Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Kaz_adeb_okytu_adistemesi.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.55 Mб
Скачать

Педагогикалық іс-тәжірибенің әдістемелік нұсқауы

1. АЛҒЫСӨЗ

Мұғашлім кадрларын кәсіптік тұрғыдан даярлау жүйесінде педагогикалық практиканың маңызы зор. Өйткені ол болашақ мұғалімдерді теориялық жағынан оқыту мен олардың оқу-тәрбие мекемелеріндегі өздігінен атқаратын жұмысын байланыстыругы буын болып табылады, студенттерді педагогикалық практиканың алғашқы тәжірибелерімен қаруландырады.

2. ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты – студенттердің ЖОО-да алған білімдерін нығайту, теорияны тәжірибемен ұштастыру.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін педагогикалық іс-тәжірибеге төмендегідей міндеттер жүктеледі:

  • Болашақ мұғалімдердің бойында педагогикалық біліктер мен дағдыларды, жеке бастың кәсіптік мәні бар сапаларын қалыптастыру және нығайту;

  • Студенттердің бойында мұғалім мамандығына деген ынта мен құштарлықты, педагогикалық қызметке, шығармашылық және зерттеушілік көзқарас тұрғысынан келе білуді тәрбиелеу.

3. Тәжірибе жетекшілігі мен тексеру әдістері

Педагогикалық тәжірибені институт директоры мен педагогикалық тәжірибе жетекшісі ұйымдастырады. Педагогикалық тәжірибенің алдында ұйымдастыру конференциясы өткізіліп, оған ұйымдастырушы кафедра мен педагогика және психология кафедрасының әдіскер мамандары, оқытушылар қатысады. Онда студенттер тәжірибенің алдына қойған мақсат-міндеттерімен, жоспарымен, жалпы тәртібімен жан-жақты танысады. Оларға нұсқаулық-сұраулық, , оқулықтар бойынша бағдарлар беріледі. Студенттер тәжірибеге жолдама, күнделік және тәжірибенің жұмыс бағдарламасына сай тапсырмалар алады. Практикант студенттерге пән бойынша әдіскер-оқытушылар тағайындалады.

3.1. Әдіскер-оқытушының міндеттері:

- ұйымдастыру және қорытынды конференцияға қатысу;

- практикант студенттердің пән бойынша сабақтарына, сабақтан тыс жұмыстарына қатысып, оларға талдау жасау;

- студенттермен консультациялар ұйымдастырып, олардың сабақ жоспарларын, конспектілерін дағдылы тексеріп, бекітіп отыру;

- студенттерді әр сабақтың танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мақсатына көңіл бөлуге үйрету;

- мектептегі студенттердің пән бойынша жетекші-мұғалімдерімен байланыс жасау.

3.2. Ұйымның тәжірибе жетекшісінің міндеттері:

- мұғалім практикант-студентке өзінің педагогикалық қызметі, жұмыс жасау стилі туралы айтып, оқу-тәрбие жұмысының жоспарларымен таныстыру, өзі сабақ беретін сыныптарда үлгілі сабақтар өткізіп, оны студентпен бірге талдау;

- сабаққа дайындалу үстінде практикант-студентке көмектесіп, кеңес беріп отыру,кезекті сабақ жоспарын тексеріп, бекіту;

- практикант-студенттің әрбір сабағына қатысып, талдау жасап, өз бағасын беріп отыру;

Студенттерге жеке оқушылармен жұмыс жасауды, үйірме жұмыстарын, дәптер тексеру, көрнекті құралдар жасау, техникалық құралдарды пайдалану, т.б. жұмыстарджыь ұйымдастыруды міндеттеп, оның жолдарын үйретіп отыру;

Студенттердің оқу ісі бойынша жасаған жұмысын бағалап, мінездеме беру;

Мектептегі педагогикалық тәжірибенің аяқталуымен байланысты кеңеске қатысу, сонымен қоса мүмкіндігінше университеттің педагогикалық тәжірибе жөніндегі қорытынды конференциясына қатысу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]