Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Kaz_adeb_okytu_adistemesi.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Дәріс кешені

1-дәріс.

Тақырыбы: Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері

Мақсаты:Әдебиетті оқыту әдістемісі пәнінің мақсат-міндеттерін түсіндіру

Тірек сөздер: әдістеме, пән, бағдарлама, стандарт

Мемлекеттік білім бағдарламасы оқу стандартында оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің мақсаты - қазақстандық елжандылық, азаматтық ізгілік және жалпы адамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде жастардың жеке тұлға ретіндегі сапа қасиетін қалыптастыру екені нақты көрсетілген (1, 13 б.). Бұл міндеттерге қол жеткізуде әдебиет пәнінің ролі мен оқытудың ерекшелігі айқындала түседі. Әдеби білім берудің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен роліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің баюына, өзіндік көзқарасының, шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау. Әдебиетті оқыту әдістемесі мәдениеттің дамуына қазіргі ғылым мен мәдениеттің дамуына өзіндік үлес қосып, оқытудың әлемдік білім тәжірибелерімен сабақтаса, үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.

Әдебиет курсының мазмұны, құрылысы, әдебиет сабағы, оқыту әдістері, көркем шыңғарманы талдау, аудиториядан тыс жұмыстар, білім берудегі озық тәжірибелерді пайдалану, т.б. қарастырылады. Мұғалімдердің әдеби білімін жетілдіріп, білім мазмұнын байытуда, педагогтік-әдіскерлік шеберліктерін шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттайды

Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі ерекшелігі оның көркем өнердің бір түрі екендігінен туындайды. Әдебиет адам болмысының алуан сипаты мен байлығын көркем бейнелер арқылы суреттей отырып, өмірді эстетикалық тұрғыдан танытады. Көркем әдебиетте қоршаған орта бізге сұрыпталып, сана мен сезімге бірдей әсер етерліктей қуатқа ие болып, ең жоғары деңгейде көркем жинақталған әлем ретінде көрінеді. Сондықтан да әдебиеттің адамға етер адамгершілік, эстетикалық, т.б. ықпалы ерекше.

Әдебиеттің өмірді жанды, нақты түрде көркем күйінде бейнелеуі, образдылығы, эстетикалық қиялға қызмет етуі, еркіндігі, өз жан дүниесінен өткізу арқылы қабылдайтын жекелік-даралық төркіні көп мағыналылығы, танымдық, эстетикалық, тәрбиелік, коммуникативтік функциялары - бәрі қосыла келіп, оны өнердің басқа түрлерімен етене жақын байланыстырады. Сонымен қатар әдебиет - көркем танымы мен қызметінің өзіндік ерекшелігі мол өнердің дербес саласы.

Көркем туындыда эстетикалық жаңа мәнге ие болған тіл тірі, жанды сөз ретінде көркем бейненің «құрылыс материалы» және де тілдік норма ретінде көрінеді. Көркем әдебиетте өнердің заңдылығы мен тіл заңдылығы өзіндік бірлік қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан әдебиетті тиімді оқыту мен ұтымды игеру мәтін тілінің көркемдік функциясына тұрақты да үнемі жете мән берген жағдайда ғана мүмкін. Сол сияқты қазақ тілі сабағы көркем сөз үлгілерін қажет етеді, тіл білімі көркем әдебиет үлгілерін негізге алу арқылы нысандарын біршама таныта алады.

Әдебиет пен ана тілі пәндерінің ұлттық таным саласындағы байланыс-бірлігі де алуан түрлі. Өнердің бір түрі ретінде әдебиет мораль, дін, философия, дәстүр секілді қоғамдық сананың басқа түрлерімен де тығыз байланыста. Әдебиет туралы ғылым мен әдеби сын өз дамуында тіл білімі, өнертану, этика, эстетика, тарих, психология, логика секілді қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен өзара қатыстық бірлікте болады.

Әдебиет пәні оқу пәні ретінде өзге пәндермен, курстармен әр деңгейде пәнаралық байланысқа түседі: тілдік пәндермен бірлесе отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытады; көркемдік циклдегі пәндермен байланыса отырып, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастырады; қоғамдық циклдегі пәндермен байланыса отырып, адамның қоғамдық болмысын, мән-маңызын айқындауға қатысты проблемаларды қарастырады, тарихи шындық тұрғысында ойлау жүйесін қалыптастырып, оқушылардың тарихи жадын байытады.

2-дәріс.

Тақырыбы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қысқаша тарихына шолу жасау

Тірек сөздер: мектеп түрлері, гимназия, кәсіби оқу, сауаттылық.

Бірнеше ғасыр отаршылдық бұғауында болған Қазақстандағы оқыту жүйесіне тікелей Ресейдің отаршылдық саясатының әсері бодды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазан, Перовскіде орыс-қазақ мектептері ашылды. 1876 жылы Қазан мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийдің ұсынысымен Ы.Алтынсарин орыс алфавитімен оқулық жазуға кірісіп, бірнеше ауылдық мектептер ашты. И.Гаспринский негізін салған үлгідегі жәдит мектептері, медреселік білім беру жүйесінің прогрессивті жақтары болды. Жалпы білім беруде дін сабақтарымен бірге басқа пәндер де оқытыла бастады. Ана тілінің үздіксіз оқытылу жүзеге аса бастады, оқу құралдарының дайындалуына бағыт алынды.

ХХ ғасырдың басында Қазақстанда мектеп қажетін өтеудегі оқу материалы ретіндегі орыс әдебиеті шығармаларынан аудармалары хрестоматиялық құралдар ретінде басылып шықты. Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби білім негіздері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көрінді:

ХХ ғасырдың басында қазақстанда мектептік білім жүйесінің мынадай түрлері болды:

  1. Ерлер мен әйелдер гимназиялары, училищелер, мұғалімдер семинариялары;

  2. Қалалық училищелер, приходтық училищелер, ауылдық-болыстық мектептер;

  3. Кәсіби оқу мекемелері - мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектептері, фельдшерлік және қолөнер мектебі.

Ы.Алтынсарин - қазақ хрестоматиясының, қазақ әдебиеті ғылыми пәнінің атасы. Оның «қазақ хрестоматиясын» (1979) жазудағы еңбегі - оқулық жасаудағы алғашқы тәжірибе болды. Ол қазақ мектебі тәжірибесінде оқу әдістемесін тұңғыш рет енгізді. Ы.Алтынсарин ұлттық талғам мен ізгілікті, озық адамзаттық құндылықтардың қазақ халқының да рухани игілігіне айналуын үйлестіруді мақсат етті. Орыс педагогтары: К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, И.Паульсон, т.б. тәжірибелері Ы.Алтынсарин оқулығында көрініс тапты.

А.Байтұрсыновтың «Әліппе» (1921), «Оқу құралы» (1921), Әдебиет танытқыш» (1926), «Жаңа құрал» (1926), М.Жұмабаевтың «Сауатты бол» (1923), Ж.Аймауытовтың «Жаңа ауыл» (1929), Б.Майлин, С.Мұқановтың «Колхоз - ауыл» (1930) атты оқулықтарымен қатар басқа да оқулық-хрестоматиялары ұлттық әдебиеттің мектепке жеке пән ретінде оқытылуына берік негіз болды. Қазан төңкерісінен кейін идеологияның барлық саласында кеңестік идеологияның үстемдік алуына байланысты 1917-1927 жылдары әдебиет пәні кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылды. 1928-1938 жылдары әдебиет пәні тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылды. 1931-1932 жылдары БКП(б) орталық комитетінің әдеби білім беруді жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқу тиімділігін арттыру жөніндегі қаулылары шығып, мектептегі әдебиет пәнінің оқытылуына, оның сапасын арттыруға маңызды ықпал етті.

Бұл кезеңде қазақтың ақын-жазушылары әдебиет тарихыны зерттеу мен оқулықтар жазуға кірісті. Әсіресе, бұл саладағы М.Әуезовтің еңбегі ерекше болды. Ол «1927 жылы қазақ әдебиеті тарихынан «Әдебиет тарихы» атты тұңғыш зерттеу еңбегі, оқулығын, 1930 жылы ересек жастар мектебіне арналған «жеткіншек» оқу құралын, «Қазақ шаруа жастары мектебіне арналған бағдарлама» (1930) дайындап, онда аударма шығармалар енгізді.

Отызыншы жылдардың екінші жартысында әдебиетті оқыту әдебиеттік оқу және тарихи-әдебиеттік курс ретінде жүйеленіп, жеке бағдарламалары дайындалды. 1939-1958 және 1985-1990 жылдарда білім беру жүйесінде реформалар жасалып, оларда пәндердің оқытылу сапасын жақсартуға бағытталған шаралар белгіленді,

Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесіне байланысты әр кезеңде мектепке арналған және жоғары оқу орындарына арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жасауда С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, С.Қирабаев, Н.Ғабдуллин, Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов,Ә.Дайырова, т.б. көп еңбек сіңірді.

1990-2000 жылдарда елімізде жалпы және орта білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер болды. 1997 жылы «Әдеби білім тұжырымдамасы», 1998, 2002 жылдары Қазақстан орта білімінің мемлекеттік стандарты енгізілді.

Әдебиетті оқытудың жаңа технологиялар жүйесі енгізілуде. Соңғы жылдары әдіскер ғалымдар мен оқытушы-мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік ізденістері өз нәтижелерін беруде. Бүгінгі күн талабына орай ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. 2001 жылы «Білім жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы» бекітілді.

3-дәріс.

Тақырыбы: Әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы

Мақсаты: Әдебиет курсының мазмұны мен құрылысын таныстыру

Тірек сөздер: әдеби білім, әдебиет курсы, білім мазмұны

Әдебиет пәні оқушыларды өз халқының мәдени мұраларымен таныстыра отырып, жалпыадамзаттық жинақталған рухани байлықтарды меңгеругеде жол ашады. Сөйтіп, адам мен қоғам жайындағы жас ұрпақ түсінігі мен тәжірибесін байытады, өмірлік адамгершілік принциптермен қаруландырады. Әдебиет, сондай-ақ оқушының идеялық сенімін тереңдетіп, мәдениетін көтереді, эстетикалық тиалғамын ұштайды, қоғам алдындаға азаматтық жауапкершілігін белгілейді. Сондықтан, жастарды жоғары мәдениетті, парасатты адам етіп тәрбиелеуде әдебиет пәнінің маңызы зор.

Мектептегі әдебиет пәнінің құрылысын айқындау осындай міндеттерден туындайды. Қазақ әдебиеті пәнінің құрылысы негізгі екі бағыттан тұрады: Әдебиеттік оқу (Ү-ҮІІІ сыныптар); Әдебиеттің тарихи курсы (ІХ-ХІ сыныптар).

Ү-ҮІІІ сыныптардағы әдебиеттік оқу пәнінде әр дәуірдің әдебиет үлгілерінен материалдар беріліп, солар арқылы оқушыларды көркемсөз материалдарымен таныстыру, мәнерлеп оқу, жаттау, мазмұндау, әдеби талдау, шығарманың көрскем айшықтарын меңгерту жұмыстары іске асырылады. Бұл сыныптағы материалдар әдебиетті дәуірлеупринципі бойынша топтастырылған. Атап айтқанда, ауыз әдебиетінің үлгілері (ертегілер, батырлар жыры, жұмбақ-жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер), ежелгі дәуір әдебиеті, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ ғасыр әдебиетінің үлгілері және ХХ ғасырдағы көптеген ақын-жазушылардың шығармалары сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес көлемде ұсынылады. Жыл соңында шетел әдебиеті үлгілерінен 1-25 шығарма оқытылады.

Ал ІХ-ХІ сыныптарда әдебиеттің тарихи курсы оқөытылады. Мұнда халық ауыз әдебиетінің түрлерінен бастап, қазақ әдебиетінің кезең-кезеңдері жүйелі түрде, бірізділікпен өтіледі. Бұл материалдардың барлығы әдеби-тарихи талдау негізінде оқытылады. Ондағы мақсат – оқушыларды әдебиетіміздің тарауларынан (кезеңдерінен) жан-жақты мағлұмат алып, ақын-жырау, жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолы, шығармалары туралы біршама кең көлемде шолу тұрғысынан меңгерту. Сонда олар қазақ әдебиетінің тарихынан біршама білімдер игереді. Сондықтан бұл сыныптарда христоматиялар кеңінен пайдаланылады.

Соңғы жылдардағы оқыту процесіндегі реформаларға байланысты, Х-ХІ сыныптарда бағдарлы оқытуға көшірілді. Яғни, Х-ХІ сыныптарда оқу екі бағдар бойынша жүргізіледі. Олар: гумантиарлық бағдарлы мектеп; жаратылыстану-математика бағдарлы мектеп.

Әдебиет сабақтарында оқушылар тек дайын әдеби материалдарды танп-білуге, талдауға белсенді түрде кірісіп қана қоймай, әдеби шығармашылықпен айналысып, байланыстырып сөйлеу, өз ойын әсерлі жеткізу, тіл байлығын жете меңгеру, сауатты да мазмұнды жаза білу секілді машық-дағдылар қалыптастыруы керек. Бұл жағдайда оқу зерттеушілік ізденіспен, қарым-қатынастың сан алуан түрімен біте қайнасып жатады. Сабақ процесі білім берудің негізгі іс-әрекеті болғандықтан, оның мазмұндық құрылымында жеке адам тәжірибесінің құрылымы толық көлемде көрінуі керек. Олай болса, білім мазмұнын жеке тұлғаға білім беру процесінің – тәжірибені меңгерту, тәрбиелеу және дамыту сияқты тұтас үштігінің мазмұны ретінде айқындауға болады. Оқыту, оның мазмұны, формасы мен әдістері дұрыс таңдалып алынғанда және іс-әрекеттің басқа түрлерімен үйлестірілген жағдайда ғана бұл мақсатты орындауға болады.

Сонымен әдеби білім берудің мазмұны деп әдеби-көркем шығармалар арқылы жеке адымның ой-өрісін, адамгершілік-эстетикалық қабілеттерін, олардың өзіндік мінез-құлықтарын дамытуды, жалпы адамзаттық және мәдени дәстүрлерге араласа білуге тәрбиелеуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ өз бетімен өмір сүруге дайындайтын, шығармашылық бағдар беретін ғылыми білім, практикалық іскерлік және дағды жүйесін түсінеміз.

Әдебиетті оқыту процесін білім берудің субъектісі болып табылатын оқушылардың белсенді қызметі негізінде ұйымдастыру керек. Оқукшылар өз қызметінің мақсаты мен маңызын саналалақпен түсіне білуі, осы мақсатқа жетуге қажетті біліктер мен дағдыларды пайдалана алуға тиіс.

4-дәріс.

Тақырыбы: Сабақ құжаттары

Мақсаты: Сабақ құжаттарымен, олардың қызметімен таныстыру

Тірек сөздер: сабақ құжаттары, сабақ жоспары, күнтізбелік жоспар

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістерге байланысты орта білім жүйесінде мемлекеттік білім стандарты қабылданып, пәндік бағдарламалар қайта жасалды. Қазақ тілінде білім беретін мектептердегі қазақ әдебиетінің бағдарламалары түзілді. Жалпы орта білім беретін мектептерде оқыту үш басқыштан тұрады: 1-4 сыныптар - бастауыш мектеп; 5-9 сыныптар – орталау мектеп; 10-11 сыныптар - бағдарлы мектеп. Қазақ әдебиетін пән ретінде оқыту 5-сыныптан басталады. Ол бастауыш сыныптарда оқушылардың қазақ тілі, ана тілі пәндерінен меңгерген білімдеріне сүйенеді. 5-8 сыныптардағы әдебиет курсы – жеке көркем шығарманы, әдеби нұсқаларды оқып-үйренуге негізделген әдеби оқу курсы. Бұл курстың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға құштарлығы мен ынтасын қалыптастыру,көркем әдебиетті сүюге тәрбиелеу, мәтінді мәнерлдеп оқу, шығарманы қабылдау әсерін жетілдіру. Бұл сыныптарда оқушылардың оқырмандық тәжірибесі мен өмірлік әсерлері байытылып, тереңдетіле келіп, осы негізде олардың адамгершілік принциптері мен көркемдік тағылымдарының да дұрыс қалыптасуы көзделеді. Жаңа пән бағдарламасында әр сыныптың оқышыларының мүмкіндіктері мен икемділігін ашу, қалауын қанағаттандыру толығырақ ескерілген: әдебиеттік оқу христоматиялары әдеби-көркем шығармалардан, әдеби-теориялық мәліметтерден, деңгейлік жаттығу-тапсырмалардан тұрады.

Орта буында оқу материалының мазмұны оқышыларды оқыту, тәрбиелеу және жалпы дамыту міндеттерін шешуге бағытталған. Бірте-бірте күрделене түсетін материалдар негізінде оқушылар отанға әне туған жерге деген махаббат, қоғамдық мінез-құлық, борыш, еңбек, адалдық, ерлік, табандылық, қарым-қатынас мәдениеті т.б. тақырыбындағы туындылармен танысады. Сонымен қатар, олар өһздерінің көркем әдебиет жайындағы ұғымдарын кеңейтеді.

ІХ-ХІ сыныптарда әдебиеттің даму процесі, әдеби жанрлардың туу, қалыптасу, даму заңдылықтары, олардың тарихи-әлеуметтік негіздері, ақын-жазушылардың шығармашылық өмірбаяндары тұтас қамтыла оқытылатын әдебиеттің тарихи-әдеби курсы өтеді. Бұл сыныптарда жеке шығармаларды оқып-үйренумен бірге, оқушылардың орта буында алған әдеби-теориялық білім, дағдылары әрі қарай дамытылып, күрделене түседі, тарихи негіздегі жүйеге келтіріледі. Әдебиет теориясынан шығарманың тақырыбы, идеясы, композициясы, сюжеті сияқты ұғымдарға әдеби шығарманың жанрлары, стилі мен тілі, образдар жүйесі сияқты негізгі ұғымдар қоса қарастырылады. Әсіресе, гумангитарлық бағдарлы мектептің ІХ-ХІ сыныптарында бағдарламалық материалдар құрамы күрделене түседі. Білім мазмұнына қойылатын талап-тілектерге сәйкес жаңа шығармалармен толықтырылған.

Мектепте оқу процесін ұйымдастыруда мұғалімнің негізгі басшылыққа алатын құжаттары мыналар:

  1. Мемлекеттік орта білім берудің мемлекеттік стандарты. Мұнда басқа пәндер секілді қазақ әдебиетінен де әр сынып бойынша білім мазмұны көрсетіліп, оқушының білім деңгейіне қойылатын басты талаптар айқындалған. Пән бойынша барлық құжаттар осы стандартқа сүйеніліп жасалады.

  2. Пәннің типтік бағдарламасы. Мұнда әр сынып бойынша бөлінетін сағат көлемі көрсетіледі.

  3. Пән бағдарламалары. Бағдарламада қазақ әдебиеті пәнінен әрбір сыныпта қамтылатын білім мазмұны, бөлінетін сағат саны, пәнаралық байланыс, сыныптан тыс оқу, тіл дамыту жұмыстары, т.б. көрсетіледі. Мұғалім тақырыптық-күнтізбелік жоспар мен сабақ жоспарын жасауда осы бағдарламаға сүйенеді.

Мұғалімнің өзі жасақтайтын жоспарлар:

1. Мұғалім өзі сабақ беретін сыныптар бойынша оқу жылына арналған тақырыптық-күнтізбелік жоспар жасақтап, оны мектептің әдісвтемелік жұмыстар жөніндегі басшысы бекітеді. Онда бағдарламаға сай бөлінген тақырыптарды сағаттарға бөліп, әр сабақта қандай материалдар өтілетіні, онда нелер пайдаланылатыны (қосымша материалдар, пәнаралық байланыс, көрнекі-техникалық құралдар, үйге тапсырма, сыныптан тыс оқуға тапсырма, т.б.) көрсетіледі. Осы күнтізбелік жоспар бойынша әр сабақтың жоспары жасалады.

2. Күнделікті сабақ жоспары. Мұғалім әр сабағына сабақ жоспарын дайындауы керек. Сабақ жоспары мынадай бөлімдерден тұрады: Сабақ тақырыбы; Сабақ мақсаты; Міндеттер: а) білімдік; ә) тәрбиелік; б) дамытушылық; Сабақтың түрі; Сабақ әдістері; Пайдаланылатын көрнекіліктер; Сабақтың жүрісі: а) Ұйымдастыру кезеңі; ә) Үй тапсырмасын сұрау; б) Жаңа сабақ түсіндіру; в) Сабақты бекіту; г) Оқушыларды бағалау; ғ) Үйге тапсырма беру; д) Сабақты қорытындылау.

Мұғалім күнделікті сабақ өткізу барысында сынып журналын толтырып, оқушылардың сабаққа дайындығының нәтижесін бағалап, бағаларын журналға түсіріп, қатыспаған балаларды белгілеп, үйге берілетін тапсырманы журналға жазып отырады. сынып журналы маңызды құжат болып табылады. Сондықтан оны ұқыпты толтыру, таза ұстау, жауапкершілікпен қарау – мұғалімнің міндеті болып табылады.

5-дәріс.

Тақырыбы: Әдебиетті оқытуды жоспарлау

Мақсаты: Әдебиетті оқытуды жоспарлаудың жолдарын үйрету

Тірек сөздер: сабақ жоспары, сабақ кезеңдері, оқу жоспары

Оқыту процесі дегеніміз – мұғалім мен оқушының мақсатқа бағындырылып, жүйелі түрде кезектесіп жүргізілетін іс-әрекеті. Бұл әрекеттер кезінде білім берудің, тәрбие берудің және оқитын адамның дамуына қажетті мәселелер шешіліп отырады.

Негізінен дидактика 3 сұраққа жауап береді: кімді оқытамыз? Нені оқытамыз? Қалай оқытамыз? Қазіргі оқытуға қойылып отырған жалпы мақсат бойынша оқу процесінде осы 3 міндет іске асырылады. Бұл міндеттер қатар, бір-бірімен сабақтастықта жүзеге асырылады.

Оқу процесі – таным процесінің бір бөлігі. Оқу процесінде танымдық әрекет ерекше белсенді жағдайда өтеді. Бұл туралы белгілі педагогтер айтып кеткен. Оқушы оқу барысында жаңа бір фактімен, құбылыспен, заңмен, теориямен танысады. Осы жағынан алып қарағанда, танымның жалпы заңдылығы бұл процеске де қатысты. Ғылыми-зерттеу жұмысындағы таным теориясының қолданылуымен салыстырғанда, оқу процесінде қолданудың өзіндік ерекшелігі:

  1. Оқу процесінде жаңа бір ғылыми жаңалық ашукөзделмейді, оқушының шығармашылықпен меңгеруі талап етіледі.

  2. Зерттеу жұмысына жұмсалатын уақыт ұзақ болады, ал бұл оқу процесінде шапшаңдатылады.

  3. Оқу процесінде оқушылардың жас ерекшеліктері есепке алынады. Сөз жоқ,бұл жағдай танымдық іс-әрекет түріне, әдісіне ықпал етеді.

  4. Сабақ барысында оқушылар білім түрін, нақты объектінің өзін байқау нәтижесінде емес, мұғалімнің суреттеуі, баяндауы және түсіндіруі арқылы және оқулықтың көмегімен алады.

Оқушының жан дүниесінде әдебиетті оқуға әдеби материалды ұғынып меңгеруге мотив, себеп болуы керек. Сондықтан, олардың бойына әдебиетке қызығушылық, оқуға ынталылық қалыптастыруда ұстаз шеберлігі, оның сабақ өткізу, сабақ процесін ұйымдастыру әдіс-тәсілдері үлкен маңызға ие болады.

Әдебиет пәні – мектептегі негізгі эстетикалық пән. Оқ оқушының бойына биік адамгершілік мұрат,эстетикалық талғам, тарихъи-әлеуметтік таным дарытады, шығармашылық қабілет-қарымын өсіреді. Әдебие тпәнінің негізі – көркем шығарма, мәтін. Сондықтан, оқу материалдарын меңгертудегі негізгі мақсат – мәтінді оқыту, талдау, ұғындыру болып табылады.

Сабақ процесінде мұғалімнің теориялық және әдіскерлік даярлығының ролі ерекше. Себебі, мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, қозғаушы күші. Әдебиет сабағын ұйымдастыруда мұғалім, ең алдымен мемлекеттік білім стандарты мен типтік жоспарға сүйеніп, сол арқылы білім мазмұны мен көлемін анықтайды. Сабаққа жүйелі, жинақы даярлану үшін мұғалімде мынадай жоспарлар болуы керек: Тақырыптық-күнтізбелік жоспар; Күнделікті сабақ жоспары.

Сабақ процесі осы жоспарлар бойынша жүзеге асырылады. Сабақ процесінде мұғалім оқөушыға әдеби материалды түсіндіру, оқыту, түрлі әдіс-тәсілджер арқылы меңгертумен қатар, керек кезінде әр түрлі көмек көрсетіп отырады (қажетті әдебиеттерді ұсыну, библиографиямен қамту, қосымша сабақтар мен консультациялар, жеке жұмыс, т.б.).Сондай-ақ сабақ процесінде оқушының белсенді әрекетін тудыру жолдарын іздестіру керек.

Әдебиетті оқытудың мынадай түрлері бар: түсіндірмелі-иллюстративтік; проблемалық; программалық.

Қазіргі ғылыми-техникалық қарыштау дәуірінде, қоғамдағы үздіксіз жаңалықтардың көбеюі жас ұрпақты оқыту, ісіне, оқу бағдарламасына, оқу-әдістемелік құралдарға тың өзгерістер енгізу, сапасын арттыру,мазмұнын жаңғырту міндеттерін қойып отыр. Жаңа тұрпатты мектептерде (лицей, гимназия, колледж) бағдарлық мақсатқа қарай белгілі бір білім саласының оқытылуына қарай жаңа типті бағдарламалар (тереңдетілген, кеңейтілген) алынады.

Оқыту процесінің негізгі формалары мыналар: Сыныптық сабақ; Факультатив сабақтар; Пәндік үйірмелер; Консультация, қосымша сабақтар; Сыныптан тыс шаралар (конференция, әдеби кеш, пікірсайыс, т.б.); Сыныптан тыс оқу.

6-дәріс.

Тақырыбы: Әдебиет пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптар

Мақсаты: Әдебиет пәнінің мұғаліміне қойылатын талаптармен таныстыру

Тірек сөздер: құзырлылық, мұғалім иммиджі, әдеби білім

Әдебиет пәнінің мұғалімі – жас ұрпаққа ұлттық рухани қазыналарды меңгертуді, оларды отаншылдыққа, парасатты мінез-құлыққа, рухани байлыққа, әсемдікке, шығармашылыққа тәрбиелейтін тұлға. Сондықтан әдебиет пәнінің мұғалімінің, ең алдымен өз басы оқушының рухани-адамгершілік тұлғасының қалыптасуына үлгі бола білуі керек. Әдебиет пәнінің мұғалімі, оның адамдық, азаматтық, ұстаздық келбетін қалыптастыруда Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Көбеев, Қ.Айтқалиев, Қ.Бітібаевап секілді қайраткер ұстаздардың мұғалімдік тәжірибелері мен озық өнегелері үлгі бола алады.

Қазіргі жаңа заман талабы әдебиет пәнінің мұғаліміне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Ол тек оқушыларға теориялық білім беріп қана қоймай, ана тілі мен әдебиетін жан қалауымен жетік меңгеруге ықпал ететін, жас өскіндерге өз халқының рухани мұраларын көзінің қарашығындай қорғау қажеттігін, жаһандану заманында ұлттың рухани мұрасын сақтау мен меңгеру ғана қазақ ұлтының халық, ұлт ретінде сақталуының алғышарты екендігін санасына сіңіруге міндетті тұлға. Ол өзінің ақыл-парасатымен, терең теориялық білімімен, жан-жақты эрудициясымен, өнерімен, шығармашылығымен оқушыларға үлгі бола білуі керек, жалпы жұртшылықтың құрметіне бөленуі керек.

Қазақ әдебиетінің мұғаліміне мынадай талаптар қойылады:

  1. Өз пәнін жетік білу. Мектеп бағдарламасында қамтылатын ақын-жазушылардың шығармаларын жақсы меңгеру, олардың өмір жолдары, шығармашылық қызметі, шығармашылығының басты сипаттары туралы кеңінен біліп, шығармаларын жақсы талдай алуы керек. Жалпы қазақ әдебиетінің тарихынан, қазіргі даму процесін, әдеби-теориялық ұғымдарды жете меңгеріп, практикалық жағдайларда дұрыс пайдалана алуы керек.

  2. Әдістемелік шеберлік. Әр сабақты өз дәрежесінде өткізу үшін дидактикалық принциптерді, әдіс-тәсілдерді жақсы меңгеруі шарт. Әр сабаққа мұқият дайындалып, сабақ жоспарын сауатты жасақтаса, әр сабағын шығармашылық процесс ретінде ойластырып, ұйымдастыра алса, мұғалім еңбегінің жемісті болары анық.

  3. Мұғалім баланы жақсы көруі керек. Оған шын мәнінде білім сіңіру басты мақсаты болмақ керек. Ол үшін әр баланың икем-қабілетін, машығын, ойлау дағдысын, балаға ықпал етудің амал-жолдарын таба білу лазым.

  4. Әдебиет мұғалімі жан-жақты өнер, білім иесі болғаны дұрыс. Ол балалармен қарым-қатынас жасауға, ықпал етіге, көз жеткіздіруге, сеніміне кіруге шебер болғаны жөн. Шама келсе, оқушыны өз бойыңдағы өнеріңмен баурай біл. Қолыңнан келсе, күйшілік, әншілік, шыршылық, бишілік, суретшілік, т.б. өнеріңді әдебиетті оқытудағы қосымша құрал ретінде пайдаланған тиімді болады.

  5. Тек бағдарламалық материалдармен ғана шектеліп қалмай, сабақта да, сабақтан тыс уақыттарда да оқушыларға әдебиет жайлы әңгімелер оқып, өлең оқып, драмалық шығармалардан (немесе сатиралық-интермедиялық шығармалардан) үзінді оқып тұру, ретіне қарай танымдық әңгімелерді, тәмсілдерді, аңыз-хикаяттарды пайдалану тиімді.

  6. Балалармен көбірек бірге болуға тырыс. Олардың бос уақытында драма, әдебиет үйірмелеріне тарта біл. Балалармен түрлі үйірмелерді қызықтырып өткізуге тырыс. Факультатив сабақтарға, әдебиет үйірмесіне оқушылардың қызығатын тақырыптарын таңдау

  7. Сыныптан тыс жұмыстарда әдеби кештер, оқушылар конференцияларын, ақын-жазушылармен, өнер адамдарымен кездесулер, тақырыптық викториналар, т.б. ұйымдастырып, оларға оқушыларды кеңінен тарту.

  8. Мектепте әдеби газет, қолжазба журнал шығаруға мұрындық болу керек. Оларға шығармашылықпен айналысуды жақсы көрет ін оқушыларды тарту қажет. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету, үйірмелер мен факультатив сабақтарда оқушыларға әдеби шығармашылықтың жолдарын үйретіп, иекм-дағдыларын жетілдіріп, көркем шығармашылыққа көңіл бөлу.

  9. Қазақстанның әдеби-мәдени өміріндегі жаңалықтарға ұдайы құлақ түріп жүру, олармен оқушыларды да хабардар етіп отыру. Жаңа шыққан қазақ әдебиетінің шығармаларын оқушылармен бірге оқып-танысу, талқылау өткізу, балалардың қандай мәселе туралы болмасын өз ойларын ашық айтуына, пікір таластыруына, идея тастауларына қол жеткізу.

  10. Білім мекемелеріндегі әріптестермен, қала, аудан, облыстағы әдебиет сүйер қауыммен, қаламгерлермен араластық орнату. Рухани мәселелерге байланысты шараларға белсене араласу. Оқушыларды мәдени шараларға, сайыстарға қатыстырып тұру.

7-дәріс.

Тақырыбы: Әдебиетті оқыту принциптері

Мақсаты: Әдебиетті оқыту принциптерін меңгерту

Тірек сөздер: әдебиетті оқыту принциптері, оқыту мазмұны

Әдебиетті оқытудың негізгі принциптері белгілі-бір іс-әрекеттің бастауындағы негізді білдіреді. Оқыту принцптері оқушыларға ғылым негіздерінен білім беруде сүйенетін ең басты жағдай. Дидактикалық принциптер білім алушылардың дүниетану заңдылықтары мен оқытуда көзделетін мақсатқа байланысты таным арқылы жаңа бір фактіні ашуды жүзеге асырады, дүниедегі шындықтың жаңа байланыстарын ашады. Ал оқыту процесінде ғылым ашқан жаңалықтардан оқушылардың білімді меңгеруі іске асады. Дидактиканың нақты принциптері әдебиетті оқытуда да ортақ принциптер болып есептеледі. Олар:

  1. Оқытудың саналылығы мен белсенділігі принципі;

  2. Оқытудың түсінікті болу принципі;

  3. Жүйелілік және бірізділік принципі;

  4. Білімнің беріктігі принципі;

  5. Білімнің өмірмен байланыстылығы принципі;

  6. Білімнің ғылымилығы принципі;

  7. Оқудың тәрбиелік принципі;

  8. Көрнекілік принципі.

1. Оқытудың саналылығы мен белсенділігі принципі оқушылардың ғылым негіздерін үйренуге деген, әдеби шығармамен оның мән-маңызын түсінуге саналы көзқарасымен осы мақсаттағы белсенді іс-әрекеті арқылы сипатталады. Мұғалім қаншалықты шебер түсіндіргенімен, тиімді әдіс-тәсілдер қолданып, шығармашылық әрекет еткенмен, оқушы тарапынан ұмтылыс пен құлшыныс болмаса, көркем әдебиетті меңгеруде жоғары нәтижеге жете қою екіталай. Сондықтан оқушылардың саналы көзқарасы мен белсенді іс-әрекетін туғызып отыру – мұғалім үшін аса маңызды міндет.

2. Оқытудың түсінікті болу принципі оқушылардың ақыл-ойын жетілдіруде маңызы зор. Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Сондықтан оқу жоспары мен бағдарламаны құрғанда да бұл принцип еспке алынады. Өтілетін әдеби материалдың жете түсіндірілуі алдымен мұғалімге байланысты. Оқушыға берілетін білім түсінікті болу үшін белгілі бір оңайлық және оқушының ой-қиылан дамытуға арналған қиындық та болуы керек.Ол оқушылардың көп іздену, ойлану арқылы шеше алатын қиындық болуы керек. Оқуға берілетін материалдың түсінікті болуы принципі оның оңай болуын қаламайды. Осындай қиындықты шешу жолындағы оқушының ойлануын қажет ететін жұмыс түрін проблема деп атайды.

3. Жүйелілік және бірізділік принципі. Бұл принцип оқытудың өз мақсатынан туады. Әдебиет пәнінің ғылыми логикасынан, оқушылардың ойлау заңдылығынан туады. Негізінде жүйелі, реттеліп берілген білім ғана пайдалы. Бұл принцип бойынша әрбір сыныпта берілетін материалдардың өзінен бұрынғы және кейінгі оқытылатын материалдармен тығыз байланыста болуы керек.әдеби шығармаларды мазмұн, тақырып жағынан немесе хронологиялық тәртіп бойынша жаңа сабақты өткен материалмен байланыстырып отыру – мұғалімнің міндеті. Әрбір сабақ арасындағы мазмұндық байланыстың болып отыруы да бірізділік принципіне жатады.

4. Білімнің беріктігі принципі оқушылардың алған білімін саналы ұғынғаны және және оны практикалық істе қолдана алатыны көрінгенде ғана орындалған болып табылады, яғни бұл принцип оқытудың басқа принциптерімен тығыз байланыстықта ғана орындалады. Көркем шығарманың мазмұны мен тақырыбы тереңірек ұғынылып, оқушы санасында берік орнығып, оның әсері мінез-құлқы мен өмірлік іс-әрекетінде кәдеге асып отырса, - білімнің беріктігі принципі жүзеге асқаны болып табылады. Білім берік болуы үшін жүйелі, оқушы ойы белсенді жұмыс істеуі керек және соған мүмкіндік туғызарлық берілетін білімнің лайықты қиындығы мен проблемасы болуы лазым.

5. Білімнің өмірмен байланыстылығы принципі әдебиеттің өмірмен, қоғамдық практикамен байланысын іске асырады. Қандай білім болмасын, өмірден, практикадан алшақ жатса, тығыз байланыста болмаса, ол жадағай, жалаң білім болмақ. Өйткені ғылыми тұжырымдар мен өмірлік тәжірибелер өмірдің өзінен алынып қорытылады. Сондықтан, алған білімді баланың өмірмен, практикамен байланыста ұғынуы есте ерекше орнығып, бекітіле түседі.

6. Білімнің ғылымилығы принципі. Мұғалім жаңа сабақты өткенде, жалпы оқыту процесінде оқу бағдарламасы мен оқулыққа сүйенеді.Ал бағдарлама мен оқулық нақты ғылыми тұжырымдар негізінде жасалынған. Демек, білімнің ғылымилығы принципіоқытылатын материалдың ғылыми тұжырымдалған,. Сұрыпталған, нақтыланған болуын көздейді. Ғылыми негізделмеген, дүдәмал, екіұшты пікірлерді балаға жеткізуден аулақ болу керек.

7. Оқудың тәрбиелік принципіның әдебиетті оқытудағы маңызы ерекше. Өйткені, әдебиет – тәрбие құралы, жас адамды қалыптастыратынкөркем өнер түрі. Сондықтан әдеби көркем шығарма балаға білім берумен қатар, міндетті түрде, тәрбие-тағылым беруге тиіс. Осы мақсатта әрбір ұстаз әдеби шгығарманың тәрбиелік мәнін үлгі-өнегелік, жеке басты қалыптастырушылыққуатын жете ұғындырып отыруы керек. Сонда ғана әдебиеттің тәлімгерлік функциясы орындалады.

8. Көрнекілік принципі бойынша мұғалім сабақты ұғынықты да әсерлі ету үшін түрлі-түсті бояулы сурет, кітап, карта, кесте, схема, портрет, техникалық құралдар, кейбір заттардың өзін де пайдаланады.

Көрнекіліктерді пайдаланудың тиімді жолдарын мұғалім сабақтың мазмұны мен мақсатына қарай айқындайды. Әдебиетті оқыфтудың бұл принциптері бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта жүреді. Сабақтың мазмұнына қарай принциптер кейде басты (негізгі), кейде қосалқы орын алады. Оларды орынды қойып, өзщара үйлестіріп, оқыфтудың басты принциптерін орайластырып отыру – мұғалімнің міндеті.

8-дәріс.

Тақырыбы: Әдебиетті оқытудың әдістері

Мақсаты: Әдебиетті оқыту әдістерімен таныстыру

Тірек сөздер: оқыту әдістері, көрнекілік әдіс, түсіндіру әдісі, жаттығу, тәсіл

Оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық әдістерді жүйелеу, оқыту әдістерінің дәстүрлі және жаңа тәсілдерін меңгеру - оқытушының сапалы білім беру жолындағы негізгі міндеті.

Оқыту әдістері деп мұғалімнің оқушыларды біліммен қаруландыру жолдары мен студенттердің білімді игеру жолдарын айтады. Әдіс қолдану оқытудың мақсаты мен мазмұнынан туады. Оқыту әдісінің жеке элементін тәсіл дейміз. Мысалы, кітаппен жұмыс істеудің бірнеше әдісі болса, оның әрбір әдісінде түрлі тәсілдер қолданылуы мүмкін: кітаптағы мәтінді оқып талдау, оны бірнеше бөлікке бөлу, жоспар құрғызу, т.б.

Барлық пәндерге ортақ жалпы әдістер және жеке пәннің табиғатына сай жеке әдістер болады. Мысалы, тілде - грамматикалық талдау; әдебиетте - мәнерлеп оқу, биологияда - жануарлар мен өсімдіктердің типін көрсету; тарихта - тарихи құжаттармен жұмыс істеу, т.б.

Дидактикада оқыту әдістері былайша сараланады:

  1. Білім алушылардың парызы мен жауапкершілігін қалыптастыру әдістері: жаттығу, көз жеткізу, талап қою, үйрету, дағдыландыру, т.б.;

  2. Оқуға ынта туғызу әдістері: танымдық ойындар, оқу пікірталастары, парадокстік (күтпеген жайттар), қызықтылық;

  3. Оқудағы бақылау және өзіндік бақылау әдістері: жазбаша-ауызша; - жаппай-топтық-жекелік; - қорытынды, ағымдағы; - техникалық-компьтерлік құралдар арқылы, оларсыз. Оқу ақпараттарын игерту мен қабылдаудың әдістері:

  1. Сөздік: дәріс, әңгіме, әңгімелесу;

  2. Көрнекілік: иллюстрация (суреттер пайдалану), демонстрация (көрсету);

  3. Тәжірибелік: жаттығу, лабораториялық, тәжірибе.

Оқыту әдістерін танымдық-дамытушылық қызметіне қарай былайша жіктеуге болады:

  1. Оқу логикасын анықтау әдісі: индуктивті (жалқыдан жалпыға қарай тексеру), дедуктивті (жалпыдан жалқыға қарай қорытынды шығару);

  2. Оқушылардың танымдық әрекетінің сипатын анықтау әдістері: ақпараттық-дайындамалық), репродуктивтік (еске түсіру), проблемалық, эврестикалық (платондық), зерттеушілік;

  3. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуінің деңгейін анықтау әдістері: шығармашылық тапсырмалар, сыныптан тыс оқу.

Мұндай әдістердің оқушының қалыптасуы мен дамуына ететін әсері әртүрлі дәрежеде және қарқыны да түрліше болады. Мектепте әдебиетті оқытуда көбінесе мына әдістер қолданылады:

  1. Баяндау, баяндап жаздыру әдісі. Лекция әдісі (дәріс) деп те аталады. Бұл әдіс мектепте ішінара қолданылады. Баяндау дегеніміз - автор туралы немесе көркем шығарма, оның мазмұны, идеясы, құрылысы, т.б. жайларды мұғалімнің жатық тілмен әсерлі баяндауы.

Баяндау әдісі ойдағыдай іске асу үшін:

- баяндаудың әрбір кезеңінде қажетті материал дұрыс іріктеліп алынуы керек.

- баяндауда кездесетін жеке мәселелер дәлелді, ақиқатқа негізделген болу керек,

- баяндау кезінде дидактикалық принциптерге сүйенген бірізділік пен жүйелілік болуы керек;

- баяндау әсерлі болу үшін оқытушының сөзі әсерлі, жағымды, эмоциялы болу керек;

- баяндау үстінде оқытушының сөз саптауы, сөйлем құрауы орынды, дауыс ырғағы мазмұнға лайық болу керек.

  1. Әңгімелесу әдісі. Бұл әдіс бойынша студенттер әдеби туындының мазмұны, құрылысы, образдары, тілі, көркемдігі, ерекшеліктері туралы өз түсініктерін айтып, оқытушының араласуымен еркін әңгіме жүргізеді. Әңгімелесу негізінен сұрақ-жауап түрінде өтеді. Бұл әдіс көбінесе практикалық сабақтарда қолданылады. Мұнда студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында бірлестікте жұмыс істеу, аудиторияны араластыру, өзара пікір алмасу, сұрақтар қою, қорытынды шығару іске асады.

  2. Түсіндіру, түсіндірмелі оқу әдісі. Әдебиетті оқытуда жиі қолданылатын әдістердің бірі. Өйткені, сабақты түсіндірмей тұрып, үйрету мүмкін емес. Дәріс арасында да, көбінесе практикалық сабақтарда түсіндіру әдісі қолданылады. Сондықтан түсіндірмелі оқу, оқи отырып түсіндіру жиі қолданылады. Түсіндіруде оқытушының сөйлеу шеберлігі басты назарда болуы керек. Сандай-ақ дәлелдеу әрекеті басым болады. Кейде көрнекілік әдісінің элементтері де пайдаланылады.

  3. Көрнекілік әдісі. Көрнекілік әдісі белгілі бір нәрсені, суретті көрсету арқылы студенттің білімін тереңдету, есте сақтату мақсатын көздейді. Көрнекілік оқушының сабақты тез қабылдауына ықпал етеді. Түрлі-түсті кесте, таблица, аудио-бейнеқұралдар түрінде көрнекілік қолдануға болады. көрнекілік қолдану - дидактиканың практикалық заңдарының бірі. Сабақтың қай түрінде де көрнекілік қолданыла береді.

  4. Тәжірибелік (практикалық) әдіс. Әдебиеттен тәжірибелік сабақтарда практикалық әдістер ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Ауызша түрі шығарма құрылысын, көркемдігін талдау, автор туралы мәлімет беру, т.б. Жазбаша түрде мазмұндама, шығарма жазу, баяндама, реферат, мақала жазу түрінде жүргізіледі.

Әдебиетті өнер тақырыбына сай оқи білу, шығарма әлеміне ену, оны идеялық, эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, қабылдай білу осындай әдістермен жүзеге асады. Әдіс түрлерін оқытушы сабақ мазмұны мен мақсатқа байланысты таңдайды.

Әдебиетке байланысты жүргізілетін лекция, тәжірибелік сабақтардың білімдік, тәрбиелік міндеттерін жетілдіру де - күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Лекция - оқу (оқу-әдістемелік, ғылыми, т.б.) материалдарды жүйелі түрде, бірізділікпен баяндау түрі. Лекциялардың кіріспе, шолу, циклдік түрлері болады. Лекцияларға қойылатын негізгі дидактикалық талаптар - жоғары идеялық-теориялық деңгейі, тақырыпты мақсатты түрде аша білуі, нақты фактілер мен құбылыстар мен олардың өзара байланыстарына анализ жасау, жинақтау, аргументтердің түсініктілігі мен тұжырымдардың ғылыми дәлелділігі, баяндаудың эмоциональдығы, т.б.

9-дәріс.

Тақырыбы: Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Мақсаты: Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптармен таныстыру

Тірек сөздер: оқулық, білім мазмұны, жаттығу, сәйкестілік

Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес оқушылардың дайындық деңгейіне мынадай талаптар қойылады:

  • мәтінді талдап оқуға және пікір алысуға ұсынылған шығармаларды өз бетімен оқып, мұғалім басшылығымен зерделеп меңгеру, пайымдай түсіну, дұрыс оқу;

  • өлеңдер мен прозалық туындыларды, 10-12 өлең (бұған поэма фрагменттері де кіреді), 3-4 прозалық туындылар үзінділерін жатқа айта білу;

  • тегі, жанры әр түрлі туындыларды, оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлерге өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқи білуі;

  • өзіне бұрын таныс емес кез-келген мәтінде (шығарманы) дауыстап та, іштей де дұрыс оқу;

  • жылына талдап оқуға және пікір алысуға ұсынылған ауыз әдебиетінің, отандық және шетелдік классикалық балалар әдебиеті үлгілерінің мұғалім басшылығымен және өз бетімен кемінде 20-ға тарта туындылары оқу;

  • оқып зерделеген туындының тектік, жанрлық сипатын білу;

  • әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды, олардың негізгі сипаттарын; қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі сипаттарын және әдебиеттің тектерін (эпос, драма, лирика) білу;

  • оқылған лирикалық туындыларға, олардың көркемдлік, поэтикалық тіл ерекшеліктерін пайымдай отырып, өзіндік сезінуі, түйсінуі негізінде баға беру;

  • туындыдағы көркем суреттеу, сипаттаулардың (портрет, пейзаж, интерьер, т.б.), баяндаулардың түрлерін, автор позициясын бейнелеу құралдарын (әжуа, мысқыл, сарказм), юмор мен сатира, аллегория түрлерін айыра білу, оларға қатысты ұғымдарды практикалық қолдану деңгейінде меңгеру;

  • тақырыбы, бір-ьіріне үндес( жақын) шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын (анықтайтын мәселемен байланыстыра отырып) салыстыра пайымдай алу;

  • өлең сөздің құрылымдық элементтерінің (өлшем, ырғақ, ұйқас, шумақ) мән-мағынасын, негізгі ұғымдарын білу және оларды практикалық қолданыста ажырата алу;

  • мәнерлеп оқудың партитурасын, яғни барлық элементтерін (дауыс ырғағы мен екпіні, олардың бірде жоғары, бірде бәсең болуы) білу;

  • оқылған шағын эпикалық туындының мазмұнын (кейбір стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып) толық, қысқаша және іріктеп мазмұндап айтып беру;

  • оқылған, зерделенген мәтіннің, өзінің сөйлейтін сөзінің, шығарма жұмысының жай және күрделі жоспарын құра білу;

  • проблемалық сұраққа ауызша және жазбаша байыпты жауап беру, мәтінге сұрақтар мен тапсырмалар түзе білу;

  • әдеби шығарма бойынша (кейіпкерлер мінездемесі, кейіпкерлерге салыстырма мінездеме), сондай-ақ сол шығармалар бойынша салынған иллюстрациялар мен суреттерге негіздеп өз толғамын, көзқарасын білдіре отырып, шығарма жазу.

10-дәріс.

Тақырыбы: Әдебиет сабағына қойылатын талаптар

Мақсаты: Әдебиет сабағына қойылатын талаптармен таныстыру

Тірек сөздер: әдебиет сабағы, әдеби білім, білім тұрақтылығы

Оқушыларға білім беруде сабақтың алатын орны ерекше. Сондықтан да сабақ оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Оның өзіне тән сипаты ұстаздың оқушының танымдық қабілетін жетілдіруге, білімдер меңгеруге тікелей ықпал етуімен белгіленеді. Сыныптан, мектептен тыс оқу-тәрбие жұмыстарындағы балалардың танымдық қызметі күнделікті сабақтан алған білім-білігінің, дағдысының негізінде, онымен тығыз логикалық байланыста өрбиді.

Сабақ процесінде сыныптағы оқушылардың ой-өрісін, ақыл-парасатын дамыту тұрғысында көптеген оқу материалдары, өмірлік өнегелер пайдаланылады. Шәкірт өзінің күнделікті тұрмсыста байқаған, мағлұматтарын, түсінік-тұжырымдарын сабақ үстінде белгілі бір жүйеге келтіріп, ретімен өзінің ой-санасында бекітеді. Ұстаз оларға ғылыми білімдер меңгерте отырып, практикалық дағды қалыптастырады, олардың бойындағы қабілетін жан-жақты дамытады.

Сабақ ұстаздың оқушылардың дербестігін, белсенділігін қалыптастыратын, оларды ұжымдық еңбекке жұмылдыратын алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолдануы арқылы жүзеге асады.Оқыту барысында мұғалім өз шәкірттерін зерттеп байқайды, олардың білім, білік, дағдыларын тексеріп бағалайды. Сондай-ақ әрбір мұғалім сабақты шығармашылық еңбек деп түсініп, өзінің педагогикалық шеберлігін, теориялық білімін күн сайын арттыра түсуі, озат тәжірибелерді тиімді пайдалануы керек. Әр тақырыпты өткенде мұғалім қай әдісті тиімді деп есептейді – ол өз еркі. Өйткені, ұстаз үшін ең сенімді әдіс - өзінің жетік білетін, өзі жақсы меңгерген әдісі. Бірақ, бұдан мұғалім тек бір ғана әдісті меңгеріп, басқасына көңіл қоймасын деген ұғым тумауы керек. Мұғалім әр кезде өз мамандығы (саласы) бойынша озат тәжірибелерден хабардар болып, оны өз жұмысында шығармашылықпен пайдалануы қажет.

Бір тақырыпты әр мұғалім әрқалай жеткізеді. Бұл – табиғи нәрсе. Мұнда әр ұстаздың өзіндік әдіскерлік икемі, ғылым негізінен алған білімі, дайындығы, талғам-тұжырымы байқалады. Әр ұстаз өзінің шама-шарқынша алдына қойған мақсатын орындауға әрекеттенеді. Соған орай ұстаздың да, жазушы стилі, актердің орындау мәнері, суретшінің бейнелеу машығы деген секілді әрқайсысының өзіне тін педагогикалық шеберлік өрнегі болады.

Мұғалім сабаққа әзірленгенде алдымен оның мақсаты мен мазмұнын айқындайды, одан кейін тақырып бойынша жұмыстың әдіс-тәсілдерін,сабақты ұйымдастырудың жолдарын қарастырады. Мұғалім сабақты жоғары дәрежеде жүргізуі үшін еркін жағдай, көтеріңкі көңіл-күй қажет. Бұның өзі сабақтың құрылысы талғаммен, кішігірім мәселелерге дейін жан-жақты ойластырылғанда ғана жүзеге асады. Сабақ, негізінен мынадай бөлімдерден тұрады:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Өтілген материалдарды оқу, пысықтау (үй тапсырмасын сұрау);

  3. Жаңа сабақты түсіндіру;

  4. Өтілген материалды бекіту;

  5. Үйге тапсырма беру.

Аталған жұмыс түрлері сабақтың құрылымдық элементтері болып табылады. Сабақтың құрылымын жоспарлағанда мұғалім мына мәселелерге назар аударуы керек:

  1. Сабақтың мақсатын дұрыс қоя білу;

  2. Сабақты ұйымдастыру және оны жабдықтау (көрнекілік, дидактикалық материалдар. Сабақ бөлімдері, онда жүргізілетін жұмыс түрлері, мақсаты, ұжымдық жұмыс түрлерінің дербес орындалатын жұмыспен үйлесім табуы).

  3. Сабақтың мазмұны. Сабақта ескеретін мәселенің ғылыминегіздегі дәлелдемесі. Бағдарламамен сәйкестілігі.

  4. Сабақтың құрылысы. Жаңа сабақты түсіндіру, бекіңту әдістері.

  5. Оқушылардың өздігімен орындайтын және жаттығу жұмыстары.

  6. Сабақтың өмірмен, басқа пәндермен байланысы, онда көтерілетін мәселелердің мәні.

  7. Тәрбиелік астарлары.

  8. Сабақтың барлық кезеңдерінде шәкірттердің білімі мен білігін айқындау, үй тапсырмасын тексеру жолдары.

Әдебиет сабағында жасөспірімдер көркем шығармамен танысу арқылы білім бұлағымен сусындайды, әрі идеялық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие өнегесін алады. Соған орай өткізілген сабақтың танымдық-тәрбиелік мәні ашылады. Әдебиет сабағындағы танымдық-тәрбиелік мақсат оқытылатын туындының идеялық-көркемдік табиғатына орай құрылады. Соған қарай мектепте көркем шығарманы талдаудың жолдары, оқыту әдістері, әдеби туындыны оқып-үйренудің әдіс-тәсілдері, сабақтың эмоциялық дәрежесі айқындалуы қажет. «Сабақ жүргізуге ең қажетті дидактикалық шаралардың бірі – мұғалім, жалпы сынып, жеке оқушы қызметінің ұтымды үйлесім табуы болып табылады» (проф. М.Рыбникова).

Сабақ процесінде мұғалімнің әдістемелік ой-түйіні көзқарасы, әдебиеттанымдық білімі, мәдениеті, таным-талғамы, адамгершілік қасиеттерге қатысы байқалады. Мұнда шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне сай әр мұғалімнің оқыту әдістерінің алуандығы, оқушылардың ерекшеліктері – жас шамасы, дайындығы аңғарылады.

Басқа пәндермен салыстырғанда әдебиет сабағының өзіндік ерекшеліктері бар. Ол оның сезімге әсерлілігінде, көркем шығарманы өнер ттуындысы ретінде қабылдауға эмоциялық жағдай туғызарлық сабақтың шығармашылық табиғатында. Мұның өзі әдеби шығарманы оқып-үйренуде ең басты шарт – мәтінмен жұмыс істеу екенін аңғартады. Мәтінге иек артқанда ғана жазушының өзіндік шеберлігін, кеөркемджік тәсілдерін, стилін байқап, бағалауға болады. Сондықтан мұғалім шығарманың идеялық мақсатын, эстетикалық табиғатын ашудағы жазушының көркемдік тәсілдерді қолдану шеберлігін туындының ішкі құрылымына ене отырып, нақты дәлелдермен түсіндіргені абзал.

Сабақ тиімділігін арттыруда ондағы мақсаттың дұрыс қойылуының, оқу материалындағы ең басты мәселелерді ажырата білудің,шәкірттермен әңгіме ұйымдастыруды динамикалы түрде жүргізудің, сұрақ-тапсырмалар жүйесін әрбір жекелеген оқушының ұғымына орай ойластырудың аса көп мәні бар.

11-дәріс.

Тақырыбы: Әдебиет сабағының құрылысы

Мақсаты: Әдебиет сабағының құрылысымен таныстыру

Тірек сөздер: сабақ мазмұны, сабақ құрылымы, сабақ кезеңдері

Қазіргі кезде дидактикада да, әдістемеде де сабақтың түрлері (типтері) бірегей, тұрақты түрде сараланбаған. Ғалымдар тарапынан сабаққа классификация жасағанда екі түрлі жолмен сараланып жүр.

Біріншіден, оқыту процесіне, көркем шығарманы талдауға негіздей отырып, ғалымдар сабақтың мынадай түрлерін атайды:

  1. Кіріспе сабақ

  2. Жаңа оқу материалдарынан білім беру сабағы

  3. Көркем шығарма мәтінін талдау сабағы

  4. Синтетикалық сабақтар

  5. Қосымша материалдарды, сын-зерттеу мақалаларды, оқулықты оқып-үйрену сабақтары

  6. Қорытындылау сабағы.

Екінші жолмен саралағанда пәннің өзіндік ішкі ерекшеліктері ескеріледі. Мұнда әдебиет пәніне байланысты сабақтың 3 түрі көрсетіледі:

  1. Көркем шығарманы оқып-үйрену сабақтары

  2. Әдебиет теориясы мен тарихын оқып-үйрену сабақтары

  3. Шәкірттің сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тіл дамыту сабақтары.

Кез-келген сабақтың дидактикалық талаптарға сәйкес жүргізілгені дұрыс. Ол талаптар мыналар:

  1. Оқу-тәрбиенің ғылымилық сипаты

  2. Сабақтың күнделікті өмірмен байланысы

  3. Оқытиа отырып тәрбиелеу

  4. Берілген білімді сапалы түрде меңгеру

  5. Сабақ процесіндегі көрнекілік

  6. Сабақтың жүйелілігі

Сабақтың сыныпта өтілетін түрін сыныптық сабақ дейміз. Ол – кіріспе сабақ, баяндау сабақтары, дәріс сабақтар, оқушылардың өз бетімен жұмыс жүргізу сабақтары, бақылау сабақтары, пікірсайыс,рефераттық, сынақтық, конференциялық сабақтар болып бірнеше түрге бөлінеді.

Сондай-ақ сабақтың жүргізілу формасына қарай концерт-сабақ, кино-сабақ, саяхат-сабақ, көркем шығарманың жанрына, түріне қарай лириканы оқып-үйрену сабақтары, драманы, эпосты оқып-үйрену сабақтары секілді болып тарамдалады.

Сыныптық сабақтар орындалу жайына, дидактикалық принциптеріне қарай аралас сабақтар, дамыта оқыту сабақтары, кіріккен сабақ болып сараланады. Аралас сабақтар байырғы амалдармен орындалады. Дамыта оқыту сабақтары – бағдарламаланып, проблемалап оқытылады.

Аралас сабақтың бірнеше нұсқасы бар. Солардың біреуін келтірейік.

  1. Өткен тақырыпты қайталау, оқушылардың білімін бақылдау, бағалау

  2. Жаңа оқу материалын түсіндіру

  3. Үйге тапсырма беру

  4. Оқушылардың түсінбеген мәселелеріне жауап беру

  5. Жаңа оқу материалын оқушының қаншалықты дәрежеде меңгергенін байқау (Б.С.).

12-дәріс.

Тақырыбы: Көркем шығарманы оқыту. Әдеби шығарманы талдаудың түрлері

Мақсаты: Көркем шығарманы оқытудың мәнімен, әдеби шығарманы талдаудың түрлерімен таныстыру

Тірек сөздер: оқыту әдістері, оқыту тәсілдері, әдеби талдау

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі бағыт-бағдарын айқындайтын ресми құжат «Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасы» болып табылады (РБК,1997, Алматы). «Тұжырымдамада» бүгінгі өмір талабына сай, педагогикалық ғылымдағы жетістіктерге негізделген әдебиет пәнінің мақсат-міндеті анық та айқындалып көрсетілген. тұжырымдамадағы негізгі ұстанымдардың бірі ретінде әдеби пәннің мазмұнын ұлттық ізгілікті құндылықтарға бағыттау көзделген.

Көркем туындының ішкі әлеміне енуде талдау түрлерінің өзара байланысы іске асырылады. Талдау барысында түрлі амал-тәсілдерді пайдалану әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігіне, мазмұндық-идеялық нысанасына, оқытудың мақсатына байланысты болады. Көркем туындыны қабылдау, авторлық позиция, шығарма идеясы, т.б. талдау сұрақтарының мәтінге сай берілуі ауызша, жазбаша сұрақтар, проблемалық ситуация тудыратын сұрақтар, т.б.

Талдау барысында мәтіндегі суреттеліп отырған өмір құбылыстарына, кейіпкерлеріне қатысты авторлық позицияны толық ашу, көркем шығарманың құрастырушы негіздері: сюжет, композиция, тақырып, идея, көркем образ, әдеби тип, әдеби мінез ұғымдарын, тілдік бейнелеу белгілерінің негізгі ролін анықтай білу маңызды.

Әдебиет сабақтарындағы ең басты құрал - көркем шығарманың мәтіні. Сондықтан сабақта көркем мәтінді эмоциальдық тұрғыдан әрі сапалы игертуді бірінші кезектегі мәселе деп қараған жөн. Шығарма мәтінін оқып, талдау - оның идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігін түсінудің ең басты сатысы.

Әдеби шығарманың мәтін оқып, танысу - шығарманы игерудің ең басты шарты. шығарманы толық меңгеру талдау мен жинақтау арқылы жүргізіледі. Әдеби шығармаларды оқып-үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне сәйкес болады. Әрине, шығарма мәтінін оқу студенттің өз бетімен жүргізіледі, алайда талдау барысында кейбір үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтып, талдау барысында пайдалану - практикалық сабақтарда да жүргізіліп отырылады. Шығарманың құрылысы, тілі, көркемдігі оның идеялық мазмұнын ашатын құралдары (әдеби тәсілдері) ретінде қаралуға тиіс.

Жоғары сыныпта әдеби талдаулар негізінен, ішінара талдау түрінде жүргізіледі. Себебі, барлық шығарманы, немесе бір шығарманы толық талдауға уақыт жетпейді және ол мақсат та етілмейді. Жазушының көрнекті шығармаларының кейбіріндегі өзекті прблематикалар немесе жеке көрініс-эпизодтар талданады. Кейбір тараулар, жалпы мазмұн шолу арқылы қамтылуы мүмкін. шығарманың жанрына, көркемдік ерекшелігіне қарай оқытушы шығарманы оқыту әдісін түрлендіріп отыруы мүмкін. Әсіресе әңгімелесуді, кейде сабақ-диспут, проблемалық оқу, семинар сабақтарды орынды пайдалана білу керек. Дәрістерде ақын-жазушы шығармашылығы шолу түрінде өтетіндіктен талдау жұмыстары тәжірибелік, лабораториялық сабақтарда кең көлемде жүргізіледі.

Талдау жұмыстарына әсіресе студенттердің өз бетімен жұмыстарын көбірек қолдануға болады, онда шығармашылық жұмыс істеуге, әдіби талдау машығын дамытуға мол мүмкіндіктер бар. Тек студентке дұрыс бағыт беріп, қажетті әдебиеттер туралы ұсыныс беру керек. баяндама, реферат дайындау, курстық, бақылау жұмыстарын қорғау - осындай талдаулардың нәтижесін көрсетеді.

Әдеби шолуларда әдеби даму процесі мен сол кезең әдебиетінің жайы туралы қоғам өмірімен тығыз байланыста қарастырылған сипаттама беріледі. Студенттерге тақырып бойынша әдебиеттер тізімі ұсынылады. Студенттердің білім аясы өз бетімен ізденумен толықтырылатыны белгілі. Өз бетімен жұмысқа тақырыптар ұсынылады. Сол тақырыптар бойынша студенттер баяндама, реферат, курстық жұмыстар жазып, әдеби талдаулар жүргізеді.

13-дәріс.

Тақырыбы: Проблемалық оқуды ұйымдастыру.

Мақсаты: Проблемалық оқуды ұйымдастырудың жолдарымен таныстыру

Тірек сөздер: проблемалық оқыту, ситуациялық жағдай

Эпикалық шығармаларды меңгертуде проблемалық оқытудың тиімділігі зор. Проблемалық сұрақтар қою, ситуация туғызу нәтижесінде іздену, зерттеу жұмыстарына негіз салынады. Оқушылардың өз бетімен жұмыстарының ізденістік бағыттылығына, олардағы өзіндік көзқарастар басымдылығына қол жеткізеді.

Проблемалық сұрақтар оқушыларды ойлауға жетелейді. Қойылған проблемаға байланысты әркімнің оны шешу жолдарын қарастыру, өз пікірін дәлелдеу, орнықты аргументтер келтіру, логикалық жүйе мен баяндау шеберлігін жетілдіреді. Мәселені дәлелдеудегі анализ жасау, байланыстару, жинақтау машығы қалыптасып, дамиды. Проблемалық ситуацияларды шешуде ой белсенділігі өте маңызды, әр түрлі болжамдарды ғылыми негізде саралау, жүйелеу қажет. Бұл тұрғыда түрлі ғылыми болжамдар, ой-пікірлердің дәйектілігін дәлелдеу, қайшылықтарды көрсету, арқылы проблемаларды ашуға қол жеткізіледі.

Көркем шығарманың көркемдік құндылығы жан-жақты шығармашылықпен талдау арқылы ашылады. Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасаудың жолдарын оқушы толық меңгеріп шығуы керек. Әрбір көркем шығарманың мазмұндық идеялық табиғатын танумен қатар, міндетті түрде оның композициялық құрылымын, сюжеттік желісін аша білу оқушыдан талап етіледі. Сондықтан мұны мұғалімнің өзі жете меңгеруі шарт.

Көркем шығарманы талдау - әдебиет сабақтарында жүргізілетін білімдік және тәрбиелік жұмыстың құрамдас бөлігі және ең маңыздысы. Көркем шығарманы талдау шығарманы практикалық сабақта оқу (үзінділер), үйден оқуға тапсыру, ауызша, жазбаша мазмұндату, жоспарын жасату, мазмұны мен көркемдігін ұғындыруды көздейді. Әуелі мәтінді оқытып, мазмұнын меңгерту - басты шарт. Одан соң мәтінді талдап оқу міндеті тұрады. Бұл тұста кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманың композициясы мен тілін талдау, суреттеу тәсілдерін анықтау, жанрын анықтау, т.б. жұмыстар жүргізіледі. Бұлардың бәрін әдебиетті оқытудың тұтас жүйесі деп қарау шарт. Бұл жұмыстар негізінен практикалық (семинар) сабақтарда жұргізіліп, студенттердің әдеби талдау машығы қалыптастырылады.

Көркем мәтінмен жүргізілетін кіріспе жұмыстарға шығарманың тақырыбы, идеялық, көркемдік болмысы, әдебиет тарихынан алар орны, әдеби сында бағалануы сынды негізгі мәселелер қамтылады. Шығармаға жай, күрделі сюжеттік-композициялық, мінездемелік әр түрдегі жоспар құру, әдеби сұрақтар мен тапсырмалар түзу, т.б. жұмыстар орындалады. Талдау жұмыстарында мұғалімнен гөрі оқушының жұмыстары негізгі орынға қойылады. Мұғалім талдауды ұйымдастырып, тек оған бағыт беріп отырады. Ол үшін әрбір міндетке сай өз тұсында арнаулы тапсырма, өздік жұмыс тақырыптары, жекелеген тақырыптарға баяндама, реферат тақырыптары беріледі Осы жұмыстар сыныпта талқыланып, өзгелер оларға пікір айтып, ой қосып отырады.

Талдаудың арнайы сабақтық әдістері мыналар:

  1. Мәтінді бірлесе талдау - мұғалім басшылығымен жүргізілетін талдау сабағының алғашқы формасы. Бұл әдетте оқушыларды дағдыландыру үшін орта буындарда жүргізіледі. Мұғалім сұрақтар мен тапсырмалардың үлгісін жасап, талдау жоспарын жасап әзірлейді. Талдау үстірт болмауы үшін оны шығарманың жеке элементтеріне, мәтінге негіздейміз. Басты мәселелермен қатар, неғұрлым жеке детальдарды таныту - талдау дағдысының орнықты, айқын болуына көмектеседі.

  2. Баяндама. Реферат. Бұл жоғары сыныптарда жү.ргізіледі. Олар жалаң сөзге емес, нақты нақты талдауға құрылады. Оған арнаулы сұрақ, жоспар беріледі. Оқушы бірер сөйлеммен кіріспе береді де, тікелей талдауға көшіп, өз ойын үзінді, фактімен дәлелдейді. Бұл белгілі бір компоненттің мәнін, қызметін анықтайтын күрделі жұмыс. Баяндама, реферат шығарма ерекшелігін тануға көмектесетін, пікір алысуға қолайлы болуы керек.

  3. Аралас әдіс. Талдау сабақтары жанрға байланысты түрленіп отыратындықтан, барлық компоненттері бір ғана шығарма үстінде талданбай, бірде анау, бірде мынау элементі басым талданып отырылады. Сол сияқты талдау сабақтарында ылғи бірыңғай әдіс қолданылмай, бірлесіп талдау мен әңгіме, баяндама мен әңгіме әдісі аралас келе береді. Бұл әсіресе көлемді шығармаларға қолданылады.

14-дәріс.

Тақырыбы: Эпикалық шығармаларды оқыту

Мақсаты: Эпикалық шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдерін түсіндіру

Тірек сөздер: эпика, оқыту амалдары

Мектептегі қазақ әдебиетінен білім мазмұнын құрайтын шығармалардың 70%-ы – прозалық шығармалар. Эпикалық шығармаларда автор жалпы өмірде болған жайлар туралы – адамдар тағдыры, олардың қарым-қатынасы жөнінде әңгімелейді. Оған көркем суреттеу, болған оқиғалар жөніндегі толғаныстар, ой-пікірлер, кейіпкерлердің сөзі (диалог, монолог), қосылады. Оқиға туралы суреткер өз ой-пікірін білдіреді, кейіпкерлермен бірге-күйініп-сүйінеді,кекетіп-мұқатып немесе мазақтап жазады. Сонымен бірге кейіпкерлердің сыртқы күйін – портретін, жүріс-тұрысын, сөйлеу дағдысын; ішкі күйін – толғанысын, көңіл-күйін бейнелейді, т.б. Сонда эпика шындықты кең, жан-жақты бейнелеуге қолайлы жанр болып келеді. Оның көлемі жазушының ой-мақсатына байланыстыүлкен немесе кіші бола береді. Осы айтылғандардың бәрі прозаның ішкі заңдылығына бағынады. Онда көркем компоненттер тұтастық құрайды.

Прозалық шығармалардың осындай күрделі табиғаты оған жан-жақты талдау тұрғысынан келіп, мазмұнын, идеясын, образдар жүйесін көркемдік компоненттерін жете меңгерту міндетін айқындайды. Көркем шығарманың қазығы – мәті, содан туатын идея, образ, т.б. Сондықтан ең алдымен оқушыға мәтінді оқып, тыңдатудың мәні зор.

Танымның негізінде материал (мәтін) жататын болса, бірінші жинақтауға мәтінді оқу сатысы жатады. Екінші саты – талдау (бөлшектеу). Бұл тұста оқушылар бірлескен түрде шығарманың формасын (образдарын, композициясын, тілін, т.б.) жеке-жеке талдайды. Бөлшексіз бүтін жоқ.Талдау оқуды тереңдетеді. Сыныптағы бірлескен талдау сабақты белсенділендіреді. Талдауға дәріс емес, сұрақ-жауап әдісі ыңғайлы. Образдарды жіктеуге, ауызша мінездеуге алдымен баланың өзін дағдыландыру керек. Бұл кезде балалар шығарманың мазмұнын түйіндеп, тұтас мәтінді оның компоненттері бойынша таниды. Талдау шығарманың идеясын танытады. Автор идеясын Ү-ҮІІІ сыныптарда сабақ соңынан да айтуға болады. Талдау сабақтарын тереңдетудің екінші бір формасы – теориялық мағлұмат беру. Теориядан қалық болса, балалар мәтінді өздігінен талдай алмайды. Троп, фигура, жанр, әдіс, көзқарас дегендер талдау тұсында үйретіледі. Сондықтан орта буында әдеби-теориялық мәліметтер әр шығарманың тұсында беріліп, мәтінмен байланыста ұғындырылады.

Үшінші саты – талдау негізінде меңгерілген шығарманың бүкіл болмыс-бітімін жинақтап, шығарма идеясын ашу. Эпикалық шығармаларды оқытудағы сабақ жүйесі - әдеби оқу мақсатынан туатын түрлі міндет пен жұмыс түрлерінің ұштасып, жүргізілуін, балалардың сабаққа сапалы қатысуын ұйымдастыра білуді көздейтін жұмыс жүйесі. Осы жүйенің сақталуы үшін сабақты былай жоспарлауға болады: шығарманың жоспарын жасатьып үйрету,мазмұндау, мінездеме түрлеріне жетілдіру, детальдарды талдау, теория элементтері, шығарма жаздыру, т.б.

Прозаны оқытуда сұрақ қоя білудің мәні зор. Сұрақтың жинақылығына, түсініктілігіне, мазмұндылығына, логикалық ойға құрылуына мән беру керек. Сұрақтар оқу, талдау, қорыту сабақтарына бөлініп келеді. Оқу сатысы шығарманың мазмұнын анықтау, соған жоспар жасау, түрінде өтеді. Оның өзі көп жағдайда күрделі жоспар болып келеді. Образдарға мінездеме жасалатын болса, олардың сұрақтары да басқаша болып келеді. Сюжет, суреттеуң тәсілдерін талдау, қорыту сабақтарында қолданылатын сұрақтароқу мен талдау сабақтарындағыдан бөлектеу болады.Бұл сабақтардың жүйесін мұғалім күнібұрын белгілеп алып, тұсына мысалдардың немесе кітаптың беттерін жазып, белгілеп қояды.

Прозалық шығармаларды көлеміне қарай бір сабаққа немесе бірнеше сабақтарға шақтап, әр сабақтың мақсатын айқындап алу керек. Мысалы, 3 сағатқа бөлінген әңгіме болса, 1-сабақта шығарманың басын сыныпта оқытып, соған ат қойдырылады, оқушылар ауызша мазмұндайды. Афоризмдер мен көркем сөз қолданыстарындәптерге көшіріп алып жаттайды, бөлімге жоспар құрады. Үйге тапсырма әңгіменің қалған 2,3,4-бөлімдерін үйден оқып, жоспар құру түрінде беріледі.

Екінші сабақта балалар үйден оқып келген 2-4 бөлімдерге ат қойып, әр бөлімнің мазмұнын айтады. Төрт бөлімнің аты мен жоспары дәптерге түседі. Мұны толық мазмұндау, көркемдеп айту дейміз. Мазмұнды дикциямен айтқызып, баланың тілін дамытуға жол ашуға болады.Ол үшін афоризм, мақал-мәтел, көрнекті тіркестерді оқушылар жаттап алып, өз сөзінде келтіреді. Онсыз айту әсерлі болмайды. Үйге тапсырма – үйден әңгімелеуге әзірлену.

Үшінші сабақта кейіпкерлерге мінездеме беріледі. Мінездеменің 2 түрі бар: 1) кейіпкер тарихына құрылған мазмұндай; 2) мінездеу. Шығармадағы барлық кейіпкерлер мен кейіпкерлер тобына мінездеме беру немесе кейіпкер тарихына құрылған мазмұндаудың шығарма идеясын ашуда, жазушы көзқарасын, оқиға дамуы мен композициясын айтқызуда маңызы мол. Қорытынды сабақта сондай-ақ шығарма идеясын, тәрбиелік мәнін ашу керек.

Сірнеше сағатқа арналған тіркес сабақтар сынып жоғарылаған сайын көбейе түседі. Ү сыныпта көбінесе 1-2 сағатқа арналған шығармалар (шағын әңгіме, новеллалар) топтастырылса, ҮІІ-ҮІІІ сыныптарда көпшілігі бірнеше сағатқа арналған әңгімелер мен көлемді шығармалардың үзіндісі беріледі. Оларды бағдарламада белгіленген 3-4 сағат көлемінде меңгертіп шығу оңай емес. Көп жағдайда мұғалім үлгермей жатады. Сондықтан оларды қай сабақта қандай мәселе қарастырылатынын нақтылап, жүйеліп жоспарлау керек.

15-дәріс.

Тақырыбы: Кіріспе сабақтар

Мақсаты: Кіріспе сабақтардың ерекшелігін түсіндіру

Тірек сөздер: кіріспе сабақ, мұғалімнің кіріспе сөзі

Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын, яғни мәтінді оқу, талдау алдында өтілетін шығармаға түсінік беріледі. Кіріспе жұмыстары мазмұнына қарай 3 салаға бөлінеді:

1) Заман, қоғам жайындағы тарихи түсінік;

2) Жазушының өмірбаяны жайындағы түсінік;

3) Мәтінге байланысты тақырыптық түсінік.

Бұл үш кіріспе түсініктің әр қайсысы әр жерде қажеттілігіне қарай қолданылады. Кейде қабаттастырыла қолданылуы да мүмкін. 5-8 сыныптарда өмірбаянға көп уақыт кетіріп, бөгде материалды көбейтудің қажеті жоқ. Автор туралы қысқаша түсінік жеткілікті. Ал оқылатын материалға, ондағы өмір суретіне байланысты тақырыптық түсінік оқу-талдау мақсатына жақын келеді.

Кіріспе жұмыстар – мәтінді өтуге балалардың дайындығының, белсенді қатысып отыруының шарты. Бұл дайындықты екі түрлі тәсілмен жасауға болады: 1) Өмір көріністерінен, қоғамдық күнделікті практикадан мысал келтіру арқылы дайындау; 2) Тарихи-өмірбаянтүсініктер бастау. Кіріспе сөзді ұзартып жіберуге, мәтін оқылмай жатып, шығарма мазмұны мен идеясын күнібұрын хабарлауға болмайды. 5-8 сыныптарда әдебиет пәні тарихи курс бағытында болғанмен, кіріспе сабақтар тұсында ептептарихи оқиғалардан да хабар беріп отыру орынды.

1) Әрбір көркем шығарма белгілі бір дәуір шындығын суреттейді. Кейбір шығарманың жазылу тарихы болады. Сондықтан, мәтінді толық меңгерту үшін оқушыларға сол кездің өмір шындығын, салт-сана, тап күресін, саяси тәртібі жөнінде қысқаша түсінік берген жөн. Ал түсініксіз оқу – үстірт оқу, әсерсіз, білімдік мәні төмен оқу.

2) Кіріспе сөздің бірі жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде беріледі. Ол 5-8 сыныптардаөте қысқа анықтамалық түрінде көрінеді. Әрбір мәтін сайынөмірбаянды қайталап, көпсөзділікке салыну қажетсіз. Өмірбаянның таныс еместерін баяндап, таныстарына сұрақ-жауап әдісін қолданған жөн.Баяндау элементі бар өмірбаяндық әңгіме тұсында жазушы өмірінің кейбір кездері (балалық шағы, ата-анасы, білім алуы, шығармаларының кейбір үлгілері)жайында іріктелген мағлұмат беріледі.8-сыныптарда жазушының өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет берудің бір түрі – қарапайым очерк. Оның мақсаты – жазушы тұлғасын қоғамдық-әлеуметтік жағдаймен байланыстыру, оның шығармаларының халықтық мәнін анықтау.

3) Тақырыптық түсінік әрбір шағарманың тұсында беріледі. Жеке бір әңгімені оқыту үшін әуеліә ондағы өмір көрінісі жайында кіріспе мағлұмат беріледі. Ол сол шығарманың мазмұны мен идеясын, образдар жүйесін түсініп оқуға жәрдемдеседі. Тақырыптық түсінік ондағы суретпен оқиғаның төркінін аңғартуға бағытталады. Тақырыптық түсініктен басқамәтін бойынша берілетінсөз түсінігі де боладжы. Мәтіндегі түсініксіз, таныс емес сөздер мен сөз тіркестерітүсіндірмей болмайды. Сөздік жұмысты мәтінді оқыр алдында, оқу үстінде, шығарманы оқып болған соң талдау жұмыстарымен байланысты беруге болады. Сөздік жұмыс оқушының сөздік қорын байытады, мәтінді түсінуге жәрдемдеседі.

Кіріспе сабақ тұсында мұғалімнің сөзіне мол мән беріледі. Мұғалімнің сөзінде білімдік, тәрбиелік, эхстетикалық-көркемдік нәрмол болуға тиіс. Кіріспе сөз логикалы, әдебиет пәнінің мақсатына сай, қысқа да көркем, сөзге сараң, ойға бай, ұғымды, табиғиболуы шарт. Көпсөзділік кіріспе сөздің мәнін кетіреді.

Баланың өздігінен іс істеп төселуіне жәрдемдесетін құралдардың бірі – оқу кітабы болса, екіншісі - әдебиет дәптері. Әдебиет дәптерәіне оқушы күнделікті сабақтың тақырыбын, өмірбаяндық материалды, жоспарларды, талдау үлгілерін (тақырыбы, идеясы, композициясы, тілі), теориялық ережелердіт.б. түсіріп отырады. Соның бәрі материалды тереңірек ұғып, есінде қалдыруға жәрдемдеседі. Ол сабақтық, теориялық, шығармалық ретіне қарай дәптерде сақталады.

16-дәріс.

Тақырыбы: Мәтінді оқыту, жоспар жасату

Мақсаты: Мәтінді оқыту, жоспар жасату жолдарын түсіндіру

Тірек сөздер: мәтін, жоспар жасау, шығарманың құрылысы

Мәтінді оқыту. Кіріспе сөзден кейін мұғалім мәтінді оқудан өткізеді. Бұл - әдеби оқу сабағының басты буыны. Сол тұста оқушылар мәтінді оқиды, оқиғаны ауызша мазмұндайды, бөлімдерге бөліп, ат қояды. Мұнан соң мұғалім сұрақ-жауап әдісі бойынша шығарманың проблемалары мен тақырыбынанықтайды. Мұның бәріне жүйелі жаттығу керек. Оқу сабағы тұсында істелетін жұмыс формалары өте көп. Жедел оқу, көркем оқу, сөйлету, таным – осының бәрі мәтінмен байланысты.

Прозаны мұғалімнің оқуы үш түрлі болуы мүмкін: Кітаптан оқу; Мазмұнын көркемдеп әңғгімелеу; Монтаждар оқу. Бұлардың аса тиімдісі – кітаптан оқу. Мәтінді оқушылыр сыныпта, үйде оқып, мазмұндайды. Мәтінді түгел оқып болмайынша, талдауға көшуге болмайды. Шығарма мазмұнымен толық тнаысқаннан кейін мазмұнға байланысты сұрақтар ір бөлек, талдауға байланысты сұрақтар бір бөлек, түйіндеуге байланысты сұрақтар бір бөлек беріледі.

Алғашқы оқу – тұтас оқу болса, екінші оқу көбінесешығарма бөлімдерін теріп, талдап оқу болады. Бұдан басқа жаттықтыру, жинақтау мақсатын көздейтін көркем оқу тәсілдері болады.Я.А.Каменский жүйесінен туындайтын «үш ьоқу» қағидасы осы. Оның айтуынша, білімнің негізінде әуелі зат (пән), көркем мәтін, содан соң талдау, аяғында қорыту тұрады.

Оқушы көркем әдебиетті, прозаны көп оқу керек. Оларды дауыстап та, іштей де оқиды. Балалар әрбір мәтінді 3-4 реттен қайталап оқыса, көп дағдыланады дейді әдіскерлер. Бұл орайда әсіресе сыныпта оқуға көп көңіл бөлу керек. Олд балалардың өз бетінше жұмыс істеулеріне көмектеседі. Мұғалім жыл ішінде оқитын кітаптарлды белгілеп, оқылуын бақылап отырумен бірге, сыныпта өтілген шығарманы үйде толық оқып шығуын назардан тыс қалдырмауы керек.

Жоспар жасату. Әдеби оқу жүйесінде оқылған мәтіннің жоспарын жасатып, үйретуге елеулі орын беріледі. Жоспар жасатып үйрету ісі – оқылған мазмұны мен тақырыбын, құрылысын, образдарын, оның ішкі ерекшелігін, әсіресе идеясын танып, талдап оқудың құралы. Сонымен бірге, ол – оқушынысақаққа саналы, белсенді қатысын күшейтіп, олардың ойы мен тілін дамытудың қажетті шарты. Прозаны оқытудың басты бір шарты – оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу, ауызша мазмұндау болса, бұл көп жағдайда жоспарсыз, жүрдім-бардым орындалып жүр. Шығарманы үнемі бір сарында, жоспарсыз мазмұндаудың пайдасы аз. Шығарманы автор сөзімен айтқызсаңыз, нені айтудың қажеттілігі жоспардан келіп туады.

Жоспар құрылысына қарай жай және күрделі жоспар болып бөлінеді. Жай жоспар 5-сыныпт ан бастап үйретіледі. 7-сыныпта жоспар жасау дағдысы оқушының толық меңгерген ісіне айналуы керек. Ал 8-сыныптан бастап, оқушылар өздігінше жоспардың қай түрін де жасай білуге тиіс. Жай жоспар оқылған шығарманың оқиғалдық-мағыналық негізгі буындарын тауып, соған ат қою мақсатынкөздейді. Олар мазмұндық жоспар немесе сюжеттік, мінездемелік болып келеді.Жай жоспарға оқиғасы қысқа, сюжетті мәтріндер алынады. Ал күрделі жоспарға берілетін мәтіннің огқиғасы да, құрылысы да күрделі болады. Күрделі жоспар оқиғаның негізгі бөлімдерін табумен бірге, әрбір бөлімнің ішкі мазмұнына еніп, соның кішігірім бөлшектерін де қамтиды. Демек, күрделі жоспар – дәлірек, толығырақ жоспар. Күрделі жоспарды 6-сыныптан үйрете бастаған дұрыс.

Жоспар жасата білу үшін мұғалім шығарма композициясын, көркем элементтерін, тақырыбы мен идеясын білумен бірге, жоспар мақсаты мен жасалу жолын да білуі тиіс. Сюжеттік жоспарда тартысқа құрылған оқиғаның басы, ортасы, аяғы, басқаша айтқанда оқиғаның байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешімі көрініс табады. Жоспар жасатып үйретуде мұғалім белгілі бір мәтіндер үстінде сынып оқушыларымен бірлескен жұмыс жүргізуден бастайды. Оны балалардың өздеріне жоспар жасатып төселдіру ісімен аяқтап отырады. Жоспар жасауды әуелі мәтіннің өзін тұтиас оқып, оның бөлшектерін табудан бастаймыз. Мұны мәтінді мүшелдей дейді. Күрделі жоспар жасағанда оқиғаны ретімен толығырақ тізіп, үлкен топқа бөліп, сол топтарға ат қойғызып, қалғанын жіктестіріп бөлуге болады. Жоспар жасап үйрені, біріншіден, шығарманың құрылысын, тақырыбы мен мазмұнын түсінуге керек болса, екііншіден, оқушыға ойды ретімен, логикалық байланыста айтып үйрену үшін керек. Ол шығарманың мазмұнын айтқызғанда, мазмұндама, шығарма жазғанда өте қажет.

17-дәрі

Тақырыбы: Шығарманың мазмұнын меңгерту

Мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгерту жолдарын түсіндіру

Тірек сөздер: шығарма мазмұны, сюжет, композиция, тартыс

Әдебиет сабақтарында оқушыларға мәтінді ауцзша мазмұндатуға айрықша мән беріледі. Мазмұндаудың жазбаша түрін мазмұндама дейміз. Мазмұндауға қойылатын басты талаптар: шығарманың тақырыбын ұғыну; оқиғаны ретімен логикалық түрде айтып беру; мәтіннің тіл өрнектерін сақтай білу; көркемдеп айту; кейіпкерлер табиғатын түсіну.

Мазмұндаудың бірнеше түрі бар. Олар: толық мазмұндау; қысқаша мазмұндау; кейіпкер тарихына құрылған мазмұндау; цитата түрінде мазмұндау; әңгіменің формасын өзгертіп мазмұндау; шығармашылық мазмұндау; инсцинировка.

Әр сыныптағы мазмұндаудың мақсат-мазмұны әдеби жанр ерекшелігіне, сынып дәрежесіне қарай бірте-бірте күрделеніп, тереңдеп отыруы керек. Толық мазмұндау – оқушының шығарма оқиғасын түгел қамтып, әдеби тілмен, автор сөзіне жақын түрде, рет-ретімен айтып беруі. Бұған үлкен шеберлік, дайындық, дағды керек. Қысқаша мазмұндауда оқиғаның негізгі буындары ғана алынады. Қысқаша мазмұндау оқиғаның түйінді буындарын, тақырыбы мен идеясын таба білуге, логикалы ойлауды дамытуға, сөйлей білуге үйретеді. Мұнда оқушы оқиғаның ең маңыздысын, қажеттісін ғана теріп айтады. Бұл толық мазмұндаудан әлдеқайда қиынырақ, сондықтанмұны оқушылар толық мазмұндауды біраз игере бастаған кезде жүргіземіз. (Негізінен оқиғасы күрделі шағармалар алынады).

Кейіпкер өмірбаянына құрылған мазмұндаудамінездеме элементтері де болады,оны кейіпкер өмірбаяны деп те атайды. Мұнда жеке қаһарманның тарихы ретімен көрсетіледі.

Көркем мазмұндау оқушының әдеби тілінің қалыптаса бастағандығын көрсететін, шығармашылық түрдегі мазмұндауға жатады. Бұл мазмұндаудың жоғары сатысы, онда көркем оқудың элементі болады.әрбір мәтін тұсында мазмұндаудың түрлі формаларын қолдану арқылы мұғалім оқушылардың тілін дамытумен бірге көркем шығарманың ішкі ерекшеліктерін меңгертіп, оның идеясы мен автор ойын тереңірек танытады. Мазмұндаудың жазбаша формасы мазмұндама түрінде жүргізіледі, оның әдістемесі де осыған ұқсас.

Көркем шығарманы талдау (кіріспе). Көркем шығарманы талдау - әдебиет сабақтарында жүргізілетін білімдікжәне тәрбиелік жұмыстың құрамдас бөлігі және ең маңыздысы. Көркем шығарманы талдау – шығарманы сыныпта оқу, үйден оқуға тапсыру,ауызша-жазбаша мазмұндату, жоспарын жасату, мазмұны мен көркемдігін ұғындыруды көздейді. Әдеби мәтінді оқытып, мазмұнын игерту – басты шарт. Одан соң мәтінді талдап оқыту міндеті тұрады. Бұл тұста кейіпкерлерге мінездеме жасау, шығарманың композициясы мен тілін талдау, көркемдеп оқу жұмыстары жүргізіледі. Бұлардың бәрі әдебиетті оқытудың тұтас жүйесі деп қарау керек.

Алғашқы түсініп оқудың нәтижесінде мазмұндатуды сұрақ-жауап әдісімен оқушылардың өздеріне орындату арқылы жүргіземіз.Мұндағы мақсат:

1) Шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік формасын бірлікте тұтас алып талдау;

2) Кейіпкер образдарын талдап, оларға түрліше (дара, салыстырмалы, топтастырылған) мінездеме жасату;

3) Суреттемелік тәсілдерді анықтау (пейзаждық, портреттік, т.б.);

4) Композициясы мен сюжетін, оның элементтерін ашу, солардың қызметін таныту;

5) Шығарманың көркем тілін зерттеу;

6) Түрлі жанрдың табиғатын танытып, соған сай жұмыс әдлістерін қолдану.

7) Әдеби меңгерілген ұғымдарды теориямен ұштастырып, бекіту.

Талдау жұмыстарында мұғалімнен гөрі оқушылардың жұмыстары бірінші орынға шығады. Мұғалім талдауды ұйымдастырып, оған бағыт беріп отырады. Бұл үшін әрбір міндетке сай өз тұсында арнаулы тапсырма, сұрау беріліп, солардың негізінде әңгіме әдісімен талдау жүргізіледі. Кейде жекелеген оқушыға баяндама беріліп, өзгелер соған пікір қосады. Кейде айтыс әдісі де қолданылады. Әңгіме әдісі талдау сабақтарында да тиімді болмақ.

18-дәріс.

Тақырыбы: Әдеби талдаудың жолдары. Образдарға және композициялық талдау

Мақсаты: Әдеби талдаудың жолдарымен таныстыру. Образдарға және композициялық талдау жолдарын түсіндіру

Тірек сөздер: әдеби талдау, образдарға талдау, композициялық талдау

Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бергенде мынадай принциптерді есте ұстау керек:

1) әдеби образды өзі өмір сүрген қоғаммен, әлеуметтік ортамен байланыста алып, анықтау;

2) кейіпкерлердің өзіндік мінез-құлқын, характерін дәл анықтау керек (кейіпкер қай жерде қалай көрінеді, детальды пайдалану);

3) кейіпкерді портреті, сөзі, мінездемесі, т.б. анықтай түседі. С.Мұқанов портретті көбінесе 1 рет берсе, М.Әуезов оны бөлшектеп әр қилы береді. Статикалық портреттен (тұтастырылған) гөрі психологиялық портрет қиынырақ, бірақ әсерлі болады. Динамикалық портреттен көңіл-күй дамуы көрінеді.

Дара мінездеме бірден барлық кейіпкерге емес, әуелі бас кейіпкерге беріледі. Оның ең басты сипаттары теріліп алынады. Мінездеменің жоспарын да жасауға болады. Сол жосмпар бойынша цитат тапқызуға болады. Бір-екі оқушыға ауызша мінездеме жасатуға болады. Басқа оқушылар үйден мінездеме жасауға дағдыланады.

Салыстырмалы және топтама мінездеме. Салыстыру үшін әуелі әрбір кейіпкердің өзіне тән мінездерін белгілеп алып, сол белгілер салыстырылады. Сонда әр кейіпкердің өз табиғаты анықталады. Кейіпкер табиғатының әлеуметтік сырын ашып, сол негізде шығарма идеясын ашамыз. Салыстырмалы мінездеме жасау үшін шығарма кейіпкерлерінің жігін, ұқсастық-айырмашылықтарын анықтап алып, әрбір кейіпкердің басты сипаттарының жоспарын жасаймыз, соғын үзінді табу міндеті жүктеледі. Сол бойынша кейіпкерлерге ауызша салыстырмалы мінездеме жасалады.

Топтамалы мінездемеде образдарды әлеуметтік табиғатына қарай ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлер тобына бөледі. 5-7 сыныптарда жағымды, жағымсыз кейіпкерлер жайында саклыстырмалы мінездеме жасауға дағдыланады. Топтамалы мінездеме жасау үшін ең алдымен салыстырмалы мінездеме нәтижелеріне сүйенеміз. Ал салыстырмалы мінездеме дара мінездеме нәтижелеріне сүйенеді. Топтама мінездемеге көшу үшін сұрау, жауап беру әдістерімен әуелші бас кейіпкердің төңірегіне басқа кейіпкерлерді топтастыру арқылы жіктейміз.

Композициялық талдау. Мәтінмен жұмыс істегенде образға мінездеме берумен қатар,шығарманың түрліше суреттеу тәсілдерін де талдаймыз (баяндау, диалог, монолог, сюжет, пейзаж, портрет, суреттеу).

Комползиция деп шығарма құрылысын, ой мен оқиғанывң автор көзқарасына лайық сұрыпталыпберілу тәртібін айтамыз. Композицияға сюжет, баяндау, монолог, пейзаж, кейіпкер өмірбаяны, тіл, суреттеу элементтері жатады. Шығарманың тұтас композициясы бар да, жеке обьраздар композициясы бар. 5-8 сыныптарда көбінесе шығарма композициясы талданады.

Композицияны танытудың басы – жоспар жасау. Жоспар жасаумен оқушылар 5-сыныптан бастап танысады. Сонымен бірге сюжетті шығармалардың әр бөлімінде қандай оқиғалдар суреттелген, оның қызметі қайсы дегенді де талдау керек (пейзаж, монолог, диалог, портрет).

Прозаны сюжет элементі жағынан талдау керек. Сюжет кішігірім эпизодтардан тұрады. Прозалық шығармалардың композициясын талдағанда оқиғаның әрбір бөлімінің қызметін, оның оқиға желісін, кейіпкер тарихын баяндаудағы орнын аңғартамыз.

Сюжетт образ тарихынан басқа бөлшек (эпизод) пен бүтіннің ұштасуы бар. Эпизодтар жиналып келіп, тұтас сюжет, шығарманың композициясын жасайды. Сонымен бірге сюжетте тартыс элементі болады. Олар: экспозиция, байланыс, дамуы, шарықтау шегі, шешімі.

Образ, композиция, сюжет талдау көбіне мәтінге негізделген сұрау, жзауап (әңгіме әдісі) оқушының өзіне істету жолымен жүргізіледі. Мұғалім сюжеттің жеке немесе тұтас элементін қай мәтін тұсында, қай сыныпта, қашан бастап, аяқталатынын күнібұрын бағдарлап алуға тиіс.Прозада композициялық талдау образ талданғаннан соң жүргізіледі. Кейде ол қорытуға қызмет істейді. Композиция мен сюжет мәтіннің көркемдік ерекшелігін танытатын элемент болғандықтан, оған да сабақтың мазмұнын орындату, жаттықтыру тәсілдерін қолданамыз.

19-дәріс.

Тақырыбы: Шығарманың көркем тілін талдау

Мақсаты: Шығарманың көркем тілін талдау жолдарымен таныстыру

Тірек сөздер: шығарма тілі, көркем тіл, автор тілі, кейіпкер тілі

Тіл – образ жасайтын материал болғандықтан, оны шығарманың образы мен идеясынан бөлек талдауға болмайды. Тіл – образдың киімі ғана емес, соның ішкі жан сарайынтоқитын шығарманың мазмұны (идеясы) мен формасына (образ, сюжет, тіл, жанр) бірдей қатысы бар, көркем шығарманың басты элементі. Сол элементті әдеби талдаудан шет қалдыруға болмайды.

Прозада көркем тілді қаһарманның характерін, автор көзқарасын немесе шеберлігін анықтаудың құралы ету қажет. Шығарманың тілі алдымен жанрға (әңгіме, пъеса, роман, өлең), одан соң авторға, кейіпкерге байланысты болады.Сол сияқты реалистік туынды мен романтикалық стильдегі щығарманың тілі бір емес. Сондықтан шығарманың тілін оның жанрына қарап, өз орнына нақтылай талдау, таныту қажет.

Жанрдан, әдістен басқа пейзаж, суреттеу, портрет, баяндау, монолог, сияқты элементтердің тілі образға, көрініске тән нақтылай талданады, тіл арқылы автор идеясын, сол тәсілдердің мәнін, қызметін талдаймыз. Бұдан басқа тілді талдаудың 3 түрі бар: түсініксіз сөздердің анықтамасы; қаһарманның тілі; автор тілі.

Бұлардың бәрі жанрға, әдіске, идеяға байланысты. Сонымен бірге, ол – стиль, шеберлік, көркемдік деген аса қажетті ұғымдарды жинақтауға қызмет етеді. Тілдік талдауды да көбіне оқушының өзіне сұрақ-джауап әдісімен жеткізу керек. Себебі, бала – тілді ғана емес, одан әсер алушы. Тілді талдау тұсында біз оқушыларға троп пен фигура элементтерін көбірек танытамыз. Оны поэтикалық тіл джейміз. Автор тілі мен кейіпкер тілін де талдау керек. Автор тілі әдеби тілге негізделеді, көбінесе баяндауға құрылады. Ал кейіпкер тілінде сөйлеу тілінің интонациясы, сөздердің орын ауысуы, архаизм, диалектілер, кәсіби сөздер көбірек кездеседі. Сол тілден кейіпкердің характері, жан жүйесі, ұғым-түсінігі, т.б. фактілер табылады.

Сонымен бірге, мақал-мәтел, афоризм элементтерін де ұмытуға болмайды. нақыл сөз, мақал-мәтел прозада көп ұшырасады. Тілді әрбір жанр, образ үстінде, мәтін арқылы талдаймыз. Композиция элементтерінен тапсырма бергендешығарма идеясының, кейіпкердің жаңа бір тілдік белгісінашу көзделеді.

Шығарма тілін талдаудағы грамматикалық жұмыстар. Көркем шығарма арқылы оқушының жазу тілін қалыптастырып, сауаттылығын арттыруда грамматикалық жұмыстардың орны бөлек. Тілдік-грамматикалық талдау бірде көркем мәтіннің мазмұнын, образдарын, мәнін ұғынуға көмектеседі, бірде ол оқушының сөзін байытуға, сөйлем құру, ойлау, жазу қабілетін жетілдіруге тиіс.

Әдеби мәтін бойынша жүргізілетін синтаксистік-стилистикалық жұмыс түрлері:

  1. Мәтінді оқу үстінде көнерген сөздер мен жаңа сөздерге түсінік беріледі;

  2. Мәтін талданған соң, оқушылардан ондағы кейбір сөздердің мағынасы, қызметі сұраладынемесе мәтіндегі етістік,есім сөздерді теріп, солардан сөйлем құрастыру тапсырылады.

  3. Кейде мәтіндегі синоним, антоним, архаизм, неологизм диалектизм, кәсіби сөздер анықталып, олардың мағынасы, сыңары белгіленеді. Оларды балалар дәптерге түсіріп, сабақта қолданып отырады. Мұғалім сол сөздердің категориясын, құрылысын жол-жөнекей анықтап отырады.

  4. Көркем мәтінде кезщдесетінфраза, мақал-мәтел, афоризмдердің, образды, қанатты сөйлемдердің де мағынасын анықта, өз сөздерінде қолдана білуге баулимыз.

  5. Сөздік жұмысын жүргізу.

  1. Көркем мәтіндегі оқшау сөз, қаратпа сөз, төл сөз, диалог түрлерін талдау.

  1. Сөйлемдерді құрамына, қызметіне талдау (морфологиялық, синтаксистік, лексикалық).

20-дәріс.

Тақырыбы: Шығарманың жанры мене идеясын анықтау

Мақсаты: Шығарманың жанры мене идеясын анықтау жолдарын үйрету

Тірек сөздер: жанр, мазмұн, идея

5-8 сыныптарда жанр табиғаты бөлшектен басталады. Оқушылардың мәтінмен жұмыс үстіндегі жұмыстан алған тәжірибесіне бейімдей отырып, олардың өз топшылауларына сүйене қорыту, сұрау, жеке жанрлар табиғатын айыра бағалау бағытымен ұғындырамыз.

Әрбір шығарманы өз табиғатына сай оқытып, талдау керек. мысалы, көлемді прозалық шығармадан үзіндіні жеке тараулар бойынша талдаймыз, бір тарауын сыныпта оқытсақ, екіншісін үйден оқытамыз, үшіншісінмұқият талдап, мәтінге жуық түрде әңгімелетеміз. 4-6 тарауларын қысқаша мазмұндатамыз, кейбір тарауларын жеке оқушыларға мазмұндатамыз. Мұғалімнің өзі қорытады. Жұмбақтың шешуін тауып, оқушыларға жатқа айтқызамыз. Мақалдың мағынасы түсіндіріліп, өмірдегі кездесетін орындарымен толықтырамыз. Мысалды талдауда оқушыларға ғибрат беру көзделеді.

Әрбір шығарма тұсында талдаудың барлық түрлерін түгел қамтимын деп әуреленуге болмайды. Әуелі 2-3 материалды тыңғылықты талдап көрсеткен соң, келесілерін ұқсастығы бойынша балалардың өздеріне талдатамыз. Жақсы талданған 1-тарау басқа тарауларды талдауға үлгі болады. Бас ты мәселе – оқушылардың қабілетін жетілдіре білуде. Шығарманы баланың өзіне талдата білу – мұғалім шеберлігінің белгісі.

Шығарманың идеясын анықтау. Көркем шығарманың тақырыбы, образдары, композициясы мен тілі талданған соң, оның идеялық мазмұнын да таныту қажет. Онсыз шығарманың тұтас тұлғасы шықпайды. Шығарманың идеясы дегенді төменгі сыныптарда көбіне тақырып төңірегінде әңгімелеп, дәл мағынасывнда ҮІІ сыныптарда әңгімелей бастаймыз. Тақырып шығарманың әңгімелейтін проблемасы (әлеуметтік теңсіздік, ағартушылық, отан қорғау, өндіріс мәселесі) болса, идеясына көбіне автор көзқарасын, оның сол проблеманы қалай шешкендігі жатады. Идеялық түйіндеудің өзіне тән сұраулары болады. Шығарма идеясын тұтас, жалпылай алмай, бірде тақырыбы, бірде образдары, бірде композициясы, бірде тілі жағынан жеке-жеке таныту керек. Бұл көп жағдайда шығарма жанрына байланысты болады.

21-дәріс.

Тақырыбы: Талдау сабақтарының әдістері

Мақсаты: Талдау сабақтарының әдістерін үйрету

Тірек сөздер: көркем шығарманы талдау, көркемдік талдау, мазмұндық талдау

Талдау сабақтарында қолданылатын негізгі әдістер:

1. Мәтінді сыныпта бірлдесіп талдау – мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін тиалдау сабағының алғашқы формасы. Оқушылар қабілетін жетілдіру үшін мұғалім олармен бірлесе отырып талдап, сұрақ-жауап әдісімен мәтінді талдаудың үлгісін көрсетеді. Ол үшін мұғалім сұраулардың үлгісін жасап, талдау жоспарын дайындап, әзірленеді. Талдау үстірт болмауы үшін оны шығармалардың жеке элементтеріне, мәтінге негіздейміз. Басты мәселелермен қатар, неғұрлым жеке детальдарды таныту – оқушының талдау дағдысының орнықты, айқын болуына көмектеседі (Е.Ильин).

2. Графика әдісі. Талдау жемісті болып, оқушының есінде қалуы үшін оның нәтижесін, басты компоненттері бойынша дәптерге түсіріп, схема, диаграмма қолдану қажет. Мұндай тәсіл өмірбаян, кіріспе сөздерге де қажет. Шығарма композициясы (жоспар), кейіпкер мінездемесі, портрет, пейзаж, т.б. оқушы оқып, жазып, естіп, өзінің қиылы мен ойлау дүниесін кеңітеді.

3. Оқушылардың баяндамасы. Оқушыларға белгілі бір мәселеден тақырып беріп, баяндама жаздыру, оны сыныпта талқылау. Бұл тәсіл 7-сыныптан бастап қолданылады. Көлемі 10-15 минуттық. Баяндама жалаң сөзге емес, нақты талдауға құрылады. Оған арнаулы сұрақ, жоспар беріледі. Сұрақтар оңайдан басталып, бірте-бірте күрделене түседі. Оқушы бірер сөйлеммен кіріспе береді де, тікелей талдауға көшіп, өз ойын үзінді, фактімен дәлелдейді. Бұл белгілі біркомпоненттің мәнін, қызметін анықтайтын күрделі жұмыс. Баяндама шығарма ерекшелігін тануға көмектесетін, пікір алысуға қолайлы болу керек.

4. Аралас әдіс. Талдау сабақтары жанрға байланысты түрленіп отыратындықтан, барлық компоненттері бір ғана шығарма үстінде талданбай, бірде анау, бірде мынау элементі басым талданып отырады. Сол сияқты талдау сабақтарында ылғи бірыңғай әдіс қолданылмай, бірлесіп талдау мен әңгіме, баяндама мен әңгіме әдісі аралас кешле береді. бұл әсіресе көлемді шығармаларға қолдланылады. Мысалы, повест әңгіме әдісімен талданса, бірер кейіпкерлердің мінездемесі салыстырмалы түрде баяндамаға берілуі мүмкін. Енді бірде әңгіме әдісімен бірлесіп талдау ұсынылады. Оның объектісі – шығарма тілі, кейіңпкер, суреттеу тәсілдері, композициясы, идеясы, т.б.

Көлемді шығармалардың жоспары, образдар, тілі, суреттеу құралдары жинақталуға тиіс. Мұғалімнің көп ізденетін еңбектенетін тұсы – талдау сабақтары. Әрбір талдаудың өзіндік объектісі, жоспары, мақсаты болады.

22-дәріс

Тақырыбы: Қорыту сабақтары. Білімді бағалау

Мақсаты: Қорыту сабақтарының сипатымен таныстыру. Білімді бағалау жолдарын үйрету

Тірек сөздер: қорыту сабағы, білімді бағалау

Талдау сабақтары аяқталған соң, атқарылған істерді бекітіп, қорыту керек. Өйткені, талдау қаншалықты толық болғанмен, оқушылардың түсінбеген, жинақтай алмаған жерлері болады. Қорыту сабақтары оқушылардың түсінігін, дағдысын орнықтырып, талдау нәтижесін есте қалдырыпжинақтау, білімді бекітіп, бағалауды көздейді. Мұғалімнің қорытынды сөзі нақты, қызықты, мәтін табиғатына сай болуы керек.

Оқушылардың бағдарламаға сай әдеби оқудан алатын білімдері мен дағдыларының объектілеріне мыналар жатады:

1) шығарма мазмұнын біліп, өз сөзімен айта білу;

2) кейіпкерге мінездеме бере білу;

3) жазушы өмірбаянын меңгеру;

4) әдеби-теориялық білімдерді меңгеру;

5) жаттауға берілген материалды есте сақтау;

6) мәтінді дұрыс және көркем оқи білу;

7) шығарма жоспарын жасап, композициясына мүшелей білу;

8) суреттеу тәсілдерін, түрін, қызметін түсіну;

9) мазмұндаудың барлық түрін меңгеру;

10) 8-сыныптан бастап автор көзқарасы мен шығарманың идеясын талдай білу;

11) шығарма жаза білу.

Қорыту сабақтарында мұғалімнің айтқан қосымша материалын, теория элементтерін жазып отыратын оқушылардың әдебиет дәптері болуға тиіс. Оған күнделікті сабақтың, оқу мен талдаудың бәрі жүйелі түсіріледі. Кейбір қорыту сабақтары ойынға, жарысқа құрылады. Әдеби ойындарды мұғалім өздігінше түрлендіре алады.

Оқушылардың білімін бағалау. Бағалау – күнделікті сабақтың бір элементі. Кіріспе сөзде, өмірбаянды өткенде, мәтін оқылып, талданғанда бағалап отыру керек. Мұны күнделікті-сабақтық бағалау дейміз. Кемшілігін мұғалім толықтырып отырады. Бұдан басқа тақырыптық, тоқсандық, жылдық бағалау болады. Осылардың ішінде қорытушы-тақырыптық бағалаудың мәні бар. Өйткені күнделікті сұрауларда мұғалім қай оқушы қай элементті жақсы, қай элементті нашар игергенін біле қоймайды. Біреу жоспар жасауға, біреу мінездеуге, біреу мазмұндауға жетік болуы мүмкін. Оқушылардың жалпы дағдысын, білу үшін кейде жинақтаушы бағалау жұмыстары да жүргізіледі. Оған үлкен әзірлік, жоспар, шеберлік керек.

1. Жаппай сұрау (фронтальдық). Үйге берілген тапсырмаға құрылады.

2. Даралап сұрау. Жаттау, мазмұндау, ауызша мінездеу, теория элементтеріне құрылады.

3. Қиысқан сұрау. Жаппай сұраумен қатар жекелеген сұраулар да қолданылады.

23-дәріс.

Тақырыбы: Лириканы оқыту

Мақсаты: Лириканы оқытудың ерекшеліктерін түсіндіру

Тірек сөздер: лирика, лирикалық кейіпкер, лириканы талдау

Лириканы оқытуда баланың жасы мен жеке бас ерекшеліктерін ескеру керек. Лирика табиғатын меңгерту жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге бірте-бірте сатылап күрделеніп отырады. Лириканы оқытқанда жанр табиғатынан аулақтап, жол қуалаушылыққа салынбау керек. Дидактикаға кең жол ашып, өлеңнің поэтикалық тұтастығын бұзбауға, әрбір жолды қарасөзбен түсіндіріп, ақылгөйлікке салыну да жөн емес. Лириканы оқытқанда көркемдік тұтастыққа нұсқан келмейтіндей, лирикалық қаһарман бейнесі, өлеңнің поэтикалық тынысы, әр автордың өзіне тән жүйемен ішкі сезім әсер арқылы қабылданып, түсіндіріледі.

Шығарманың поэтикасын, өлеңнің көркемдігі мен мәнін түйсіну, терең де тебірене қабылдау қабілеті бірте-бірте жетіліп, жоғары сыныптарда қалыптасады.

Лирика асығыстықты, үстірт оқуды сүймейді. Оқушының әр туындыны тұшынып оқуына, түсініп меңгеруіне, іштей жинақтауына мүмкіндік жасау керек. Басты шарт - ақынның сөз өрімін, өзекті ойын тікелей ұғыну, шығарманың әсем сазы мен сөз өрнегі арқылы ой құшағына бөленуі, келістіріп оқу арқылы ынта-ықыласын соған аудару.

Лириканың жеке компоненттерін оқыту.

1. Тақырып. Ең алдымен лириканың тақырыбы ашылады. Лириканың түрі мен тақырып бірдей ұғымдар емес. Шығарма тақырыбын оның өн бойынан рухынан іздеу керек. Оқушылардың өзіне жұмыс істету арқылы тақырыбын нақтылай түсеміз (Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңінің тақырыбы - заман көрінісі, ел ішінде белең алған қылықтар. «Қалың елім, қазағым» тақырыбы - әлеуметтік тақырыбы, т.б.).

2. Идея. Лириканың өміршеңдігі - оның идеялық позициясында. Шығарма идеясы - оның өзегі. Оқушылармен бірлесе отырып, оқылған шумақтардан ақын пікірі қандай идеяға әкелетінін ұғындырамыз. Ақынды өз дәуірінің өкілі ретінде танып, шығарма идеясын сол кезеңнің ерекшеліктеріне байланысты бағалауға үйрету керек. Көркем шығарманы талдау, тануда тарихилық принципті есте ұстаймыз. (Бұхар шығармаларының идеясы - ел бірлігіне шақыру, қазақ мемлекетінің тұтастығын сақтау, т.б.).

3. Образ. Лирикалық қаһарман. Лирикалық характер. Лирикада образдылық та, образ да бар. Адам рухының тұңғиық сырларын бейнелеп беру арқылы ақын образ жасайды. Бірақ лирикадағы образды сөз бен адам бейнесін (образ) ажырата білу керек. Бейнелі сөзді бейнелеу, адам образын бейне деп қарасақ, лирикадағы бейне - лирикалық қаһарман. Лириканың басты қаһарманы ақынның өзі, ал лирикалық қаһарман - ақынның жырлайтын объектісі. Лирикалық қаһарман мен ақын - көп жағдайда бір-бірімен етене жақын болады. (Жеке бастың күйі: «Атадан алтау, Анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ»).

Лирикалық кейіпкердің жеке бір мәселеге көзқарасы ғана емес, бүтін өмірлік құбылысқа деген қат-қабат күйініш-сүйініші көрінбек. Ол басқалардан дараланып алынады да, бірте-бірте тұтас характерге айналып сомдалады. Сондай-ақ лирикалық характер өлеңдердің бәрінде бол бермейтінін де оқушылар білуі керек.

4. Композициясыз лирика болмайды. Композициялық талдау лириканың идеялық-эстетикалық мән-макғынасын ашудың, өлеңді танудың негізгі амалдарының бірі болып есептеледі. Ол мәнерлеп оқу, мәтінге негізделген сұрақ-жауап (әңгімелесу), оқушылардың орындайтын оқу еңбектері арқылы жүзеге асады. Өлең арқылы, оның жеке бөлшектері , көріністер мен суреттер, ақындық толғаныстар мен тебіреністер, айқындалған соң өлеңнің композициялық- мазмұндық жоспары түзіледі. Бұл - талдаудың басты сатысы болмақ («Жасымда ғылым бар деп ескермедім»).

Өлеңнің тілі. Өлеңдеі ой мен әсер, ақын шеберлігі мен туындының көркемдігі поэтикалық сөз бен тілден көрінеді. Өйткені лириканың негізгі материалы - ақындық сөз, көркем тіл, олардың шебер қиылысуы. Зерттеушілер көркем шығарма тілін автор тілі, кейіпкер тілі, поэтикалық тіл деп үшке бөліп қарастырады.

5. Өлең құрылысын таныту. Зерттеушілер мен әдіскерлер өлеңнің құрылымдық жүйесін танытуды оқушылардың әдеби-теориялық білімін жетілдіруге ықпал ететін құрал деп біледі.

Өлеңнің бүкіл құрылысын талдауды мектеп бағдарламасы көтермейді Бірақ 5-сыныптан бастып өлең құрылысы туралы түсініктер кеңейтіліп, ұйқас, буын, бунақ, тармақ, шумақ туралы балалар меңгеріп, талдай білуі керек.

6. Ақын мәнері (стилі). Әдебиеттің мектептік курсында жазушы стилін жан-жақты таныту мүмкін емес және қажет те емес. Ал жоғары мектепте студенттердің бұл бағытта мейлінше меңгеріп, стильдік талдау дағдысын қалыптастыру қажет. Нақтылы шығарманы оқып-үйрену барысында ақынға тән ең басты стильдік ерекшеліктерге тоқталып, назар аудару қажет-ақ. Стиль ұғымын меңгерту әдебиет сабағының барлық кезеңдерінде де азды-көпті жүріп жатады. Мысалы, кіріспе әңгімеде, ақын шығармашылығы туралы әңгіме кезінде, мәтінмен жұмыс бюарысында, жинақтаушы әңгімеде, өздік жұмыс үстінде ақын стилі немесе стильдің жеке компоненттері төңірегіндегі ұғымдар үздіксіз жүріп жатады.

24-дәріс.

Тақырыбы: Драмалық шығармаларды оқыту ерекшеліктері

Мақсаты: Драмалық шығармаларды оқыту ерекшеліктерін түсіндіру

Тірек сөздер: драма, көрініс, акт, конфликт

Драманы оқытуда оның жанрлық ерекшеліктері ескерілуі керек.Драмалық шығармалар, яғни пьесалар театр сахнасына арналып жазылады. Соған байланысты оның көлемі, тілі, адам характері мен оқиғалардың берілуінде өзіндік ерекшеліктері бар. Драма тіліндегі ерекшелік - оның кейіпкерлер диалогы мен монологтардан құралуында. Диалог - оқиғаға қатысушы бірнеше адамның өзара сөйлесуі де, монолог - бір кейіпкердің сөзі немесе толғанысы. Диалог те, монолог те тартысқа қатысушы адамдардың алуан мінезін, болмысын танытуға қызмет етеді, оқиғаны кеңінен түсінуге мүмкіндік береді. Драмалық шығармаларда автор басқа жанрдағы туындылардай оқиғаны, құбылысты өзі баяндап отырмайды, барлық қимыл-қозғалыс, мінез-болмыс - баршасы кейіпкер сөзіменжәне іс-әрекеті арқылы көрінеді. Сондықтан кейіпкер сөзіне үлкен мән беріледі. Ал автор сөзі (ремарка) қысқа болып аз мөлшерде кездеседі. онда да кейіпкердің қимыл-қозғалысы, сырт бейнесі, киімін, т.б. түсіндіру мақсатын көздейді.

Пьесадағы оқиғалар мен кейіпкерлер іс-әрекетінің негізін тартыс құрайды. Тартыс мақсат-мүдделері кереғар екі топтың, адамның арасындағы әрекеттен туындайды.

Драма мәтіні бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Әр бөлім акт (перде) деп аталады. Мазмұнына қарай пьеса бірнеше актілі болады. Әрбір акт бірнеше көріністерге бөлінеді.

Драманы оқытқанда әуелі драматург туралы әңгіме жүргізіліп, оның жалпы шығармашылығының бір саласы драматургия екендігі, драмаларының тақырыптары, ерекшеліктері туралы шолу жасалып, сосын жеке пьесалары талданады. Драма мәтінін оқу көбінесе студенттерге өз бетімен оқуға, өздік жұмысқа беріледі. Кейбір үзінділер практикалық сабақтарды талдау үшін пайдаланылады. Пьесаны талдағанда студенттер оның идеялық мазмұны мен тақырыбын, көркемдік ерекшеліктерін, т.б. көңіл бөледі. Жанрлық ерекшелігіне орай пьесаны рольдерге бөліп оқыту жүргізіледі. Бұл әдетте мектеп практикасында кездеседі. Пьесаны талдағанда басты назар аударылатын нәрсе - образдар. Кейіпкерлерге жеке-жеке мінездеме бергенде олардың сөздеріне(тілі) мән беріліп, әр кейіпкердің мінез-құлқы, көзқарасы, ойы - барлық болмыс-бітімі сол арқылы ашылады. Бұл тұста жеке детальдардың орны көрсетіліп, кейіпкердің жан дүниесіне үңілу арқылы шығармадағы тартыстың астарына үңілту, мәнін ашу, сол арқылы тақырыбы мен автор идеясына бағытталған әңгіме жүргізу өрістетіледі.

Композициялық талдауда жоспары шығарма бойынша оқиғаның дамуына, кейіпкер монологы мен диалогтарға көңіл аударылады. Шығарма композициясы (көрініс, акт, эпизод) талданады. Тұтас талдауды оңайлату үшін шығарманың әрбір көріністері әңгімеленеді.

25-дәріс.

Тақырыбы: Көркем шығарма бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері

Мақсаты: Көркем шығарма бойынша жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру

Тірек сөздер: көркем талдау, мазмұндау, жинақтау

Әдебиет сабағындағы ең басты құрал – көркем шығарманың мәтіні. Сондықтан сабақты көркем мәтінді эмоциональдық тұрғыдан әрі сапалы игертуді бірінші кезектегі мәселе деп қараған жөн. Шығарма мәтінін оқу- оның идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігін түсінудің де басты сатысы. Ү-ҮІІІ сыныптарда әдеби шығарманың мәтінін оқып-үйрену талдау және жинақтау арқылы жүргізіледі. Әдеби шығармаларды оқып-үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне және көлемін.е сәйкес болады. Шығарманың құрылысы, тілі, көркемдігі көркемдігі шығарманың идеялық мазмұнын ашатын құралдар (тәсіолдер) ретінде қаралуы керек.

Орта буында оқушылар жеке көркем шығармаларды оқып-үйренумен қатар көрнекті ақын, жазушылардың өмірбаяндарынан белгілі бір көлемде мәліметтермен танысады, ондай мәліметтер бірде автобиографиялық шағармалардан, естеліктерден үзінді, енді бірде жазушы шығармашылығына, жеке шығармаларына қатысты болып келеді. Орта мектепте әдебиет теориясы өз алдына жеке пән болып оқылмайды, әдеби шығарманы оқыту кезінде соның табиғатына, көркемдік ерекшелігіне, тіл ұстарту мақсаттарына орай әр сыныптың көлемінде тиісті мәліметтер беріледі.

ІХ-ХІ сыныптарда әдебиет курсы да көрнекті әдеби шығармалардың мәтінін оқып-үйренуге негізделеді. Бұл сыныптарда өз алдына жеке өтілетін монографиялық тақырыптармен қатар шолу тақырыптарынан тұрады. Монографиялық тақырыптар жазушының бір немесе бірнеше шығармасына, кейде тұтас шығармашылығын оқып-үйренуге негізделеді.

Жеке алынып, арнайы талданатын шығармалардың мәтінімен оқушылар алдын-ала оқып, танысуы керек. Мұнан кейінгі негізгі жұмыс - әр шығарманы мұғалімнің басшылығымен талдау. Жоғңары сыныптарда көркем шығармалар әр түрлі деңгейде талданады:

  1. Толық талдау. Шығарманы, негізінен шағын жанрдағы шығармалар (әңгіме, ертегі) мәтінін түгел талдап шығу.

  2. Ішінара талдау. Шығармадағы өзекті мәселелер, негізгі проблемалар немесе жеке көрініс, эпизодтар талданады, ал басқа тараулары шолу арқылы қамтылады (көлемді шығармаларды талдағанды).

Шығарманың жанрына, мазмұнына, көркемдік ерекшеліктері мен әр сыныптағы оқушылардың даярлық дәрежесіне қарай мұғалім шығарманы оқыту әдісін түрлендіріп отырады. Әсіресе әңгімелесуді (эвристикалық әдіс), сабақ-диспуттарды, дәрісті, проблемалық оқуды, семинар сабақтарды орынды пайдалана білген дұрыс.

Монографиялық тақырыптар құрамына ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолы жайында мәлімет беру де кіреді. Жазушының өмірбаянын өткенде оқушыларға оның қоғамдық және әдеби-шығармашылық қызметіне бейланысты бір маңызды фактілерді хабарлап, шығармаларының атауларын, негізгі тақырыптарын, идеялық мазмұнын, көркемдік-стильдік ерекшеліктерін нақтылы дәлелдермен көрсете отырып, шығармашылығына қысқаша сипаттама беріледі, сол арқылы қаламгердің шығармашылық портреті танылады.

Көркем шығарманың сөз айшықтарын таныту да-аса қажетті жұмыс. Әдебьи шығарманың тілін талдау – кейіпкерлердің іс-әрекетін,ғ мінез-құлқын түсінуге, сол арқылы оның образ ретінде қалыптасу жолдарын аңғартуға, белгілі бір жанрдың немесе жазушының өзіндік стилін танытуға, мәтіннің идеялық-көркемдік мәнісмсін түсінуге көмектеседі.

Оқу материалын сапалы меңгертуге, оқушыларды әдеби тіл өлшемдеріне жаттықтыруда, жазу мәдениеті мен сауаттылығын жетілдіруде, тілін дамытуда жазба жұмыстарының да елеулі мәні бар. Жазба жұмыстары сыныптан-сыныпқа өткен сайын бірте-бірте күрделеніп, жүйелі тәртіппен жүргізілуі тиіс. Жазба жұмыстар әдеби материалды оқып-үйренуге бөлінген уақыттың ішінде және оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамыту үшін ана тілі мен әдебиет сабағына бөлінген сағаттың есебінен жүргізіледі.

26-дәріс.

Тақырыбы: Жоғары сыныптарда әдебиетті оқыту

Мақсаты: Жоғары сыныптарда әдебиетті оқыту ерекшеліктерін түсіндіру

Тірек сөздер: монография, тарихи-әдеби курс

Әдебиет пәнін мектепте әрі өнер, әрі ғылым негізі деп қарастырып, оның осы ерекшелігін үнемі ескеріп отыру керек. Осы ерекшелігіне орай эстетикалық табиғатын терең танытатуға көмектесетін жаңа әдіс-тәсілдер қолданып отыру – мұғалімге байланысты. Қазіргі дидактика дамыта оқытуды басты нысана деп қарайды. Мұғалім әр сабақта дамыта оқыту мақсаттарын көздеуге тиіс. Оның мақсаты – оқушыны ізденту, ойланта білу. Сондықтан мұғалім сабақтта дамыта оқыту мақсаттарын көздеуге тиісті. Оның мақсаты – оқушыны ізденту, ойланта білу. Сондықтан мұғалім сабақты негізгі проблема төңірегіне құрады. Ал ондай проблеманы қоя білу, соған орай сұрақ дайындау оңай жұмыс емес. Ол көп уақыт пен ізденуді қажет етеді.

Шығармалардағы өзекті проблеманы таныта, оның тәрбиелік жағын аша отырып, білімдік-тәрбиелік мақсаттарды зүзеге асыра аламыз. Проблеманың тосындығы, өткірлігі күрделілігі – оқушыны оны шешуге ынталандырып, жетелеп отырады. Бұл үшін өтілетін шығарманы оқулықтан ғана біліп қоймай, көркем мәтіннің өзін оқу керек.

Оқулықта метериал бірде индукция, бірде дедукция, бірде анализ, бірде синтез жолымен баяндалады. Мұғалім сабақ мақсатына, оқу материалының мазмұнына, шығарманың жанрлық, көркемдік ерекшелігіне, оқушылардың танымдық қабілетіне торай баяндау тәсілін де түрлендіріп отырса, сабақ сапасы да арта түседі. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда қолданылатын негізгі әдіс – репродуктивті (түсіндіру) әдісі. Ол мұғалім әңгімесі немесе лекция түрінде өтеді. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіргенде дидактикалық принциптерге сүйенеді: материалдарды дұрыс іріктеу, жүйелілік, басты мәселелерге назар аудару, баяндау шеберлігі, көрнекіліктердің орынды қолданылуы, т.б.

Репродуктивтік әдіспен қатар, эвристикалық, ізденіс-зерттеу, проблемалы баяндау әдістері де қолданылады. Әрине, ІХ сыныпта шығармашылық оқу әдісінен де, оның әр түрлі тәсілдерінен де (мәнерлеп оқу, сөздік жұмыс, ауызша мазмұндау, жаттау, күйтабақтан тыңдау) қол үзуге болмайды. Сондықтан оларды түрлендіре отырып, 10-11 сыныптарда әдебиеттанымдық әдістерге бірыңғай көшуге болады.

Сабақтың дидактикалық, әдістемелік негізін құрайтын факторлардың бірі – ұрақ пен тапсырма. Өйткені, тек шығармаға талдау жасап, баяндау ғана жеткіліксіз. Оқушыларға өздігінен жұмыс істету, мәтінге үңілту, шығарманың идеялық-эстетикалық табиғатын таныту, тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыру, ізденуге, ойлауға баулу сияқты жұмыстарда сұрақ, тапсырмалардың ролі ерекше.Сұрақ-тапсырмалардың дұрыс, нақты болуы – оқушының білімін жүйелейді, мұғалімнің жүгін жеңілдетеді, уақытты үнемдейді. Сұрақ-тапсырмасыз білімді оқушыға меңгерте алмаймыз. Онсыз проблемалық оқуды жүзеге асыра алмаймыз.

Жоғары сыныптарда әдеби шығармаларды өткен кезде мұғалім тарихилық принципті ұстану керек. Өәткені жазушы белгілі бір кезеңде өмір сүреді. Оның шығармасы - өз дәуірінің шындық көрінісі. Ол – халық өмірінің көркем шежіресі. Әдебиеттің осы ерекшелігіескеріліп отырылуы керек.

Жоғары сыныптардағы әдібиет тараулары шолу тақырыптардан басталады. Шолу тақырыптарда сол кезеңнің тарихи-әлеуметтік жағдайы әдебиеттің дамуы қоғам өмірімен, халық тұрмысымен байланыста түсіндіріледі. Сол кезең әдебиетіне жалпы сипаттама беріліп, тақырыптары, ерекшеліктері сөз болады. Жеке жазушыларды өткенде, олардың өмір жолы мен шығармашылығына сипаттама беріледі. Әдеби-қоғамдық еңбегі, шығармаларының басты тақырыптарыайтылады. Хронологиялық таблица жасатып, дәптерлеріне жасату да орынды. Қаламгер шығармаларына берілген әйгілі адамдардың бағасын, басты шығармаларының аты мен жазылған жылдарын жаздырып қою керек. Келесі сабақтарда жекелеген шығармаларға немесе белгілі бір тақырыптар бойынша шығармаларға талдау жасалады.

Шығарманың идеялық-эстетикалық макзмұнын ашу үшін ондағы қажетті детальды, тарауларды іріктеп алу, соларды талдай білу, әр түрлі салыстырулар жасау, кейіпкерлер психологиясын ашу, ондағы табиғат суреттерінің қызметін анықтау, сөз бедерлеріне, тіл өрнектеріне іштей ену, сол секілді көркем шығарма негізінде жасалған драмалық шығармалармен, олардың экранға түсірілген нұсқасымен салыстыру, басқа ұқсас шығармалармен салыстыру, т.б. жұмыстарды жүргізу әдебиеттанымдық тәсілдерді қолдану арқылы іске асады.

Жоғары сыныптарда оқушылардың ізденіс-зерттеушілік жұмыстарына бағыт беріп отыру керек. Жекелеген оқушыларға реферат жаздыру, баяндама жасату, т.б. шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізу ұтымды болмақ. Мұғалім шәкірттерді үнемі зерттеуші ретінде ұстап, олардың алдына проблема қойып отыруы керек. Сондай жағдайда балар белсенділігі артады.

27-дәріс.

Тақырыбы: Әдебиеттен жазба жұмыстары

Мақсаты: Әдебиеттен жазба жұмыстарын жүргізу әдістемесін түсіндіру

Тірек сөздер: мазмұндама, шығарма, шығарма жоспары, эпиграф

Әдебиеттен жүргізілетін жазба жұмыстары – мазмұндама мен шығарма. Мазмұндама мен шығарманың қарапайым түрі бастауыш сыныптардан бастап үйретіліп, жүргізіледі. Ал жүйелі түрде Ү-ҮІІІ сыныптарда мазмұндама, ІХ-ХІ сыныптарда шығарма жаздырылады.

Мазмұндама мәтіндері бойынша байланыстыра сөйлей білу және түсінігін шебер, айқын баяндау дағдыларын дамыту мақсатында әдебиет бағдарламаларындағы шығармалардан және бағдарламадан тыс мәтіндерден алынады. Мазмұндама мәтіндері оқытудың білімдік, тәрбиелік міндеттеріне сәйкес, мазмұны мен тілі оқушыларға түсінікті болуы керек. Мазмұндаманы мұғалім әуелі бір-екі рет дұрыс мәнерлеп оқып шығады, бір оқушы түсінгенін айтады, сосын балалар жазады. Кейде мұғалім көркем әңгімелеп беруі орынды болады. Оқушылардың көмегімен жоспар құрғызуға да болады. Жоспар мәтінді жүйелі баяндауға, оқушылар ойының шашыраңқы болмауына септігін тигізеді.

Оқушылар шығарманың қарапайым түрін бастауыш сыныптарда жаза бастайды. Көбінесе 5-8 сынып оқушылары мазмұндама, суреттеме, еркін тақырыпқа шығармалар жазады. Ал шығарманың нағыз жазылатын кезі – ІХ-ХІ сыныптар. Бұл кезде оқушылар шығарма жұмысына қойылатын талаптардан толық хабардар болуы керек. шывғарма жазғанда оқушының ойы жүйелі, тілі құнарлы, шұрайлы болуы керек.бала тақырыпқа тереңдей еніп, көркем туындыны, автор ойларынтерең түсініп, көркемдікпен терең талдай білу керек. Бастапқы кезеңде оқушыларды шығарма жазудың өзіндік табиғатымен және жақсы жазылған шығарманың 1-2 үлгісімен таныстарған артық болмайды. Әрбір жазылған шығарманың сапасы туралы келесі сабақта талданғаны дұрыс. Әуелі шығарманыңжоспарын құруды үйрету керек. Жоспар ой жүйелілігін сақтау үшін қажет. Эпиграфты да дұрыс таба білсе,ол шығарма мазмұнын аша түседі. Эпиграфы мен жоспары жоқтығы шығарма сапасына нұсқан келтірмесе, оқушының бағасын кемітуге болмайды.

Сыныпта жазылатын шығарма көлемі жұмысты орындауға берілетін уақытқа байланысты болады. Көбінесе, шығарма үйден жазып келуге тапсырылады. Әдебиетті оқытуға байланысты мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыны ой топшылауға, қорытынды жасауға үйрету болатындықтан, шығарма жаздыру жұмысы бірден-бір толастамайтын жұмыс түріне айналуы керек. Шығарма жазуды ерте бастан, бірте-бірте үйреткен жөн. Әсіресе жазбаша тіл дамыту жұмыстарының маңызы ерекше. Үлестірмелі карточкаларға жазбаша жауап жаздыру жұмыстары да осындай ізденістерді толықтыра түседі. Сюжетті шығармаларды ауызша мазмұндату арқылы оқушы өз ойын, пікірін әрі жүйелі, әрі көркем баяндауға үйренсе, шығарма, мазмұндамада оны сауатты түрде жазып шығу дағдыларын үйренеді.

Оқу жылы ішінде жазылатын шығарма тақырыптары күнібұрын жоспарға енгізілгені жөн. Оқушылармен жүргізілетін дағдылы жазу жұмыстары соған сәйкестендіріле орындалады. Көркем мәтінді негізгі бөлімдерге бөліп, олардың әрқайсысына лайықты тақырып қойып, қажетіне қарай жай және күрделі жоспар жасау сияқты жұмыс түрлерін орындаған дұрыс. Ал тақырып таңдауда, ең алдымен, оның білімдік-тәрбиелік жағына мән берумен бірге, оқушының жасы мен білім әрекеттілігі берілген тақырыпты аша алатындай болуын ескеру керек. 5-8 сыныптарда бағдарлама материалдарынан тыс оқушылардың логикалық ойын, қиялық дамыту мақсатын көздеп, еркін тақырыпқа да шығарма жаздырып отыру керек.

Шығарма – творчестволық жұмыс. Шынайы да шымыр шығарма көп ізденіс пен үлкен тебіреністен туады. Ол адамнан білімділікті, сауаттылықты, талғампаздықты, сөз қолдану шеберлігін талап етеді. Мектеп тәжірибесінде шығарма екі түрлі бағытта жазылады. Әдеби талдау шығармасы. Мұндай шығарма белгілі бір әдеби шығарманы талдауға арналады. Творчестволық шығарма. Бұлар – еркін тақырыпқа арналған шығармалар. Еркін тақырыптың ауқымы кең. Онда өмір-тұрмыстағы, қоғамдағы кез-келген құбылыстар тақырып бола алады. Еркін тақырып ұсынудағы мақсат – оқушының белгілі бір мәселе бойынша білім-білігін, аналитикалық ойлау, пікірін дәлелдей алу, көзқарасын тұжырымдай білу машығын тексеру.

«Жоспар – шығарманың қазығы» деп бекерге айталмаған. Шығарма жаздыруда оның жоспарын жасаудан бастаймыз. Тақырыпқа сай жоспар жасату – тақырыпты терең түсінуге, қарастырылатын мәселені терең шешуге көмектеседі. Сонда шәкірт жүйелі жоспар жасауға ұмтылып, ойын еркін баяндай алады. Сосын күрделі жоспар жаалады. Жоспар оқушының ойын реттеп жазуына, келтірген пікірлері құрғақ болмай, оны дәлелдеп отыруына, жоспар бөліктерінің арасында алшақтық болмай, бір-бірімен жымдасып, ой бүтіндігін сақтап отыруға көмектеседі. Оқушының жазбаша сауатын көтеруде, тіл мәдениетін арттыруда шығарма жаздырудың маңызы зор.

28-дәріс.

Тақырыбы: Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың түрлері мен әдістері

Мақсаты: Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың түрлері мен әдістерін түсіндіру

Тірек сөздер: сыныптан тыс оқу, әдеби күнделік

Кітап – баға жетпес байлық. Оған бала жастайынан-ақ үйірсек келеді. Сорл қызығушылықты дамытып, балаларды кітаппен достастыру – мұғалімнің міндеті. Мектеп бағдарламасында әдебиет сабағына бөлінетін уақыт пен сыныптан тыс оқу сабағы көркем шығармалардың таңдаулы үлгілерін игеруге таршылық жасайды. сондықтан сыныптан тыс оқудың қажеттілігі байқалады. Оқушының айтайын деген ой-пікірін дәл жеткізудің басты құралы – оның тіл байлығы. Сөздің кедейлігі көкейдегі ой-пікірді еркін жеткізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұндай қиындықтардың орнын толтыру үшінсыныпта тіл ұстарту, жазба жұмыстары, байланыстырып сөйлеуді дамыту, сыныптан тыс оқу сабағымен бірге сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы жүзеге аспақ. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар дегеніміз – оқушылардың сабақтан бос уақытын дұрыс пайдаланып, оқу мен тәрбие жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталғаншаралар.

Сыныптан тыс оқу дегеніміз - әдебиетті (көркем, ғылыми-көпшілік) оқушылардың мұғалімнің басшылығымен өз бетінше оқуы. Алдамен жеке оқушының жүйелі оқуына, саналы түсінуіне, ата-анамен бірлесе отырып, жас ерекшеліктеріне қарай әсер етіп, дағды қалыптастыру керек. Мұғалім баланың кітап таңдауына көмектесіп, бағыт беріп отырады. Кейбір әдебиеттер бойынша сыныпта әңгіме жүргізеді. Сыныптан тыс оқу сабақтарында балалардың оқыған кітаптарына көңіл бөліп, әңгімелетіп, талқылау ұйымдастырылады.

Сыныптан тыс оқу мен сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрі – сыныптан тыс оқу материалдарын мектеп ұжымымен немесе сыныптың іс-жоспарымен байланыстыра жоспарлау. Жоспар бойынша орындалатын жұмыстың басым көпшілігі жалпы сабюақ жүйесімен байланыстырылмақ.

Оқушылардың сыныптан тыс оқыған шығармалары жөнінде әңгіме жүргізу үшін бағдарламада аранйы сағат бөлінген. Алғңашқы ұйымдастыру жұмыстарында түрлі қажеттілікті өтейтін сыныптан тыс оқу бұрышы мен кабинеттік кітапхзана ұйымдастырылады. Бұрыш төмендегідей бөлімдерден құрылады: сыныптан тыс оқудың жылдық жоспары, сыныптан тыс оқуға қойылатын талаптар, Ү-ХІ сыныптарға ұсынылатын әдебиеттер тізімі, өтілетін ақын-жазушылардың еңбектері, күнделікті сабаққа қажетті әдебиеттер, газет-журнал материалдары, жуық арада өтілетін диспут, әдеби кеш, конференцияның жоспары, т.б.

Мектеп кітапханасының қатысуымен ауызша журнал шығарып тұруға болады. журналдың негізгі метериалы – қоғамдық жағдай, әлемде болып жатқан оқиғалар, ғылым мен техника, әдебиет пен өнер туындыларына қызығушылықты ояту. Оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен дайындалу қабілеттерін жетілдіру. Журналдың ерекшелігі – жинақталған хабарларды өздері көп ізденіп,хабарлама мен баяндама, әңгіме түрінде конспектісіз, мәтінге қарап ауызша, көпшілік алдында баяндауында. Журнал: а) тақырыптық, ә) жалпы щолу түрінде жасалады. Журнал 4-5 беттен тұрады. бас редакторы, әрбір беттің жеке редакторы, көмекшілері болады. Олар әуелі журналдың атын, эмблемасын, девизін (ұранын) ойластырады. Ұйымдастыру кезеңінде мұғалім немесе редактор консультация беріп, әр бетті баяндау үшін 1-2 оқушы дайындайды.

Бұл жұмыстардың көбі әдебиет үйірмесі арқылы жүзеге асады. Үйірме жоспарлы түрде әдеби-теориялық білімдерді меңгерту, көркем шығармаларды талдау, әдеби-шығармашылық қабілеттерді дамытуды жүзеге асырса, бұл жұмысқа әдебиетке қызығушылығы төмен оқушыларды да тартуға болады. Үйірме мүшелері «білгенге – маржан», «мақал-мәтел альбомын, «Әрі қысқа, әрі нұсқа» нақыл сөздер жинағын, «Ел аузынан» қолжазба журналын ұйымдастырып,, «Әдеби-мәдени жаңалықтар» бюллетенін, әдеби қабырға газетін шығарып тұрады. Үйірме мүшелері, сондай-ақ балалар шығармаларының апталығын, әдебиет апталығын өткізіп тұрады.

29-дәріс.

Тақырыбы: Факультатив сабақтар

Мақсаты: Факультатив сабақтарды жоспарлау мен ұйымдастырудың әдістемесін түсіндіру

Тірек сөздер: факультатив, факультатив жоспары

Әлеуметтік өмір талабынан туындап отырған оқу-тәрбие процесінің жаңа формасы – факультативтік сабақтар. Факультатив сабақтар – оқушының өз қалауымен, қызығушылығы, қабілеті мен икеміне сәйкес таңдап алатын сабақтың еркін формасы. Факультатив сабақтардың өзіндік ерекшелігі – оқушыларды даярлдау мүмкіндігі молаяды,оқушы қабілетіне қарай белгілі пәннемесе оның саласы тереңдетіп оқытылады. Ол оқушының ғылымға болмаса белгілі бір мамандыққа деген қызығушылығын, ынтасын дамытып отыруы керек. Факультативтік сабақтарда оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының меншікті салмағы едәуір артады, пікір таластыруға, ізденуге, тұжырым жасауға, шығармашылық ой еңбегімен шұғылдануға жаттығады.

Ф/с мектеп тәжірибесіне 1966 жылдан бастап енді. Барлық пәндерден факультатив курстар бағдарламалары жасалды. Қазақ әдебиетінің ф/с мектеп тәжірибесінде кеңінен етек алмай және өз деңгейінде ойдағыдай жүргізілмей келе жатқанының басты себебі – курстың педагогикалық жағынан қамтамасыз етілмеуінде. Біріншіден, мұғалімнің қолында ф/с мақсат-міндеттерін, оны ұйымдастыру формаларын, сабақ жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерінбюаяндайтын, жеке тақырыптарды өтудің үлгісін көрсететін әдістемелік құралдың болмауында. Екіншіден, оқушылардың оқу құралдарымен, хрестоматиялармен қамтамасыз етілмеуінде.

Тәжірибе ф/к екі түрін ұйымдастыруға болатынын көрсетіп отыр. Оның бірі - негізгі оқу жоспары бойынша өтілетін жүйелік курсқа қосымша материалдар мен тақырыптар беру; екіншісі – ғылым негіздерімен таныстыратын немесе пәннің негізгі саласын, тақырыптарын ғана алып, жан-жақты құрастыратын арнаулы курстар. Қазақ әдебиетіндегі осы күнгі факультативтік курстар алдыңғы үлгіні негізге алып келеді.

Ф/с-да оқышылардың мәтінмен, қосымша сын-зерттеуі әдебиеттерімен, түрлі практикалық, танымдық шығармашылық тапсырмалар орындауы олардың өздігімен жұмыс істеу икем-дағдыларының қалыптасуына, зерттеушілік жұмысқа бейімделуіне, шығармашылық дарын көзінің ашылуына қызмет етеді.

Әдебиетті оқыту оқушылардың жалпы әдеби білім алу барысында әжептәуір күрделі тарихи-әдеби материалды өздігінен қабылдай алатындай дәрежеге жеткен кезде, яғни ІХ сыныпта енгізіледі. Ф/с-ды ұйымдастыру формалары дәстүрлі сабақ формаларымен қатар дәріс сабақтар, семинар, сынақ, конференциялар, кино сабақтар, практикалық сабақтар, т.б. болып келеді. Сабақтың қай формасы болмасын, ең басты мәселе оның әдеттегі сабақтан өзгешелеу болуын, тартымды өтуін, оқушылардың ерекше ынтамен қатысуын қамтамасыз ету керек.

Негізгі және ф/к арасындағы байланыс формасы сан қилы болып келеді. Ең бастысы – тақырыптық байланыс. Мысалы, 10-сыныпта Абайдың қарасөздері ф/к жүйесінде өтеді. Бұл тақырып бойынша ф/с оқушылардың негіәзгі бағдарламадан алған білімдерін толықтырып, әрі қарай тереңдету міндеттерімен қоса, Абайдың қарасөздерінің тақырып, пікір, ой-толғамы жағынанАбай өлеңдерімен байланысын нақты танытуды көздейді. Мұндай жағдайда ф/с-да оқушыларға арнайы тапсырмалар беріліп, олар баяндама, хабарламалар жасайдынемесе салыстырмалы таблицалар дайындайдыы, мәнерлеп оқиды. Мұның өзі қарасөздер туралы түсінікті кеңейтіп, нақтылауға, ақын шығармашылығы туралы мол мағлұмат алуға, оның шығармашылығына ортақ проблематика мен идеялық-тақырыптық межені тұтас та терең ұғынуға мүмкіндік туғызады.

Ф/с білім алу жолындағы ғылыми-зерттеу сипатындағы жұмыспен жалғасады. Қосымша әдебиеттермен, ғылыми-зерттеу еңбектерімен жұмыс істейді, оларды конспектілейді, рефераттар әзірлейді, цитаталар тереді, таблицалар жасайды, топтайды. Сөйтіп, шығармашылық ізденістер арқылы сабақты жандандырады. Тегінде, ф/с-қа қатысушылар сабақ үстінде де мұғалімнің көмекшілері, ассистенттер болуға тиіс. Олар ф/с-ға арнап даярлаған ең тәуір жұмыстарын негізгі сабақта да баяндап береді, кейбір үлгірімі төмен оқушыларға көмек беріп, жазғандарын қарап шығып, пікір айтуы, жөн көрсетуі керек-ақ.

Ф/с смыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстармен де байланыста болып келеді. Белгілі бір тақырыпты, әдеби-тарихи процесті жазу үшін оқып-үйренуді аяқтаған соңоны қорыту мақсатында әдеби кеш, конференция ұйымдастыруға болады. Кештің сценарийін, әдеби бөлімін, баяндаманы оқушылардың өздері дайындайды. Ф/с-да оқушы білімі, икем-дағдылары курстың белгілі бір тарауын, тақырыбын меңгеруіне, орындаған практикалық жұмыстары мен жазған рефераттарына қарай бағаланады. Әдетте 5 балдық жүйе ф/с-да қолданылмайды. Мұнда әр тақырыптан соң оқушы білімін қорытып, сынақ алынады. Жыл соңында ф/к тыңдаушыларына «қанағаттанарлық» белгісі немесе «2» қойылады.

Ф/с қатысатындарғы берілетін тапсырмаларды екі салада жүйелеуге болады: 1) әр оқөушының жеке басының бейімділігі мен қызығушылығына сәйкес дара тапсырмалар. Бұған оқушылардың қолтума шығармалары (өлең, әңгіме, очерк, мақала, рецензия, т.б.) жатады. 2) оқушылардың барлығына міндетті тапсырмалар. Оларды екіге топтастыруға болады: бірі – атқарушылық әрекетке негізделген тапсырмалар (мәнерлеп оқу, рөлге бөліп оқу, инсцинировка, т.б.); екіншісі – ізденісті, зерттеуді қажет ететін тапсырмалар (материал жинау, жүйелеу, оларға түсініктеме беру, мәтін талдау, цитата теру, реферат, баяндама әзірлеу, пікір айту, библиография құрастыру, каталог, карточкамен жұмыс істеу, аналитикалық, синтетикалық таблица жасау, т.б.)

30-дәріс.

Тақырыбы: Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары

Мақсаты: Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларымен таныстыру

Тірек сөздер: модульдік оқыту, деңгейлік тапсырмалар, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Білім берудің сапасын арттыруда дәстүрлі әдістермен қатар, тиімділігі жоғары жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері де дамытылып, еліміздің білім жүйесіне кеңінен ендіріліп келеді. В.П.Беспалко, М.В.Кларин, Х.С.Сүлейменов еңбектеріне шолу. Саралай, дамыту оқыту мәселелері. Нәтижелі оқыту. Модульдік оқыту. Модульдің мазмұны оқу процесінде бірнеше блокка жіктеледі; ақпарат блогы, проблемалық тапсырма блогы, қорыту, жинақтау блогы, білім-іскерлікті тексеру, бағалау блогы, т.б. Әр блок бағдарлама мен жұмыстың орындалуына бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан құралады. Модульдің жеке бағдарламасы жасалады. Модульдік оқытудың жүйесі туралы П.Юцявичене, В.Л.Белова, Г.В.Лаврентьев, М.Чошанов, М.Мусин, Т.Нұрғалиева еңбектерінде жан-жақты айтылады. Қазақ әдіскер ғалымы М.М.Жанпейіова модульдік оқыту технологиясы бойынша бірнеше жыл бойы зерттелер жүргізіп, республиканың бірнеше мектептерінде эксперимент жүргізді, ол сынақ-байқауды әлі де ғалымның шәкірттері жалғастыруда.

Көркем шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты оқыту барысында көптеген әдіс-тәсілдер қолданылады. Оларды ғылыми-зерттеу сипатындағы әдеби тапсырмалар, болжам және оны дәлелдеу, салыстыру, тәжірибе жасау, шығармашылықты дамыту, т.б. деп бөлуге болады. Білімді толықтыру, жаңғырту мақсатындағы өздік жұмыстар студенттерді ізденушілік, зерттеушіліке бағыттайды.

Модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқыту жүйесі бойынша білім мазмұны тақырыптық тарау бойынша модульдерге бөлінеді. Бір модуль бірнеше сағатты қамтиды. Модуль үш кезеңнен тұрады: ақпарат беру, іскерлік ойындар арқылы білімді меңгерту, білімді тексеру-бағалау. Бірінші кезеңде азғана уақытта жаңа білімдер туралы ақпараттар топтастырылып беріледі, мұнда негізінен теориялық мәліметтер қамтылады. Екінші кезеңде жаңа білімдерді меңгеруге арналған түрлі танымдық, іскерлік ойындар жүргізіледі. Бұл кезеңге мейлінше көп сағат бөлінеді. Әр түрлі ойындар арқылы жаңа білімдерді меңгертуде студенттер мен оқушылардың өз бетімен іздену, ойлау даңдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларына машықтандырылады. Мұндай ойындардың түрлері көп, оларды сабақ мазмұны мен мақсатына қарай іріктеп алуға болады. Бір тиімділігі - түрлі ойындарды пайдаланғанда, жаңа материалды меңгертуге әр түрлі тұрғыдан келіп, мейлінше мол жағдай жасалады. Үшінші кезең студенттердің білімдерін тексеру-бағалауға арналады. Мұнда бірнеше сағатта түрлі жолдармен (тест, шығарма жазу, т.б.) жаппай бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Деңгейлік оқыту технологиясы. Оқытудың педагогикалық технологиясы деп те аталады. Бұл технологияның мәні тұңғыш рет РБА академигі В.П.Беспалько еңбектерінде ашылды. Педагогикалық технологияның жеке аспектілері мен түрлері В.П.Монаховтың, М.В.Клариннің, П.И.Третяковтың,И.П.Сенновскийдің, М.А.Чошановтың еңбектерінде қарастырылған. Бұл оқыту технологиясының дидактикалық, психологиялық негіздемесі дамыта оқытушылық, жеке тұлғаны тәрбиелеу, қызметтік (деятельностная) теорияларына, сонымен қатар Л.С.Выготскийдің оқушы ақыл-ойының «көкейкесті аймағынан» «жақын арадағы даму аймағына» өту теориясына сүйеніп құрылған. Бұл жүйемен оқытудың жолдарын қазақ ғалымы Ж.А.Қараев біраз жылдардан бері қарастырып келеді. «Ақ желкен» және басқа мектептерде эксперименттер жүргізіп, оқу құралдарын шығаруды ұйымдастырды.

Оқушылардың білім, білік дағдыларын жетілдіру үшін, оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциальды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейлі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқушы жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Бұл тапсырмалар олардың жаңа тапқырып бойынша меңгерген білімдерін өз бетімен жетілдіріп, біліктігі мен дағдысын джамытуға арналады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Жаңа педтехнологиялардың бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» (СТО) деп аталады. Ол әлем педагог-ғалымдарының бірлескен ізденістерінің нәтижесінде дүниеге келді. Бұл технология Л.С.Выготский, Ж.Пиаже теорияларын басшылыққа алады.

СТО - сыни ойлауды дамытуға арналаған оқу мен жазу деген сөз. Негізгі міндеті - ашық қоғамға азамат дайындау, әр оқушыға өзін-өзі дамыта, жетілдіре, бақылай алатын дағды қалыптастыру. Жұппен, топпен жұмыс істеуге үйрету, өзгелердің пікірін тыңдап, сыйлай білетін дағды қалыптастыру. СТО көптеген стратегиялардан тұрады. Стратегиялар - оқыту процесінде қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер. оларды оқытушы немесе мұғалім сабақ мақсаты мен мазмұнына, құрылымына қарай қажетінше пайдалана алады. Бір сабақта үш-төрт стратегия қолдануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]