
1.3 Датчиктер
Салқындату сұйығының температура датчигі термистор (температураға байланысты кедергісі өзгеретін резистор) түрінде болады. Датчик цилиндрлер қалпағындағы салқындату сұйығын шығару құбырына бұралып орнатылған. Төменгі температурада датчиктің кедергісі жоғары (-40 °С –да кедергі 100 кОм- нан жоғары), ал жоғарғы температурада датчиктің кедергісі төмен (100 °С – да кедергі 177 Ом).
Салқындату сұйығының температурасын датчиктегі кернеудің төмендеуі бойынша анықтайды. Салқын қозғалтқышта кернеудің төмендеуі жоғары, ал қыздырылған қозғалтқышта төмен. Салқындату сұйығының температурасы контроллер басқаратын сипаттамалардың көпшілігіне әсерін тигізеді.
Ауа температурасының датчигі ауа сүзгісінің тұрқының түбіне бұрап бекітілген, ол термистор. Ол ылғи ауа температурасын өлшейді және оның өзгеруін бақылайды. Ауа температурасы төмендегенде оның кедергісі өседі, ал жоғарылағанда төмендейді.
При колебаниях Температура өзгергенде контроллер датчиктегі кернеудің төмендеуін бақылап, бүркілетін отын мөлшерін анықтайды.
Ауаның абсолютті қысым датчигі (сурет 4) ауаағыны қорабына бекітілген және құбырмен 8 шлангымен жалғастырылған (сурет 6-ны қара). Ол кіргізу құбырындағы ауа қысымын бақылайды, аталған қысым қозғалтқышқа жүктеу және иінді біліктің айналыс жиілігі өзгергенде өзгереді
Датчиктің сезімтал элементі – резистор тозаңдатылған миниатюрлі диафрагма. Ауа қысымына байланысты диафрагманың керілуі өзгереді, тиісінше резитордың кедергісі де өзгереді. датчикке орнатылған микросхема бұл өзгерісті датчиктің шығу бөлігіндегі кернеудің өзгеруіне түрлендіреді.
Зая жүрісте датчиктің шығу бөлігінде сигналдың салыстырмалы төменгі кернеуі (1 - 1,5 В) пайда болады. Дроссельдік қақпақтың толық ашылуында сигналдың ең жоғарғы деңгейі (4 - 4,5 В- қа жуық), пайда болады, өйткені бұл жағдайда кіргізу құбырындағы қысым атмосфералық қысымға тең болады.
Датчиктің барометрлік қысымды ескеруі, контроллерге отын беруге жоғарылық өзертулерді автоматты түрде енгізуіне мүмкіндік береді.
Контроллер датчиктен отын беруді және тұтандыруды оздыруды басқару үшін абсолютті қысым датчигінің ақпаратын пайдаланады. Кіргізу құбырындағы қысым ұлғайғанда (датчиктің шығу кернеуі өседі)- отын беру өседі. Қысым төмендегенде (датчиктің шығу кернеу төмендейді) – отын беру кемиді.
Сурет 4 – Абсолютті қысым датчигі
Оттегі концентрациясы датчигі шығару коллекторында орнатылады. Жұмыс істеп біткен газдардағы оттегіге оттегі датчигімен байқалады, яғни датчиктің шығуында потенциалдардың айырмашылығы туындайды. Ол шамамен 0,1 В-тан (оттегінің құрамда көп болуы – кедей қоспа) 0,9 В-қа дейін (оттегі аз – бай қоспа).
Қалыпты жұмыс істеуі үшін датчикте температура 360 °С- дан төмен болмауы тиіс. Қозғалтқышты іске қосқаннан кейін жедел қыздыру үшін датчикке қыздыру элементі орнатылған.
Оттегі концентрациясының датчигінің шығу кернеулерін бақылап контроллер форсункаларға берілетін жұмысшы қоспаның құрамын реттеуге қандай бұйрық беру керектігін анықтайды. Егер қоспа кедей болса (датчиктің шығу бөлігінде потенциалдардың айырмашылығы төмен болғанда), онда қоспаны байытуға бұйрық беріледі. Қоспа бай болғанда (потенциалдар айырмашылығы үлкен) - қоспаны кедейлендіруге бұйрық беріледі.
Автомобильдің жылдамдық датчигі тарату қорабында спидометр жетегі мен спидометрдің иілмелі жетек білігі ұштамасы аралығында орнатылған. Датчиктің жұмыс принципі Холл эффектісіне негізделген. Датчик контроллерге жетектеуші доңғалақтардың айналыс жылдамдығына пропорционал кернеудің төртбұрышты импульсін береді.
Датчиктен келген ақпарат негізінде контроллер зая жүріс режимін белгілейді, сонымен қатар автомобильдің жоғарғы жылдамдығында салқындату жүйесінің желдеткішін ажыратады..
Сурет 5 – Октан-потенциометр
Октан-потенциометр (сурет 5) мотор бөлігінде ауа ағыны қорабының қабырғасында орнатылған және ол айнымалы резистор түрінде болады. Ол контроллерге тұтанудың озу бұрышын реттеу сигналын береді. Октан – потенциометрді реттеу диагностикалық жабдықты қолданумен техникалық қызмет станцияларында жүзеге асырылады.
Дроссельдік қақпақтың жағдай датчигі 4 (сурет 6) отынды орталық бүрку агрегатында орнатылған және дроссельдік қақпақтың осімен жалғастырылған.
Датчик потенциомметр түрінде болады, оның шығуының бір шетіне қоректендірудің плюс кернеуі (5 В) беріледі, ал екінші шеті массамен жалғастырылады. Потенциометрдің үшінші шығуынан (бауырламадан) шығу сигналы контроллерге келеді.
1 – отын қысымын реттегіш; 2 – форсунка; 3 – отын беру шлангасы үшін штуцер; 4 – дроссельдік қақпақтың жағдай датчигі; 5 – отынды алып кету шлангасы үшін штуцер; 6 – адсорберді үрлеу шлангасы үшін құбыр; 8 – абсолютті қысым датчигі шлангасы үшін құбыр; 9 – зая жүріс реттегіші ; 10 – автомобиль салонындағы басқыштан дроссельдік қақапақ жетегінің секторы
Сурет 6 – Орталық бүрку агрегаты
1 – зая жүрісті реттеудің зауыттық винті; 2 – отын қысымының реттегішінің қақпағы; 3 – реттегіш серіппесі; 4 – реттегіш диафрагмасы; 5 – ауа сүзгісінің астары; 6 - форсунка; 7 – форсунка ұстағышы; 8 – отын беру штуцері; 9 – отынды алып кетту штуцері; 10 – дроссельдік қақпақтың жағдай датчигі; 11 – дроссельдік қақпақ осі; 12 – құбырлар астары; 13 – қысымсыздануды алып кету құбырларының тұрқы; 14 – зая жүріс реттегіші
Сурет 7 – Орталық бүрку агрегатының бөлшектері мен тораптары
Дроссельдік қақпақ бұрылғанда (басқару басқышына әсерден), датчиктен шығу кернеуі өзгереді изменяется. Дроссельдік қақпақтың жабық жағдайында кернеу 0,7 В- тан төмен. Қақпақ ашылғанда датчиктің шығуында кернеу жоғарылайды, ал толық ашылған қақпақта кернеу 4 В- тан жоғары болады.
Датчиктің шығу кернеуін бақылап, контроллер дроссельдік қақпақтың ашылу бұрышына байланысты отын беруді (яғни жүргізушінің тілегіне байланысты).
Дроссельдік қақпақтың жағдай датчигі ешқандай реттеуді қажетсінбейді, өйткені контроллер зая жүрісті (яғни дроссельдік қақпақтың толық жабылуы) нөлдік белгі ретінде қабылдайды.
Индуктивтік түрдегі иінді біліктің жағдай датчигі контроллердің жұмысын 1-ші және 4-ші цилиндрлердің поршендерінің жоғарғы өлі нүктелерінен бастап және иінді біліктің бұрыштық жағдайымен синхронизациялауға арналған.
Датчик бөлістіру білігінің жетегінің қақпағында, генератор жетегінің шкивінде беру дискісіне қарсы орналастырылған. Дискіде шеңбер бойымен бірдей арақашықтықта орналасқан 6 ойма болады және оның ішінде біреуі келесіден 10°-қа алшақтатыла орналасып, синхронизациялаудың импульсін генерациялауға арналған. Иінді білік айналғанда оймалар датчиктің магнит ағынын өзгертеді де, датчиктің шығысында кернеу импульсін туындатады
Контроллер датчиктің сигналдары бойынша иінді біліктің айналыс жиілігін анықтап форсункаларға импульстер береді.
Ауабаптағышты қосуға сұраныс сигналы. Егер автомобильде ауа баптағыш орналастырылған болса, онда сигнал ауа баптағыш ажыратқышынан приборлар панеліне беріледі. Бұл жағдайда контроллер жүргізушінің ауа баптағышты қосатыны туралы тілегі ақпаратын алады.
Бұндай сигналды алғаннан кейін контроллер алғашқыда зая жүріс реттегішін ауа баптағышының компрессорынан қозғалтқышқа түсетін қосымша жүктемені компенсациялауға ыңғайлайды да, содан кейін ауа баптағыштың компрессорын басқаратын релені іске қосады.