Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МетСЭБУ-3каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
786.94 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Техникалық сервис кафедрасы

Оразалиев Б.Т., Рахимов Н.Р,

Отын бүркуді басқарудың ауалы механикалық жүйесі

«Іштен жану қозғалтқыштарын басқару жүйесі» пәнінен техникалық факультеттің студенттерінің тәжірибелік сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау

Астана 2013

1 Жалпы мәліметтер

«KE-Jetronic» бүрку жүйесі механикалық тұрақты отын бүркетін, «K-Jetronic» жүйесіне ұқсас, бірақ электронды басқару блокты(E-Elektronik) жүйе. «KE-Jetronic» жүйесінде басқарылатын қысым реттегіші элкетрогидравликалық реттегішпен ауыстырылған.

Сонымен қатар жүйеде ауаның шығынын өлшегішінің рычагында потенциометр (реостаттық датчик) және дроссельдік қақпақтың жағдайын ажыратқышы орнатылған. Потенциометр электр сигналдарымен ауа шығынының өлшегішінің қысымдау дискісінің орналасу жағдайы туралы ақпаратты электронды басқару блогына береді. Қысымдау дискісінің орналасу жағдайы ауа шығынымен анықталады.

Дроссельдік қақпақтың жағдайын ажыратқышы электронды басқару блогын дроссельдік қақпақтың шеткі жағдайлары туралы- дроссельдік қақпақтың барлық жағдайларында толық ашық немесе жабық екендігі (бұл жағдайда ажыратқаш шеттік деп аталады); сонымен қатар жағдайлар мен дроссельдік қапақтың ашылу және жабылу жылдамдықтары туралы ақпараттандырады.

«KE-Jetronic» жүйесі «К-Jetronic» жүйесінің одан ары дамытылған түрі. Ол күрделілеу, бірақ отынды мөлшерлеуді жақсы ықшамдауға мүмкіндік жасайды. Идеалды мөлшерлеу дегеніміз отын үнемділігі, жұмыс істеп біткен газдардың ең төменгі улылығы, ең жақсы динамикалылығы. Өкінішке орай бұл үш құрамдастарды сәйкестендіруге болмайды. Сондықтан, мысалы, отын үнемділігіне барлық аракідік жүктеулерде көңіл аударады, ал толық жүктеуде тек жақсы динамикалық көрсеткіштерге көңіл аударады.

2 Жұмыс принципі. Бас мөлшерлеу жүйесі және зая жүріс жүйесі

Отын қысымммен кіргізу клапандарының алдында орнатылған форсункаға 11 (сурет 1) беріледі. Форсунка отынды тозаңдандырады, отынның мөлшері оның жүктемеге тәелді қысым (кіргізу коллекторындағы қысыздануға) мен салқындату сұйығының температурасына тәуелді болады.

Отынның мөлшерін реттеу мөлшерлегіш- бөлістіргішпен 5, басқарылатын ауа шығын өлшегішімен 6 және басқарылатын қысымның электрогидравликалық реттегішімен 9, басқарылатын электронды басқару блогымен 16 қозғалтқыштың 13 салқындату сұйығының температура датчигінің, дроссельдік қақпағының жағдай ажыратқышы 7 және қозғалтқыштың айналыс жиілігінің (айналыс санының) есепті бастау датчигінің сигналы бойынша қамтамасыздандырылады.

1 — отын сиымдылығы. 2 — отын сорғысы. 3 — отын сүзгісі, 4 отын қорландырғыш, 5 — отын мөлшерінің мөлшерлегіш- бөлістіргіші. 6 — ауа шығынының өлшегіші. 7 — дроссельдік қақпағының жағдай ажыратқышы, 8 — қосымша ауа беру клапаны . 9 — басқарылатын қысымның (қарсы қысымның) электрогидравликалық реттегіші. 10 – жүйедегі отын қысымын реттегіш, 11 — форсунка (инжектор). 12 — іске қосатын электромагнитті форсунка, 13 — салқындату сұйығының температура датчигі.14 — термореле, 15 — датчик-бөлістіргіш, 16 — электронды басқару блогы.

Каналдар: А — отын беру (жүйе қысымы). В — отынды сиымдылыққа төгу, С —басқарылатын қысым канал (дозатор-бөлістіргіште). D — қысым реттегіш каналы, Е — форсункаларға отын беру каналы. F — іске қосу электромагнитті форсункасына отын беру

Сурет 1 –«KE-Jetronic» бүрку жүйесінің сұлбасы

Сұлбада (сурет 2) айналыс жиілігінің сигналдары (импульстар) шартты түрде тұтандырудың 15 датчик бөлістіргішінен алынатыны көрсетілген. Жоғарыда көрсетілгендей бұл сигналдар тұтандыру катушкасынан немесе коммутатордан алынуы мүмкін. Қазіргі кезде айтылған мақсатта индуктивтік датчиктер қолданылады.

Бүрку жүйесі (сурет 1) келесі ретте жұмыс орындайды. Электрсорғы2 отынды сиымдылықтан алып отын сүзгісі 3 және жинақтағыш арқылы қысыммен отынды мөлшерлегіш- бөлістіргішке 5 береді.

Отын мөлшерлегіш- бөлістіргіштің дифференциалды клапандарының жоғарғы каналдарына қысыммен келеді, ол реттегішпен 10 бөлістіргіштің плунжерінің орналасуына байланысты өзгертіледі.

Жұмысшы форсункаларға 11 берілетін отын мөлшері басқарылатын қысыммен (қарсы қысыммен) шығу тесіктеріне(форсунка түтіктеріне) қысылатын дифференциалды клапандардың диафрагммасы арқылы реттеледі.