- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені каоа3309 қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
- •І тарау пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •Іі тарау пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •1.1 Пәннің мақсат-міндеттері
- •1.2. Пререквизиттер мен постреквизиттер
- •Курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Қорытынды бағалауды анықтау
- •Ііі тарау. Силлабус (syllabus)
- •Пән мазмұны Пән модульдері
- •4 Тарау
- •Пәннің әдебиетпен қамтылу картасы
- •Дәріс кешені
- •7 Тарау. Семинар сабақтардың жоспары
- •Пәннің рейтинг-жоспары
- •Педагогикалық іс-тәжірибенің әдістемелік нұсқауы
- •3. Тәжірибе жетекшілігі мен тексеру әдістері
- •3.1. Әдіскер-оқытушының міндеттері:
- •3.2. Ұйымның тәжірибе жетекшісінің міндеттері:
- •3.3. Мектептегі сынып жетекшісінің міндеттері
- •3.4.Студенттерге іс-тәжірибеден өту кезінде берілетін мүмкіндіктер
- •3.5. Тәжірибеден өтуші студенттердің міндеттері
- •3.6. Тәжірибе нәтижесі бойынша тапсырылатын материалдар мен құжаттар
- •4. Тәжірибенің көлемі мен ұзақтығы
- •5. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •5.2. Зерттеулер
- •5.3. Мамандыққа сәйкестікті пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстарын жүргізу
- •5.4. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу
- •5.5. Әдістемелік және өздігінен істейтін жұмыс
- •6. Есеп дайындау
- •Білім алушылардың жетістіктерін бақылау мен бағалау материалдары тест сұрақтарының қоры
Ііі тарау. Силлабус (syllabus)
А. Жалпы мәлімет:
ЖОО атауы: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Кафедра атауы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
Бағдарлама атауы: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Пән коды
Пән
Курс
Се
местр
Кредит саны
Дәріс
Тәжірибелік сабақ
Зертханалық сабақ
СОӨЖ
СӨЖ
Барлық сағат
КАОА
3309
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
3
6
3
30
15
-
20
70
135
Сабақтың өтілетін уақыты: дүйсенбі, бейсенбі
Оқытушы туралы мәлімет
Дәріскер |
Қабылов Әділет Дыбысұлы |
Образование |
Абай атындағы ҚазПИ |
ЖОО жұмысы |
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы |
Ақпараттық байланыс |
Үй телефоны: 60-09-65 Ұялы телефоны: 8701 1702045 |
Консультация өткізу уақыты мен орны (ауд.) |
Сейсенбі, сенбі Ауд. 1-1; 1-2 |
Б.Бағдарлама:
Саясаты мен процедурасы: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні – педагогикалық оқу орындарындағы филология мамандығында білім алушы студенттер үшін ең басты пәндердің бірі. Бұл пән болашақ әдебиет пәнінің мұғалімдерін қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша негізгі біліммен қаруландыруды көздейді. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні болашақ мұғалімдерге әдебиетті оқытудың қыр-сырын үйретеді, оқыту принциптері, әдістері мен тәсілдері, жаңа педагогикалық технологияларды сабақ үдерісінде қолдану жолдары секілді маңызды әдіскерлік машық қалыптастырады.
Курсты оқыту бір семестрге арналған. Барлық жүктеме мөлшері 135 сағат, оның ішінде аудиториялық жүктеме көлемі – 45 сағат, оның 30 сағаты дәріске, 15 сағаты тәжірибелік сабаққа арналған. Студенттердің білімін бағалау қорытындысы аралық, семестрлік бақылау, сондай-ақ, қорытынды бағалау емтихан түрінде жүргізіледі.
Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерге орта мектепте қазақ әдебиетін оқыту жүйесін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту
Пәнді оқытудың міндеттері: студенттерге қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің теориялық әдіснамалық негіздерін меңгерту; Қазақ әдебиетінің ғылым пәні әрі өнер саласы ретіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, оны оқытудың негізгі принциптерін, әдіс-тәсілдерін, түрлі амалдары мен жолдарын игерту; Қазақ әдебиетін оқытудағы білім берушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық міндеттерді тұтас әрі бірлікте қарастыра отырып, оны тиімді оқытудың негізгі дағдыларын қалыптастыру
Пререквизиттері: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні студенттердің 1-2 курстарда оқыған «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазақ әдебиетінің тарихи», «Қазақ әдеби сынының тарихы» пәндерінен алған теориялық білімдерін негізге алады. Ол Қазақ әдебиетін пән ретінде орта мектепте оқытудың әдістемелік мәселелерін жан-жақты қарастырады.
Посреквизиттері: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнін меңгеру арқылы студенттер орта мектептерде қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелік жолдарын теориялық жағынан жан-жақты меңгеріп шығады. Алдағы педагогикалық практикада орта мектепте әдебиет сабақтарын ұйымдастырып, өткізуге, сыныптант тыс шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік алады.
