Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мирас.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.76 Кб
Скачать

Кеден Одағының Қазақстан үшін оң тұстары

Кеден одағы өзінің нақты мәнінде өмірге келді. Бұл одақтың өмірге келуінің елімізге пайдасы - жалпы тауарлар экспорты мен импортының баж салығынсыз жүргізілетіндігі. Бұл біріккен үш одаққа да пайдалы.

Үш ел шығаратын тауарлар және бір-біріне саудалайтын тауарлар мемлекеттік шекаралардан өткен тұста олардан бұдан былай кедендік алым алынбайтын болды. Сонымен қатар, біріккен осы үш ел, үшінші бір елге қатысты бірыңғай сауда саясатын жүргізуге тиіс:

1. бірыңғай тарифтік саясат.

2. тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын бірлесе қабылдап, жүзеге асыру.

3. елдердің ішіндегі кеден заңдарының біріңғайландырылуы.

Қазіргі кезге дейін Кеден одағымен 38 халықаралық келісім қабылданды. Бұның негізі Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға негізделген.

Кеден Одағының еуразиялық экономикалық қор шеңберінде 13 халықаралық келісім әрекет етуге кірісті. Кеден одағының жұмысын ретке келтіретін негізгі құрылымдар құрылды.

Кеден Одағының ең жоғарғы басқарушы құрылымы мемлекет басшылары немесе Үкімет басшыларының кеңесі болып табылады.

Үкімет басшыларының кеңесінде қабылданған шешімдер Кеден одағы комиссиясына тапсырылып отырады. Кеден одағы комиссиялары шешімі аталған үш елдің аумақтарында бірдей қолданылады. Комиссия тиімді жұмыс істеу үшін оған кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу саласында бірқатар өкілеттіктерді беру жоспарланып отыр және жұмыс жасауда.

Құрылым тәртібіне сай әр мемлекет Кеден одағына өзінің бір өкілін ұсынады. Осы тәртіппен қазір Кеден Одағында үш елдің үш өкілі жұмыс атқарады.

Кеден одағының үш мемлекет басшыларының алдын-ала жасалған келісіміне сәйкес Қазақстанға өтпелі кезең қарастырылған. Осыған байланысты елімізде 400-ге тарта импорттық тауарлар түрі бойынша ең төменгі кедендік баж салығын белгілеу құқымызды өз күйінде қалдырып отыр. Мұның өзі бірінші кезектегі ең қажетті болып табылатын дәрі-дәрмек сияқты тауарларды бұрынғысынша арзан бағамен елімізге әкелуге мүмкіндік беріп отыр.

Экономикалық

Бүгінгі күні Кеден Одағының жаңа қалыптасқан тарифтері сауда мен экономикалық байланыс, кедергісіз тауар айналымы туралы сарапшыларымыз әр түрлі пікір айтуда. Ең бастысы, үш ел арасында жалпы ішкі өнімнің көлемі 2 триллион долларға жуық үлкен нарық пен сауда-саттық жолы ашылды, Қазақстан мен Белорусия арасындағы тауар айналымы 5 есеге өсті.

Мұның өзі тұтынушыларға өзінің үлкен пайдасын тигізуде. Осыдан 4 жыл бұрын Кеден Одағының басшыларының келісімі бойынша айтылған экономикалық пайдасы бар нарық көзі дәлелденіп отыр.

Көптеген сарапшылар қазіргі күні еліміздің салық саясаты көптеген елдерге қарағанда ыңғайлы әрі тиімді екенін сараптауда. 2010 жылдың аяғында осы үш елдің халық санын ескере отырып, ресейлік әр тұрғынға шаққанда 2782,2 доллар, әр белорусқа- 1687,5 доллар әр қазақстандыққа 9731,1доллар көлемінде пайда түскендігі белгілі.

Әрине әлемдік дамыған елдермен салыстырғанда салық мәселесі әлі өзекті күйде екені Кеден Одағына байланысты экономикалық кеңестік көптеген мәселелерді басқаша шешуді қажет етеді.

Саяси

Алдағы уақытта ішкі бақылаудың барлығы алынып, тек шекаралық бақылау ғана қалады. Әкімшілік кедергілер азайған соң тауарларды еркін жылжыту, Одақтар айналымында сауда-саттық еркін жүрмек. Сонымен қатар, Қазақстандағы шикізатты сату нарығы бағыты әлсіз. Оның орнын мұнай мен басқа да қазба байлықтар толтырып отыр.

Кеден Одағын құру Ресей, Қазақстан, Беларусь республикалары арасында өзара инвестиция тарту және өндірістер құру Кеден Одағын құрумен қолайлы жағдайлар туғызуда.

Қазіргі уақытта индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік жеделдетілген бағдарламасы іске асырылуда. Құрылыс саласы, медицина және фармацевтика, металлургия және оның негізінде өндірілетін материалдар Кеден одағы үшін басымдықты салалардың бірегейі болып табылады.

Осы міндетті шешу үшін Кеден одағындағы мүше елдердің, соның ішінде Қазақстан үшін арзан шикізатты кеден салығын төлеусіз алу мүмкіндігін сақтап қалу маңызды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]