Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МетСЭБУ-3каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

5 Температура датчигі

Автомобильдердің бақылау жүйесінде температура датчиктері ретінде жартылай өткізгішті терморезисторлар кеңінен қолданылады, олар датчикті өлшейтін тізбекке қосуға арналған үш ажыратпалы металл тұрыққа орналастырылады.

Бұл датчиктер термисторлар түріндегі, яғни теріс температуралы коэффициентті жартылай өткізгішті резисторлар. Кейбір Renix жүйесімен жабдықталған автомобильдерде оң температуралы коэффициентті датчиктер болады.

Температура өзгергенде термистор кедергісі де өзгереді. Шығу кернеуінің өзгеруі ЭББ- на ауаның немесе салқындату сұйығының температурасы туралы ақпарат береді (сурет 7).

а – құрылым; б – кедергінің температураға тәуелділігі;

1 – тұрық; 2 – шығу; 3 – серіппе; 4 – терморезистор

Сурет 7 – Терморезистивті датчик

Терморезистивті датчиктің сезімтал элементі температураның өзгеруі оның кедергісін едәір өзгертетін қасиетті бар жартылай өткізгішті термокедергі.

6 Іске қосу форсункасы

Іске қосу форсункасы (сурет 8) салқындату сұйығының температурасына байланысты белгілі уақытқа (максималды 8 секунд). электромагнитпен іске қосылады.

1 – пластмассалы каркас; 2 –электро­магнит орамы; 3 – форсунканы бекіту фланеці; 4 – бүріккіш; 5 – серіппе; 6 – бекіту элементі; 7 – сүзгілі элементті отын өткізгіш штуцер; 8 – электрлі түйіспелер

Сурет 8 – Іске қосу форсункасы

Электромагниттің қозуы форсунка каналының ашылуын және отынның мұрындыққа 5 ось бойымен өтуін туындатады да, онда тозаңдануын жақсарту үшін құйындатылады.

.

Бөлістірілген бүрікуге арналған форсункалар өлшемдері, қозғалтқышта бекітілуіне, отынды беру тәсіліне және электромагниттің орамдарының кедергісіне байланысты бір- бірінен ажыратылады.

Қосымша іске қосу форсункасы жұмысшы форсункалардан құрылымы бойынша ерекшеленеді. Ол бекіту фланецті 4 тұрықтан, оған электромагниттің орамдарының 2 пластмассалы каркасы бекітілген (сурет 8).

Клапанның бекіту элементі 6 электрмагнит якорі болады. Тұрықтың төменгі бөлігінде центрден тепкіш тозаңдандырғыш бекітілген. Отын берілгенде іске қосу форсункасы ашық жағдайда болады.

Сурет 9 – Форсунканы қосу сұлбасы

7 Отын қысымының реттегіші және стабилизаторы

Отын қысымын реттегіш ауаның кіргізу трактысындағы ауа қысымымен отын қысымының айырмашылығын тұрақты қолдауға арналған.

Отын қысымын реттегіші мембраналы сақтандырғышты клапанды болады (сурет 10).

Сурет 10 – Отын қысымын реттегіш

Отын реттегішке штуцер 4 (сол жағында) арқылы беріледі, ал келесі штуцер 19 арқылы оны отын бөлістіргішінің төгу магистралімен жалғастырады. Біріктірмелердің бір- бірімен жалғастырылудың тығыздық сапасы 18, 2 және 3 тығыздамалармен жүзеге асырылады. Қақпақтың 7 қуысында 13 шектеу 11 және тірек 14 шайбаларының аралығында штокта 12 серіппе 8 орнатылған. Мембрана астындағы қуыс 17 бензин сиымдылығымен жалғасқан, ал мембрана үсті қуысы шектеу шайбасындағы 11 шығу тесігімен 9, ал құбыр 10 ВТ-мен жалғасқан. Егер қозғалтқышты іске қосқанда ЭБН қысым туындатса, онда реттегіштің мембранасы төмен иіледі. Мембранамен бірге жоғарғы жағынан қысылған клапан 16 тығыздағышы төмен түседі.