Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-тарау.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
577.54 Кб
Скачать

9.9 Сурет. Ұнтақтық муфтаның құрылымдық сұлбасы

Фрикционды муфталармен салыстырғанда электромагнитті ұнтақты муфталар жылдам әрекет етеді, МҚК – тің шамасы және іске қосылу қуатының шамасы аз болады және фрикционды муфталардың үйкеліс беттері тез тозып қалғанда қызмет ету мерзімі жоғары болады. Ұнтақты муфтаның қызмет ету мерзімі 400-500 сағатты құрайды,одан кейінгі мометтің жылдам түсуі байқалады, ол интенсивті қышқылданумен және ұнтақ түйіршіктерінің бұзылуымен сипатталады.

9.6 Магнитпен басқарылатын түйіспелер (геркондар)

Соңғы уақытта автоматика жүйелерінде магнитпен басқарылатын түйіспелер және геркондар (гермитизацияланған түйіспелер) кеңінен қолданылуда. Олар түйіспелер гермитизациялау арқылы реле жұмысының сенімділігін толықтай жоғарылатады. Гернондар сенімді түйіспелерге ие, олар қоршаған ортаның әсерлеріне ұшырамайды (шаң, ылғалдылық, газдар)

9.10,a- суретте шыны колбадан және шыны колбаға жапсырылған екі пластинадан тұратын геркон көрсетілген. Пластинкалар пермалайдан жасалады және бір уақытта түйіспелі болып табылады. Колба ішіндегі кеңістік азотпен немесе инертті газбен толтырылады. Пластинканың сыртқы ұштарына сымдар жапсырылуы мүмкін.

Қалыпты жағдайда пластиналар колбаға түйіспелер тұйықталатындай етіп жапсырылады. Егер герконды магнит өрісіне орналастырсақ, онда түйіспелер арасындағы бос ауа қуысында электормагниттік тартылыс пайда болады және бұл түйіспелер электромагниттік күш пластиналарының механикалық күшінен үлкен болған жағдайда тұйықталады.

Геркондағы магнит өрісі магнит тұрақтыларымен немесе орамдағы токтар арқылы пайда болуы мүмкін. Қарапайым жағдайда бұл ішінде гернон орналасатын соленоид болуы мүмкін.

Геркондардың тағы бір ерекшелігі олардың жылдам әрекет етуі болып табылады, яғни іске қосылуға аз уақыт кетеді. Герконның іске қосылуы және жіберу уақыты милисекундтарды құрайды (электромагниттік релелерде ондаған милисекундтарды), өйткені оларда якорь болмайды.

Магнитпен басқарылатын түйіспелерді жақсарту үшін пермаллойдан жасалған пластиналарды алтынмен, күміспен, родиймен немесе ртутьпен жабады. Магнитпен басқарылатын түйіспелерді қарапайым релелерге ұқсас нейтралды және поляризацияланған, сондай-ақ тұйықталған, ашық және ауыстырылып қосылатындай етіп жасауға болады.

Құрылымдық орындалуына байланысты МТ келесі артықшылықтарға ие:

  1. Кез келген ортадағы комутацияның сенімділігі;

  2. Қызмет етуінің ұзақ мерзімі (108 - 10 - дейін).

  3. Жылдам әрекет етуі;

  4. Дірілге және радиацияға қарсы тұра алуы;

  5. Дайындау кезіндегі бағасының төмендігі.

МТ кемшіліктеріне мыналарды жатқызамыз: түйіспелі топтардың аз саны (бір колбада түйіспенің бір жұбының болуы); басқа қарапайым электромагниттік релелеріне қарағанда МҚК ның жоғары болуы, өйткені магнит ағыны бірнеше ауа аралықтарынан өтуі тиіс; айнымалы ток көзіне байланысты жұмыс жасаудың мүмкін болмауы; шыны колбаға байланысты герконның өте нәзік болатындығы;

9.10-сурет. Магнитпен басқарылатын түйіспелердің құрылымдық пішіндері

Поляризацияланған геркондарды жасауды колбалар ішіне жұқа пластиналы тұрақты магнитті орналастыру арқылы жүзеге асырады; олар МТ да орталық пластиналардың іске қосылу және жіберу тогымен жүзеге асырылады;

Реленің МТ- н жұмыс жасау процесінің басқа қарапайым электромагниттік реле процесінен айырмашылығы болады. Қарапайым реледе якорь қозғалысы (Iср) тогына жеткенде ғана басталады, бұл кезде электромагниттік күшейту бос ауа кеңістігіндегі нүктеде серіппенің механикалық қарсы әркет етуінен асып кетеді.

Герконда пластиналардың қозғалысы орамда ток пайда болысымен бірден басталады. НС биіктігі бойынша бос ауа қуысы (9.11- сурет) жағдайларынан өтеді. Оларда түйіспелі пластиналардың механикалық сипаттамасы I1 және I2 токтарына сәйкес келетін тартқыш сипаттамалармен қиылысады. МДС тогы ең жоғары (жоғарғы шегі) мәнге жеткенде, бұл кезде тарту сипаттамасы механикалыққа жанасады, ал бос ауа кеңістігі тең болғанда, пластиналардың бір біріне қарай жақындауы тоқтатылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]