
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Техникалық сервис кафедрасы
Оразалиев Б.Т., Рахимов Н.Р.
ВАЗ-21213, ВАЗ-21214, ВАЗ-21217, ВАЗ-2129, ВАЗ-2130, ВАЗ-2131 АВТОМОБИЛЬДЕРІНІҢ ОТЫН БҮРКУ ЖҮЙЕСІ
«Іштен жану қозғалтқыштарының басқару жүйелері» пәнінен техникалық факультеттің студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау
Астана 2013
1 ВАЗ-21213, ВАЗ-21214, ВАЗ-21217, ВАЗ-2129, ВАЗ-2130, ВАЗ-2131 АВТОМОБИЛЬДЕРІНІҢ ОТЫН БҮРКУ ЖҮЙЕСІ
Бұл автомобильдерде отынды орталықтандырылған бүркетін жүйелі қозғалтқыштар орнатылған, яғни отын орталықтандырылған агрегатқа бір форсункамен бүркіледі. Бұнда отын ауамен араластырылып қозғалтқыш цилиндрлеріне кіргізу құбыры арқылы жану қоспасы түрінде беріледі.
Шығару жүйесінде каталикалық бейтараптандырғыш орнатылған отын бүрку жүйесі жұмыс орындап біткен газдардың улылығын төмендетіп автомобильдің жүрудегі сапасын жақсартады. Отын ретінде тек этилдендірілмеген бензин қолдану қажет. Этилдендірілген бензинді қолдану бейтараптандырғышты, оттегі датчигін зақымдап, жүйені істен шығарады.
1 – отын сүзгісі; 2 – электрқыздырғышты кіргізу құбыры; 3 – қысым реттегіші; 4 – ауа температурасының датчигі; 5 – қозғалтқыш; 6 – салқындату жүйесінің шығару құбыры; 7 – салқындату сұйығының температура датчигі; 8 – зая жүріс реттегіші; 9 – форсунка; 10 – дроссельдік қақпақтың жетегінің секторы; 11 – орталық бүрку агрегаты; 12 – кіргізу құбырының қыздырғышының релесі; 13 – ауа сүзгісі; 14 – дроссельдік қақпақтың жағдай датчигі; 15 – оттегі концентрациясының датчигі; 16 – шығару коллекторы; 17 –абсолютті қысым датчигі; 18 – қысысыздануды алу түтігі; 19 – қабылдау құбыры; 20 – берілістер қорабы; 21 – каталитикалық бейтараптандырғыш; 22 – жылдамдық датчигі; 23 – тарату қорабы; 24 – төгу магистралі; 25 – беру магистралі; 26 – электробензосорғы отын деңгейінің датчигімен; 27 – отын сиымдылығы; 28 – электробензосорғыны іске қосу релесі; 29 – контроллер; 30 – «CHECK ENGINE» бақылау лампасы
Сурет 1 – Отын бүрку жүйесінің сұлбасы
Ескерту
1. Бүркуді басқару жүйесінің кезкелген торабын ажыратпас бұрын аккумулятор батареясының «минус» клеммасынан өткізгішті ажырату қажет.
2. Егер аккумулятор батареясындағы өткізгіштердің шеттері нашар бекітілген болса, онда қозғалтқышты іске қоспаңыз.
3. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта аккумулятор батареясын автомобильдің борттық жүйесінен ешқашан ажыратпаңыз.
4. Аккумулятор батареясын зарядтауда, оны автомобильдің борттық жүйесінен ажыратыңыз.
5. Контроллерді жұмыс жағдайында 650С, ал жұмыс істемеген жағдайда (мысалы, құрғату камерасында). 80 0С температуралардан жоғары жағдайдалар әсерінде ұстамау қажет. Көрсетілген шектерден температура жоғарылағанда, контроллерді автомобильдерден шығарып алу қажет.
6. Тұтандыру қосылған жағдайда өткізгіштердің жгуттарының ажыратпаларын контроллерге қосуға немесе одан ажыратуға болмайды.
7. Автомобильде электрдоғалы пісіруді жүргізгенде аккумулятор батареясынан өткізгіштерді және контроллерден өткізгіштердің ажыратпаларын ажырату қажет.
8. Кернеулерді барлық өлшеулер ішкі кедергісі 10 МОм- нан кем болмайтын сандық вольтметрмен орындаңыз.
9. Бүрку жүйесінде қолданылатын электронды тораптар өте кіші кернеулерге есептелгендіктен, олар электростатикалық разрядпен жеңіл зақымдануы мүмкін. Контроллердің электростатикалық разрядпен зақымдануын болдырмау үшін:
- контроллердің штекерлеріне немесе оның платаларындағы электронды құрамдастарына қол тигізбеңіз;
- контроллердің БТЕСҚ- мен жұмыс орындағанда микросхеманың шығуларына қол тигізбеңіз.