1.1 Бейтараптандырғыш
Жұмыс істеп біткен газдардың улы құрамдастарына көмірсутектері (жанбаған отын), көміртегі және азот тотықтары. Бұл қоспаларды залалсыздандыру үшін шығару жүйесінде сөндіргіштің қабылдау құбырынан кейін үшкомпонентті каталитикалық бейтараптандырғыш орнатылған.
1 – катализаторлы керамикалық
Сурет2 – Бейтараптандырғыш
Бейтараптандырғышта (сурет 2) микроканалды керамикалық элементтер орналастырылған, олардың беттерінде екі тотықтыратын және бір қалпына келтіретін катализаторлар келтірілген.
Тотықтандыратын катализаторлар (платина и палладий) көмірсутектерінің су буына, ал көмір тотығының зиянсыз көміртегінің қос тотығына түрленуіне жағдай жасайды. Қалпына келтіретін катализатор (родий) азот тотықтарын қалпына келтіретін және олардың зиянсыз азотқа айналатын химиялық реакцияларды жеделдетеді.
Улы компоненттерді тиімді бейтараптандыру және ауа отынды қоспа жақсы жануы үшін 14,6 -14,7 бөлік ауаға 1 бөлік отын келуі тиіс.
Бұндай мөлшерлеу дәлдігі отынды электронды бүрку жүйесімен қамтамасыздандырады, ол қозғалтқыштың жұмыс орындау жағдайына және жұмыс істеп біткен газдарда оттегі концентрациясы датчигі берген сигналға байланысты отын беруді үздіксіз реттейді.
Ескерту
Бейтараптандырғышты қозғалтқыштың этилирленген бензинде жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді. Бұл бейтараптандырғыш пен оттегі концентрациясының датчигінің жылдам істен шығуын туындатады.
1.2 Контроллер
Электронды басқару блогы 1 (сурет 3), зат жәшігі астында орналасып, отын бүрку жүйесінің басқару центрі болады. Ол әртүрлі датчиктерден келген ақпаратты үздіксіз өңдейді және жұмыс істеп біткен газдардың улылығына, автомобильдің пайдалану көрсеткіштеріне әсерін тигізетін жүйелерді басқарады.
1 - контроллер; 2 – бағдарлайтын тұрақты есте сақтайтын құрылымп (БТЕСҚ); 3 -қақпақ
Сурет 3 – Электронды басқару блогы
Басқару контроллеріне келесі ақпарат келеді :
- иінді біліктің орналасу жағдайы және айналыс жиілігі;
- ауаның абсолютті қысымы туралы;
- ауа температурасы туралы;
- салқындату сұйығының температурасы туралы;
- дросссельдік қақпақтың орналасу жағдайы туралы;
- жұмыс істеп біткен газдардағы оттегі шамасы;
- автомобильдің борттық желісіндегі кернеу туралы;
- автомобильдің жылдамдығы туралы;
- ауа баптағышты қосу сұранысы туралы (егер автомобильде орнатылса);
октан-потенциометрден сигнал.
Алынған ақпарат негізінде контроллер елесі жүйелер мен приборларды басқарады:
- отын беруді (форсункамен и электробензосорғымен);
- тұтандыру жүйесін;
- зая жүріс реттегішін;
- кіргізу құбырындағы электр жылытқышты;
- бензин буларын ұстау жүйесінің адсорберін;
- қозғалтқыштың салқындату жүйесінің желдеткішін;
- ауа баптағыштың компрессорының муфтасын (егер ол автомобильде болса);
- диагностикалау жүйесін.
Контроллер құрамында контроллердің шығу транзисторлары арқылы массаға жалғастырумен шығу тізбегі (форсункалар, әртүрлі релелер және т.б.) болады. Болмайтыны тек отын сорғысының релесінің тізбегі. Тек осы реленің орамына ғана контроллер +12 В кернеуді береді
Контроллерде орнатылған диагностика жүйесі болады. Ол жүйе жұмысындағы ақауларды танып «CHECK ENGINE» бақылау лампасы арқылы жүргізушіні ескертеді. Сонымен қатар ол жөндеуді жүргізетін мамандарға көмектесу үшін ақаулар облысын көрсететін диагностикалық кодтарды сақтайды.
Есте сақтау. Контроллерде есте сақтаудың екі түрі болады: шұғыл есте сақтау құрылымы (ШЕСҚ) и бірнешерет бағдарламаланатын тұрақты есте сақтау құрылымы (ББТЕСҚ).
Шұғыл есте сақтау құрылымы бұл контроллердің «блокноты». Контроллердің микропроцессоры есептеу үшін өлшенетін параметрлерді уақытша сақтауға және аралық ақпарат үшін қолданылады. Микропроцессор қажеттілігіне байланысты берілгендерді кіргізуі немесе оқуы да мүмкін.
ШЕСҚ микросхемасы контроллердің баспалы платасында орнатылған. Бұл есте сақтау энерго тәуелді және сақтау үшін үздіксіз қоректендіруді қажетсінеді. Қоректену тоқтағанда ШЕСҚ- дағы ақаулардың диагностикалық кодтар және есептік берілгендер өшеді.
бірнешерет бағдарламаланатын тұрақты есте сақтау құрылымы. ББТЕСҚ-да жалпы бағдарлама болады, онда жұмысшы бұйрықтың (басқару алгоритмы) реті және әртүрлі калибрлеу ақпараты келтіріледі. Бұл ақпаратта автомобиль массасына, қозғалтқыш түріне және қуатына, трансмиссияның беріліс қатынасына және басқа факторларға байланысты бүркуді, тұтануды, зая жүрісті және т.с.с. басқару берілгендері келтірілген. ББТЕСҚ-ты калибровкалардың естен сақтау құрылымы.
ББТЕСҚ құрамы бағдарламаланғаннан кейін өзгертілмеуі тиіс. Бұл есте сақтау жазылған ақпаратты сақтау үшін қоректендіруді қажетсінбейді, қоректендіруді ажыратқаннан кейін де ақпарат өшірілмейді, яғни бұл есте сақтау энергия тәуелді емес. ББТЕСҚ контроллердің платасының ұясында орнатылады (сурет 14) және ол контроллерден алынуы және ауыстырылуы мүмкін.
ББТЕСҚ әр автомобиль комплектацисы үшін жеке болады және автомобильдердің әртүрлі модельдерінде унифицикациаланған бір контроллер қолданылады. Сондықтан ББТЕСҚ ауыстырылғанда автомобильдің моделінің реті мен комлектациясын дұрыс анықтау маңызды. Ал егер ақаулы контроллер ауыстырылатын болса бұрынғы ББТЕСҚ –ы қалдырған дұрыс (егер ол ақаусыз болса).
