадасын еске түсіреді//

Экстрасистоланың QRS комплексінің формасы V1-6 тіркемелерінде Гис будасының сол жақ аяқшасының блокадасын еске түсіреді//

Дұрыс жауап жоқ//

QRS комплексінің кез-келген формасы болуы мүмкін//

Әдеттегі QRS комплексінен айырмашылығы жоқ

***

  1. Политопты экстрасистолияның ең тән белгісі://

QRS комплексі формасының өзгерісі//

Бір формалы QRS комлексі//

Тіркеу интервалы ұзақтығының өзгерісі//

+ Әдеттегі QRS комплексінен айырмашылығы жоқ//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Парасистолия типі бойынша ырғақ бұзылысының пайда болуы мүмкін://

2 ырғақ жүргізушісі болғанда//

Автоматизмнің эктопиялық орталығының кіруінің блокадасының болуы//

WPW синдром//

2 ырғақ жүргізушісі болғанда және автоматизмнің эктопиялық орталығының кіруінің блокадасының болуы//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Парасистолия белгісі болып табылады://

Әдетте өзгермелі қосылу интервалы қалыпты және эктопиялық импульс арасында//

+ Кезеңді түрде біріккен QRS комплекстерінің пайда болуы//

Интерэктопиялық интервалдардың реттік қатынасының болуы//

Барлық жауаптар дұрыс//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Жүрекшелер дірілін ажырату қиын://

Қарыншалар дірілінен//

WPW синдромы кезіндегі пароксизмальды антидромды тахикардиядан//

+ Жүрекшелік тахикардия мен 2-дәрежелі АВ-блокадамен//

Жүрекшелер фибрилляциясынан

***

  1. Жүрекшелер дірілі мен жүрекшелік тахикардиямен 2-дәрежелі АВ-блокаданы ажырату диагностикасында ең маңызды белгі://

Жүрешелік комплекстердің конфигурациясының өзгерісі//

Жүрекшелік комплекстердің жоғары жиілігі//

Қарыншалық комплекстердің жоғары жиілігі//

+ Қарыншалық комплекстің соңғы бөлімінде екіншілікті өзгерістердің болуы//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Жүрекшелер дірілінде қозу жиілігі://

100 рет мин//

+ 150 рет мин//

200 рет мин//

250-350 рет мин//

600 рет мин

***

  1. Жүрекше дірілі кезіндегі 2:1 қатынасты АВ-блокаданы://

Физиологиялық деп қарастыруға болады//

АВ-өткізгіштіктің жасырын бұзылысы белгісі ретінде қарауға болады//

Уақытша ЭКС-ға көрсеткіш ретінде қарауға болады//

+ Тұрақты ЭКС-ға көрсеткіш ретінде қарауға болады//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. Жүрекшелер діріл кезіндегі классикалық F толқындарын жиі байқауға болады://

V1-2 тіркемелерінде//

II, III и aVF тіркемелерінде//

V3-4 тіркемелерінде//

+ V4-6 тіркемелерінде//

I, aVL тіркемелерінде

***

  1. Түйінді реципрокты пароксизмалды тахикардияға тән://

Теріс P тісшесінің II, III, aVF тіркемелерінде QRS комплексінің алдында//

Тахикардия пайда болу кезінде PQ ұзаруы//

QRS комплексінің алдында оң Р тісшесінің болуы//

+ Барлық аталғандар//

Ешқайсысы емес

***

  1. Түйінді пароксизмальды тахикардия кезінде теріс Р тісшесі жиі орналасады://

QRS комплексінен кейін//

QRS комплексі алдында//

QRS комплексімен сәйкес келеді//

+ Р тісшесі жоқ//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. WPW синдромымен науқаста пароксизмальды тахикардия кезінде теріс Р тісшесі жиі орналасады://

+ QRS комплексінен кейін//

QRS комплексі алдында//

QRS комплексімен сәйкес келеді//

Р тісшесі жоқ//

Дұрыс жауап жоқ

***

  1. WPW феноменының нақты белгісі болып табылады://

Қысқарған PQ интервалы//

Дельта толқынының болуы//

QRS комплексінің кеңеюі//

+ Пароксизмальды тахикардияның болуы//

Жанұялық анамнез

***

  1. Пароксизмальды суправентрикулярлы тахикардияны жоққа шығарады://

Кенеттен басталып, кенеттен аяқталуы//

QRS комплексі кеңеймеген//

Ұстама соңында полиурия//

+ ЖЖЖ 120 рет минутына дейін//

Каротидты синустың массажында басылуы мүмкін

***

  1. Пароксизмальды суправентрикулярлы тахикардияны жоққа шығарады://

Жүрек ырғағының кенеттен минутына 160-220 ретке дейін жиілеуі//

Дұрыс ырғақтың сақталуы//

+ Қарыншалық комплекстер алдында Р толқынының болмауы//

QRS комплексі кеңеймеген//

Кеңейген, деформацияланған қарыншалық комплекстер

***

  1. Пароксизмальды суправентрикулярлы тахикардияны жоққа шығарады://

Дигиталиспен улану факті тіркелген//

QRS комплексі өзгермеген//

Күту тактикасы, седативті заттар көрсетілген//

Емдеу таңдауы- β-блокаторлар көктамырға//

+ Жүректің патологиясы болмағанда болуы мүмкін

***

  1. Жүрекшелердің тахисистолалық фибрилляциясында қарыншалық ырғақтың сиреуі үшін таңдамалы препарат://

кордарон //

верапамил (изоптин) //

хинидин //

+ дигоксин //

новокаинамид

***

  1. Науқаста кенеттен жүрек соғу ұстамасы пайда болды (минутына 160 соққы), дәрігер каротидті синустың массажымен басты. Жүрек соғу ұстамасы немен шақырылған://

+ Синусты тахикардиямен//

Пароксизмальды жыбыр аритмиясымен//

Пароксизмальды жүрекшелер дірілімен//

Пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардиямен//

Пароксизмальды қарыншалық тахикардиямен

***

  1. Қарыншалық тахикардияда қолданылуы мүкін://

+ лидокаин //

дигоксин //

строфантин //

изоптин //

нифедипин

***

  1. Дұрыс ырғақты минутына 180 рет тахикардия кезіндегі каротидті синус массажы ырғақтың минутына 80 ретке дейін сиреуіне әкелді. Ең мүмкін болатын диагноз://

+ Синусты тахикардия//

Жүрекшелер дірілі 2:1 блогымен//

Пароксизмальді қарыншалық тахикардия//

Пароксизмальді жүрекшелік тахикардия//

Жүрекшелер фибрилляциясы

***

  1. Жүрекшелер діріліне тән://

Жүрекшелік ырғақ әдетте минутына 200-400//

Дигоксин рецидивтің алдын алады//

Ең нәтижелі әдіс- медикаментозды ем//

Науқастың болжамы жағымсыз//

+ Жүрек жетіспеушілігінің дамуына әкелмейді

***

91. 50 жастағы науқаста кең көлемді миокард инфарктысынан кейін ЭКГ-да Гис будасының сол аяқшасының блокадасы I дәрежелі атриовентрикулярлы блокада, кейбір циклдарда периодты түрде II дәрежелі блокада байқалады(Мобитц бойынша I тип). Келесі клиникалық симптом жасанды ырғақ жүргізушісінің имплантациясына көрсеткіш болып табылады://

+ қасқа уақытты есінен тану эпизодтары//

ЭКГ-да өзгерістер//

барлық аталғандар//

дұрыс жауаптар жоқ//

ЭХО КГ-да өзгерістер

***

92 Естен тануға әкелетін тонико-клоникалық тырысулар және басқа да аурулар://

QT интервалының ұзару синдромы немесе Бругад синдром//

ми қан айналымының келіп-кетуші бұзылыстары//

Гипертрофиялық кардиомиопатия//

оң қарыншаның аритмогенді дисплазиясы//

+Эпилепсия

***

93. V5, V6, I, aVL тіркемелерде кеңейген деформацияланған R типті ұшы екіге бөлінген немесе кеңейген тісшесі ненің белгісі болып табылады //

+ Гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы //

Гис будасының оң аяқшасының толық блокадасы//

синоатриальды блокадасы//

атриовентрикулярлы блокада//

оң қарыншаның гипертрофиясы

***

94. Науқаста ЭКГ-да келесі өзгерістер байқалады: QRS ұзақтығы 0,11с, жүректің электрлік осінің сол жаққа ығысуы, I, aVL тіркемелерде QRS комплексі qR типті, II, III, aVF тіркемелерде – rS типті– бұл неге сәйкес келеді//

+ Гис будасының алдынғы сол аяқшасының блокадасы//

синоатриальды блокада//

алдынғы базальды миокард инфарктысы//

синоатриальды түйіннің әлсіздігі синдромы //

жүректің оң бөлімінің гипертрофиясы

***

95. ЭКГ-да QRS 0,17с тіркеледі. Жүректің электр осінің горизонтальды орналасуы, R тісшесі V5, V6, I, aVL тіркемелерде кеңейген, биік, деформацияланған. V1-V4 тіркемелерде S тісшелері- кеңейген, терең, V5, V6, I, aVL тіркемелерде – RS-T сегментінің изолиниядан төмен түсуі және Т тісшелері теріс. Сіздің ұйғарымыңыз://

Гис будасының алдынғы сол аяқшасының блокадасы//

синоатриальды блокада///

Фредерик синдромы//

сол қарыншаның гипертрофиясы//

+Гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы

***

96.ЭКГ- да P-Q(R) интервалының біртіңдеп 0,20с до 0,36с-ке дейін ұзаруы және кейін QRST қарынша комплексінің жоғалуы тіркеледі. Сіздің ұйғарымыңыз://

+ II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада (I тип)//

толық атриовентрикулярная блокада//

Гисс будасының сол аяқшасының толық блокадасы//

Гисс будасының алдынғы сол аяқшасының блокадасы //

миокард инфарктысы

***

97. Науқаста ЭКГ-да келесі өзгерістер тіркеледі: QRS – 0,11с. QRS комплексі V1-V2, III тіркемелерде rSr типті, бұл неге сәйкес келеді ?//

Гис будасының алдыңғы сол аяқшасының блокадасы//

+ Гисс будасының оң аяқшасының толық емес блокадасы //

артқы базальды миокард инфарктысы //

сол қарыншаның гипертрофиясы//

синусты тахикардияға

***

98 ЭКГ-да келесі өзгерістер : QRS – 0,16с, P-Q(R) интервалы – 0,1с. ∆ толқыны I, V4-V6 тіркемелерде- оң, ал II, III, V1 тіркемелерде- теріс . Бұл неге сәйкес келеді ://

синоатриальды буданың әлсіздігіне //

екі қарыншаның гипертрофиясына //

трансмуральды миокард инфарктысына //

Гис будасының сол аяқшасының толық емес блокадасына //

+ қарыншалық экстрасистолияға

***

99. 35 жастағы науқас 1 жыл бұрын ревматикалық емес миокардитпен ауырған. Дәрігерге бас айналу ұстамаларымен, жүрек ритмының минутына 30 ретке дейін сиректенуімен жүретін естен тану ұстамалары шағымдарымен қаралды. Осы жағдайдың себептері болуы мүмкін://

А. II дірежелі синоатриальды блокада //

Б. II дәрежелі АB-блокада Мобитц II //

В. III дәрежелі АB-блокада //

Г. I дәрежелі АВ-блокада//

Д. Жиі экстрасистолия//

+А, Б, В//

Б, В, Г//

А, В, Д//

А, Г, Д//

В, Г, Д

***

100. 34 жастағы К науқас жүрек тұсының ауруы, жүрек қағу, бас айналу, әлсіздік шағымдарымен түсті. ЖРВИ-дан кейін ауырды, t0-37,40С. Перкуторлы: жүрек шекаралары солға ығысқан. жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия минутына 120 рет, жүрек ұшында систоликалық шу. АҚ 100/70 мм с.б. АСТ - 0,96 ммоль/л, КФК- 30 Е/Л. ЭКГ-да - жүрекшелер дірілі белгілері 2:1. Қандай ЭКГ белгілері бойынша жүрекшелер дірілі диагнозы қойылды://

А.QRS минутына 120 //

Б. жүрекшелер "білектері"(валик) F II, III, AVF, V1 тіркемелерде - 240 рет минутына//

В. теріс Т тісшесі//

Г. QRS кеңейген//

Д. R-R ара қашықтықтары бірдей//

А, Б, В, Г//

А, Б, В, Д//

Б, В, Г, Д//

А, В, Г, Д//

+ А, Б, Г, Д

***

101. Реанимация бөлімшесінде ірі ошақты артқы-диафрагмальды миокард инфарктысы себебінен жатқан 60 жастағы С., науқаста тырысу синдромымен, шартсыз зәр шығарумен қысқы уақыттық естен тану дамыды. Жүрек тондары бәсеңдеген, ЖСЖ 34 рет минутына, АҚ - 130/70 мм с.б. ЭКГ-да AV-диссоциация. QRS - 34 рет 1 минутта. Р саны- 80 1 минутта. QRS - 0,14 сек. Науқаста қандай асқыну дамыды://

II - дәрежелі синоаурикулярлы блокада //

II дәрежелі АB-блокада Мобитц I//

II дәрежелі АB-блокада Мобитц II//

+ толық АB-блокада//

Гис будасының аяқшаларының блокадасы

***

102. СИНУС түйінінің блокадасы белгісі болып табылады//

+ айқын синусты брадикардия //

жүрекшелер фибрилляциясы//

жүрекшелік экстрасистолия//

I дәрежелі АВ-болкада //

барлық аталғандар

***

103. 34 жастағы диффузды токсикалық зобпен ауыратын науқаста ентігу, жүрек ритмінің жиілеуі пайда болды. Жүрек тондары қатты, ырғағы дұрыс емес. Жүрек ұшында қысқа систоликалық шу. ЖСЖ - 108 рет 1 минутта, РS - 78 рет 1 минутта, аритмиялық. ЭКГ-да: R-R- әр түрлі, f толқындары II,III AV F , V1 тіркемелерде; Р тісшесі жоқ. Науқаста ырғақ бұзылысының қандай түрі ?//

+ жүрекшелер жыпылықтауы//

жүрекшелер дірілі//

жүрекшелік экстрасистолия//

қарыншалық экстрасистолия//

AV-түйінінен пароксизмальды тахикардия

***

104. Реанимация бөлімшесіне сирек жүрек жиырылу фонында болған 2 рет естен тану ұстамаларымен 55 жастағы ер адам жеткізілді. ЖСЖ-35 рет мин. АҚ 100/70 мм с.б. ЭКГ-да: жүрекшелердің тәуелсіз ырғағы минутына 100 рет, QRS-0,16", деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т аса жоғары. Миокард инфарктысы диагнозы қойылды. Науқаста қандай асқыну дамыды ? //

кардиогенды шок//

идиовентрикулярлы ырғақ//

синоаурикулярлы блокада//

+ МЭС ұстамаларымен толық атриовентрикулярлы блокада //

Венкебах кезеңдері бар II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада

***

105. Митральды ақауы бар 42 жастағы науқаста баспадан кейін жиі түрде жүрекшелік экстрасистолалар пайда болды. Не туралы ойлауға болады?//

Қан айналудың жетіспеушілігінің дамуы //

+ Жүрекшелер фибрилляциясының пайда болуы //

Коронарлы жетіспеушіліктің дамуы //

Стеноз дәрежесінің азаюы //

Артериялық қысымның жоғарылауы

***

106. Кардиология бөлімшесіне төс артындағы ауру сезімі шағымдарымен ауыр халде 50 жастағы ер адам жеткізлді. Қараған кезде: терісі бозарған. Жүрек тондары бәсеңдеген, айқын тахикардия, АҚ 90/60 мм с.б. ЭКГ: коронарлы қан айналымның жедел бұзылуы. Пароксизмальды қарынша үстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасымен ырғақты қалпына келтіру мақсатымен изоптин, кордарон енгізілді, бірақ ырғақ қалпына келген жоқ.

Ырғақты жедел қалпына келтіру үшін нені тағайындаған ең дұрыс://

аблация //

реваскуляризация//

электрокардиостимуляция//

+ электр кардиоверсиясын//

Өңеш арқылы жүрекшелер электростимуляциясын

***

107. ЭКГ-да синусты ритм, R-R -0,95 с, P-Q-0,22 с, QRS-0,09 с. Физикалық жүктемеден кейін: R-R- 0,65 с, P-Q - 0,18 с,QRS-0,09с. Қорытынды://

+ ваготониямен шартталған I дәрежелі толық емес атриовентрикулярная блокада //

Жұрекше ішілік өткізгіштіктің бұзылуы//

Синоатриальды өткізгіштіктің бұзылуы //

Жүрекшелерде ырғақ жүргізушінің миграциясы //

Қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылуы

***

108. 50 жастағы науқаста кең көлемді миокард инфарктысынан кейін ЭКГ-да Гис будасының сол аяқшасының блокадасы I дәрежелі атриовентрикулярлы блокада, кейбір циклдарда периодты түрде II дәрежелі блокада байқалады (Мобитц бойынша I тип). Келесі клиникалық симптом жасанды ырғақ жүргізушісінің имплантациясына көрсеткіш болып табылады://

Физикалық жүктеме кезінде айқын ентігу

+ қысқа уақытты есінен тану эпизодтары//

Әр 50 м қашықтықта болатын стенокардия ұстамалары//

барлық аталғандар//

дұрыс жауаптар жоқ

***

109. Сізді қабылдау бөлімшесіне таңғы жүгіру кезінде есінен танып қалған 32 жастағы ер адамға шақырды. Осыдан бұрын науқаста осындай естен танулар 2 рет болған. ЭКГ-да Т тісшесінің I ,AVL, V2-V6 тіркемелерде терең инверсиясы көрінеді. Анамнезінде кеуде қуысының ауруы және ентігу болған емес. Сіз гипертрофиялық кардиопатияны болжамдап тұрсыз. Осы науқасқа қандай қосымша зерттеу әдісін тағайындайсыз://

Холтер мониторлау//

Доплер эхокардиографиясын//

+стресс-эхокардиографияны//

Коронарография//

Велоэргометрия

***

110. 47- жастағы әйел дәрігерге кейде кеуде қуысы тұсында болатын 5-10 минуттық ауру сезімі және жүректің шалыс соғуы шағымдарымен қаралды. Ауру сезімі физикалық жүктемеде де, тыныштықта да пайда болады, ешқайда берілмейді. АҚ бұрын жоғарыламаған. 50 және 56 жастағы жанұя мүшелері жүрек ауруынан қайтыс болған. Қараған кезде – науқас жағдайы қанағаттанарлық, АК 120/70 мм.с.б., ЖСЖ 70 рет 1 мин-та. Жүрек ұшы соққысы күшейген, төстің сол жақ шетімен систоликалық шу естіледі, шу интенсивтілігі тұрған кезде күшееді. ЭКГ-да: ST және Т тісшесінің спецификалық емес өзгерістері. Көрсетілгендердің ішінінен қайсысы диагноз қоюға көмектеседі?//

Кеуде қуысының рентгенографиясы//

Жүрек катетеризациясы //

Таллиймен сканерлеу//

+ Эхокардиография//

Миокард биопсиясы

***

111. Реанимация бөлімшесіне 19 жастағы науқасты клиникалық өлім жағдайында жеткізді. Жаттығу кезінде оқыс есінен танып, жүрегі тоқтап қалды. Толық көлемде реанимациялық шаралар нәтиже бермеді. Аутопсия кезінде қарынша аралық перденің жоғарғы 1/3 бөлімінің және сол қарыншаның бос қабырғасының айқын гипертрофиясы, шығу трактысының айқын обструкциясы анықталды. Өлімге қандай себеп әкелді?//

Жүрекшелер фибрилляциясы//

+Қарыншалар фибрилляциясы//

Қарынша үстілік тахикардия//

атриовентрикулярлы блокада//

синус түйінінің әлсіздігі синдромы

***

112. 34 жастағы К науқас пароксизмальды қарыншалық тахикардиямен ауырады. Медикаментозды ем қысқа уақытқа көмектеседі. Қозу толқынының айналма қозғалысына жауапты аритмогенді зонаны бұзу немесе жою барлық аталған әдістермен жүзеге асады, біреуінен басқа: //

криодеструкция//

лазерлі коагуляция//

электротермолік әсер ету//

+ электрокардиостимуляция//

субэндокардиальды резекция

***

113. 27 жастағы Г науқас кардиология бөлімшесіне естен танумен жүретін, жүрек қағу және төс артында қысып ауру сезімімен жеткізілді. Қараған кезде: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары сәл бәсеңдеген, ырғақты. ЖСЖ – 88 рет/ мин. АҚ – 90/60 мм с.б. ЭКГ-да V2-V3 ST сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген.ең алдымен қандай зерттеу әдісін жүргізген дұрыс?//

эхокардиография//

вентрикулография//

коронароангиография//

электроэнцефалография//

+ ЭКГ-ны тәуліктік мониторлау

***

114. Аудандық аурухананың қабылдау бөлімшесіне қысқа уақыттық естен тану эпизодтарымен 70 жастағы ер адам жеткізілді. Өзін 1 ай ауру деп санайды. Аурудың себебі қатты эмоциональды стресстер деп санайды. Қараған кезде – терісі және шырышты қабаттары сәл бозарған, акроцианоз. ЖСЖ-30 рет мин. АҚ 150/70 мм рт. ст. Қан анализінде - Нв- 134 г/л, эр.- 4,9х 10 12 /л., лейк.- 7,5 х 10 9/л. ЭКГ-да: жүрекшелердің минутына 90рет жиілігімен және қарыншалардың минутына 30-35 рет жиілігімен тәуелсіз ырғағы, QRS комплекстері -0,14", деформацияланған. Тропонин Т – 0,05 нг/мл.

Науқаста қандай ауру дамыды://

Жедел миокард инфаркты//

+ Морганьи-Адамс-Стокс ұстамаларымен Фредерик синдромы //

синоаурикулярлы блокада//

Венкебах кезеңдерімен II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада//

Мегалобластты анемия

***

115. Көрсетілген ЭКГ-да қандай ырғақ бұзылысы көрсетілген

Бигеминия, тригеминия типті жүрекшелік экстрасистолия //

АВ-түйіндік бигеминия,тригеминия типті экстрасистолия //

+ бигеминия,тригеминия типті қарыншалық экстрасистолия //

2-і дәрежелі атрио-вентрикулярлы блокада //

Экстрасистолиямен қосарланған жүрекшелер фибрилляциясы

***

116. Көрсетілген ЭКГ бойынша анализ жасаңыз:

Дұрыс жауап таңдаңыз://

Гис аяқшасының толық блокадасы //

+ Толық А-В блокада + Гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы//

Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасы миокардының инфаркты//

Жиі қарыншалық экстрасистолалар//

II дәрежелі А-В блокада, Мобитц I

***

117. ЖИА, 4 ФК бар науқаста жүректің қатты қағуы ұстамасы пайда болды. ЭКГ-да: R-R – 0.4; QRS-0.14. Осы науқаста ырғақ бұзылысының қандай түрі дамыды? //

суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардия//

синусты тахикардия//

+қарыншалық пароксизмальды тахикардия//

жүрекшелер дірілдеуінің дұрыс формасы //

қарынша үстілік экстрасистолия

***

118. 40 жастағы әйелде митральды қақпашаның ревматикалық стенозы және жетіспеушілігі бар. Жүректің жұмысының шалыс соғуына шағымданады. ЭКГ-да –Р тісшесі жоқ, f толқындары, RR ара қашықтықтары әр түрлі ЖСЖ – 100 рет мин. мүмкін болатын ырғақ бұзылысының түрін көрсетіңіз://

синусты аритмия;//

+жүрекшелер жыпылықтауы;//

экстрасистолия;//

тыныс алу аритмиясы//

пароксизмальды қарыншалық тахикардия

***

119. ЭКГ-да қандай ырғақ бұзылысы көрсетілген//

қарыншалық пароксизмальды тахикардия//

+суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардия//

пароксизмальды жыбыр аритмиясы//

синусты тахикардия//

синусты аритмия

***

120. ЭКГ-да қандай ырғақ бұзылысы көрсетілген//

+қарыншалық экстрасистолия//

атриовентрикулярлы будадан шыққан экстрасистолия//

жүрекшелік экстрасистолия//

толық жүрекшелік экстрасистолия//

топтық қарыншалық экстрасистолия

***

121. Реанимация бөлімшесіне 55 жастағы жүректің сирек жиырылулары бар М науқас жеткізілді. 2 рет есінен танды. ЖСЖ минутына 35 рет, АҚ 100/70 мм с.б. ЭКГ-да – жүрекшелердің тәуелсіз ырғағы минутына 100 рет және қарыншалар минутына 30-35 рет, QRS – 0,16 cек., деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т аса жоғарылаған. миокард инфарктысы диагностикаланған. науқаста қандай асқыну дамыды? //

Синоаурикулярлы блокада//

Кардиогенді шок/

+ Морганьи-Эдемс Стокс ұстамалары бар толық АВ блокада //

Самойлов Венкебах кезеңдері бар 2 дәрежелі АВ блокада //

жүрекшелер фибрилляциясының брадисистоликалық формасы

***

122. ЭКГ-да қандай ырғақ бұзылысы көрсетілген://

+ Жыбыр аритмиясы (жүрекшелер фибрилляциясы)//

Суправентрикулярлы монотопты экстрасистолия//

Қарыншалық пароксизмальды тахикардия//

Суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардия//

Суправентрикулярлы топтық экстрасистолия

***

123. ЭКГ-да қандай ырғақ немесе өткізігіштіктің бұзылысы көрсетілген?//

Жүрекшелер дірілі//

Синусты аритмия//

+ Толық А-В блокада //

Жыбыр аритмиясы//

Қарыншалар дірілі

***

124. ЭКГ-да қандай ырғақ немесе өткізігіштіктің бұзылысы көрсетілген?/

Гис будасының оң аяқшасының толық блокадасы //

Гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы //

Қарыншалық толық экстрасистолия //

Суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардия//

+ Қарыншалық пароксизмальды тахикардия

***

125. Реанимация бөлімшесіне 29 жастағы науқасты клиникалық өлім жағдайында жеткізді. Жаттығу кезінде оқыс есінен танып, жүрегі тоқтап қалды. Аутопсия кезінде қарынша аралық перденің жоғарғы 1/3 бөлімінің және сол қарыншаның бос қабырғасының айқын

гипертрофиясы, шығу трактысының айқын обструкциясы анықталды. Өлімге қандай себеп әкелді?//

пароксизмальды қарынша үстілік тахикардия//

толық атриовентрикулярлы блокада//

+ қарыншалар фибрилляциясы //

синус түйінінің әлсіздігі синдромы//

жүрекшелер фибрилляциясы

***

126. ЭКГ-да қандай өткізігіштіктің бұзылысы көрсетілген?//

Гис будасының оң аяқшасының толық блокадасы //

+ Гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы //

Гис будасының сол артқы аяқшасының блокадасы //

Гис будасының сол аяқшасының толық емес блокадасы //

Гис будасының алдынғы сол аяқшасының блокадасы

***

127. Реанимация бөлімшесіне миокард инфарктысы бар науқас жеткізілді, келесі күні науқас жағдайы нашарлап кетті, 2 рет есінен танды, ЖСЖ- 36 рет минутына, АҚ 100/65 мм с.б. ЭКГ-да жүрекшелердің түуелсіз ырғағы, қарыншалар минутына 33-36 рет жиырылады, QRS комплекстері – 0,16".

Қандай себептен науқастың жағдайы нашарлап кетті?//

науқаста кардиогенді шок дамыды //

науқаста идиоветрикулярлы ырғақ дамыды//

науқаста синоаурикулярлы блокада дамыды//

+ МЭС ұстамаларымен АВ блокада дамыды //

науқаста Венкебах кезеңдері бар II дәрежелі АВ блокада дамыды

***

128. Университет оқушысы, 21 жаста, дәрігерге жылына 2-3 рет кезеңді жүрек қағу ұстамаларына шағымдалып келді. Ұстамалар кенет пайда болады, бірнеше минут созылады, әлсіздікпен өтеді және өздігінен басылады. Клиникалық қараған кезде патологиялық ауытқулар табылған жоқ. ЭКГ-да: синусты ырғақ, дұрыс, PQ 0.09 сек, QRS 0.11сек, V1-де R тісшесінің өрлеуші иінінде дельта толқыны. Науқаста қандай патология болуы ықтимал? //

Кеңейген QT синдромы//

+ Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы//

Синус түйінінің әлсіздігі синдромы //

Лаун-Генонг Ливайн синдромы //

Клерк-Леви-Критэско синдромы

***

129. 62 жастағы сол қарыншаның алдынғы қабырғасының жедел миокард инфарктысы бар науқаста кенеттен жүрек қағу, суық тер симптомдары пайда болды. Артериалдық қысым анықталмайды. ЭКГ түсірілді:

Науқасқа қандай жедел көмек шараларын жасау қажет? //

Амиодаронды тамыр ішіне енгізу//

Лидокаинды тамыр ішіне енгізу//

Аортаішілік баллонды контрпульсация//

Электрлік кардиостимуляция//

+Электрлік кардиоверсия

***

130. Науқас 10 жылдай алкогольді шамадан тыс қолданады. Дәрігерге ешқашан бармаған. Аяқ астынан жаны қысылып, тыныштықта ентігу пайда болды. Жедел жәрдем шақырды. Дәрігер өкпе ісінуін диагностикалады. ЭКГ жасалды:

Сол қарыншаның жедел жетіспеушілігінің ең ықтимал себебі қандай? //

Жедел миокард инфарктысы//

+Жүрекшелердің пароксизмальды дірілі //

Пароксизмальды жыбыр аритмиясы//

Пароксизмальды қарынша үстілік тахикардия //

Пароксизмальды қарыншалық тахакардия

***

131. Жүкті әйел әйелдер консультациясында терапевтке жүректің дұрыс емес соғу сезіміне шағымдалып келді. Бұрын ауырмаған. ЭКГ жасалды:

Науқасты жүргізу тактикасы қандай ? //

Науқасты динамикалық бақылау//

Жедел жүктілікті тоқтату керек //

Жедел ауруханаға жатқызу керек және интенсивті антиаритмиялық терапия қажет //

+ Холтер мониторлауын және ЭХО КС қажет//

Бұл патологияға назар аудармау керек

***

132. Науқаста ЭХОКГ-да оң қарыншаның алдынғы қабырғасының жоғары дәрежелі гипертрофияс, оң қарыншаның және оң жүрекшенің дилатациясы, қақпашалар өзгерістерімен өкпе артериясының дилатациясы анықталды. Бұл неге сәйкес келеді?//

Трикуспидальды стеноз//

Қарынша аралық перденің кемістігі//

Трикуспидальды жетіспеушілік//

+Өкпе артериясының қақпашасының стенозы//

барлығы дұрыс емес

***

133. Науқаста ЭХОКГ-да диастола кезінде митральды қақпаша жармаларының ашылуының азаюы анықталды, трансмитральды диастоликалық ағын жылдамдығы жоғарылаған. Бұл неге сәйке келеді ?//

Митральды жетіспеушілік//

Аортальды стеноз//

+Митральды стеноз//

Қарынша аралық перденің кемістігі //

барлығы дұрыс емес

***

134. 30 жастағы науқаста аускультативті тарсылдаған I тон және бөдене бытпылы естіледі. ЭХОКГ-да сол жақ жүрекшенің дилатациясы, митральды қақпашаның алдынғы жармасының

диастоликалық иілуі, митральды қақпашаның қозғалу экскурсиясының шектелуі анықталды. Бұл неге сәйкес келеді?//

+Митральды стеноз//

Аортальды жетіспеушілік //

Трикуспидальды жетіспеушілік//

Аортальды стенозе///

барлығы дұрыс емес

***

135. Науқаста 10 жыл жүректің ишемиялық ауруы, 2 жыл бұрын постинфаркты кардиосклероз диагнозы бар. ЭХОКГ-да нені бағалау қажет?//

Сол қарыншаның миокардының глобальды жиырылуын бағалау //

Миокардтың локальды жиырылуын //

СҚ және ОҚ диастоликалық функциясын//

+Барлығы дұрыс//

барлығы дұрыс емес

***

136. Қарыншалардың минутына 160 рет жиырылуы және QRS комплекстерінің кеңейген кезде не туралы ойлау керек? //

жүрекшелер дірілінің пароксизмы//

жүрекшелер фибрилляциясының пароксизмы//

жиі қарыншалық экстрасистолия//

жиі суправентрикулярлы экстрасистолия//

+ WPW синдромы кезінде антидромды тахикардия пароксизмі

***

137. Науқаста 5 жылдай ЭХОКГ-да өкпе артериясының бифуркациясының «қосымша тамыр», өкпе артериясының, сол жүрекшенің, қарыншаның кеңеюі анықталды. Допплерография кезінде өкпе артериясында систоликалық және диастоликалық ағымдар анықталды. Эхо – көрініс қандай патологияға тән? //

ЖАПЖ//

ҚАПЖ//

+ Ашық артериальды ағын (Баталл ағыны) //

барлығы дұрыс емес //

барлығы дүрыс

***

138. ЭХОКГ-да жүректің оң бөлімдерінің дилатациясы, жүрекшелерді түстік допплер картирлеу кезінде сол жақтан оң жаққа лақтырыс анықталды. Бұл көрініс қандай патологияға тән ? // ҚАПЖ//

Трикуспидальды стеноз//

+ЖАПЖ//

Өкпе артериясының стенозы//

барлығы дұрыс емес

***

139. Науқаста ЭХОКГ-да М-модальды режимде трансаортальды ағынның жылдамдауы мен аортальды қақпаша жармаларының ашылуының азаюы анықталады. Бұл неге тән?//

Аортальды жетіспеушілік//

Трикуспидальды жетіспеушілік//

+Аортальды стеноз//

Миторальды қақпашаның пролапсы//

барлығы дұрыс емес

***

140. 21 жастағы науқаста М-модальды режимде ЭХОКГ II позицияда митральды қақпашаның алдынғы жармасының сол қарынша қуысына томпайып шығуы байқалады. Сол қарынша кеңеймеген, бұл неге тән? //

Митральды жетіспеушілік //

+Митральды қақпашаның пролапсы//

Митральды стеноз//

Барлығы дұрыс //

Барлығы дұрыс емес

***

141. 43 жастағы науқаста дене температурасының 39 градусқа жоғарылауы, кеуде қуысында қысып ауру сезімі мазалайды. ЭКГ-да Гис будасының сол аяқшасының толық емес блокадасы. Эхограммада анэхогенді кеңістігі бар перикард беттерінің 2 см-ден аса ажырауы, жүректің сыртқы контурларының ұлғаюы неге тән?//

Миокардит//

+Перикардит//

Эндокардит//

Миокард инфарктісі//

барлығы дұрыс емес

***

142. Қақпашалар артында жоғары турбулентті ағын. Қандай патология туралы ойлауға болады?//

Аортальды қақпашаның жетіспеушілігі//

аортальды стеноз//

Митральды жетіспеушілік//

+ Аортальды және митральды қақпашаның стенозы //

барлығы дұрыс емес

***

143. V5, V6, I, aVL тіркемелерінде екіге бөлінген немесе кең шыңды R типті кеңейген деформацияланған қарыншалық комплекстердің болуы ненің белгісі болып табылады //

+ Гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы //

Гис будасының оң аяқшасының толық блокадасы //

синоатриальды блокада//

атриовентрикулярлы блокада//

оң қарыншаның гипертрофиясы

***

144. I, II, aVL, V5,V6 тіркемелерде Р тісшесінің амплитудасның екіге бөлінуі және үлкеюі (P-mitrale) ненің белгісі//

сол қарыншаның гипертрофиясы//

+ сол жүрекшенің гипертрофиясы//

оң жүрекшенің гипертрофисы//

синоатриальды блокада//

қарыншалар жыбыры

***

145. II, III, aVF тіркемелерде ұшы үшкір жоғары Р тісшелрдің болуы (P-pulmonale) ненің белгісі //

сол жүрекшенің гипертрофиясы//

сол қарыншаның гипертрофиясы//

+ оң жүрекшенің гипертрофиясы//

атриовентрикулярлы блокада//

синусты тахикардия

***

146. Сол (V5,6) тіркемелерде RS-T сегментінің депрессиясы және (V1,2) оң кеуде тіркемелерінде Т инверсиясы ненің белгісі болып табылады://

сол қарыншаның гипертрофиясы//

оң жүрекшенің гипертрофиясы//

жүрекшелердің шамадан тыс жұмыс істеуі//

+қарыншалардың шамадан тыс жұмыс істеуі //

атриовентрикулярлы блокада

***

147. Науқаста ЭКГ-да келесі өзгерістер тіркеледі: кеуде тіркемелерінде R (V5) амплитудасы ұлғайған, жүректің тік осі бойынша бұрылу белгілері бар, жүректің электр осінің горизонтальды болуы анықталды, ішкі ауытқу V6 - 0,06с, I, II, aVL, V4-6 тіркемелерде Р тісшелері кеңейген, шыңы екіге бөлінген, R(V1) екіфазалық теріс фазасы үлкен. Бұл неге сәйкес: //

миокард инфарктысының жедел фазасы//

+ сол қарыншаның және жүрекшенің гипертрофиясы //

Гис будасының сол аяқшасының толық блокадасы //

жүректің оң бөлімінің гипертрофиясына//

аритмияға

***

148. Науқаста ЭКГ-да Q патологиялық тісшесі, R тісшесінің амплитудасының азаюы, RS-T сегментінің көтерілуі және V1-V3 тіркемелерде теріс «коронарлы» Т тісшесі пайда болды. Сіздің қорытындыңыз://

артқы бүйірлік миокард инфарктысының жеделше кезеңі//

митральды қақпашаның стенозы//

+ алдынғы-аралықтық миокард инфарктысының жедел кезеңі //

аортальды қақпашаның жетіспеушілігі//

сол қарыншаның гипертрофиясы

***

149. Бірнеше жыл бұрын анықталған гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар науқаста есінен тану пайда болды. ЭКГ-да 6 ай бұрын түсірілген ЭКГдан айырмашылық жоқ. Нені тағайындау керек? :

+эхокардиография//

бас миының компъютерлік томографиясын//

150. 45 жастағы науқас алдыңғы миокард инфарктысымен қарқынды емдеу палатасына түсті. АҚ 150/100 мм.с.б., ЖСЖ 120 рет мин., ТАЖ 32 рет мин. Өкпенің төменгі бөлімінде ылғалды сырылдар пайда болды. Төстің төменгі бөлігінің үстінен голосистоликалық шу және шоқырақ ырғағы естіледі. Дианозды дәлелдеу үшін ең дұрыс зерттеу әдісін таңдаңыз://

12 тіркемелік электрокардиограмма//

өкпе рентгенографиясы//

өкпе артериясында сыналану қысымын өлшеу//

+эхокардиография//

артериальды қан газдарын өлшеу

***