1.5 Тұтандыру жүйесі
Тұтандыру жүйесінде ежелгі бөлістіргіш және тұтандыру қатушкасы қолданылмайды. Бұнда тұтандыру модулі 14(сурет10) қолданылады, ол екі тұтандыру катушкасынан және жоғарғы энергияны басқару электроникасынан құралады. Тұтандыру жүйесінде жылжымалы бөлшектер болмағандықтан, оған техникалық қызмет көрсетудің қажеті болмайды. Бұл жүйеде реттеу де болмайды (оның ішінде тұтандырудың озу бұрышы), өйткені тұтандыруды басқару контроллер жүзеге асырады.
Тұтандыру жүйесінде ұшқынды «зая ұшқын» тәсілімен бөлістіреді. Қозғалтқыштың цилиндрлері 1 - 4 және 2 - 3 түрінде жұптастырылған және ұшқын бір уақытта екі цилиндрде пайда болады:
Қысу ырғағы аяқталған цилиндрде (жұмысшы ұшқын), шығару ырғағы аяқталған цилиндрде (зая ұшқын). Токтың тұрақты бағытына сай тұтандыру катушкаларының орамдарында ұшқын пайда болатын ток бір білтеден тұрақты орталық электродтан бүйірлікке, ал екіншісінде бүйірліктен орталықтағысына ағады. А17ДВРМ немесе AC.R43XLS түріндегі электродтар арасындағы саңылауы 1,0 - 1,13 мм болатын білтелер қолданылады.
Тұтандыру модулі сигналды иінді біліктің жағдай датчигінен алып, оны өңдеп контроллерге иінді біліктің 180°- қа бұрылғандағы жиілігі бір импульске тең тірек сигналын жібереді. Тұтандыру модулі де приборлармен комбинацияда жұмыс істеуі үшін сигнал жібереді. Қозғалтқыштың иінді білігінің 500 мин-1 айналыс жиілігіне дейін иінді біліктің айналыс жиілігінің берілген базасында ғана әр катушканы берілген интервалмен қосумен тұтануды тұтандыру модулі басқарады.
Қозғалтқыштың иінді білігінің 500 мин-1 айналыс жиілігінен жоғары мәндерінде келесі ақпараттарды пайдаланып тұтандыруды контроллер басқарады:
- иінді біліктің айналыс жиілігі;
- қозғалтқыштың жүктелуі (ауаның абсолютті қысымы);
- ауаның атмосфералық (барометрилік) қысымы;
- салқындату сұйығының температурасы;
- кіргізердегі ауа температурасы;
- иінді біліктің орналасу жағдайы.
2 Орталықтандырылған отынды бүрку жүйесінің жұмысы
Форсункамен берілетін отын мөлшері, контроллермен (электронды басқару блогымен) берілетін электр импульсті сигналмен реттеледі. Ол қозғалтқыш жағдайы туралы берілгендерді бақылап отынға мұқтаждықты есептеп, форсункамен отын берудің қажетті уақытын (импульс ұзақтығын) анықтайды. Берілетін отын мөлшерін ұлғайту үшін импульс ұзақтығы ұлғайтылады, ал отын беруді кеміту үшін- қысқартылады.
Контроллердің өзінің есептерінің нәтижелері мен бұйрықтарын бағалау мүмкіндіктері болады, сонымен қатар жақындағы жұмысының тәжірибесін есте сақтап және соған сәйкес әсер ете алады. Контроллердің «Өздігінен оқуы» автомобильдің барлық қызмет мерзімінде жүзеге асырылатын үздіксіз үрдіс.
Әдетте иінді біліктің жағдай датчигінің бір тірек импульсінде форсункаға бір импульс беріледі. Отын тірек импульстерімен синхронды немесе асинхронды, яғни олармен уақыт бойынша сәйкес келмейтіндей. Отынды синхронды бүрку ең жиі қолданылатын отын беру тәсілі. Асинхронды отын бүрку дроссельдік қақпақ күрт ашылғанда қосымша отын беру қажет болғанда қолданылады. Дроссельдік қақпақтың күрт ашылуы туралы ақпарат дроссельдік қақпақтың жағдай датчигінен сигнал түрінде беріледі. Бұл отын бүрку карбюратордың дроссельдік қақпағы күрт ашылғанда, ондағы үдеткіш сорғының отын беруіне ұқсас.
Отын бүрку тәсіліне тәуелсіз отын беру қозғалтқыш жағдайымен, яғни оның жұмыс режимімен анықталады. Бұл режимдер контроллермен қамтамасыздандырылады және төменде келтірілген.
Қозғалтқышты іске қосу режимі. Тұтандыру қосылғанда контроллер электробензосорғы релесін 2 сек- ке қосады да, ол орталық бүрку агрегатына отын беретін магистралда қысым туындатады. Контроллер салқындату сұйығының температура және дроссельдік қақпақтың жағдай датчиктерінің көрсетулерін ескеріп, іске қосуға ауа/отын қатынастарының дұрыс шамаларын анықтайды.
Иінді білік айнала бастағанда, айналыс жиілігі 420 мин-1 шамасынан асқанша контроллер іске қосу режимінде жұмыс істейді, ал кері жағдайда қозғалтқышты «үрлеу» режиміне ауысуы мүмкін. Іске қосуда форсункаға әр импульстің ұзақтығы салқындату сұйығының температурасы мен дроссельдік қақпақтың жағдайына байланысты 4 - 6 мс шегінде болады.
Қозғалтқышты үрлеу режимі. Егер қозғалтқыш «отынмен толтырылған» болса, онда ол дроссельдік қақпақты толық ашумен қатар иінді білікті айналдырумен іске қосылады. Контроллер бұл режимде фосункаға ауа/отын қатынасы 26:1(импульс үұзақтығы 2 мс- ке жуық) шамасына сәйкес импульс береді де, толтырылған қозғалтқышты «тазалайды» Контроллер көрссетілген импульстер ұзақтығын қозғалтқыштың айналыс жиілігі 420 мин-1 – тен төмен және дроссельдік қақпақтың жағдай датчигі дроссельдік қақпақтың толық ашық екенін (85%- дан жоғары) көрсеткенше.
«Құйылмаған» қозғалтқышты іске қосуға талпынғанда дроссельдік қақпақ толық ашық жағдайға жақын болғанда, қозғалтқыш іске қосылмауы да мүмкін, өйткені 26:1 ауа- отын қатынасында құйылмаған қозғалтқышты іске қосуға жеткіліксіз болуы мүмкін, егер ол қыздырылмаған болса.
Кіргізуден кейін ашық режим циклы (кері байланыссыз). Қозғалтқышты іске қосқаннан кейін (иінді біліктің айналыс жиілігі 420 мин-1- тан жоғары болғанда) контроллер отын беру жүйесін «ашық цикл» режимінде басқарады. Бұл режимде контроллер оттегі датчигінен келген сигналды ескермей форсункаға импульс ұзақтығын иінді біліктің жағдай датчигінің (айналыс жиілігі жайында ақпарат), ауаның абсолютті қысымы, салқындату сұйығының температура датчигі және дроссельдік қақпақтың жағдай датчигінің сигналдарыы бойынша есептейді.
Ашық цикл режиміне есептелген бүрку импульсінің ұзақтығы 14,7:1 шамасынан өзгеше ауа/отын қатынасын беруі мүмкін. Мысал ретінде қозғалтқыштың қыздырылмаған жағдайы болуы мүмкін, өйткені жақсы жүру сапасын қамтамасыздандыру үшін байытылған қоспа қажет.
Жүйе келесі барлық шарттар орындалғанша ашық цикл режимінде қала береді:
- қалыпты жұмыс орындауға жеткілікті қыздырылғанын көрсететін оттегі датчигінің сигналының өзгеруі;
- салқындату сұйығының температурасы 32 0С- дан жоғары;
- іске қосу сәтінен бастап қозғалтқыш белгілі уақыт кезеңінде жұмыс істегенде. Қозғалтқышты іске қосу сәтінде салқындату сұйығының температурасына байланысты уақыт 6 сек- тен 5 мин- қа дейін шекте өзгереді. Бұл жағдайда егер температура 18 °С- дан төмен болғанда кезең 5 мин- ті құрайды. Егер температура 75 °С-ден жоғары болғанда кешіктіру 6 с-ті құрайды.
Іске қосылғаннан кейінгі тұйықталған цикл режимі (кері байланысты. Контроллер алғашқыда тұйықталған цикл режимінде ашық цикл режиміндегідей датчиктер сигналдары негізінде форсункаға импульстер ұзақтығын есептейді. Айырмашылығы тұйықталған цикл режимінде контроллер әлі де болса ауа/отын қатынасын 14,6 – 14,7:1 деңгейінде ұстап тұру үшін есептік импульсті корректирлеу және жұқа реттеу үшін оттегі датчигінен сигналды пайдаланады. Бұл каталикалық бейтараптандырғышқа максималды тиімділікпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды.
Үдеудегі баю режимі. Контроллер дроссельдік қақпақтың жағдайының күрт өзгеруін (дроссельдік қақпақтың жағдай датчигі бойынша) және кіргізу құбырындағы қысымды (абсолютті қысым бойынша) бақылайды да, форсункаға импульсті ұлғайту есебінен қосымша отын мөлшерін беруді қамтамасыздандырады.
Егер отынға деген сұраныс дроссельдік қақпақтың күрт ашылуынан өте үлкен болса, онда контроллер синхронды импульстер арасында форсункаға асинхронды импульстарды қосады, олар қалыпты жұмыста иінді біліктің жағдай датчигінің тірек импульсіне әр қайсысына біреуден келеді.
Қуаттық баю режимі. Контроллер дросельдік қақпақ жағдайының датчигі мен айналыс жиілігін жүргізушіге максималды қуат қажет сәттерді анықтау үшін бақылайды. Максималды қуат алу үшін байытылған жанар қоспа қажет, ол үшін контроллер ауа/отын қатынасын 12:1 дейінгі шамаға өзгертеді
Бұл режимде оттегі концентрациясы датчигінің сигналы ескерілмейді (игнорируется), өйткені ол қоспаның байытылғаны туралы көрсетеді.
Тежеуде кедейлену режимі. Автомобильдің жабық дроссельдік қақпақ жағдайында тежелуінде атмосфераға тасталатын улы заттар құрамдастарының ұлғаюы мүмкін. Айтылғанды болдырмау үшін, контроллер дроссельдік қақпақтың ашылу бұрышының және кіргізу құбырындағы қысым шамасының кішіреюін бақылайды да,уақтылы бүрку импульсін қысқартумен берілетін отын мөлшерін кемітеді.
Қозғалтқышпен тежегенде отын беруді тоқтату режимі. Қосылған беріліс пен іліністе контроллер қысқа уақыт кезеңіне отын бүркудің импульсін тоқтатуы мүмкін. Отын беруді тоқтату барлық келесі шарттарды орындағанда жүзеге асады:
1. салқындату сұйығының температурасы 44 0С-тан жоғары.
2. Қозғалтқыштың айналыс жиілігі 3150 мин-1-тан жоғары.
3. Автомобиль жылдамдығы 42 км/сағ-тан жоғары.
4. Дроссельдік қақпақ жабық.
5. Абсолютті қысым датчигінің сигналы қозғалтқышт жүктелуінің жоқтығын көрсетеді (қысым 24 кПа- дан төмен).
6. Контроллердің тұрақты есте сақтау бөліміне ендірілген кесте және иінді біліктің айналыс жиілігін автомобиль жылдамдығын салыстыру берілістер қорабының қосылған берілісін анықтайды.
Автомобильді қозғалтқышпен тежегенде келесі шарттардың кез- келгені отын бүркудің импульстерінің қайта туындатады:
1. Иінді біліктің айналыс жиілігі 2100 мин-1- тен төмен.
2. Автомобиль жылдамдығы 42 км/сағ-тан төмен.
3. Дроссельдік қақпақ 2%- дан кем емес шамаға ашық
4. Кіргізу құбырындағы аабсолюттік қысым датчигі күштеудің барлығын көрсетеді (қысым 25 кПа- дан жоғары).
5. Ілініс ажыратылған. Бұл айналыс жиілігінің жылдам төмендеуімен анықталуы мүмкін.
Қоректендіру кернеуінің төмендеуін компенсациялау. Қоректендіру кернеуі төмендегенде тұтандыру жүйесі әлсіз ұшқын беруі мүмкін, ал форсунканың механикалық қозғалысы «ашылу» үлкен уақыт алуы мүмкін. Контроллер бұны қоректендіру кернеуінің 12 В- тан төмендеуінде тұтандыру катушкасында токты қорландыру уақытын ұлғайтумен компенсациялайды, ал кернеу8 В – тан төмендегенде зая жүріс айналыс жиілігін және бүрку импульсін ұлғайтумен жүзеге асырылады.
Отын беруді тоқтату режимі. Ажыратылған тұтандыруда отын форсункамен берілмегендіктен қыздырылған қозғалтқышта қоспаның өздігінен тұтануы болмайды. Сонымен қатар егер контроллер иінді біліктің жағдайының тірек сигналдарын алмаса, яғни қозғалтқыш жұмыс істемегенде отынды бүрку импульсі берілмейді.
Отынды беру иінді біліктің айналыс жиілігі рұқсат етілген шектен 6500 мин-1- тен жоғарылағанда тоқтатылады. Иінді біліктің айналыс жиілігі 5850 мин-1 – тен төмендегенде бүрку импульсі қайта беріле бастайды.
1 – отын деңгейі датчиктіэлектробензосорғы; 2 - форсунка; 3 – оттегі концентрациясы датчигі; 4 - октан-потенциометр; 5 – ауа температурасы датчигі; 6 –абсолютті қысым датчигі; 7 –дроссельдік қақпақ жағдайының датчигі; 8 -датчик салқындату сұйығының температура датчигі; 9 – зая жүріс датчигі; 10 - диагностика колодкасы; 11 – жылдамдық датчигі; 12 – адсорберді үрлеу клапаны; 13 – тұтандыру білтесі; 14 – тұтандыру модулі; 15 – электронды басқару колодкасы; 16-кіргізу құбырының қыздырғышының сақтандырғышы; 17 – бүрку жүйесінің сақтандырғыштар блогы; 18 –иінді біліктің жағдай датчигі; 19 – тахометрмен және «CHECK ENGINE» бақылау лампасымен приборлар; комбинациясы; 20 – автомобильдің сақтандырғыштарының негізгі блогы (фрагмент); 21 – тұтандыру релесі; 22 – электробензосорғыны қосу релесі; 23 – шығару құбырының электрқыздырғышының релесі; 24 – кіргізу құбырының қыздырғышы; А – аккумулятор батареясының «плюс» шығуына; В - тұтандыруды ажыратудың«15» клеммасына
Сурет 10 – Орталықтандырылған отын бүркетін ВАЗ-21214 автомобилінің электр жабдығының сұлбасының ерекшелігі
