- •Отын бүркуді басқарудың ауалы механикалық жүйесі
- •1 Жалпы мәліметтер
- •2 Жұмыс принципі. Бас мөлшерлеу жүйесі және зая жүріс жүйесі
- •Сурет 2 – Бүрку жүйесінің тораптарының өзара әсерлесу принципі
- •Сурет 3 – Мөлшерлегіш- бөлістіргіш және «ke-Jetronic» бүрку жүйесінің қысым реттегіші
- •Сурет4 – Мөлшерлегіш- бөлістіргіштің жұмыс режимдері
- •4 Тұрақты бүрку форсункасы
- •5 Температура датчигі
- •7 Отын қысымының реттегіші және стабилизаторы
- •Сурет 11 – қысым демпфері
Сурет 2 – Бүрку жүйесінің тораптарының өзара әсерлесу принципі
«K-Jetronic» жүйесіне қарағанда, «KE-Jetronic» жүйесінде басқару қысымы бөлістіргіштің плунжерінің жоғарғы шетіне келтірілмейді.
Басқару қысымның реттегіші 9 (сурет 2) электронды блокпен 16 басқарылатын электроклапан түрінде болады. Бас мөлшерлеу жүйесінің барысында биметалл пластинаның орналасу жағдайы өзгереді. Иінді біліктің айналыс жиілігі (үдеуі) жоғарылағанда пластинаның жоғарғы жағы оңға ауытқиды, реттегішке отын беретін тесік жабылыңқырайды. Иінді біліктің айналыс жиілігі (баяулауы) кемігенде пластинаның жоғарғы жағы оңға ауытқиды, реттегішке отын беретін тесік шамасы ұлғаяды.
Қозғалтқыштың бірқалыпты жұмысында (иінді біліктің тұрақты айналыс жиілігінде) пластина түзетілген жағдайда болады.
Потенциометр қысымдау дискісі және дроссельдік қақпақтың жағдайын ажыратқыш электронды басқару блогына қозғалтқыштың ағымды жүктелуі және дроссельдік қақпақтың «тәртібі » туралы ақпарат береді. Өз кезегінде электронды басқару блогы басқарылатын қысым реттегіші арқылы қысымдау дискісінің бөлістіргіш плунжерін жылжыту әсерін реттейді. Мысалы, басқышты күрт басқанда (дроссельдік қақпақтың ашылуы, қысымдау дискісінің жылжуы және иінді біліктің айналыс жиілігінің өсуі «байланысы») электронды басқару блогы автомобиль қозғалысының үдеуі ме, немесе қозғалтқыштың айналыс жиілігінің зая жүрісте жәй ұлғаюы ма екенін ажыратады.
Толық жүктеуде дроссельдік қақпақтың жағдайын ажыратқышынан сигнал электронды басқару блогына беріледі де, ол мөлшерлегіш бөлістіргіштің қысымын басқаратын реттегіш арқылы қоспаны байытады. .
Сурет 1-де келтірілген зая жүріс жүйесі «K-Jetronic» зая жүріс жүйесінен мүлдем айырмашылығы жоқ деп айтуға болады. Дроссельдік қақпақтың каналына параллель тағы екі ауа каналы болады. Олардың бірінде зая жүрісті реттейтін конусты винт (мөлшер винті) орнатылып, онымен дискі астындағы ауа шығынын өлшегіштегі 6 ауа қысымыздануының минималды шамасын қолдап, қозғалтқыштың зая жүрістегі жұмысын қамтамасыздандырады. Қосымша ауа беру клапаны 8 салқын қозғалтқышты іске қосқанда және оны қыздырғанда жұмысы«K-Jetronic» жүйесіне ұқсас.
3 МӨЛШЕРДЕГІШ- БӨЛІСТІРГІШ, БАСҚАРЫЛАТЫН ҚЫСЫМ РЕТТЕГІШІ, ЖҮЙЕДЕГІ ОТЫН ҚЫСЫМЫН РЕТТЕГІШ
Мөлшердегіш- бөлістіргіштің принципиалды айырмашылығы басқаратын қысым реттегіші нақты мөлшерлегіш- бөлістіргішке орнатылған (сурет 3); басқаратын қысым бөлістіргіш плунжеріне жоғарғы жағынан емес, дифференциалдық клапанға төменгі жағынан беріледі. Сонымен қатар плунжер үсінде серіппе орнатылған, ол қозғалтқыш тоқтатылғаннан кейін мөлшерлегіш бөлістіргіштің салқындатылуындағы қымсыздану әсерінен плунжердің жоғары тартылуын болдырмайды.
Плунжер шеркі төменгі жағдайында рычаг ролигіне емес, бөлістіргіш гильзасының төменгі бөлігіндегі ішкі сақиналы шығыңқыға тіреледі.
1 – басқаратын қысым электрогидравликалық реттегіші ; 2 – клапан орамы; 3 – электроклапанның биметалл пластинасы; 4 – дифференциалды клапан; 5 – бөлістіргіш гильзасы; 6 – бөлістіргіш плунжері; 7 – жүйедегі отын қысымын реттегіш.
Каналдар: А – отын беру (жүйе қысымы); В – отынды сиымдылыққа төгу; С – басқару қысымы каналы; D – қысымды ретегіш каналы; Е – бүрку форсункаларына отын беру ; F – іске қосу электромагниттік форсункасына отын беру
