- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені каоа3309 қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
- •І тарау пәннің типтік оқу бағдарламасы
- •Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •Іі тарау пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
- •1.1 Пәннің мақсат-міндеттері
- •1.2. Пререквизиттер мен постреквизиттер
- •Курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
- •Қорытынды бағалауды анықтау
- •Ііі тарау. Силлабус (syllabus)
- •Пән мазмұны Пән модульдері
- •4 Тарау
- •Пәннің әдебиетпен қамтылу картасы
- •Дәріс кешені
- •7 Тарау. Семинар сабақтардың жоспары
- •Пәннің рейтинг-жоспары
- •Педагогикалық іс-тәжірибенің әдістемелік нұсқауы
- •3. Тәжірибе жетекшілігі мен тексеру әдістері
- •3.1. Әдіскер-оқытушының міндеттері:
- •3.2. Ұйымның тәжірибе жетекшісінің міндеттері:
- •3.3. Мектептегі сынып жетекшісінің міндеттері
- •3.4.Студенттерге іс-тәжірибеден өту кезінде берілетін мүмкіндіктер
- •3.5. Тәжірибеден өтуші студенттердің міндеттері
- •3.6. Тәжірибе нәтижесі бойынша тапсырылатын материалдар мен құжаттар
- •4. Тәжірибенің көлемі мен ұзақтығы
- •5. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны
- •5.2. Зерттеулер
- •5.3. Мамандыққа сәйкестікті пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстарын жүргізу
- •5.4. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу
- •5.5. Әдістемелік және өздігінен істейтін жұмыс
- •6. Есеп дайындау
- •Білім алушылардың жетістіктерін бақылау мен бағалау материалдары тест сұрақтарының қоры
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
Пәннің атауы: КАОА3309 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мамандығы: 050117 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқыту түрі: күндізгі
Барлығы 3 кредит
Курс 3
Семестр 6
Дәріс 30 сағат
Практикалық (семинарлық) сағаттар 15 сағат
АБ саны: 2
СОӨЖ 20 сағат
СӨЖ 70 сағат
Емтихан 6 семестрде
Көлемі 135 сағат
Актау, 2009 ж.
Оқытушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасын «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ҚР ҒжБМ 11.05. 2005. №289 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасы негізінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Қабылов Әділет Дыбысұлы құрастырды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама № ____ «__»_______20___ ж.
Кафедра меңгерушісі: __________________________ Б.І.Нұрдәулетова
Университет Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған.
Хаттама № ____ «__» _______20___ ж.
ОӘЕ төрағасы: _____________________________ Н.А.Садыков
Іі тарау пәннің оқу жұмыс бағдарламасы
1-бөлім. Алғысөз
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні – педагогикалық оқу орындарындағы филология мамандығында білім алушы студенттер үшін ең басты пәндердің бірі. Бұл пән болашақ әдебиет пәнінің мұғалімдерін қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша негізгі біліммен қаруландыруды көздейді. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні болашақ мұғалімдерге әдебиетті оқытудың қыр-сырын үйретеді, оқыту принциптері, әдістері мен тәсілдері, жаңа педагогикалық технологияларды сабақ үдерісінде қолдану жолдары секілді маңызды әдіскерлік машық қалыптастырады.
Курсты оқыту бір семестрге арналған. Барлық жүктеме мөлшері 135 сағат, оның ішінде аудиториялық жүктеме көлемі – 45 сағат, оның 30 сағаты дәріске, 15 сағаты тәжірибелік сабаққа арналған. Студенттердің білімін бағалау қорытындысы аралық, семестрлік бақылау, сондай-ақ, қорытынды бағалау емтихан түрінде жүргізіледі.
1.1 Пәннің мақсат-міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты: «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» курсының мақсаты – студенттерге орта мектепте қазақ әдебиетін оқыту жүйесін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту
Пәнді оқытудың міндеттері: Студенттерге қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің теориялық әдіснамалық негіздерін меңгерту; Қазақ әдебиетінің ғылым пәні әрі өнер саласы ретіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, оны оқытудың негізгі принциптерін, әдіс-тәсілдерін, түрлі амалдары мен жолдарын игерту; Қазақ әдебиетін оқытудағы білім берушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық міндеттерді тұтас әрі бірлікте қарастыра отырып, оны тиімді оқытудың негізгі дағдыларын қалыптастыру.
