Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мирас.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.76 Кб
Скачать

Әлеуметтік

Еліміз Кедендік Одаққа не үшін кірді?

Жеріміз шикізатқа бай бола тұрса да шикізатты өзге елге экспорттап, әлемдік бәсекелестікке түспей елдің әл-ауқатын арттыра алмаймыз. Отандық тауар өндірушілер өнімін үлкен нарыққа щығару арқылы кәсіптерін дөңгелете алады.

Ашық нарықпен бәсекелестік біздің кәсіпорындарымызға жаңа серпіліс әкелмек.

Бір есептен Ресеймен Беларустың өнім өндірушілерімен ашық та, қатаң бәсекеге түседі. Бастапқыда қиын болуы мүмкін. Дегенмен, Кедендік Одақтың аясында өнеркәсіптік әлеует 600 млд. доллар шамасында кіріс кіргізеді деп бағалануда.

Мұндай экономикалық кеңістікке бүкіл әлем елдері мән беріп отыр.

Кеден Одағының Қазақстан үшін кері тұстары

Экономикалық

Қазіргі кезде нарықтық экономикада әр бір монополист тек сұраныстың көптігіне байланысты бағаны шарықтатып қояды. «Кедендік Одаққа кіргеннен бері күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы қымбаттап жатыр» деген әңгімелер көп айтылуда. 170 миллион адамды қамтитын нарықтың еліміздің баға саясатына әсер етіп отырғаны рас. Бірақ та, қаншалықты әсер етіп отыр? – Нарықтық экономикада баға сұраныс пен ұсынысқа тәуелді. Мысалы алатын болсақ, Үкімет қазір тек қана бөлке нанның бағасын ұстап тұра алады. Себебі, оның 50-ге жуық түрі бар. Ненің есебінен? Нан өндіретін зауыт 20 түрлі нан шығарса, негізгі бөлке нанның бағасын өзгертпейді, ал басқа түрлерінің бағасын көтереді. Осының есебінен бөлке нанға кеткен шығын жабылып отырады. Бағаның өсуіне, әрине Кедендік Одақтың әсері бар. Себебі Ресей Федерациясы бізге демеу емес, тежеу,яғни - бәсекелес. Қалай? Себебі экономикамызда бірдей тауарлар шығарылады. Ал, бізден экономикасы 14 есе үлкен Ресеймен бәсекеге түсуге Қазақстанның қауқары жете ме?

Екіншіден, Ресейде әлі де монополистер билік жасап жатыр. Монополистік экономиканың ішіне ену – тұншығып өлумен бірдей. Өткенге көз жүгіртсек сонау Сталиннің дәуіріндегі индустриализация кезінде жасалынған құрылыстардың барлығы үлкен кәсіпорындар еді. Мысалы, «Трактор зауыты» бүткіл КСРО-ны қамтамасыз етіп отыратын. Ал, «алып» дегеніміз - монополист. Бізде Ресеймен тек қана тамақ өнеркәсібінде ғана бәсеке бар. Басқаларында жоқ. Бәсеке жоқ жерде, теңбе-тең, яғни әділ баға атымен болмайды. Ал, әділ баға жоқ жерде монополия билеп төстейді. Монополия билік еткен жерде бағаның тұрақтануын күтудің қажеті жоқ.

Саяси

Саяси тұрғыдан Кеден одағына мүше елдер, соның ішінде Қазақстан үшін одақтың тигізер саяси пайдасы өте көп. Атап айтсақ, географиялық тұрғыдан іргелес елдермен экономикалық қарым-қатынас елдің геосаяси жағдайын жақсартатыны белгілі. Мысалы, Кедендік Одаққа кірмей тұрып Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы 102 теңгені құрайтын еді. Шекара ашылғанда Қазақстандық арзан жанармай Ресейге сатыла бастады. Соның нәтижесінде жанармай ұсынысы төмендеді. Нәтижесінде ұсыныс төмендеп, сұраныс ұлғайғанда баға көтеріледі. Қазіргі таңда Қазақстанда жанармай бағасы Ресей Федерациясымен салыстырғанда 40 пайызға төмен. Енді олардың деңгейіне жетпегенше, біздегі баға көтеріле береді. Бұл өз кезегінде жанар-жағар май өндіретін монополистер үшін де, сәйкесінше ел экономикасы үшін де аса тиімді. Ашып айтатын болсақ, қазіргі дүниежүзіндегі азаматтар, оның ішінде Қазақстанда болып жатқан экономикалық, қаржылық дағдарысты пайдаланып, қарапайым халық арасында өз қалталарын толтырып алғысы келеді. Осы кедендік одақ туралы жағымсыз әңгімелер мен кері ұсыныстардың да орны бар. Бірақ, алда саяси кезеңдер күтіп тұр. Олардың бұл әрекеттері «жау жағадан алғанда, бөрі етектен» демей немене. Дегенмен халықтың саяси сауаты әлдеқайда жоғары деңгейде. Елдің экономикасы барлық жағдайға баға бере алатын қабілетте.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]