Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МетСЭБУ-4каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.15 Mб
Скачать

1.4 Қоректендіру жүйесі

Отынды орталық бүрку агрегаты (сурет 6, 7) карбюратордың орнына кіргізу құбырына орнатылады, отынберу тұрқынан (агрегаттың жоғарғы бөлігі) және дроссельдік қақпақтың тұрқынан (агрегаттың төменгі бөлігінен) құралады. Отын беру тұрқында отын бүркуге арналған форсунка 2 және отын қысымының реттегіші 1 болады. Дроссельдік қақпақ тұрқында зая жүріс реттегіші 9, дроссельдік қақпақ және дроссельдік қақпақ жағдайының датчигі 4 орналасқан. Қысымсыздануды алу үшін дроссельден кейінгі кеңістікпен жалғасқан үш құбыр 6,7,8 қарастырылған.

Отын қысымын реттегіш форсункаға берілетін отын қысымын тұрақты 190-210 кПа шегінде қолдайды. Ол, отын беру агрегатының тұрқындағы ұяға тарирлеу серіппесімен қысылған диафрагмалы 1 клапаннан 3 (сурет 8) құралады.

Отын қысымы қалыптыдан жоғары болғанда, ол серіппенің күшін жеңіп, клапан ашылады, артық отын «В» каналы және төгу магистралі арқылы отын сиымдылығына төгіліп, отын қысымы төмендейді. Қысым қалыпты шамадан төмендегенде клапан серіппемен ұяға қысылып, отын төгілуі тоқтайды.

1 қысым реттегіштің диафрагмасы; 2 - серіппе; 3 - қысым реттегіштің клапаны; 4 - форсунка; А –отын беру каналы; В - отын төгу каналы

Сурет 8 – Отын қысымын реттегіштің жұмыс сұлбасы

Зая жүріс реттегіші 5 (сурет 9) зая жүріс режимінде жабық дроссельдік қақпаққа соқпастан канал 4 бойынша өтетін ауа мөлшерін басқарып, иінді біліктің айналыс жиілігін реттейді. Ол адымды электрқозғалтқыштан және оған жалғастырылған конусты клапаннан 2 құралады. Клапан контроллердің сигналы бойынша электроқозғалтқышпен шығарылады немесе кері алынады.

Реттегіштің инесі толық шығарылғанда (ол 0 адымға сәйкес), клапан ауаның өту қимасын толық жабады. Ине шығарылғанда иненің ұядан кету адымының санына пропорционал ауа шығыны қамтамасыздандырылады.

1 – отын беру тұрқы; 2 – зая жүріс реттегішінің клапаны; 3 –дроссельдік қақпақ; 4 - зая жүріс каналы; 5 - зая жүріс реттегіші

Сурет 9 – Зая жүріс реттегішінің жұмысының сұлбасы

Форсунка 4 (сурет 8) электромагнит клапаны түрінде болады. Оған контроллерден кернеу импульсі берілгенде, клапан ашылып отын бүріккіш арқылы қысыммен, майда тозаңданған арынмен дроссельдік қақпақ үстіндегі араластыру камерасына бүркіледі. Электр импульсінің берілуі тоқтағаннан кейін серпімділенген клапан отын беруді тоқтатады.

Электробензосорғы - екісатылы, ротор түрінде, ажыратылмайтын, отын сиымдылығында орнатылған. Ол отынды 284 кПа қысымнан жоғары жағдайда беруді қамтамасыздандырады. Электробензосорғы көмекші реле 22 арқылы береді (сурет 10).

Электробензосорғы отын сиымдылығы ішінде орналастырылуы бу тығынының пада болу мүмкіндігін төмендетеді, өйткені отын қысымсыздану нәтижесінде емес, қысыммен беріледі.

Отын сүзгісі беру магистралінде электробензосорғысы мен отынды орталық бүрку агрегаты аралығында орналастырылып мотор бөлімінде сол жақ шашыратқышта орнатылған. Сүзгі - ажыратылмайтын, қағаз сүзгілі элементті болат тұрықты.

Кіргізу құбырының электрқыздырғышы кіргізу құбырының төменгі бөлігінде орталық отын бүрку агрегаты астында орнатылған. Ол салқын қозғалтқыштың кіргізу жүйесін жедел қыздыруға арналған. Бұл отынның жедел булануын және оның цилиндрлерге бірқалыпты бөлістірілуін қамтамасыздандырады. Нәтижесінде салқын қозғалтқышпен жүру сапасы жақсарады және жұмыс істеп біткен газдардың улылығы төмендейді.

Контроллер барлық келесі шарттар орындалғанда көмекші релемен 23 (сурет 10) электрқыздырғышты включает іске қосады: салқындату сұйығының температурасы 65 °С- ден төмен, кіргізердегі ауа температурасы 80°С- ден төмен және қоректендіру кернеуі 8 В- тан жоғары болғанда. Бұл шарттар көмекші агрегаттардан минималды электр жүктеулерінде қыздырылмай жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта орын алады.

Келесі шарттардың бірі орын алмағанда электрқыздырғышты ажыратады: салқындату сұйығының температурасы 65 °С- ден төмен немесе оған тең, кіргізердегі ауа температурасы 80°С- ден жоғары және қоректендіру кернеуі 6 В- тан төмен болғанда. Бұл шарттар қыздырылған қозғалтқышта және/ немесе көмекші агрегаттардан жоғарғы жүктеулер болғанда орын алады.