Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мед. и фарм.пред каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
932 Кб
Скачать
☆

1. Жалпы мәліметтер

ЖОО-ның аты - С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина

университеті

Модуль - «Фармацевт- менеджер»

Пән - Медициналық (фармацевтикалық) өкілдің жұмыс

ерекшеліктері және оны ақпараттық қамтамасыз ету.

Мамандық - 5В051103 «Фармация»

Оқу сағатының көлемі - 2 кредит (90 сағат)

Оқыту курсы және семестрі - 9 семестр

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

«Медициналық (фармацевтикалық) өкілдің жұмыс ерекшеліктері және оны ақпараттық қамтамасыз ету» - арнайы фармацевтикалық пәндердің бірі болып табылады, ол фармацевтикалық нарықта жұмыс істейтін маманда кәсіби білімді, дағдыны қалыптастырады.

Бұл пән «Фармацевтикалық қызметтің негіздері» пәнін оқытудың логикалық жалғасы болып табылады, басқа пәндердің негізінде дәрілік заттардың айналыс субъектілерінің ақпараттық және басқару қызметтерін қамтиды.

«Фармацевтикалық ақпарат» пәнінің оқу бағдарламасы ақпараттық қажеттіліктерді, фармацевтикалық бизнесті ақпаратпен қамтамасыз етуді және дәрілік препараттарды жарнамалаудың әдістемелік ыңғайларын оқып-үйренуге бағытталған.

Фармацевтика компаниясының өкілінің қызметі дәрілік заттарды нарықта жылжыту дәрігерлермен және дәріхана фармацевтерімен жұмыс жүргізуімен байланысты.

Мақсаты фармацевтикалық компаниялардың медициналық және фармацевтикалық өкіл-дерінің дәрігерлермен және дәріхана қызметкерлерімен жұмысы туралы жалпы білімді және дағдыларды қалыптастыру.

Заманауи қазақстандық фармацевтикалық нарық қазіргі кезде сапалық жағынан өзгерістерге ұшырады және белсенді түрде өсіп келеді. Препаратты өндіру мен жылжытудың жаңа технологияларын енгізе отырып отандық өндірушілер өздерінің бәсекелестік қабілетін арттыруға ұмтылады. Болып жатқан өзгерістерге сәйкес маркетинг және дәрілік заттарды жылжыту саласындағы жоғары білікті мамандарға деген сұраныс та өседі: сарапшыларға, маркетинг және жарнама бағытындағы мамандар мен жетекшілерге, продакт-менеджерлерге, медициналық өкілдерге.

2.2 Пәннің мақсаты

Фармацевтикалық бизнесті ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша білімді, практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Студенттерде заманауи ақпараттық мәдениет фундаментін қалыптастыру. Медициналық және

фармацевтикалық өкілдің қызметін ұйымдастыру негіздері басқа да фармацевтикалық пәндермен қатар фармацевт мамандығын қалыптастыруда бітірушілерді арнайы дайындықпен қамтамасыз етуде зор роль атқарады. Фармацевтикалық бизнесті ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша білімді, практикалық және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналым сферасындағы кәсіби ақпаратты жинау принциптерін біліктілік ыңғайларын ескере отырып игеру. Студенттерде дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналым сферасында білім қалыптастырумен қатар шығырмашылық потенциал, ойлау және іскерлік қатынас дағдыларын қалыптастыру.