Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мирас.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.76 Кб
Скачать

Әлеуметтік

Әлеуметтік маңызы бар тауарларға деген бағаны бір қалыпты ұстап тұру үшін қандай шаралар қолдану керек? Нарықтық экономиканың негізгі заңы: сұраныс пен ұсыныс теңбе-тең болғанда ғана бағаны бірқалыпты ұстап тұра аламыз. Бірақ, дәл қазіргі жағдайда екі тізгінді тең ұстау мүмкін емес. Себебі, нарықтың өзін-өзі реттейтін заңдары өз талаптарын дұрыс атқармау себебінен монополия дертіне шалынып отыр. Монополия бар жерде сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті ешқандай нәтиже бермейді. Монополист бағаны өз еркімен реттей алады, бірақ, Кедендік одақ бұл мәселені өз шарттарына сай реттеуі тиіс.

Қазақстанның Кеден одағына кіргелі бері сауда экономикасынан кіргізген табысы қаншалықты артқанын немесе азайғанын еліміздің сауда статистика агенттігінің деректері негізінде анықтауға болады. Елімізде тауар құнының өсімі орын алып, бірде нарықтағы баға қайта қалпына келуде. Қарапайым халыққа бұл мәселені түсіндіру қажет екендігі байқалады. Өткен жылдарда тұтынатын тауарлар мен азық-түліктің бағасының қандай өзгерістерге ұшырағандығын және бұған қатысты мәліметтер деректеріне көз жүгіртсек. Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарасақ, былтырғы жылы азық-түлік өнімдерінің құны 5,3 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,5 пайызға, ал ақылы қызметтердің бағасы 9,3 пайызға жоғарылағандығы белгілі. 2014 жылдың жалпы қорытындысындағы көрсеткіштер осындай. Өткен жылдың соңғы айында ғана баға бір емес, бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 2014 жылдың желтоқсан айында оның алдындағы 2013 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда бағалар мынадай өзгеріске ұшыраған: ұн өнімдері – 7,6, макарон – 7,5, кондитерлік өндіріс өнімдері – 5, жемістер мен көкөністер – 4,8, сүт өнімдері – 3,8, ет пен ет өнімдерінің бағасы – 9,5 пайызға жоғарылаған. Тағам түрлерінің ішінен жарма өнімдерінің бағасы бірден – 27 пайызға, өсімдік майлары – 2,6 және қант 2,1 пайызға азайыпты.

Азық - түлік өнімдерінен басқа, қызмет көрсету саласында да баға айтарлықтай жоғарылаған. Мысалы, теміржол көлігі қызметтерінің бағасы – 1,7, қонақүйлер құны –1,1, шаштараз сияқты жеке кәсіптік қызмет көрсету орындарының ақысы 1 пайызға қымбаттаған. Бірақ, бұл бағаның өсуі тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласы бойынша тарифтердің көлеңкесінде қалды. Мысалы, желі бойынша тасымалданатын газ – 2,8, құбыр – 2,5, су желісіндегі суық су – 1,2, ыстық су ақысы – 1 пайызға жоғарылаған.

Кеден Одағының келешегі

Қазақстан Кеден Одағы өтуіне байланысты,жақын уақытта жоғарыбәсекелесті импорттың көлемі үш мемлекетте төмендеуі күтіледі.Кеден Одағы кірмейтін мемлекеттерден импорт көлемінің азаюп,көбіне келесі дәрежеде айқындалады:»автокөпік өндірісі» және» тоқ таратқыш және реттеу аппаратурасы».Бұл ретте ескере кететіп жайт,айтылыш өнімдердің жалпы көлемінің импорты соңғы үш жылда 80% осы мемлекеттердің үлесінде.Осыған орай,Қазақстан нарығында машина құрылысы өнімдерінің жеке көлемін Кеден Одағы құрылымының мекемесінің осы сапасын ұлғайтуға мүмкіншілік беру.Таулы-металлургиялық кешендерде Кеден Одағы құру үшінші мемлекеттерден болат құбырларды жеткізуге әсер етеді,және де ковка өнімдеріне,пресстеуге,штамптау прокаты және ұнтақты металлургиялы.Осы ретте ескере кететін жайт,жалпы импорт көлемінен орташа 78% соңғы үш жылда осы мемлекеттер импортынын меншігінде.Сол себепті осы салада әрекет ететін отандық кәсіпорындар үшін Қазақстан нарығында жеке сыбағасын ұлғайтуға мүмкіншілік ашылады.

Қазақстан Республикасы Кеден Одағында кіргеннен соң келен одағына кірмейтін мемлекеттер химиялық өнімдердің импорты қысқарылып,Кеден Одағы қатысушы мемлекеттердің импорты кеңейтіледі.Соңғы үш жылдың сыбағасында осы мемлекеттерден жалпы импорт көлемі 40%-өнімдерді жеткізудегі едәуір өзгеріс Кеден Одағы құруға байланысты тыңайтқыштар мен азотты қосылыстар өндірісінде жүзеге асырылады.Химия өнеркәсібінің қолған өндірістері бойынша импорт көлемінің қысқаруы Кеден Одағы тыс елеусіз қалыпта болады сәйкесінше,Кеден Одағы құрылуына байланысты бәсекелестік тікелей отандық өндірушілерге қатысты болады,олар өз кезегінде Қазақстан нарықындағы өздерінің үлестерін арттыруға мүмкіндік алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]