Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Kaz_adeb_okytu_adistemesi.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

3.3. Мектептегі сынып жетекшісінің міндеттері

- практикант-студенткет сынып оқушылары, олардың оқу үлгірімі, сабаққа қатысу, мінез-құлқы туралы мәлімет беріп, тәрбие жұмысындағы негізгі міндеттерімен, өз жұмыс жоспарымен таныстыру;

Тәжірибе бағдарламасындағы тәрбие жұмыстарының міндеттерін айтып, ппрактикант-студенттерге тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектесу, оны бекіту және тәрбие жұмысының орындалуын қадағалап, ақыл-кеңес беру;

  • практикант-студенттің ұйымдастырған мәдени шараларға қатысып, оған талдау жасау, бағалау;

  • практикант-студенттің сыныппен ұйымдастыратын күнделікті тәрбие жұмысына қатысып отыру «кезекшілік, оқушылардың ата-аналарымен байланыс жасау, әңгімелесу, үйіне бару);

  • тәжірибенің соңында практикант-студенттің тәрбие жұмысын қорытындылап, бағалай.

3.4.Студенттерге іс-тәжірибеден өту кезінде берілетін мүмкіндіктер

- кез-келген жағдайда өзін ойландырған сұрақтар төңірегінде педагогикалық тәжірибе жетекшісіне, кафедра меңгерушісіне, институт директорына, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге жолығуға;

- оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мен тәжірибені ұйымдастыру туралы өз пікірін ортаға салуға, ұсыныс айтуға;

- университеттегі өзіне қажетті кафедра мен кабинеттерден әдістемелік көмек алуға;

- мектеп кітапханысы мен кабинеттегі бар әдістемелік құралдарды, көмекші жадығаттарды пайдалануға.

3.5. Тәжірибеден өтуші студенттердің міндеттері

- бойына мұғалімге тін жақсы қасиеттерді қалыптастырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізе алатындай, белгілі бір дәрежеде кәсіби дайындыққа ие болу;

- мектептің ішкі тәртібіне бағынуға, мектеп әкімшілігі мен тәжірибе жетекшісінің талабын орындау;

- өзіне жүктелген жұмыс түрлерін уақытында орындау;

- өзіне тиісті оқу-әдістемелік құжаттарды уақытында дайындап отыру (күнделік, сабақ жоспарлары, т.б.);

- мектептегі педагогикалық тәжірибенің қорытындысы бойынша өткізілетін педагогикалық кеңеске, университеттегі конференцияға қатысу;

- педагогикалық тәжірибеден кейінгі тапсырылуға тиісті құжаттар мен сынақ кітапшасын топ жетекшісіне белгіленген мерзімде тапсыру.

3.6. Тәжірибе нәтижесі бойынша тапсырылатын материалдар мен құжаттар

- студенттердің тәжірибе барысында 2 оқу тоқсаны бойынша жүргізілген күнделігі;

- сабақ, тәрбие сағаттарында пайдаланған (дайындаған) көрнекіліктері мен дидактикалық материалдары (карточкалары, сызба кестелер, буклеттер, тапсырмалары, т.б.);

- өткізілген ашық сабақтарының жоспарлары;

- пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің практикант-студенттерге жазған мінездемелері;

- практика барысында жасаған жұмыстарының есебі.

Осы тапсырылған маьтериалдары негізінде студентке тиісті баға қойылады.

Іс-тәжірибе жетекшісі барлық жинақталған мәліметтер мен атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есеп береді.

4. Тәжірибенің көлемі мен ұзақтығы

Педагогикалық тәжірибе – жэоғары оқу орындарының филология факультеттерінде бұрыннан өткізіліп келе жатқан тәжірибелердің бірі. Оқу жоспарына сай бұл тәжірибе 4-курстың басында, сабақ басталысымен (01.09. – 15.12.), яғни бірінші және екінші тоқсанды толығымен қамтып өткізіледі. Мерзімі – 15 апта (3,5 ай).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]